Бекітілген ғылыми кеңес шешімімен

Loading...


Pdf көрінісі
Дата26.03.2020
өлшемі0.61 Mb.

 

 

 

 

 

БЕКІТІЛГЕН

 

ғылыми кеңес шешімімен



 

(29.05.2019 күнгі № 10 хаттама)



 

 

 

                                                                                         

                                                                                      

                                                                                      

 

 

 

 

 

 

 

Студенттік жатақханалар туралы  

ЕРЕЖЕ

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Актау, 2019  

 

 

 



МАЗМҰНЫ 

 



Бөлім 1. Мақсаты және қолдану саласы 



Бөлім 2. Нормативтік құжаттар 



Бөлім 3. Қысқартулар мен белгілеулер 



Бөлім 4. Түсініктемелер мен анықтамалар 



Бөлім 5. Жалпы ережелер 



Бөлім 6. Жатақханадан орын беру тәртібі 



Бөлім 7. Жатақханаға орналастыру тәртібі 



Бөлім 8. Жатақханада тұрғаны үшін ақы төлеу және оның дүние-мүлкіне 

тигізілген залалды өтеу тәртібі 

 





10 

11 


12 

13 


14 

15  


Бөлім 9. Жатақханада тұру тәртібі 

Бөлім 10. Жатақханадан шығару тәртібі 

Бөлім 11. Жатақханада тұратын білім алушыны сыннан өткізу тәртібі 

Қосымша 1– Өтініш, жатақханадан орын бөлу туралы 

Қосымша 2 – Өтініш, жатақханадан шығу туралы 

Қосымша 3 – Білім алушыны сынақтан өткізу картасы 

Қосымша 4 – Жолдама, жатақханаға орналасуға  

10 



10 

12 


13 

14 


15 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



1. МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

 

1.1.  Ш.  Есенов  атындағы  Каспий  мемлекеттік  технологиялар  және  инжиниринг 



университетінің  (бұдан  әрі  –  YESSENOV  UNIVERSITY,  YU,  университет)  «Студенттік 

жатақханалар  туралы  Ережесі»  (бұдан  әрі  –  Ереже)  студенттік  жатақханаларға 

орналастыру, тұру және одан шығару тәртібін анықтайды. 

 

2. НОРМАТИВІК ҚҰЖАТТАР 

 

 

Ереже төмендегі құжаттар негізінде әзірленді: 



1)  ҚР  "Білім  туралы"  Заңы  (27.07.2007  күнгі  №  319,  04.07.2018  күнгі  №171-VІ) 

Заңына сәйке өзгертулері және толықтыруларымен;

 

2)  «Ш.  Есенов  атындағы  Каспий  мемлекеттік  технологиялар  және  инжиниринг 



университеті» ШЖҚ РМК Жарғысы;

 

3)  ҚР БҒМ 22.01.2016 күнгі № 66 бұйрығымен бекітілген (19.10.2018 күнгі № 581 



өзгерістерімен)  «Білім  беру  ұйымдарының  жатақханаларындағы  орындарды  бөлу 

қағидалары»;

 

4) «Жоғары  оқу  орындарындағы  білім  алушыларға  жатақхана  беру»  мемлекеттік 



көрсетілетін қызмет стандарты;

 

5) ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі. 



 

 

3. ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР 

 

Университет  –  Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және 



инжиниринг университеті 

ҚР 


ҚР БҒМ 

– 



Қазақстан Республикасы 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

YU 

–  YESSENOV UNIVERSITY 



ӘБ 

–  Әлеуметтік бөлім  

СК 

АЕК 


– 

– 

Студенттік кеңес 



Айлық есептік көрсеткіш 

 

4. ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 

 

Бұл Ережеде төмендегі түсініктемелер мен анықтамалар қолданылады: 



1) тұлдыр  жетім  -  18  жасқа  толғанға  дейін  екі  немесе  жалғыз  ата-анасы  қайтыс 

болған білім алушы; 

2) ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  -  18  жасқа  толғанға  дейін  ата-ана 

құқықтарының  шектелуiне  немесе  олардан  айрылуына,  хабарсыз  кеткен  деп  танылуына, 

қайтыс  болған  деп  жариялануына,  әрекетке  қабiлетсiз  немесе  әрекет  қабiлетi  шектелген 

деп  танылуына,  бас  бостандығынан  айыру  орындарында  жазасын  өтеуiне,  бала 

тәрбиелеуден  немесе  оның  құқықтары  мен  мүдделерiн  қорғаудан  жалтаруына,  оның 

ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты, 

сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған және ҚР заңдарында көзделген өз құқықтары 

мен  мүдделерінің  қажетті  қорғалуын  қамтамасыз  етуге  мұқтаж  болған  өзге  де 

жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала;   

3) 1  және  2  топтағы  мүгедек  -  ауру,  жарақаттар  мен  кемшіліктер  салдарларынан 

мүгедектікке  және  әлеуметтік  қорғауға  әкелетін  ауруларға  байланысты  денсаулығы 

бұзылған адам; 

4) көп  балалы  отбасы  –  құрамында  бірге  тұратын  кәмелетке  толмаған  төрт  және 

одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын 

бітіретін  уақытқа  дейін  (бірақ  жиырма  үш  жасқа  толғанға  дейін)  орта,  техникалық  және 


 

 



кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім 

беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы; 

5)  аз  қамтылған  отбасылар  -  ҚР  заңнамасына  сәйкес  он  сегіз  жасқа  толмаған 

балаларға  тағайындалған  және  төленетін  атаулы  әлеуметтік  көмекке  және  (немесе)  ай 

сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығы бар жұмыс жасындағы адамдар; 

6) шетелдік  студент  -  ҚР  азаматы  болып  табылмайтын  және  басқа  мемлекеттің 

азаматтығына жататындығы туралы куәландыратын шетелдіктер; 

7) қалалық емес білім алушы – Ақтау қаласынан басқа (Өмірзақ, Синтез, Дружба, 

Мичуринец,  Прогресс,  Химик,  Горняк,  Электрик,  Каламкас,  Приозерный,  Заозерный, 

Коктем,  Энергетик  елді  мекендерімен  қоса)   Маңғыстау  облысының  аудандарынан  және 

ҚР басқа қалалары мен облыстарынан келген білім алушылар; 

8)  оралман  –  тарихи  отанында  тұрақты  тұру  мақсатында  ҚР  келген  және  ҚР 

"Халықтың  көші-қоны  туралы"  Заңында  белгіленген  тәртіппен  тиісті  мәртебе  алған,  ҚР 

егемендік  алған  кезде  одан  тыс  жерде  тұрақты  тұрған  этникалық  қазақ  және  оның  ҚР 

егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары; 

9)  депозит  –  білім  алушы  қабылдап  алған  тұрғылықты  бөлме  мен  ондағы 

жабдықтардың тұру мерзімінде күй-жағдайын сақтау кепілдігі болатын ақшалай сома; 

10)  айлық  есептік  көрсеткіш  –  ҚР  заңнамасына  сәйкес  зейнетақы,  жәрдемақы, 

өзгедей  әлеуметтік,  салық  төлемдер,  сондай-ақ    айыппұл  санкцияларын    есептеу  үшін 

мемлекет жыл сайын белгілейтін есептік көрсеткіш. 



 

5. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

5.1.  YESSENOV  UNIVERSITY-де  қалалық  емес  барлық  студенттер  жатақханамен 



қамтамасыз етіледі. 

5.2. YU жатақханаларындағы орындар беріледі: 

1) күндіз оқитын білім алушыларға бір оқу жылына; 

2) сырттай  оқитын  білім  алушылар  (жатақханаларда  бос  орын  болған  жағдайда) 

емтихандық сессия мерзіміне; 

3) 


білім  алушылардың  Ақтау  қаласында  тәжірибеден  немесе  жазғы  семестрден 

өту мерзіміне (факультет деканының  қолы қойылған жеке өтініш негізінде); 

4)  университет түлектерінің магистратураға түсу үшін емтиханға дайындалу және 

емтихан тапсыру мерзіміне (қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының қолы қойылған 

жеке өтініш негізінде). 

5.3. Жатақханаларды  мамандықтар  еншісіне  бөлу  және  орналастыру  квотасы 

университет ректорының бұйрығымен бекітіледі. 

5.4. Жатақханаға орналастыру мәселесімен «Әлеуметтік бөлім» айналысады. 

5.5. Жатақханада  тұру  ақысы  бойынша  тарифтер  және  бір  жолғы  депозит  көлемі 

университет ғылыми кеңесінде бекітіледі. 

5.6. Жатақханадағы  тәрбие  жұмысын  бекітілген  жоспар  бойынша  тәрбие  жұмысы 

немесе жастармен жұмыс жүргізетін бөлімдер ұйымдастырады. 

5.7. Жатақханада  орналасқан  білім  алушылардың  тәртібін,  тұрмыстық  жағдайын, 

жатақханаға  қонған,  қонбағанын  және  бөлмелерінің  санитарлық-гигиеналық  жағдайын 

тиісті  бөлімдер,  факультет  деканаттары  мен  колледж  әкімшілігі  тұрақты  түрде 

қадағалайды. 

5.8. Тәрбие  жұмысының  мәселелерімен  жатақханаға  баратын  жұмыскерлер  келу 

журналына тіркеледі және тиісті жазбалар қалдырады. 

5.9.  Жатақханаға  орналасушы  жатақхана  қызметкерлері  мен  әрбір  білім  алушы 

аталмыш Ережемен танысып, қол қоюы тиіс. 

5.10. Осы  Ереже  жатақханада  тұратын  барлық  білім  алушылар  мен  жатақхана 

қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.    



 

 



5.11.  Студенттің  бөлмедегі  жеке  заттары  мен  мүлігінің  сақталуына  жатақхана 

әкімшілігі жауап бермейді. 

5.12. Оқу  жылы  барысында  оқуда,  жатақханада  тұруда  және  қоғамдық  өмірде 

үлгілі көрсеткіштер көрсеткен 2-4 курс білім алушыларына жаңа оқу жылында өзі тұрған 

бөлмеде қалуға рұқсат етіледі. Ол үшін тұрғын өтінішінде өзі тұрған бөлмені қалайтынын 

көрсетеді  және  факультет  деканының,  жатақхана  меңгерушісінің  тиісті  анықтамаларын 

тіркейді.  

 

6. 



ЖАТАҚХАНАДАН ОРЫН БЕРУ ТӘРТІБІ 

 

6.1. Білім алушыларға жатақханалардағы орындарды беру келесі негіздемелер 



мен кезектілік ескеріліп жүзеге асырылады: 

1) тұлдыр жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар; 

2) I және II топтағы мүгедек білім алушылар; 

3) ата-анасының  біреуі  немесе  екеуі  де  I,  II  топтағы  мүгедек  болып  табылатын 

білім алушылар; 

4) аз қамтылған көп балалы отбасынан шыққан студент; 

5) жеңілдіктер  мен  кепілдіктер  бойынша  Ұлы  Отан  соғысының  қатысушыларына 

және мүгедектерге теңестірілген білім алушылар; 

6) ауылдың 

әлеуметтік-экономикалық  дамуын  айқындайтын  білім  беру 

бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан студент; 

7) ҚР азаматтары болып табылмайтын оралман санатындағы студент; 

8) «Алтын  белгі»  игерелері  (растайтын  құжаты  бар)  бірінші  курсқа  қабылданған 

студент; 

9) Президенттік,  халықаралық  және  республикалық  олимпиада  және/немесе 

конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификатын иеленген студент; 

10)  мемлекеттік грант негізінде оқуға қабылданған бірінші курс студенттері; 

11)  ақылы негізде оқитын бірінші курс студенттері; 

12)  мемлекеттік білім гранты немесе тапсырысы негізінде оқитын жоғары курс білім 

алушылары; 

13)  ақылы негізде оқитын жоғары курс білім алушылары; 

14)  өзге магистранттар мен докторанттар. 

 

6.2.  Жатақханалардан  жаңа  оқу  жылына  орын  бөлу  үшін  өтініштер  мен 



құжаттар қабылдау тәртібі: 

6.2.1.  Өтініштер  мен  төмендегі  тізім  бойынша  құжаттар  қабылдау  электронды 

түрде 

http://yu.edu.kz



    және 

http://egov.kz

    порталдарында  және  жазбаша  түрде  жүзеге 

асырылады. 

6.2.2. Өтініштер мен құжаттар қабылдау қабылдау мерзімі: 

1)    1  курсқа  қабылданатын  студенттер  үшін  қабылдау  комиссиясы  кезінде  25-ға 

тамызға дейін; 

2)  2-4  курс  студенттері  үшін    алдын-ала  20-30  мамыр  және  25-30  тамыз 

аралықтарында; 

3)  магистранттар үшін 10-15 қыркүйек аралығында. 

6.3.  Өтініштер  бес  жұмыс  күні  мерзімінде  қарастырылады  және  қарау  нәтижесі 

бойынша жатақханаға рұқсат берілгендер тізімі сайтқа шығарылады. 

6.4.  Тізімге  сай,  білім  алушылар  жатақханаға  орналасу  үшін,  тұру  ақысы  мен 

депозитті  төлегені  туралы    түбіртектер  көшірмесімен  әлеуметтік  бөлімге  келіп, 

жатақханада тұруға Келісім-шарт жасайды, жолдама және бөлменің кілтін алады. 

