БИЛЕТ 11
1. Апиындық наркомания
Адамзатқа апиын бағзы заманнан белгілі. Бұл жөнінде оның емдік (ұйқы тудырғыш, тыныштандырғыш, ауруды басу) қасиеттері туралы еске алу жазбалары куәлік ете алады. Гиппократ апиынды емдік бұйым ретінде қолданған. Апиындық нашақорлардың, әсіресе наркотизацияның ұзақ кезеңіндегі сыртқы бет-бейнесі жеткілікті түрде сәйкестенген. Науқастар өз жасынан кәрілеу көрінеді. Тері жамылғылары құрғақ, боз, бауыр дерттері бар сырқаттарға тән сарғыш реңк иеленген. Бетін көптеген әжім торлаған. Шаш ерте түседі. Шаштары солғын, сынғыш болады, өз жарқылынан айрылады. Сондай-ақ тырнақтары да сынғыш келеді. Тістің бұзылуы өте тән: тіс жегісі (кариес) пен тіс түсу. Біртіндеп салмақ жоғалту байқалады, ал ұзақ наркотизацияда – ауру адамдардың айқын жүдеуі білінеді. Салмақ тапшылығы 7-10 келі және одан астамға жетуі мүмкін. Флебиттер – көптеген инъекциялардан кейінгі көктамырдағы (венадағы) қабыну өзгерістері жиі болады. Вена бойымен кейде іріңдеу мен іріңдік (абсцесстен) соңғы көптеген тыртықтар байқалады. Апиындық нашақорлықта ішкі ағзалар – жүрек-қан тамыр, тыныс алу жүйелері, бауыр, нерв жүйесі тарапынан өзгерістер білінеді. Психиканың өзгеруі тән. Науқастарда тек есірткі енгізілгеннен соң еңбек қабілеті пайда болады. Соңғы кезеңдерде олар еңбекке қабілетсіз болады, оларда енжарлық, әлсіздік байқалады.
2. Осы замандағы нашақорлықтың актуальды проблемалары дәләлдеу медицина негізінде
Осы замандағы нашақорлықның өзектікнің проблемалары дәлелдеу медицина негізінде. Дәлелдеу медицина негізінде наркологияның өзекті прблемаларына жататындар: маскүнемдік; опийды және гашишты наркомания сұрақтарға наркологиялың ауруларды емдеу.
3. Алкоголизм туралы түсінік
Алкоголизм — медициналык тілмен айтканда, созылмалы ауру, спирттік ішімдіктерді жиі және көп мөлшерде колдану және оларға деген дертті әуестік нәтижесінде дамиды. Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкі,ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады.
Достарыңызбен бөлісу: |