Билет №1 Балалар әдебиетінің қалыптасу және даму жолдары


Билет №2 Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры



бет2/48
Дата03.01.2023
өлшемі196.62 Kb.
#405683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
1-13
ОСӨЖ такырыптары-Косымша куру-3 Иско, сабак, сабак, medicinskiy-stol, 1614311361250
Билет №2

  1. Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры.

Балалар ауыз әдебиетін жасаған –халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе болмаған. Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, тәтті қиялын өлең етіп, ән етіп баласына арналған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланың жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек-мақсаттар қою өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған. Өйткені “Адам-дүниені ұйымдастырушы, екінші жаратылысты, мәдениетті жасаушы күш-қуаттың иесі, адам –жаратылыстың органы, жаратылыс оны өзін тану, өзін көркейту үшін туғызған, міне балаларға осыны ұғындыру керек.” деген М.Горький. Демек, халық ауыз әдебиетінің алғашқы пайда болуы, шығуы халықтың балаға арнап айтқан өлең, жыр, ертегілерден басталады.
Бала өскен соң, өздерін қоршаған жаратылыстың ішкі құпиясын ғылым жолымен сезініп білмесе де, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, адаспай кете беретін болған.
Халық ауыз әдебиетін балалар сүйіп оқиды, қызыға тыңдайды. Халықтық шығармалармен мектеп жасына дейінгі балалар да ата-анасының, туған- туысқандарының айтуы бойынша ертеден-ақ таныс бола бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер-бәрі де баланы қызықтырып, оларды мәз-мейрам етеді. Сайып келгенде,осының бәрін балалар ауыз әдебиеті деп атауға болады.
Балалар ауыз әдебиетіне халықтық шығармаларымен бірге туып жасасып келе жатқан, бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың өмір тәжірбиесіене туған игі ісі, жемісі жатады.
Балалар ауыз әдебиеті-балалардың психологиясымен, олардың ерекшелігімен санасудан туған және оларды тәрбиелеу ісінен келіп шыққан игілік.Жылаған бөбегін жұбату үшін немесе ұйықтату үшін ата-анасы балаға бесік жырын шығарған. Бөбектердің кішкентай саусақтарын қимылдатып, өз саусақтарымен өздері ойнап, уілдеп бірінші тіл қатқаны, мәз-мәйрам боп сықылдап күлгені ата-ананы шексіз қуанышқа бөлеген.
«Бесік жырынан » кейін- «тұсау кесу» жыры келеді. Мұнда жас нәрістенің қаз тұрып , апыл-тапыл басқаны «тәй-тәй» деген әнді әуенмен, жылы сөзбен , мазмұнды әсем ырғақпен жыр етеді. Балдырған өскен сайын әннің де, өлеңнің де мазмұны тереңдеп, енді балаға тілек, мақсаттар қойыла бастады.
Бізге балалар ауыз әдебиетін жинау, бастыру, оны бір жүйеге келтіріп, жас өспірімдерге ұсыну жұмысы тек ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғана қолға алынды.. Өйткені ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазақ даласында ең бірінші рет жаңа типті орыс-қазақ мектептері ашыла бастауына байланысты халық ағарту жұмысымен шұғылданған педагогтар ең алдымен халық ауыз әдебиетіндегі бала тәрбиелеуге арналған шығармаларды жинауға бет бұрды. Олар балаларды оқытуға , тәрбиелеуге ең қажетті материалдар халық ауыз әдебиетінен табылатынын анықтады.
Қазақта балалар ауыз әдебиетін бірінші жинаған және оны ең бірінші рет құрыстырып, «Қазақ хрестоматиясы», «Мактубат» атты кітаптарына енгізіп, 1879 жылы бастырып шығарған Ы б ы р а йА л т ы н с а р и неді. Төрт бөлімене құрастырылған осы кітаптың бірінші бөліміне өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелер, ертегілер енгізілген. Ы.Алтынсарин тек балалар ауыз әдебиетін жинаушы болып қалған жоқ, сонымен қатар ол қазақ балалар жазба әдебиетінің атасы болады.Осыдан соң-ақ қазақ халқының алдыңғы қатардағы оқыған азаматтары, педагогтары қазақ балалар ауыз әдебиетін жинаумен шұғылдана бастады.
Халық шығармаларыныңкөркемдікпринципі — жағымды кейіпкерлердімейліншедәріптер суреттеу мен қатар, жағымсыз кейіпкерлерді жиіркенішті , жексұрын етіп көрсетуге негізделген. Халық ауызәдебиетіндегі көркемдік әдістің творчествалықкүші өзіндік өзгешелігіміне осында. Адам өз ғасырыныңайнасы болғандықтан , ол өз заманыныңсипатын танытады . Біз осы негізге сүйеніп ,балалар ауызәдебиетіндегі эстетикалық идеалға көңіл аударамыз. Қай жерде өмір болса, сол жерде поэзия бар,- депПушкин айтқандай , қай жерде шындық болса, сол жерде поэзия бар,- дейді Беленский . Бұл екеуі бірін- бірі толықтыратын өзекті мәселе. Бірақ өмір бар жерде өтірікте , қиянат та болады ғой. Ал қиянат бар жерде нағыз халықтың поэзия болуы мүмкін емес. Беленский айтқандай , соған қоса шындық керек. Шындық бар жерде өмір дегенің гүл-гүл жайнап , көркемденіп , жанданып сала береді. Халықты қанаттандырып, рухтандырып, ерекше әсер етеі. Сондықтан поэзия халық үшін өмір шындығын суреттеумен ғана әсерлі , шынайы көрінеді. Ал шындықты аңсау халықтың эстетикалық идеалынантуған. Бұдан шығатын қорытындыэстетикалық ешқандай көркем шығарма тумайды. Өйткені , идеалсыз өнерөмірдің тек салқын , жансыз нұр сүлдесіне айналған болар еді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет