2. Истерикалық психиопатия
Истерикалық психопати́я — көңіл алудағы таусылмас қажеттілікпен, тұрақсыз өзін-өзі бағалауымен, жынысының маңызын асыра бағалаумен сипатталатын тұлға бұзылуы.
Бұл бұзылысты истероидті, сахналық, театралдық деп атайды.
• Театралдық, өзін-өзі драматизациялау, эмоцияға шамадан тыс берілу;
• Жағдайларға немесе басқалардың әсеріне оңай берілу, тез сену;
• Эмоцияларының терең болмауы және лабильділігі;
• Басты назарда болу үшін, басқалар оны жұмыс істеп жүр деп
мойындау үшін үнемі белсенді, қозу жағдайда болуға тырысу;
• Өзінің сыртқы тартымдылығына шамадан тыс назар аудару;
3. Ми мерезі кезіндегі салдану
Ми мерезінің психопатологиялык көрінісі әр түрлі және ағза реактивтілігіне, ауру сатысына, локализациясына, патологиялык үрдістің таралуына байланысты. Ми мерезінде болатын психикалык бұзылыстар мидың баска органикалык аурулары кезіндегі патологиялык симпгомдармен ұксас болады, оларға: энцефалит, менингит, ісіктер, тамыр аурулары жатады. Осы ауруларды есепке ала отырып, мерезді диагностикалау және баска аурулардан ажырату кезінде неврологиялык симптомдарға және серологиялык зерттеу нәтижесіне көп көңіл бөлінеді. Мерездің I—II сатысындағы кең таралған психопатологиялык синдромға неврозтәрізді (мерездік неврастения) синдром жатады,
Ми мерезі кезінде арнайы терапия жүргізіледі. Бас миының мерезі табылған наукастардың барлығы психиатриялык ауруханаға жолданады. Ми мерезінің негізгі және кең тараған ем әдісі пенициллинотерапия (емдеу курсына 12 000 000 ЕД кем емес). Емнің бірнеше курсы жүргізіледі. Қайталамалы курс кезінде пенициллиннің ұзак әсер ететін түрлері — экмоновоциллин 300 000 ЕД-дан тәулігіне 2 рет бұлшыкетке жіберген тиімді.
БИЛЕТ 17
1. Невростения
Неврастения, астения (ағылш. neurasthenia, фр. neurasthénie, neuron – жүйке және asthenіa – шаршау, әлсіреу) – невроздың бір түрі; аса күйгелектіктен және тітіркенгіштіктен жүйкенің әбден шаршап, тозуы. Неврастения кезінде ауру адам тез ұйықтап кеткенімен, болар-болмас дыбыстан ұйқысынан лезде оянады; өзін аш сияқты сезінгенімен, тамақты көрсе болды, аштығы басылады; жүйкенің әбден тозуынан науқастың көңіл күйі тез өзгеріп отырады. Бұл айтылған клиникалық көріністер Неврастенияның 1-сатысында байқалады. Егер дер кезінде ем жасалса, науқас дертінен тез айығып кетеді. Аурудың 2-сатысында (аралық саты) жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер дами түседі. Науқаста психикалық қажудың әсерінен ынтасыздық, сәл нәрседен тітіркену (жылауықтық), бұлшық еттері әлсізденіп, саусақтардың, тілдің дірілдеуі байқалады. Аурудың ұйқысы, жүрек және қан тамыр жүйелерінің қызметі бұзылады, басы ауырады. Тамаққа тәбеті болмайды. Неврастенияның 3-сатысы (гипостеникалық) – бұл жағдай науқас организмінің ұзақ уақыт улануынан (алкогольмен, түрлі жұқпалы аурулармен, т.б.), бастан алған жарақаттан, атеросклероздан, ішкі органдардың түрлі ауруларынан болады. Бұл кезде ауру адамның жүрек соғысы жиілеп, денесі біресе ысып, біресе мұздап, басы айналады, организмі әбден әлсірейді (адинамия). Көңілсіздік басып, ауру дел-сал селқос күйде жүреді. Емі: Неврастенияның бастапқы сатысында жұмыс және демалыс уақытын дұрыс ұйымдастыру, спортпен шұғылдану, таза ауада көп серуендеу. Ал ауру меңдіген кезде психотерапия және аутогенді дене шынықтыру әдістерін, дәрі-дәрмекті қолданумен қоса, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралардың айрықша маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |