Билет №1 Балалар әдебиетінің қалыптасу және даму жолдары


Билет №13 Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық сипаты



бет32/48
Дата03.01.2023
өлшемі196.62 Kb.
#405683
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
Байланысты:
1-13
ОСӨЖ такырыптары-Косымша куру-3 Иско, сабак, сабак, medicinskiy-stol, 1614311361250
Билет №13

  1. Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық сипаты.

Фольклордың қара сөзбен айтылатын, ерекше мол түрінің бірі – ертегі. Ол халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. Қазақ ертегісі есте жоқ ерте замандардан бастап бүгінге шейін ұзақ – ұзақ кезеңдерде туып, өсіп, көбейіп келген мол дүние. Қазақ ертегілерін негізінен үш топқа бөлеміз. 1. Қиял – ғажайып ертегілер, 2. Хайуанаттар туралы ертегілер, 3. Шыншыл ертегілер.
Қиял – ғажайып ертегілер. Бұлар қазақ ертегілерінің ішіндегі ең көнесі. Олардың тақырыбы көбіне аңшы, мергендер жайында болады. Мысалы: Еділ – Жайық, Құламерген, Жерден шыққан Желім батыр, Аламан мен Жоламан сияқты ертегілер. Қиял – ғажайып ертегілерінің персонаждары – Таусоғар, Көлжұтар, Желаяқ, Саққұлақ, Жылан патшасы, Басы алтын киік, Ұшқыш кілем секілді болып келеді.
Хайуанаттар туралы ертегілер. Бұл ертегілер де ең көне түрінің бірі. Адам өзінен басқа ерте күннен ең көп араласқаны осы жан – жануарлар. Хайуанаттар туралы ертегілерді тудырудың екі түрлі жолы бар, біріншісі – хайуан мінез – құлықтарын адамдағы мінез – құлыққа балама мысқыл есебінде қолданған. Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып жиренішті етіп көрсету үшін сын арқылы жаманшылықпен күресу үшін мысал етіп алған, екіншісі – хайуанды анық хайуан етіп суреттеу, яғни олардың ерекше сырына, жұмбақ бітіміне, өзгеше өмір тәсіліне таңдану бағытында туған.
Шыншыл ертегілер - қазақ ертегісінің ең мол түрі. Оған халық өзінің дүние тануындағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы барлық мұң – мүддесін, тартыс – талабын жиып – терген. Шыншыл ертегілер қазақ фольклорында бірнеше түрлерге бөлінеді: а) Салт ертегілер, ә) Күлдіргі ертегілер, б) Аңыз ертегілер.
Аңыз әңгімелер
Аңыз әңгімелер халық ауыз әдебиетінде көп тараған. Олардың ерекшелігі – барлығы да тарихта болған адамдар жайында болады, олар туралы халық шығарған көркем әңгіме төңірегінде өрбиді. Тарихта болған аңыз кейіпкерлерінің қатарына Қорқыт, Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр жатады.
Қорқыт. Қорқыт жайындағы қазақ аңыз әңгімелерінің бірнеше түрі бар. Соның барлығында Қорқыт өзіне тән кейіпте, зор мүдденің соңында болады. Ол арман мүддесі өлімге қарсы алысу, өлмеске бір шара іздеу. Қазақтағы аңыз әңгімелердің Қорқыт турасындағы негізгі тақырыбы осы. Қорқыт адамның тірлігі шектеулі болғанына наразы. Өлімнен құтылам деп шарқ ұрады, шартарапты кезеді, бірақ қай тарапқа барса да алдынан көр шығады. „Кімнің көрі?” деп сұраса, „Қорқыттың көрі” деген жауап алады.
Өзі тынымсыз ойшыл, өзі өнерлі, дана Қорқыт содан кейін қалың оймен қатты толғанып жүріп өзгеше бір өнер табады. Өзі ойлап тапқан қобызбен өле - өлгенше күңірентіп күй шерткен. Сондықтан „күй атасы Қорқыт” деген сөз қалған.
Қожанасыр. Қожанасыр жайындағы әңгімелердің ұшы – қиыры жоқ. Шығыс елдерінде оның әңгімелері көп жайылған. Бұл әңгімелер араб, парсы, ауған, татар, өзбек, қазақ, әзірбайжан т.б. халықтардың бәрінде де бар. Қожанасыр әңгімелері алуан түрлі әжуа - күлкі болып келеді. Оның сөзін, әзілін, мінін ешкім көңіліне алмайды. Өйткені ол – халық өкілі, оның сөзі – халық даналығы. Ол ойдан шығарылған кейіпкер емес, ол өмірде болған тарихи адам. Қожанасыр өзінің ақылды да, күлдіргі әңгімелерімен дүние жүзіне тараған, фольклорист ғалымдардың назарын аударған әдеби кейіпкер. Қожанасыр әңгімелерін түрік тілінен орыс тіліне аударып, ол туралы алғаш зерттеу очерк жазған атақты тюрколог – Гордлевский. Қожанасырдың шын аты – Қожа Насреддин, имам отбасында туған, ескіше оқыған адам. Туған қаласы Ақшахар (Түркия), қазір құлпытасы сонда.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет