БӘрі де майдан үшін



бет2/5
Дата02.01.2022
өлшемі36.86 Kb.
#147555
1   2   3   4   5
Байланысты:
10 сынып 14.12.21
10 сынып 14.12.21
«Қаныш Имантайұлына мен кездейсоқ жағдайда жолықтым,    деп сыр шертіпті тағы бір қазақстандық академик И.Г. ГАЛУЗО. – Екеуіміз азық-түлік дүкенінде кезіктік. Кезекте тұр едім, бейтаныс қазақ азаматы менен бір нәрсе  туралы түсінік сұрады. Нақты не жайында екені есімде жоқ,  алматылық емесін бірден аңдадым. ...Зоолог екенімді білген соң  ол ерекше ілтипат білдіріп: «Бәрекелді, мұныңыз тіпті жақсы  болды!..» деп жымиды. Сон соң зоология саласынан әрнені сұрай  бастады: Қазақстанда аңның қандай түрі кәсіпке пайдалы, олар  қалай бағаланады, дүниежүзілік жәрмеңкеге шығарарлық қымбат аңдар бар ма, балық кәсіпшілігі қандай жағдайда?.. Геологтың өз кәсібіне қажеті шамалы ілім ге осыншама ден қойып,  ықылас білдіргеніне таңданғаным сонша, келесі күні аса білімдар  кен барлаушыға кездейсоқ кезіккенім жайында әріптестеріме  сүйсіне әңгімелеп едім, бір жолдас: «Сірә, ол кісіңіз  біздің филиалды басқаруға шақырылған геолог Сәтбаев болар», – деді... Бірнеше күннен соң филиал жетекшісінің кабинетіне шақырылдым. Бұл жолы ұзақ әңгімелестік.  Қа ныш Имантайұлы  зоология ғылымдарының түрлі саласына ынтызарлық білдіріп, әр алуан мағлұмат сұрады. Парази толог екенімді білген соң  әңгіме міз бұрынғыдан да қыза түссін... Содан бір күні ол КазФАН- да жұмыс істейтін зоолог, ботаниктердің үлкен тобымен қайыра кездесті. Қаныш Имантайұлы бізге өзіміз шұғылданып  жүрген ілім саласында көптеген сауалдар қойды, ақырында  өзінің көкейкесті пікі рімен бөлісті: қазақ дала сының жан-жануардүниесін түрлендіру, олардың өсіп-өнуіне жағдай туғызу жайын да өте қызықты, соны ойлар естідік. Филиал жетекшісі бізден балық ты көптен аулау мүмкіндіктерін ойлас ты рып, Қазақстан жеріндегі омырт қалы түз жануарларын әжетке пайдалану жолдарын қарастыруды да талап етті. Тағы бір әңгімелесу  үстінде республика фа у на сын түрлен діріп, өсімтал аңдарды көбейту, өзен-көлдерге кәсіптік балық тұқымдарын жіберу турасында да пікір алыстық. Қ.И. Сәтбаевқа зоология секторының  қойдың жаңа түрі  арқар-меринос тұқымын шығару жөніндегі  жұмысы өте-мөте ұнады. Қаныш Имантайұлы филиалға келген кезде бұл жұмыста үміт күттір гендей нәтижелер көріне  бастаған. Ақырын да ол бұл зерттеуді өз бақылауына алды. Арқар-мериностың алғашқы отары өрген Күрмекті базасы  Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ынтасымен құрылды, сол  жерде қойдың жаңа түрін шығару сы на  ғы жұртқа мәлім тамаша  нәтижеге жетті».

Қаныш Имантайұлына ихтиологтар да жиі келетін болды. 

– Менің атабабамда балықшы атанып, қолына қармақ ұстаған кісі болмаған. Құдай басқа салған соң,  амал не,  балық кәсіпшілігі үшін де ұсыныстар әзірлеп, ғылыми кеңес ші болуға тура келіп  отыр, – деген әзілмен басталған әңгіме кейде бірер сағатқа созылады. Өйткені филиал жетекшісі өзінен кө мек сұрап келген зерттеу жайында толы ғырақ білгісі келеді. Өз ойын тықпалап, қайтсем де  орындатам  деген емеурін аңғартпайды. Жасалып жатқан жұмыстың өмірлік маңызын бірақ қазымырлап сұрап, аса тиім ді, қажет-ау дегеніне көбірек қадалып, ұнатқан істі жадында ұстап  қалады. Сол жазда Іле бойына, Балқаш көлінің жағалауына бара жатқан зоологтар экспедициясы филиал жетекшісіне шақырылып, өзгеше тапсырма алып шықты.

– Сол өңірге су тышқанын жіберсек қалай болады? Ойланып көріңіздерші... Меніңше, аса пайдалы жұмыс! Зоологтар байқап көруге уағда етті. Кейіннен бұл ұсыныс жылына әлденеше миллион сом таза кіріс әкелген игі шаруаға айналды. Бірер жылдан соң су тыш қан дары Балқаш пен Іле бойын  ежелгі меке ніндей-ақ біржола жайлап алды.Бір күні химбиологтар келді. Жергілікті бір өсімдіктің тамы- рынан тері илейтін реа гент жасап, арнаулы өндіріс ашуға мүмкіндік бар екен. Тек соны тері өңдейтін комбинаттардың бірінде  тезірек сынау керек...Осылайша күн түнге ұласып, ай жылға жалғасып жатыр. Таң ата басталған қызмет (күн шыға төсектен тұру – Қаныш  Имантай ұлының өмір бойғы әдеті) кешке дейін бітпейді.Астана кеңселерінің, әсіресе жауапты қызметкерлердің түнде де қызмет  істеуі – үйреншікті машық. Жұртпен бірге сапқа тұрып, әскери жаттығуға да барады. Противогаз, винтовка асынып, мезгіл-мезгіл  әлде неше шақырымдық шеруге де шығып қояды. Өйткені әскери  жаттығу, өзіңді әрқа шан да дайындықта ұстау – барлық дені сау  азаматтың борышы деп жарияланған...

Филиал бастығының басты назары, әрине, геологиялық ғылымдар институтында (ҚазГҒИ) болған.  Институт төңкерістен бұрын архиерей дің кеңсесі тұрған екі қабат шағын үйде, филиалдың секторлары да осында. Орын  өте тар, ғылыми жұмыс түгілі, тізе бүгіп оты ратын жер жоқ.  Институт аталғанымен, бұл ұжым да сол кезде небәрі 25 ғылыми  қызметкер бар-ды, оның төртеуі ғана ғылым кандидаты. Төрт сектор – геология, металдар, бейруда, гидрогеология бөлімдері және  аналитикалық химия зертханасы жұмыс істейді. Бұған дейін  құрамында мың қаралы кісі бар іздеу шілер тобына жетекші болған  іскер  басшыға  бұл сөз  бе екен,  ойнап отырып басқаратын  мекеме.  Бірақ олай болмады. Жұмысты мұнда да тыңнан бастауға тура келді – кадр әзірлеуден ғылыми жұ мыс жүргізетін орын іздеуге  шекті. Ең қиыны, институтты басқаруға үмітті болған  кейбір  ғылыми қызмет керлермен тіл табысу жүй кесін жұқартты: «Сіздің мына жұмысыңыздың пайдасы қандай?» десе-ақ, шамданған байғұс: «Бұл мәселені сіз түсінбейсіз» немесе кейбірі: «Қара-пайым геологқа мұны бағдарлау қиын, ол үшін сізге теориялық  дайындықтан  өту керек...»  деп, ғылыми атағы жоқтығын ешбір қымсынбай бетіне айтады. Қарсы лықтың астыртын түрлері де  көріне бастады. Қысқасы, қатардағы барлау орнынан келсе де, тісі шыққан,  тиісті деңгейде жұмыс талап ететін басшы екендігін көрсетуге мәжбүр болды... Бір жолы институттың химия зертханасы жұмысты тым сылбыр істейтіндігі, көптеген анализдер апталар бойы орындалмай кешігіп жататындығы сөз болды. Директордың кабинетіне шақырылған химик: «Анау жоқ, мынау жоқ» дегеннен өзге жарытымды жауап айта алмады.

– Сіздің айтып тұрғаныңыз – жұмысқа жауап бермеудің айласы!  Алматы сықылды үлкен қалада отырып, мұнша жоқты тілге тиек ету ұят емес пе? – деп оның шалғайынан алған Қаныш Имантайұлы  Қарсақбай  комбинатының  химия  зертханасының  тәжірибесін әңгімелеп берген-ді. – Бір жылы қыста бүкіл Қарсақбайда анализ  жасайтын  бір  грамм  да спирт  табылмады,  жабдықтаушылар дер кезінде жеткізе алмай қалған. Зертхана меңгерушісі Иосиф  Израилевич Гехт сіз құсап, «Жоққа не істеймін?» деп қол қусырып қарап отырған жоқ, комбинаттың қоймасын ақтарып, бірер  жәшік техникалық лак тауып келді. Ақыры, зәру спиртті солардан қайта ағызып берді... Міне, көрдіңіз бе, қым баттым, жұмысқа  ынтасы бар адамдар осылай істейді. Ал сіз маған үшінші мәрте: «Пәленше реактив жоқ, түгенше жоқ! Егер тапқы зып берсеңіз...»  деп тұрсыз...

– Олай болса зертхананы өзіңіз мақтаған Гехтқа басқартыңыз,  ал мен ғылымда атақ-абыройы бар ғалыммын, сізге қолбала болып, жаб дық  таушы-агент әрі химанализ жасаушы міндетін қоса  атқара алмаймын. Сіздің айтып тұрғаныңыз – академия жүйесіне қиыспайтын ыңғайсыз талап, мұнда бәрі де сақадай сай тұруы керек... – деп, мең геруші есікті қаттырақ жауып шығып кетеді.Амал қанша, ГҒИ-дағы санаулы ғылым кан дидатының біріне  қош демеске шарасы болмады. Оның орнына Қарсақбайдағы білгір химик И.И. Гехті шақырды. Ол келген соң институт зертханасының анализ  жасау  деңгейі шынайы академиялық деңгейге көтеріліп, барлау трестерінің тексерме жұмыстары мұқият  және тез атқарылатын болды; соғыстан кейін Иосиф Израилевич диссертация қорғап, хи мия ғылымының кандидаты атағына ие  болды...

* * *


...Қазақ даласын геологиялық зерттеу 1920 жылға дейін ғылыми экспедициялар жасақтау арқылы жүргізілген. Олар едәуір қазба байлықтар ашты. Бірақ бірде-бірі сайын даланың ой- қырын, өзен-көлін, жер қыртысын жан-жақты сипаттап, кен іздеушілерге нұсқа болғандай геологиялық карта сызып берген  жоқ.  Жиырмасыншы жылдан беріде даланы жоспарлы түрде зерттеу басталды. Съемкалар жасалды. Әрбір аудан, облысты шаруашылық, экономика лық қажетіне қарай кезекке қойып, он шақырымдық өлшем бойынша картаға түсіру жүзеге асты. Бұл жұмысты Геолком  мамандары атқарды. Олардың таңдаулы  ғалым-геологтары Қазақстан қиырына барлау пар тияларын бастап шықты. Қуаң далада бұрынғы экспеди ци ялар сияқты бірер жаз емес, әлденеше жыл дар бойы жұмыс істеді. Кен іздеді, су көздерін қарады, геоло гиялық зерттеулер жүргізді...Нәтижесінде Қарағанды отын ошағының орасан зор қуаты  мәлім болды. Тынымсыз іздеуші М.П. Русаковтың Сарыарқа жонын көп жыл шарлауынан соң «қайталама кварциттер» құпиясы  ашылып, солардың тінінде мыс кені шоғырланып, корунд, отқа төзімді шикізаттар жасырынып жататыны анықталды. Өзі теорияға сүйенген ол Қоңырат кенін тауып, Балқаш  мыс зауытын салуға жол ашты. Нақ осы жөнмен ізденіс жасаған Р.А. Борукаев 1930 жы лы Боз ша көл мыс кенін тапты. Өзге де  іздеушілер де қазына көмбелерін көптеп ашты...Қарағандыкөмір,  Алтайполиметалл,  Ем бі  мұ най,  Арқада   Атбасар түсті металл трестері тәрізді ірі-ірі өндіріс орындарыірге көтеріп,  өнім бере  бастауы  тұрақты  жұмыс істейтін  геологиялық қызметтер құруға түрткі болған-ды. Геолкомның Қазақстандағы бөлімшесі де осы қарсаңда ұйымдасқан: ту баста Қызылордада ірге көтерген мекеме Қазақтың геологиялық басқармасы атанып,  Семейге көшті.  Сол қарсаңда оны  Ленинградта   оқыған,   кейіннен  Қазақстан  барлаушыларының  ақсақалы атанған Рамазан Асланбекұлы Борукаев басқарды. Геология басқармасында Г.Ц. Медоев, А.Г. Гакоев, Б.И. Вейц тәрізді білімпаз  барлаушылар жұмыс істеді. 1931 жылы Қазақ геологиялық барлау тресі ұйымдасты. Семейдегі басқарма 1939 жылы Алматыға көшірілді. Осы шаралардың бәрі, сайып келгенде, қазақ даласындағы барлық барлау қызмет терін бір орталыққа топтап, геологиялық  зерттеуді үздіксіз және жоспармен жүр гі зілетін жүйеге айналдыруды көздеген. Соғыс басталар қарсаңда бұл жұмыс пен Қазақ геология басқармасынан өзге Қазақ түс тіметалл, Алтай түсті металл, Қазақ  көмір, Қазақмұнай тәрізді ірі-ірі зерттеу трестері және  барлық кен өндіруші комбинаттарда тұрақты ізденіс жасайтын геология бөлім дері мен барлау конторлары шұғылданған. Олардың жалпы қарамы – 38. Бәрінде де тәжірибелі, білікті мамандар жұмыс істейді. Зерт теу шілігі жөнінен бұлар – ешкімге есе  бермейтін іргелі топ. Кен көздері де бірінен соң бірі табылып жатыр және әр алуан.  Бұл орталық қалаларда ертеден шоғырланған геологиялық ғылыми ойдың жетекшілік рөлін әлсіретіп, жер-жердегі барлау  орындарының күшеюіне жағдай туғызды. Күнбе-күнгі нақты ізденісте тәжірибесі молайған өндіріс мамандары көп мәселелер  жөнінде зерттеу орнынан қашық та, тып-тыныш зертхана, жайлы кабинет терде отырып, жалаң теорияға сүйеніп пікір айтушылардың беделіне қыңбайтын, жалпылама ақыл-кеңесіне сын көзбен қарайтын білгірлікке жеткен-ді. Табысқа тоқмейілсу емес-ті бұл! Орталық тағы мамандар қаншама терең білімді болғаны мен, қашықтағы Қазақстан қыртысын шала-шарпы біледі. Жазғы сапа рында көргеніне сүйеніп кесім айту оларды жаңсақ  болжам дар жасауға жолықтыратын. Оның аяғы көбіне кен орнын барлаушы гео логтар мен соған төрелік айтуға тағайын далған сарап шы ларды бітіспес дауға душар ете ді (Жез қазған туралы ұзақ жылғы сергел дең – соның айқын мысалы!), нәтижесінде аса  мәнді кенді игеру әлденеше жылға кешігіп басталады... 

