Билет №1 Балалар әдебиетінің қалыптасу және даму жолдары


Тұсау кесу жырындағы эстетика



бет16/48
Дата03.01.2023
өлшемі196.62 Kb.
#405683
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48
Байланысты:
1-13
ОСӨЖ такырыптары-Косымша куру-3 Иско, сабак, сабак, medicinskiy-stol, 1614311361250
Тұсау кесу жырындағы эстетика
Қазақ халқы тек бесікте жатқан балдырғанды тәрбиелеуге ғана көңіл бөліп қоймаған, сонымен қатар аяғын апыл- ғұпыл басып, әрең тұрған баланы өлеңге, әнге қосып айтып, оны зор қуаныш көрген. Тұсау кесу деп аталатын халықтық өлеңде мынадай терең мән бар:
Қаз – қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Өлеңде еш бұйыру жоқ, тек ізгі тілек бар. Ол тілек әсем сазды өлеңмен айтылады, баланы алға жетелеп, өмірге баулиды. Бала жақсылықтың, жылы сөздің не екенін түсініп, соған қуанады, күледі, мәз болады. Бала алға қадам басқан сайын оған қойылатын тілек, мақсаттар да, эстетикалық идеал да бірден бірге ұлғая түседі. Жастайынан ән мен өлең арқылы көп нәрсені ұққан бала есейе келе өзі де көңіл – күйін әнмен, өлеңмен білдіруге талаптанып, әуестене бастайды. Бұл өлеңде баланы өзін қоршаған ортасына, айналасына зер салуға үйрету де бар. „Тай құлын боп шаба ғой” деуінің өзінде де бөбекті тезірек өссін деген тілекпен тай – құлынға балау бар. Балаға зор сенім арта отырып, қатаң талаптар қоя білу де оларды шынықтыра түседі.
Қаз бола ғой қарағым,
Құтты болсын қадамың,
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер, деп өмірдің кең құшағына аяқ бастырады. Сол сенім баланы өз жерін, Отанын қорғай алатын жанашыр етіп тәрбиелейді. Халық бала тәрбиелеуде осындай игі мақсаттарды ең алдыңғы орынға қойды.

  1. І.Жансүгіровтің балаларға арналған шығармалары.«Шәркей» әңгімесі, «Малта» өлеңі.

Ілияс Жансүгіров (1894-1938) Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Бала жасынан зерек Ілияс өлеңге, өнерге кішкентай күнінен құмар болады. Орта мектепті бітірген соң Ташкентке барып, мұғалімдер дайындайтын қазақ-қырғыз институтына түседі. Одан соң Жетісуға келіп, мектепте мұғалім болады. Жастардың сауатын ашуды алдына міндет етіп қояды. Оның „Жастар”, „Жалпы жасқа”, „Жас бұлбұлдар”, „Жастар ұраны”, „Жазғытұрым” т.б. өлеңдері өнер- білімге шақырады. Ол қазақ поэзиясының ірі ақыны, проза, драматургия саласында үлкен еңбек еткен жазушы.Балалар әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі. Қазақ әдебиетін „Жолдастар” атты роман, „Кек”, „Түркісіб”, „Исатай- Махамбет” атты пьесалармен байытты, „Дала”, „Күй”, „Күйші”, „Құлагер” сияқты классикалық поэмалар берді.
І.Жансүгіровтың балаларға арналған суретті кітапшаларының бірі- „Шәркей” әңгімесі. Бұл әңгімеде баланың еңбек процесіне тікелей өзі араласып жүргендігі суреттелген. Шәутен деген бала бар еді, оның әп-әдемі қозысы болған. Шәутен ол қозысын жақсы көруші еді, қозысының енесін анасына өзі сауғызатын еді. Қозысын өзі көгендеп, өзі ағытушы еді. Шәутеннің аяғында шәутиген ғана шәркейі бар еді, ағытып жатқан қозысы Шәутеннің аяғын басып кетіп, шәркейінің ұлтанын түсіріп, жыртып жібереді. Шәутен жылап жіберді... Бұл әңгіме қысқа- қысқа диалогқа құрылған. Ілияс балдырғандармен сөйлесудің дұрыс жолын, дұрыс бағытын тапқанын көрсетеді.Сондай-ақ, өте шебер, өте тартымды түрде шығарманың мазмұнын жеткізе алған. Оларды жас кезінен еңбек процесіне араластыру үлгісін көрсеткен. Жасөспірімдердің төрт- түлікке деген қамқорлығын сүп-сүйкімді
балдырған Шәутен арқылы жеткізе алған. Ана образы да үлгі, аялы алақанымен, өнегелі өмірімен жас нәрестені еңбекке баулиды. Оның бойында мінезі жұмсақ, мейірімі мол, адамгершілік парасаты жоғары қасиет бар. Әңгіме өте тартымды болуымен қатар, қызықты аяқталады. Еңбек процесіне өзі араласқан бала жасалған заттың қадірін түсініп, соны бағалай алатын болады, баланы ұқыптылыққа, саналы көзқарасқа баулиды. Сондықтан да І.Жансүгіровтың еңбек тәрбиесіне арналған „Шәркей” әңгімесі бала тәрбиелеуде тиімді құрал.
Сабау, білектеу, қарпу- жұмсатылған киізді.
Шүйкелеу- жүнді түту.
Сыру- тігу.
„Малта” өлеңі
Құлыншақтай қу шұнақ,
Құйрық жалсыз тұр шолақ
Балаға берді апасы
Сұрша малта жұмыршақ.
Алды бала қуанып,
Кетті аузынан су ағып. (автор)
Бала:
Жымың-жымың күлдірген
Жып-жылмағай малта ғой.
Малта- малта, малтақай,
Қайдан шықтың айта ғой.
Малта:
Жайылып желін толтырған
Қоңырша қойдың сүті едім...
Қазанға құйды, пісірді
Пісірді де, түсірді.
Тостағанын томпайтып,
Ауыздарын қомпайтып
Көбігімді ұлы алды
Қаймағымды қызы алды,
Қаспағымды- мысығы,
Жуындымды- күшігі
Ұйтқы құйып ұйтқанын
Ұғындым да, ұйықтандым
Айран беріп балаға
Құя салды сабаға.
Тентек, піспек түскен-ай,
Күлдір-күлдір піскен-ай
Пісіп- пісіп толқыды
Бетінде май көлкіді.
Қылшықтады, шайқады,
Тұзын татып, байқады.
Бағанағы балалар,
„Апа маған-ды” айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет