Билет №1 Балалар әдебиетінің қалыптасу және даму жолдары



бет34/48
Дата03.01.2023
өлшемі196.62 Kb.
#405683
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Байланысты:
1-13
ОСӨЖ такырыптары-Косымша куру-3 Иско, сабак, сабак, medicinskiy-stol, 1614311361250
Қ.Қайсенов- белгілі партизан жазушысы. Ол 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылында туған. Орта мектепті бітірген соң 1934 ж. Өскемен қаласындағы саяси- ағарту техникумына түсіп, 1938 ж. бітіреді. 1939 ж. қысында әскери мектепке оқуға түседі. Оны 1941 ж. бітіріп Оңтүстік Батыс майданы штабының қарамағына жіберіледі. Сол жерде ол арнайы тапсырмамен немістер басып алған Украина жеріне жау тылына аттанады.1942 ж. Чапаев атындағы партизан отрядының 3-отрядын басқарады. Ол жау тылында жүріп Молдавия, Украина, Румыня, Чехославакия жерінде жауға қарсы күреседі. Туған жерге оралған соң жауапты қызметтер атқарады. Ұзақ жылдар „Жазушы” және „Қайнар” баспаларында редактор болады. Ең тұңғыш шығармасы 1954 ж. „Жас партизандар” деген атпен жарық көреді. Сол кезден бастап оның „Ажал аузынан”, „Жау тылындағы бала”, „Днепрде”, „Сол жылдары” деген шығармалары жарық көрді және олар орыс, украин тілдеріне аударылды.
Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласының партизандар қатарында болған қилы өмір соқпағы суреттеледі.Ол Майор Мергенбаевтың ұлы атаcының қолында ауылда оқып, жазғы каникулда қаладағы әке-шешесіне келеді. Көп ұзамай соғыс басталады. Он жасар Серікті Жамал жетектеп эшелонмен ауылға кетпек болады. Жау бомбалап,эшелон қирайды. Жамал жау оғынан қаза табады. Серік комиссар Савченконың әйелі Анна Ивановна мен оның баласы Бористің қасында қалады. Анна Ивановна екі баланы алып туған жері Винница облысы, Сомогородск ауданы, Зазулин селосында тұратын әкесі Иван Дементьевичке қиындықпен әрең жетеді. Сатқын құрбысы Тамара комендатқа бұларды ұстап бергісі келеді. Астыртын ұйым басшысы Олейниктің байланысшысы Алексей жасырын үй тауып беріп көмек көрсетеді.Жанкештілікпен Отан үшін алысқан партизандар сәулетті қала мен күл болған селоны, немістер тірідей көмген әке-шеше,іні-қарындасты көрді.Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысты. Жандармдардан ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл Армия көмекке келеді. Повесть соңында Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет