Биыл қаңтар-сәуір айларында туризм саласына 5,6 млрд теңге тартылды, 2022 жылға арналған жоспарлы көрсеткіш трлн теңге



Дата10.06.2022
өлшемі17.08 Kb.
#267758
Байланысты:
2.1. Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайдағы және оған қатысты жасалып жатқан іс шаралар жайлы ақпарат іздеу;
әдебиет теориясы Алпысова Ә, 1 курс ПРОГРАММА ПРАКТИКИ КАЗ (2) (1) (1)

2.1. Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайдағы және оған қатысты жасалып жатқан іс шаралар жайлы ақпарат іздеу
Биыл қаңтар-сәуір айларында туризм саласына 75,6 млрд теңге тартылды, 2022 жылға арналған жоспарлы көрсеткіш – 1 трлн теңге.
«Қазіргі уақытта 25 елмен 80 бағыт бойынша халықаралық әуе қатынасы қалпына келтірілді, 74 елге визасыз режим қалпына келтірілді, құрлық шекаралары ашылды. Таяу келешекте біздің алдымызда визалық режимді либерализациялау міндеті тұр»” — деді Д. Абаев.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов туризмнің өте перспективті сала екендігін атап өтті. Пандемияға дейін туризм саласына жаһандық қызмет көрсету экспортының 30%-ы, әлемдік инвестициялардың 7%-ы және салық түсімдерінің 5%-ы тиесілі болды.
Басқа жағынан, бұл фактор ішкі туризмді дамытуға үлкен септігін тигізді. Қазақстандағы туристік объектілерге қызығушылық артып келеді. Сондықтан Үкімет басшысы туристік әлеуеті жоғары өңірлерде инфрақұрылым мен сервисті дамыту қарқынын одан әрі күшейту қажет екенін айтты.Сондай-ақ экотуризм объектілеріндегі қызмет көрсету инфрақұрылымын дамытудың маңызы зор. Оны іске асыру кезінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экожүйесі қатаң сақталуы тиіс.Әлихан Смайыловтың пікірінше, кейбір туристер демалатын жерлерге әуе және теміржол тасымалының болмауы, демалыс маусымында жол қатынасының қиындығы – туризмнің дамуын тежеп отырған мәселелердің бірі.Осыған байланысты Индустрия министрлігі интермодалдық жолаушылар тасымалын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеп, авиа, авто және теміржол көліктерінің ыңғайлы қиылысқан бағыттарын қамтамасыз етуі қажет.Сондай-ақ туристік сала мамандарын кәсіби даярлауға жүйелі тәсіл керек екені айтылып жүр.
«Қолданыстағы бағдарламалар туризм саласының нақты қажеттіліктеріне сай келмейді. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты, оның ішінде Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында күшейту қажет», — деді Әлихан Смайылов.
Жалпы, Үкімет басшысы туризм саласының дамуында оң динамика бар екенін, осы орайда мына мәселелерге көңіл бөлу керек екендігін атап өтті:



  1. Өңір әкімдіктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, туристік объектілерді инженерлік инфрақұрылыммен уақытылы қамтамасыз ету шараларын қабылдауы тиіс.

  2. Мәдениет министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, бірінші кезекте, туристердің қауіпсіздігі мен қызметтердің сапасын арттыруды көздейтін туристік өнімдер ұсыну жөнінде кешенді жұмыстарды ұйымдастыруы қажет.

  3. Мәдениет министрлігі Экология министрлігімен және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірге Имантау-Шалқар курорттық аймағын дамыту жоспарын бекітіп, ондағы шараларды іске асыруға кірісуі тиіс.

Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны;Кезең: 2021-01-01 / 2021-12-3
Қазахстан РК. 5474971
Ақмола облысы 327754
Ақтөбе облысы145023
Алматы облысы 609011
Атырау облысы 46303
Батыс Қазақстан облысы 76180
Жамбыл облысы 127162
Қарағанды облысы 272290
Қостанай облысы 215680
Қызылорда облысы 94364
Маңғыстау облысы 291931
Павлодар облысы 137039
Павлодар 137039
Солтүстік Қазақстан 154345
Түркістан облысы 206398
Шығыс Қазақстан облысы 483507
Нұрсұлтан қаласы 751123
Алматы қ. 1220029
Шымкент қ. 316832
Қазақстанға келу туризмі пандемиядан енді ғана қалпына келе бастады. 2021 жылдың тоғыз айында орналастыру орындарында қызмет көрсетілген шетелдіктер саны 208 536 адамды құрады, бұл 2019 жылдың деңгейінен төрт есе аз - 752 757 турист. Айта кететін жайт, 2020 жылғы пандемия кезінде дәл осы кезеңде бұл көрсеткіш 196 705 адамды құрады.Деректерге сәйкес, туристер арасында ең танымал қазақстандық өңір Алматы болып шықты - 9 айда резидент еместі орналастыру орындарында 95 704 қызмет көрсетілді. Нұрсұлтан - 51 416-ға екі есе аз адам келді. Үшінші орында - Шымкент, саны 9 862 турист.
Осы жылы елімізде отбаслық туризді дамыту үшін «Kids Go Free» пилоттық жобасы іске қосылды. Аталған бағдарлама 2-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерге ел ішінде саяхат жасағанда тегін ұшуға мүмкіндік береді.Және бұл бағдарламаны саяхаттау турын салалық фирма немесе туристік операторлардан сатып алғанда ғана қолдануға болады. Демек отбасы өздіктерінен саяхаттап жүрсе, бұл мүмкіндікті қолдана алмайды. Бүгінде «Kids Go Free» бағдарламасын қолдануға 80 өтініш келіп түсті. Оларды балалардың санына шаққанда 150-ге жетіп қалады.
«Kids Go Free» жобасы екі түрлі әдіспен жұмыс істейді. Кейбір туристік операторлар отбасы турды рәсімдеген кезде балаға жасалатын жеңілдікті сол сәтте өз қалтасынан өтейді. Мысалы, бір отбасы тур рәсімдеп, ол 500 мың теңгеге шықты делік. Аталған отбасында бір бала бар, оның билетінің құны шамамен 50 мың теңге делік, осы жерде туристік компания 50 мың теңгені өзі төлейді. Ал екінші жұмыс істеу тәсілі бойынша отбасы турдың толық сомасын өзі өтейді, саяхаттап келген соң құжаттарды турды сатып алған мекемеге тапсырады. Содан соң ғана балаларға арналған билеттің құны ол отбасыға кері қайтарылады.
Қазір еліміз бойынша 17 туристік оператор аталған бағдарламамен жұмыс істейді. Аталған жобаның басты мақсаты – елімізде жүйелі туризмді дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы