2. Нашақорлық, оның түрлері, клиникасы, емделу жолдары Есірткі - (norkosis) грекше наркоз, ұйықтату, ұйқы мен ұмыттыру мен, жансыздандыруды білдіреді.
Есірткі – бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез –құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті, айығу үмітсіз. Әлеуметтік дертті адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады.
Түрлері:
Токсикомания
Марихуана
Героин
Кокаин
Экстази
Балалар мен жасөспірімдердің девианттық тәртіп формалары тәрізді нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардың бірі отбасындағы келеңсіз көріністер, ата-аналардың спирттік ішімдіктерге немесе нашақорлыққа салынуы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жанұя мүшелері арасында көтеріңкі көңіл-күй қатынастарының болмауы, жанұяда әкенің немесе шешенің болмауы, психоактивті заттарға оңай қол жеткізу, жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мен қолы бос болмауының нақты бағдарламасының жоқтығы сияқты әлеуміттік факторлар үлесінде
Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі – егуарқылы қабылдау, өйткені қалай болсын бұл қабылдау есірткіні бірден қан арқылы тез миға жеткізеді.
Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады. ( Егу, иіскеу, шайнау.)
Есірткіні тұтынудың бастапқы алдын алу – жасөспірімдер мен жастардың ПБЗ-ны (психологиялық белсенді заттектерді) тұтынуын жою бойынша жағдай жасау үшін барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде отбасы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласы, ішкі істер жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті.
3. Реактивті психоздардың этиологиясы мен патогенезі Реактивті психоз – бұл айқын психогенді шартты психикалық бұзылыс, белгілі бір факторлар әсер еткенде дамиды. Өмірге қауіпті, ол үшін маңызды. Реактивті психоздар жиі 20- 49 жас аралығында кездеседі, әйелдер еркектерге қарағанда жиі ауырады, ең жиі формасы реактивті депрессия 59.2%, сирек истериялық ступор 3.2%.
Қорқу, таңырқау (тосыннан аффекті) өзіндік ерекшелігі, эмоциональді тұрақсыздық. Осының әсерінен жылдам шектеледі және іс әрекеті шектеледі немесе адамның бақылауымен жүреді
Мұндай психикалық бұзылыстар ауыр эмоциональды стресс нәтижесінде пайда болады. Психикалық жарақаттың мазмұны психикалық бұзылыстардың клиникалық көрінісінде бейнеленеді (Ясперс триадасы). Психикалық жарақат әсері аяқталғанда олар жоғалады. Дегенмен, Ясперс триадасының әмбебап мәні жоқ. Ауыр эмоциональді жарақаттан кейін едәуір уақыт өткен соң психикалық бұзылыстардың пайда болғаны бақыланған (кешіккен теакциялар) және эмоциональды жарақат әсері аяқталғаннан кейін де ұзақ сақталған.
Клиникалық көріністеріне байланысты реактивті жағдайлар жедел және созылмалы болып бөлінеді.