Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында 13 сәуір (26 сәуір) 1900 жылы туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді. Керей тайпасының сибан шимойын руынан шыққан.
Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол – жасында оқи алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл молдаларынан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді. Татар молдаларынан сабақ ала жүріп, «Шәкір – Шәкірат», «Зылиха – Жүсіп», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Зейне – Зайнап», «Ләйлі – Мәжнүн»,
1973 жылы 18 сәуірде қайтыс болған
Бұл әңгіме — әңгіменің героинасы Совет Одағының батыры Мәншүк Мәметованың өзіне арналады.
жазушы.
Қалың қарағайлы орманның арасында шытырлап жанған бұтақтарды айнала отырған жауынгерлер, айсыз түнде Мәншүктің бетінде ойнаған жалынның сәулесіне қарағаны болмаса, оның кішкене денесін айнала бұрып, жіңішке, жұмсақ даусымен айқын айтқан сөзін тыңдаған жоқ. Несін тыңдасын, дағдылы үгіт; «өзің өлме, жауды өлтір! Егер қапыда өлсең, сенің атыңды халқың өз тарихына алтынмен жазады!..»
— Айтайын дегенім осы, жолдастар, — деді Мәншүк сөзін аяқтап.
— Кімде сұрау бар?
Ешкім үндемеді.
— Міндетті түсінікті деп санаймыз да онда?
— Түснікті! — десті жауынгерлер бір ауыздан.
Расында түсінікті еді: бұдан он бір күн бұрын, 1943 жылдың 6 октябрінде генерал-лейтенант Галицкий басқаратын үшінші ұрғыш армия шабуылымен немістердің қорғанын қиратып, 30 шақырымдағы Невель қаласын алып тоқтаған. Қапыда қырылған немістер есін тез жинап, ұрғыш армияны қоршау қамына кіріскен. Кезеңін тапса, немістің қоршауына мүмкіншілік жоқ еместе: ұрғыш армияның алды ілгері кеткенмен, көршілес армиялар кезінде жәрдем бере алмағандықтан, екі бүйірі қысыңқы қап, немістер сыртын ораңқырап кеткен.
Бұл әңгіме — әңгіменің героинасы Совет Одағының батыры Мәншүк Мәметованың өзіне арналады.
Мәншүк, мина денесінің қай жерін жараласа да ауыр жаралағанын сезді, өйткені, қай тамыры қырқылса да, жүрегін тартып әкетіп барады...
Мәншүктің көп уақыт қызмет атқарған орны — штаб. Сол штаб қызметінде жүріп ол пулеметті меңгеру кружогіне қатынасты да «озат атқыш» деген баға алды. Бірақ, өткінші сияқты жеңіл - желпі бірдемелерге қатынасқаны болмаса, атқыштық өнерін сұрапыл қырғында қолдану сәті әлі түскен жоқ. Сондықтан, онымен әзілдескісі келген жігіттер «біздің Мәншүктің атқыштығы сондай: һауаның қай жерін көздесе де оғы мүлт кетпейді» десетін
Сонда да есін танбаған Мәншүк, жалма-жан тұра берді де, қираң ете құлады. Тағы ұмтылып еді, тағы құлады.
«Апырау, не болған маған!» деген оймен ауырған аяғын ашып көрсе, тізеден төменгі жағы былқылдап бос жатыр... Жиырылған еттен қан сорғалап ағып тұр...
Жүрегі дір ете қалған ол, жау жаққа қараса, жапырлай ұмтылған жау жақындап қапты.
Сасқан Мәншүк, жарасын байларлықтай ешнәрсе табылмаған соң, белдемшесінің оң жақ етегін дыр еткізіп қақ айырды да, жаралы аяғын шымқай орап, ағытқан қайыс белбеумен тас қып байлады. Содан кейін бір тізе, екі шынтағымен жылжып пулеметке жетсе, айналасында сөреге жайған құрттай қаз-қатар тізбектеле жатқан оқтаулы ленталар.
Мәншүктің есінен жаралануы шығып кетіп, жапа-тармағай жақындап қалған жауға пулеметтен ңоқ шашып қоя берді. Жау шапқан шептей оталып кеп түсті...
Оқиғаның ендігі егжей-тегжейін кейінгі күндердің сыбағасына сақтап, қайғылы күйдің қайырмасын ғана ойнайық.
Мәншүктің өңінде жауды қыруы, біраздан кейін түсі сияқтанды. Қызу қимылмен қансырағанын абайламаған ол, талықсып кетті де, атуын доғарды. Бірақ оның шалажансар денесінің кеудесі пулеметке асыла сүйеніп қалғанмен, замокке жабысқан қолының саусақтары жазылудың, орнына, жігерленіп сығымдала түсті. Оның басында қалған батыр ойдың болмашы сарқыны, денесіне «атуды доғардым» деген хабар емес, «үдеттім» деген хабар жеткізді. Шалағайлау түс сияқты ғана ойлауға шамасы келетін оның, миында «немісті қыруым үдеді» деген мақтаныш, сау кезінен анағұрлым есіп кетті.