* * *


Республикадағы  барлау  топтарына  теориялық  бағыт-бағдар жасап, ізденістеріне жол ашып отыратын ғылыми орталық ұйымдастыру ойы осындай игі талаптан туған-ды. 1940 жылы құрылған Геологиялық ғы лым дар институты кәнігі геолог Р.А. Бору каевтың басшылығымен бірталай жұмыстар атқарыпты, әсіресе тақырыптық зерттеу топ тарын ұйымдастыруда. Зерттеуші мамандары да бірталай: И.И. Бок, Г.Ц. Медоев, И.П. Новохатский, Е.Д. Шлыгин. Г.Л. Кушевтің есімдері геологтар қауымына  жақсы таныс. Бәрі де Қазақстанда практикалық дала барлауымен  шұғылданған іздемпаз мамандар. Алайда олар ғылыми жұмысқа  енді ғана ауысып отыр. Институт ди рек торы іргелі міндет жүктеп талап ете алмаған ба, Қаныш Имантайұлы ГҒИ-ға тап болған кезде  жас зерттеу ошағының шағын тобы не істерін білмей, теориялық ізденісіміз тап қазір кімге керек дегендей енжар ойда екен. Көпшілігі «Отан үшін жан пида!» деген пиғыл-ниет пен, қанқұйлы  жауға тойтарыс беру мінде ті міз десіп, майданға жіберуге арыз беріпті...  Қаныш Имантайұлы алғашқы аптада-ақ институт шұғылданар жұмыстардың бағдарын жария еткен: батыс шекарада жүріп жатқан алапат соғыс геолог-зерттеушілердің алдына төтенше  міндеттер жүктейді; дирек тордың ойынша, зұлым жауға Кеңес Одағы ның барлық өндірісі, шикізат қуаты, әрбір кен тасы оқ,  снаряд, танк, ұшақтар болып қарсы тұруға тиіс! Батыс шептегі өндіріс қуаттары уақытша істен шықты, кейбірі қиыр өлкелерге  көшіп жатыр. Демек, негізгі салмақ бейбіт аудандарға түседі. Яғни, Орал, Сібір, Қиыр Шығыс, Орта Азия және Қазақ стан бұл  жүкті жабыла көтеріп, Отан қорғау мүддесіне қажет шикізатты жоқтатпауға тиіс. Бәлкім, көптеген өндірістерді жаңадан ашуға  тура келер. Институт маман дары бүгін таңдағы міндеттеріне осы тұрғы дан қарайтын болсын: шикізат көздерін іздеуге, тез арада аяқтауға болатын жедел барлаумен шұғылдану шарт! Қиын  міндет, бірақ басқадай амал жоқ. Өйткені таразыға – ел тірлігі,  Отан тағдыры түсіп отыр. Қысқасы, біз үшін нағыз майдан – кен көздерін көптеп ашу!.. Қаныш Имантайұлының талап етуімен ГҒИ-дың жаңа жоспары республика наркоматын да қаралды да, түгелдей мақұлданды.  Оларды тездетіп жүзеге асыру міндеттелді, септігін тигізер шаралар да белгіленді. Бұл институт жетекшісінің мәнді мәселені  алдыңғы кезекке қоя білетінін, үкімет адамдарының да онымен есептесетінін айқын көрсетті. Оған қоса институт қызметкерлерінің қарамы үш есеге жуық көбейді; соған орай көпшілік  қызметкерлер өндіріс орындарынан шақырылды және олардың ғылыми атағының бар-жоғына мән беріп қараған жоқ; оның  есесіне, өз жұмысына енжарлығы аңғарылғандар ұжымнан  аласталды; жаңадан қабылданғандар жатақханалардан тиген  бөлмелерге орналасты, ең ғажабы, ГҒИ қызметкерлеріне үкімет дүкенінен «спецпаек» аталған азық-түлік босатылатын болды; академия филиалына Киров көшесінен (қазіргі Бөгенбай батыр)  екі қабатты жаңа кеңсе берілді де, архиерейдің үйін ҚазГҒИ дербес иемденді...  Осының бәрі Қ.И. Сәтбаевтың жайдары жүзді кішіпейілдігімен қоса, қажет жағдайда пәрменді қимылдан да бас тартпайтын нақты іс адамы екендігін аңғартты. Оған ә дегенде танауын шүйіре  қарап, «Е, ғылыми ортаның тегеурініне қанша шыдайды дейсің?  Әлі-ақ сүйікті өндірісіне қуып тастармыз...» дескендер жым болып, жан сақ тау дың қамы на кірісті.
«Сол күндерде ерім үйге өте-мөте шар  шап оралатын-ды.  Әсіресе қарау ын да ғы ұжымның өзі жария еткен тың міндеттер ді орын дауға аса құлшынбай, жігерсіз кіріскеніне ол қатты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді