Билет №1 Балалар әдебиетінің қалыптасу және даму жолдары


Қ.Жармағанбетов «Әнші азамат» повесіндегі Әміре Қашаубаев бейнесі



бет10/48
Дата03.01.2023
өлшемі196.62 Kb.
#405683
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Байланысты:
1-13
ОСӨЖ такырыптары-Косымша куру-3 Иско, сабак, сабак, medicinskiy-stol, 1614311361250
Қ.Жармағанбетов «Әнші азамат» повесіндегі Әміре Қашаубаев бейнесі.

Серік Қирабаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Туған әдебиеттің еңбек торысы» деген мақаласында мынадайы пікір айтқан болатын. «Прозада Қайнекейдің «Әнші азамат» (1951) повесі кезінде жақсы бағаланған. Повесть атақты қазақ әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі мен еңбегіне арналған. 1925 жылы Парижде өткен дүниежүзілік этнографиялық концертте екінші бәйге алған, сол жолы Мұстафа Шоқаймен жолығысып, үйінде қонақ болған. Сол арқылы үкімет назарына ілігіп, жұмыссыз, даңқсыз өлген, сөйтіп аты өше бастаған Әміренің есімін қайта жаңғыртуға Қайнекей үлкен ерлікке барды. Оның повесінің табыты қабылдануының сыры да осында» [2].
Қ. Жармағанбетовтың «Әнші азамат» повесінде қазақтың атақты әншісі Әміре Қашаубаев бейнесі сомдалған. Әміренің өмір жайлары мен шығармашылық жолы көркем шығармаға арқау болды.
Саясат та, заман да өзгереді. Хан, болыс, байлардың уақыты өте бастады. Семей базарындағы атақты саудагер, Әміреге әлімжеттік, күш, қорлық көрсетуші Бөрібай бүкіл дәулетінен жұрдай болды. Оның есесіне рухани байлықты жанына серік еткен кешегі атшы бала бүгінгі белгілі, талантты, дара әнші атанды. Парижде ән шырқады. Жұртшылық қолпаштауымен сахнаға үш мәрте шықты. Қазақ әншісінің ұлттық саз аспабы қос шекті домбыраны бабына келтіре тартып, оған өзінің қоңыр даусын үндестіре қосуы шетелдіктерді тәнті етті. Әміреге, қазақ халқының өнеріне деген сүйіспеншілік, ризашылықта шек болмады. Қайнекей Жармағанбетов дүниежүзілік этнографиялық концерттің өту барысын, Әміренің ән салған сәтін, оған көпшіліктің ықылас, ілтипат көрсеткен сағаттарын көркем, шебер суреттеп бере алған. Қазақ ұғымында ертеден қалыптасқан сөздің майын тамызу, сенімді жазу тәсілі осы болар, бәлкім.
«Сахна төрінен төгілген арынды әнмен ескен серпінді екпін ауыр люстраларды шайқап, партердің алдыңғы қатарында отырғандардың маңдай шашын желпіп, ярустарды тербетіп жібергендей. Париж театрының ішінде өмір өгейлігіне ызаланып, арманы мен жүрек шерін ақтарып, өзінің өр мінезіне енді арқау еткен дала қазағының сезім тілі әркімге-ақ түсінікті еді. «Ағаш аяқ» тыңдаушының әрқайсысын өз арманының өрісіне шығарып тастады» [4, 94 б.].
Мынадай сырлы суреттеуден соң талантты жанды көрген де арманда, көрмеген де арманда. Әсерлі сәтте атақты әнші қасында болмағанына өкінетіндер жететін шығар. Автор Әміре әнін жібек, самал желге теңеп, оның әсерінен люстралар шайқалып, маңдай шаш қозғалып, ярустар тербетілді деп көркемдеуі асыра мақтау емес. Оқырманды сахна, театр залы тынысынан хабардар ету және негізгі кейіпкердің ән айтқан мезгілдегі зорая, молая түсетін тұлғасын табиғи қалпында таныту.
«Ән біткенде залдағы жұрт есеңгіреп қалғандай еді деп суреттейді жазушы. Сахнаға, сахнаға деген дауыстар естіліп жатты. Театрдағы жұрт думаны бәсеңдемеді. Он бес минуттық үзіліс жарияланды. Тыңдаушылар да, концертті ұйымдастырушылар да аң-таң. Жан дүниесінде жұмбағы, құпиясы көп қазақ әншісіне бәрі де аса разы. Повесть авторының сөзімен айтсақ «Төрешілер тобы біріне-бірі таңдана қарасып, алдарында жатқан тізімге үңілісті.» «Әміре Қашаубаев» деген жазудың тұсына көпшілігі 5, бірсыпырасы 4 деген баға қойысты. Тек қана ағылшын тілінде күңкілдескен екеудің бірі “құр айқай” деп жазды да, екіншісі бағаның орнына “сиқыры бар” деп жазып, леп белгісін қойды. Ол белгі мұның таңдауы емес, іш мерездік сезімнің, жүрегін өртеген өшпенділік пен күншілдіктің белгісі болатын» [4, 94 б.].
Талант тас жарады. Төрешілер түгелдей ақылдасып, мақұлдасып, ақиқатқа толы шешімге тоқтады. Әміре Қашаубаев дүние жүзі өнерпаздарының жарысында жүлделі екінші орынды иеленді. Төсіне алтын жалатқан күміс медаль тақты. Париждің радиосы мен телеграфы “Әміре Қашаубаев. “Бурылтай”, “Ағаш аяқ” деген қазақ сөздерінің бір әрпін де бұзбастан сан тілде, әр елге таратып жатты.
Әміре бұрын-соңды болмаған, кейде түсініп, кейде түсінбейтіндей ғажайып сезім құшағында. Мәскеуде әйгілі музыка зерттеуші Александр Викторович Затаевичпен жүздесу, Парижді тамашалау, атақты Эйфель мұнарасын көру, концерттегі жеңісті жүлде, шетелдіктердің қазақ әніне шексіз ықыласы, Француздың әйгілі қайраткерлерімен қауышу ұмытылар ма сірә.
Әміренің Парижде қонақ үйде жеке бөлмеге орналасуынан бір тілмаш орыс әйелі, екі французбен жүздесуінен оқырманның алар рухани әсері өте күшті. Өрбіген әңгіме ішкі жан сарайдың ашық сыры. Дидарласу онша ұзаққа созылмаса да нақтылығы, нанымдылығы, табиғилығымен танымдық қасиетке құрылған.
Жазушы әнші Әміре мен меймандар арасында жүйесін тапқан сұрақ жауапты өңін бұзбай, өзгеріссіз күйінде келтіреді.
– Әнші таңдануың жөн. Мен жазушы Ромен Роллан боламын, – деп орта бойлы, бурыл шашты қаусырма жақты, қараторы кісі енді өзін таныстыру үшін екінші рет қолын ұсынды.
– Мен мына кітаптың авторы боламын деп сұңғақ бойлы, арық қара кісі стол үстінде жатқан кітапты нұсқады.
– Анри Барбюс сіз боласыз ба, – деп Әміре оның да қолын алып амандасты. Енді өзін таныстырғысы келіп, Әміре «мен» дей беріп еді.
– Сіз Әміре Қашаубаев, қазақтың тамаша әншісі, – деп Әміре үшін үшеуі бірдей жарыса сөйлеп, жауап берді [4, 96 б.].
Басы артық сөз жоқ. Бәрі табиғи, бәрі қарапайым, бәрі нанымды. Жазушы қонақ үй бөлмесінде бірге болған адамдай немесе сұхбатты үн таспаға түсіріп жазып алғандай сыр шерткен.
Әміре қонақтар тілегін екі етпей «Ағаш аяқтан» бастап бірнеше қазақ әндерін әулетеді. Дауыс өзге бөлмелерге де жетіп, біраз адам жиналып қалады. Барбюс әншінің әңгімесін, Роллан әнін жазып алып отырады.
Шетел түгіл, өз еліңде де жиі қайталана бермейтін, қанды қозғап, жанды жадырататын, жаңалығы жалаулап тұрған оқиғаны автор қуана жазады. Өзара әңгіменің өте ұтымды, тағылымды тұстарын оқырман назарына ұсынуды да ұмыт қалдырмайды.
– Қазақ әніне еріп кетер едім әттең, – дейді Роллан.
Келіңіздер жеріміз кең, еліміз бай, жақсы пейілді қонақты жатсынбайтын салтымыз бар, – деп Әміре жазушының арманына өз жүрегінің мақтанышын тосты.
Басқасын былай қойғанда повестің аяқталуының өзі бірыңғай лирика. Керемет сезім кернеген кеудеден лықсып шыққан шынайы сөздер тізбегі.
Жазушы Қайнекей Жармағанбетов «Әнші азамат» повесінің соңғы нүкте қояр сөйлемін осылай аяқтап, осылай түйін жасайды. Кейіпкер өмірінің біраз кезеңді құбылыстарының кеңірек жетілдіріле суреттелуі, әнші Әміренің, өзге де бейнелердің шебер сомдалуы, олардың ішкі реніш, күйініш, үміттері, қазақы әуен жайлы қатты толғаныстар повестің жанрлық сипатын молырақ ашып көрсетуге ықпал, әсерін тигізгені айқын байқалады. Аталған шығарманың қажеттілігі, құндылығы неде дейтін болсақ, ұлттық өнеріміздің мақтанышы, атақты әнші жайлы терең тебіренісінде, дүниеден өткен жазушының екінші ғұмырына, мағыналы мұрасына айналуында. Әмірені тыңдаушы қол шапалағымен, ал қаламгерді қуатты сөзімен қолпаштады. 
Академик жазушы Зейнолла Қабдоловтың пікірінше «Жалпы әдеби шығарма жазуға рецепт берілмейтіні секілді, повесть жазуда да штамп болмайды. Әрбір нұсқалы повесть өмірге тек қана өз өзгешелігімен келеді. Осыны еске ала парақтасақ, орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі болып табылатын повестің жұрт таныған кейбір жанрлық сипаты – мұнда шағын эпостағыдай бір емес, бірнеше оқиға, адам өмірінің бір, не бірер эпизоды ғана емес, біралуан кезеңді құбылыстары кеңірек біраз дамытыла суреттеледі» [5, 310 б.].
«Әнші азамат» повеске қойылатын талғам, талапқа, жанрлық сипатына толығынан жауап бере алатын шығарма. Туынды негізінен әнші бейнесін бірінші жоспарға қоя отырып, сол кейіпкер тұлғасымен қатарлас, құбылмалы қоғамды, бай мен кедей арасындағы айырмашылықты таразылап, қазақтың ұлттық рухани әлемдегі өсу, өрлеу жолдарын қамтиды. Қазіргі таңда егеменді Қазақстанның талай танымал әртістері, өнер жұлдыздары өзге елге сапар шегіп жатса, ең алғаш, шетел шымылдығын ашып даңғыл жол салған әйгілі Әміре. Ал, атақты адамның өмірбаяндық деректерінен, шыққан тегінен мол хабардар ете отырып, қиын-қыстау кезеңін, соқпақты жолдарын, әлемді таңдандырған өнердегі өзіндік жетістіктерін бейнелі, байыпты баяндаған поветің ғұмыры ұзақ боларына күмән келтірмейміз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет