3. Дәрілік, тағамдық, өндірістік және басқа улану кезіндегі психикалық бұзылыстар Соңғы 10 жылдықта фармакологияның, химияның, өнеркәсіптің жылдам дамуына және халық шаруашылығында сәйкес препараттарды кеңінен қолдануға байланысты интоксикация нәтижесіндегі психикалық бұзылыстарды дұрыс клиникалық және диагностикалық бағалау аса маңызды.
Интоксикациялар кезіндегі психикалық бұзылыстар жеке түрде көрініс бермейді, неврологиялық және соматикалық бұзылыстармен қосарлана жүреді. Бұл кезде қаннан, зәрден және ликвордан токсикалық заттарды табуға болады. Токсикалық агент көп реттік әсер еткенде ағзаның улы затқа жоғары сезімталдығы пайда болады, осылайша улы заттың аз дозасымен шақырылған патологиялық реакция токсикалық зат әсері тоқтағаннан кейін де жалғасады.
Әртүрлі интоксикациялар кезінде аса айқын көрінетін синдром сана бұзылысы болып табылады, сананың делириозды күгірттенуі түрінде жүреді. Делирий бір реттік массивті интоксикация кезінде немесе айқын емес, бірақ қайталамалы ұзақ интоксикация жағдайында пайда болады. Сананың делириозды күңгірттенуі атропинмен, тетраэтилқорғасынмен, бензинмен, күкірткөміртегімен, мышьякты сутегімен және т.б. уланғанда болады.
Жиі гипоксия шақыратын заттармен (күкіртсутегімен, көміртек тотығымен) уланғанда есеңгіреу бақыланады, ал массивті уланғанда сопор мен кома жағдайы болады.
Иісті газбен, анилинмен, антифризбен, қорғасынмен, сынап, радиоактивті заттармен уланғанда мнестико-интеллектуальды бұзылыстар бақыланады.
Жиі шизоформды симптоматика бақыланады: маниакальды (АКТГ, акрихинмен уланғанда, кататониялық, гебефренді (сынаппен, радиоактивті заттармен).
Психоз дәрежесіне жетпейтін психикалық бұзылыстардан астениялық, невротикалық, депрессивті және ипохондриялық синдромдар тән болып табылады.
Клиникалық көрінісі басым жағдайда сана бұзылысымен жүретін психоз жедел түрде өтеді. Созылмалы ағымдағы психоз шизоформды симптоматикамен жүреді.
БИЛЕТ 19 1. Альцгеймер ауруы Альцгеймер ауруы - деменцияның ең кең таралған түрі, 1906 жылы неміс психиатры Алоис Альцгеймер тарапынан сипатталған нейрогенеративті сырқат. Этиологиясы: Бас-ми жарақаттары, бас миының шайқалуы.
Басынан өткізген инфаркт миокарды немесе тамырлар инсульті, жүрек-қан тамырлық зақымданулар.
Қалқанша без қызметінің бұзылысы.
Радиация, электромагниттердің ықпал ету
Егде жаста босану ж.т.б.
Негізгі симптомдары: