БИЛЕТ 18
1. Ми ісіктері кезіндегі психикалық бұзылыстар
Ми ісіктері кезінде лғашқы белгілері ретінде неврологиялық белгілер көрініс береді. Ми ісіктері кезіндегі психикалық бұзылыстар науқасқа ауруы туралы айтқанда депрессиямен басталады. Ми ісіктері кезіндегі психикалық бұзылыстар көптеген факторларға тәуелді:ісік сипатына, өсу жылдамдығына, орналасуына, жастық және конституциональды-генетикалық бейімділікке. Бас ми ісігі кезінде неврологиялық психикалық сиптомдар байқалады. Ерте көрініс болып іштен кернеуші бастығ ауырсынуы, тамақтануға байланыссыз құсу, сананың бұзылыстары (есенгіреу,обнубиляция, сомноленция, сирек делириозды ұстамалар),кемақылдылық, афазия, амнезия, абултя, апраксия, парездермен көрінеді. Егер ісік шүйде бөлігінде орналасса көру бұзылыстары, гемианопсия, фотопсия,галлюцинациялар және тұлға касиетінің өзгерісі, адинамия н/е пассивтілік, критикасының бірден төмен болуы сияқты бұзылыстар болады. Самай аймағында орналасса есту, иіс сезу, есте сақтаудың бұзылысымен жүреді.
2. Алкоголизм кезіндегі жастық және жыныстық факторлардың рөлі
Жастық фактордың алкоголизм дебютi және дамуында маңызы бар. Алкоголизм неғұрлым ерте жаста (жасөспірімдік, жастық шақта) басталса, соғұрлым қатерлі өтеді: сатылардың ауысуы мен ауырлауы жылдам жүреді, ал алкоголизм көріністері айқын сипатта өтеді. Жас кезде түзілген алкоголизм тұлғаға айрықша теріс әсер көрсетеді, энцефалопатиялық синдромның жылдам үдеуіне, психоздардың ерте дамуына ықпал етеді.
Картаю алдындағы кезеңде пайда болған алкоголизм токсикалық экдефалопатияның жылдам дамуына және өpшуіне алып келеді: және де ауру сатылары тез алмасады. Бұл кезеңде алкоголизм жедел психоздармен сирек, ал созылмалы психоздармен жиірек асқынады. Соматикалық бұзылыстар ерте анықталады.
Соңғы уақытта әйелдер арасындағы алкоголизм кең таралып кетті. Әйелдер алкоголизмінің бірқатар ерекшеліктері болады.
Әйелдерде алкоголизм жылдам қарқынмен дамып, және клиникалық көpiнiстepi бойынша ерлермен салыстырғанда ауыр өтеді. Бірақ алкоголизмнің жеңіл ағымы жөнінде және әйелдер алкоголизмін қатерлі деп санауға мүмкіндік бермейтін мәліметтер де бар (ауырлатушы факторлар болмағанда).
Ерлерден айырмашылығы әйелдерде ішімдікке патологиялық әyecтік алкогольді шектен тыс қолданудың алғашқы 1-2-ші жылдарында түзіледі, және осы уақыт аралығында спирттік ішімдіктерге физикалық тәуелділік, яғни абстинентті синдром анықталады. Әйелдерде тұлғаның алкогольдік өзгерісі сексуальды азғындықпен және әлеуметтік деградациямен көріне отырып, жылдам қарқынмен дамиды
Достарыңызбен бөлісу: |