2. Наркоманиялар
Есірткі - (norkosis) грекше наркоз, ұйықтату, ұйқы мен ұмыттыру мен, жансыздандыруды білдіреді.
Есірткі – бұл адамның көңіл - күйін,
сана - сезімін, мінез –құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті, айығу үмітсіз. Әлеуметтік дертті адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады.
Түрлері:
Токсикомания
Марихуана
Героин
Кокаин
Экстази
Балалар мен жасөспірімдердің девианттық тәртіп формалары тәрізді нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардың бірі отбасындағы келеңсіз көріністер, ата-аналардың спирттік ішімдіктерге
немесе нашақорлыққа салынуы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жанұя мүшелері арасында көтеріңкі көңіл-күй қатынастарының болмауы, жанұяда әкенің немесе шешенің болмауы, психоактивті
заттарға оңай қол жеткізу, жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мен қолы бос болмауының нақты бағдарламасының жоқтығы сияқты әлеуміттік факторлар үлесінде
Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі –
егу арқылы қабылдау, өйткені қалай болсын бұл қабылдау есірткіні бірден қан арқылы тез миға жеткізеді.
Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады. ( Егу, иіскеу, шайнау.)
Есірткіні тұтынудың бастапқы алдын алу – жасөспірімдер мен жастардың ПБЗ-ны (психологиялық белсенді заттектерді) тұтынуын жою бойынша жағдай жасау үшін барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде отбасы,
білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласы, ішкі істер жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті.
3. Алкогольдың адам ағзасына әсері және алкогольды мастану диагностикасы
Алкогольдің адам ағзасына әсерінің 2 ерекшелігін бөлуге болады - оның мастану
шақыратын тікелей әсері, және алкоголизм ауруына алып келетін жүйелі шектен тыс қолдану.
Алкогольдің негізгі әсері – мастандырушы әсер. Алкоголь әсерінің нәтижесі қабылданған спиртті ішімдіктің дозасына ғана емес, оның күштілігіне де байланысты. Арақ тәрізді күшті ішімдіктер әсер еткенде, алкоголь 1 сағат ішінде қанда максимальді концентрациясына жетеді. Бұл кезде мастану тез дамиды және айқын көрініс береді.
Алкогольдік мастанудың жеңіл, орташа, ауыр дәрежелерін бөледі.
Мастанудың жеңіл дәрежесінде қабылдау табалдырығы төмендейді. Интеллектуальді үрдістер бұзылады:
зейін бұзылады, реакциялар баяулаған, ойлау логикасы төмендейді, ұқсас ассоцациялар бақыланады.
Мастанудың орташа дәрежесінде зейін күрт бұзылады, ол елітпелі болып келеді. Қабылдау нақтылығы және дифференцациясы жоғалады. Интеллектуальдық үрдістер баяу,
персеверациялар пайда болады, ойлау кездейсоқ ассоцияциялармен көрінеді.
Мастанудың ауыр дәрежесінің клиникасы үдемелі есеңгіреумен көрінеді. Артынан терең ұйқыға кетеді: мас адам қолайсыз қалыпта және кез-келген жерде ұйықтап қалады, еріксіз зәр бөлінуі, дефекация, кейде бұлшық ет тырысулары болуы мүмкін.