Билет №11 Бала тілін дамытудағы жұмбақтар мен жаңылтпаштың рөлі.
Халық ауыз әдебиетінде ұсақ жанрлар деп аталатын жұмбақ, жаңылтпаш, мақал – мәтелдердің балалар фольклорында алатын орны ерекше. Бала тәрбиесінде де бұл жанрлардың атқаратан оны зор. Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та айқын тілін жаттықтыратын жанр – жаңылтпаштар. Жаңылтпаш көбіне бастауыш мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтап шығарылған. Себебі жаңылтпаш қиын дыбыстарды айтуға, қиын сөздерді дұрыс сөйлеуге үйретеді. Баланы көркем сөйлеуге әуестендіреді. Баланың тіліне, оның сөзіне күле отырып, оларды дұрыс бағытта сөйлеуге баулиды. Академик М.Ғабдуллин: „Жаңылтпаш – жиналған жұртты күлдіру, тіл ұстартумен қатар, өлең, ән білмейтін жастарға берілетін жаза ретінде қолданылған,”- деді. Балалардың көбіне дұрыс айта алмайтыны, тілі келмейтіні „Р” дыбысы. „Р” дыбысын дұрыс айтуға бығытталған жаңылтпаштар. „Әй, Тайқарбай, Тайқарбай”
Сайда жүрген тайқарды
Тайыр барып қайтарды.
Арып – ашып,
Арық аршыдық.
Арық аршып,
Арып – ашыдық. т.б.
Жаңылтпашты бұрмалауға болмайды. Балаларды жалықтырмау үшін жаңылтпаш сөздер қызықты, күлдіргі, ұйқас болады. Көптеген жаңылтпаштардың тәрбиелік мәні бар.
1. Қамаштан көріп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты.
Бөлінсін десең қалаш тең,
Таласпа Жарас Қамашпен.
Осы секілді жаңылтпаштар баланы дұрыс та әділ шешім айтуға үйретеді, мақтаншақ болмауға баулиды.
2. Әсем әсем билеймін деп әлек,
Қасен шешен сөйлеймін деп әлек.
Қашан Қасен шешен сөйлеп еді,
Әсем қашан әсем билеп еді.
Мұнда баланы дұрыс та, айқын сөйлеумен қатар, тәрбиелеп те отыр. Қорыта айтқанда жаңылтпаштар балаға ана тілін үйретіп, анық та айқын сөйлеуге жаттықтырады. Сондықтан да балалар фольклорының ішінде жаңылтпаш үлкен роль атқарады. Жұмбақтар - балалар фольклорында үлкен орын алатын тағы бір жанр – жұмбақтар. Олар балалардың зейінін, ықыласын арттырады. Жұмбақты ойдың гимнастикасы деп атайды.