БӘрі де майдан үшін



бет3/5
Дата02.01.2022
өлшемі36.86 Kb.
#147555
1   2   3   4   5
Байланысты:
10 сынып 14.12.21
10 сынып 14.12.21
күйзелген-ді,  деп есіне алады Таисия Алексеевна. – Қарсақбайда  тұрғанымыздағы шай үстінде иә демалып отырғанда ұзақ  әңгімелесетін кештеріміз де ұмыт болды. Тек ертеңгілікте үйден 
ерте рек шығатын едік те, қазіргі М. Төлебаев атындағы көшенің  ортасындағы аллеяда ширек сағат таза ауа жұтып, тауға қарап  тамашалап отырып, кешегі күннің тауқыметін еске алатын-
быз...»

Ұйымдастыру шаралары нәтижелі болды. Түсті және сирек металдар металлур гия сы, көмір және тыңайтқыш заттар химиясы,  минералогия зертханалары ашылып, шлих т әзірлейтін шеберха-на мен спект р лік анализ кабинеті жасақталып, қауырт жұмысқа кірісті. Геологиялық ізденістер кеңейіп, зерттеу өрісі де ұзара түсті. ...Бір күні ғылыми қызметкер В.А. Соко ловты институт дирек-

торы шақырып:

Ванадий кенін табу керек, Владимир Алексеевич, – деді. – Үкімет тапсырмасы деп  біліңіз.  Жедел іздеу қажет, темір жолға  жақын, алуға оңтайлы жерде болса тіпті жақсы. Қаржы, адамдар жөнінде қам же меңіз. Тек уақыттан ғана қысамыз!.. Отызыншы жылдан беріде қазақ даласы ның ой-қырын аралап, әсіресе түстік өлкесін көп шарлаған байырғы геолог жедел тапсырманың стратегиялық мән-мақсатын бірден түсінген...  Сондықтан да экспедиция жасақтап, жан-жаққа дереу аттандырудан гөрі, қайда барып және қалай іздеудің бағыт-бағдарын әбден анықтап алуды жөн көрді. Көңілін алаңдатқан бірнеше  аудан ның геологиялық картасын алдына жайып қойып, ванадиймен ағайындас металл белгілері табылған қыр тыс тарға шұқшия  үңілді.  Ақыры,  ол  инсти тут  ди рек  торы на  келіп:

– Қаныш Имантаевич, коллектордан басқа көмекші сұрамаймын, – деген-ді. – Оңүстік жақ ты шолып қайтуға рұқсат етіңіз. Ала тау ды бөктерлеп, Таласқа дейін көтерілеміз... Келесі күні жолға шыққан қос барлаушы Шымкент пен Жамбыл аралығындағы Шақпақ разъезінде пойыздан түсті де, бағыт-

тарын компаспен түзеп алып жүріп кетті. Көздеп келе жатқан  төбені олар сол күні-ақ, темір жолдан небәрі бірнеше шақырым жерден тапты. Үшінші шурфқа кісі бойы терең  деген кезде барлаушылардың күрегі алғашқы кен белгісіне жолыққан.

– Карнотит! Ванадий жайылған минерал дың ең құнарлысы! Мынада кем дегенде оның жиырма пайызы бар!..  Геологтар одан әрі қазған жоқ, Алма тыға қайтып оралып, келген бетте-ақ инсти тут директорына кіріп:

– Шақпақ разъезіне экспедиция жасақ тауға рұқсат етіңіз... – деді. (Геологтың болжамы қайыра тексеруде толық анықталды. Талас Алатауының бөктерінде соғыс қажетін өтегендей ванадий кенінің сүбелі қоры жасырынып жатыр екен. Ғалым-геолог  Владимир Алексеевич Соко ловқа сол еңбегі үшін келесі жылы Сталиндік сыйлық берілді).



– Барлауға ғылыми оймен қарау деген осы! Көптеген кен орнын барлауға шықпай-ақ, зерттеу деректерін байыптап қарап отырып  та ашуға болады, – деп тұжырымда ған-ды Сәтбаев әріптесінің жаңалығын институт қызметкерлеріне жария еткенде. – Шынтуайтын  айтқанда,  Владимир  Алексее вич  вана дий  шикізатын  кабинетте отырып аш ты... Бұдан шығатын корытынды: ғалым атанып, геология институтына келдің екен – бағыңды барлауда сынаудан бұрын ғылыми болжау мен шұғылдан!.. Зерттеушілердің қайсыбірі орталық қала лардан келген, тағдыр айдап эвакуациямен Алматыға тап болған көрнекті ғалымдар  да жаңа институтқа шақырылған. Солардың бірі – Орталық Қазақстан қыр ты сының білгірі  Н.Г. Кассин. 1941 жылдың жазын Сарыарқа жонында өткізген ғалым-геолог Ленинградқа дер кезінде қайта алмай, Қарағандыда кіріптар болып уақытша тұрақтаған. Осы хабарды естіген сәтте-ақ Қаныш Имантайұлы жедел хат жолдап, Кассинді Алматыға шақыртады. Николай Григорьевич те кідірмей жетеді. Бір  ақ, көңіл хошы онша емес: жұ байы Прасковья Степановна  жау қоршауындағы қала дан шыға алмай қалған; соған да ұйқысы қашып, жұмыс істеуі қожырапты. «Сіздің мін дет – Георгий  Цараевич Медоевпен бірігіп, Қа зақстанның құрылымдық картасын жасауға же дел кірісу. Бұл бізге қазір ауадай қажет! Зұлым  жауға атар оғыңыз, Николай Григорьевич, осы бола ды. Ал қосағыңыз жөнінде... Тілегіңізді республика үкіметінің назарына  жеткізейін. Сәті түссе, кім білсін...» – дейді институт директоры білімпаз геолог-ғалымды бірден күрделі зерттеу жұмысына  жегіп. Кексе адам тұрмыс тауқыметінен тарықпауын ойлап, тиісті жағдай да туғызады. Тұс-тұстан келуші  мыңдап көбейген  соғыс күнде рінде бұл да оңай шаруа емес-ті: сөйтсе де институт қызметкерлерін өзара ығыстырып, дербес бір бөл менің орайын  келтірді. Құры лым дық карта жасау – Николай Григорье вичке танымал іс. Үйреншікті кәсібіне кіріс кен соң-ақ, ішін жеген  уайымнан арылып, тығыз жұмысты өндіре істеген. Уәде еткен соң бас ты ғы да қарап жүрмепті, Қазақстанның Мәскеудегі  өкілдігінің қызметкерлері қа лай   да жо лын тауып, ғалымның жұбайын Ле нин град қоршауынан алып шығудың орайын келтірген: ақырында Прасковья Степановна Алматыға аман-есен жетті. Бұл Н.Г. Кас   синнің көңіл-күйін бірден түзеп әрі өзін Қазақ стан  үкіметіне,  мейір банды  Қаныш  Имантайұлына  қарыздар санап, жұмысты бұрын ғыдан да еселеген жігермен атқаруына  мұрындық болған деседі. Әсілі, ол құрылымдық карта жасаумен ғана емес, институттың бар лық ізденісіне қоян-қолтық араласып, оған қоса аспирантурада оқитын жас тарға басшылық етуге де барынша атсалысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді