БИЛЕТ 1
1. Алкоголизм туралы түсінік
Маскүнемдік (
алкоголизм) —
спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл
адамның денсаулығына,
тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса,
қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан
бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкі,ліктің
болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де
дәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда
кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы,
адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін.
Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп,
әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті
әдетке айналдырудан келіп туады.
2. Суицид
Суицид дегеніміз – бұл саналы түрде өмір сүруді тоқтату, яғни осы тұрғыдан қарағанда өзіне-өзі қол жұмсау адамның саналы мінез-құлық актісі болып табылады. Әдебиеттерде суицидтік әрекеттерді көбінесе «аутожарақат», «аутоагрессия» деген терминдермен байланыстыра қарайды. Егер аутоагрессия актінің соңғы мақсаты – өзіне-өзі қол жұмсау болса, онда оны суицидтік әрекетке жатқызу керек. Сонымен қатар, қасақана дене мүшесін зақымдауды, психоз күйіндегі адамдардың аутоагрессивті актілерін және осындай басқа да іс-әрекеттерді суицидтік әрекетке жатқызуға болмайды. Жәбірленушінің немесе есі дұрыс емес адамның абайсызда өз өмірімен қоштасуы өзіне өзі қол жұмсауға жатпайды. Мұндай жағдайларда өмір үшін қауіпті іс-әрекеттер өзін-өзі өлтіруге бағытталмайды және олардың басқа да себептері
мен мақсаттары болады, сондықтан оларды жазатайым оқиғалар санатына жатқызу керек.
Суицидтік мінез-құлық – бұл өзіне қол жұмсау туралы ойларға бағытталған психикалық актілердің сыртқы және ішкі нысандары. Ішкі нысандарға суицидтік ойлар (елестету, уайымдау); суицидтік үрдістер (ниет, мақсат) сыртқы нысандарға – суицидтік көріністер, суицидке оқталу (әрекеттену) жатады. Пайдалану бойынша өзіне-өзі қол жұмсаудың мынадай әдістері:Асылу; Қарумен жарақат келтіру; Химиялық заттармен
немесе медикаменттермен улану; Жоғарыдан құлау, келе жатқан пойыздың астына немесе көліктің астына түсу.
Суицидке оқталу бойынша әдістер мынадай түрде өзгеше бөлінеді:
Улану; Өзіне-өзі жарақат келтіру; Асылу.