6.5.  Жатақханада тұру үшін жолдама беру мерзімі: 

1) 1 курсқа қабылданатын студенттер үшін 25-30 тамыз аралығында; 

2) 2-4 курс студенттері үшін 2-6 қыркүйек аралығында; 



 

 



3) магистранттар үшін 15-20 қыркүйек аралығында. 

 

6.5. Жатақханадан орын алу үшін өтінішке қоса тіркелетін құжаттар тізбесі: 



6.5.1. ҚР азаматтары үшін: 

1) белгіленген үлгіде жазылған өтініш; 

2) білім алушы төлқұжатының көшірмесі; 

3) Yessenov University-де оқитыны туралы анықтама; 

4) мекен-жай анықтамасы; 

5)  3×4 көлемдегі фото - екі дана;  

6) төлемдер жасалған түбіртектер көшірмесі (жолдама алатын мерзімде); 

7) Ереженің  6.1. тармағына сай  әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат көшірмесі 

(болған жағдайда); 

8) санитарлық тексерістен және нұсқаулық өткені туралы анықтама; 

9) құжат тігілетін мұқаба . 

6.5.2. Шетел азаматтары үшін: 

1) белгіленген үлгіде жазылған өтініш; 

2) білім алушының төлқұжат аудармасының көшірмесі; 

3) ЖСН куәлігінің көшірмесі; 

4) Yessenov University-де оқитыны туралы анықтама; 

5) мекен-жай анықтамасы; 

          6)  3×4 көлемдегі фото - екі дана;  

          7) төлемдер жасалған түбіртектер көшірмесі; 

8) санитарлық тексерістен және нұсқаулық өткені туралы анықтама; 

9) құжат тігілетін мұқаба. 

 

7. 



ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ 

 

7.1. Білім алушы жатақханада тұруға жолдама алған күннен бастап бес күн ішінде 

орналасуы тиіс, олай болмағанда орын басқа білім алушыға бөлінеді. 

7.2.  Жатақханаға  кіру  үшін  білім  алушылар  «Ақпараттық  технологиялар» 

бөлімінен кіру карточкасын алады. 

7.3.  Білім  алушылар  жатақханаға  орналасу  үшін  жатақхана  меңгерушісіне  келесі 

құжаттарды ұсынады:  

1) тұруға арналған жолдама; 

2) білім алушы төлқұжатының көшірмесі; 

3) төлемдер жасалған түбіртектер көшірмесі; 

4) медициналық тексеру және нұсқаулық анықтамасы; 

5) құжат тігілетін мұқаба. 

7.4. Жатақхана меңгерушісі: 

1) білім алушыны «Студенттік жатақханалар туралы Ережемен» таныстырады; 

2)  білім  алушыны  тұру  жолдамасында  көрсетілген  бөлмеге  орналастырады  және 

қажетті құрал-жабдықтарды береді; 

3) орналастыру кезінде бөлме мен ондағы жабдықтарды «Тұрғын жайды қабылдау-

тапсыру актісі» бойынша қабылданып-тапсырылады, білім алушы тұру мерзімінде оларға 

материалдық  жауапты  болады  және  жатақханадан  шығу  кезінде  сол  қалпында  қайта 

тапсырады. 

 

8. ЖАТАҚХАНАДА ТҰРҒАНЫ  ҮШІН  АҚЫ  ТӨЛЕУ  ЖӘНЕ  

ОНЫҢ ДҮНИЕ-МҮЛКІНЕ  ТИГІЗІЛГЕН  ЗАЛАЛДЫ  ӨТЕУ  ТӘРТІБІ 

 

8.1.



 

Білім алушы жатақханада тұрғаны үшін Келісім-шартқа отырған күннен бастап 

бекiтiлген тарифтер бойынша тұру ақысын және депозит (кепілдік сома) төлейді. 


 

 



8.1.1. Күндіз оқитын білім алушылар тұру ақысын айлық тарифтермен төлейді: 

1)  тұру  ақысы  алдын-ала  төленеді:  жаңадан  орналасу  кезінде  және  тұру  мерзімі 

жалғасатын болса – келесі семестр басталуынан 5 күн бұрын

2)  депозит    жылға  бір  рет  төленеді  және  жатақханадан  шыққан  мезгілде  білім 

алушының жеке өтініші бойынша қайтарылады немесе оның қалауы бойынша оқу ақысы 

есебіне аударылады; 

3) Ақтау қаласында іс-тәжірибе немесе жазғы семестр өту мерзіміне. 

8.1.2. Тәуліктік тарифтер бойынша

1)  сырттай  оқитын  білім  алушылар  (жатақханаларда  бос  орын  болған  жағдайда) 

емтихандық  сессия  мерзімінде  жатақханада  тұруға  Келісім  шарт  жасаған  күні  –  біржола 

оқу үрдісінің кестесіне сәйкес рұқсат етілген мерзімге төлейді; 

2)  магистратураға  түсуші  университет  түлегі  емтихандарға  дайындалу  және 

емтихандар тапсыру мерзіміне жатақханада тұру Келісім-шартына отырған күні төлейді. 

8.2. Жатақханада тұру ақысын толық оқу жылына (қыркүйек-маусым айлары үшін) 

төлеуге болады. 

8.3.  Білім  алушы  жатақханадан  шығатынын  ескертіп  өз  еркімен  Келісім-шартты 

бұза алады. Осы жағдайда білім алушыға оның талабы бойынша жатақханадан шыққаннан 

кейінгі толық айлардың жұмсалмаған қаражаты қайтарылады.  

8.4.  Білім  алушы  жатақханада  тұру  ережесін  сақтамағаны,  оқу  тәртібін  бұзғаны 

және  адамгершiлiкке  жат  терiс  қылықтар  көрсеткені  үшін  жатақханадан  шығарылған 

жағдайда тұрудың төлем ақысы қайтарылмайды. 

8.5.  Білім  алушы  берілген  дүние  мүлікті  қасақана,  байқаусыз  бүлдірген  немесе 

жойған кезде, инженерлiк коммуникацияларды саптан шығарған жағдайда мүлікті толық 

қалпына келтіреді немесе ақшалай орнын толтырады. 

8.6.  Білім  алушы  жатақхана  дүние-мүлкіне  келтірілген  залалдың  орнын  акт 

негізінде толтырады. 

8.7.  Университеттің  дүние-мүлкіне  келтірілген  залалды  өтеу  барысын  бақылауды 

жатақхана меңгерушісі жүзеге асырады. 

 

9.  ЖАТАҚХАНАДА  ТҰРУ  ТӘРТІБІ 



 

9.1. Жатақхана тұрғындарының құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері  

9.1.1.  Жатақхана тұрғындары құқылы: 

1) өздеріне  бекітілген  тұрғылықты  бөлмеде  осы  Ережелерді  сақтаған  жағдайда 

Келісім-шарт мерзімінде  тұруға; 

2) жатақханада  тұру  Келісім-шартын  өтініш  беру  арқылы  кез-келген  уақытта  өз 

еркімен бұзуға; 

3) мәдени-тұрмыстық  орындарды,  жатақхана  қондырғылары  мен  жабдықтарын 

пайдалануға; 

4) жатақхана  меңгерушісіне  уақтылы  жөндеу  жұмыстарын  жасау  туралы, 

тұрғынның кінәсінен емес істен шыққан қондырғылар мен жабдықтарды ауыстыру туралы 

өтініш жасауға; 

5) қауіпсіздік  техникасы  және  өрт  қауіпсіздігі  ережелеріне  сәйкес  өздерінің  жеке 

құралдарын  (электр  плита,  қысқа  толқынды  пеш,  салқындатқыш,  тоңазытқыш,  жылыту 

пешінен басқа) пайдалануға; 

6) өзіне  бөлінген  бөлмеден  басқа  бөлмеге  нақты  себеп  болған  жағдайда,  арнайы 

рұқсатпен ауысуға; 

7) жатақхананың студенттік кеңесін қалыптастырып, оған мүше болып сайлануға; 

8) жатақхана  студенттік  кеңесі  арқылы  тұрғын  үй-тұрмыстық  жағдайды  шыңдау, 

тәрбие жұмысы мен бос уақытты дұрыс ұйымдастыру бойынша мәселелерді шешуге. 



9.1.2. Студенттік жатақхана тұрғындары міндетті: 

1)  жатақхана қызметкерлеріне әдептілік көрсетуге; 



 

 



2) жатақханада тұру Келісім-шарты талаптарын орындауға; 

3) тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелуге; 

4) жатақханада  тұру  ақысын  және  барлық  ұсынылатын  ақылы  қызметтер  үшін 

белгіленген көлемдегі ақыны алдын-ала төлеуге; 

5) 2-4  курс  студенттері  бөлмеде  үш  күннен  артық  уақыт  түнемейтін  жағдайда 

жатақхана тәрбиешілеріне ескертуге;  

6)  1  курс  және  колледж  студенттері  туысқандарының  үйлеріне  қонатын  болса,   

кімнің  үйінде  қонатындығын,  уақытын,  мекен-жайын  және  телефонын  тәрбиешілерге 

жаздырып кетуге;  

Ол  туралы  жатақхана  тәрбиешісі  ата-анасына  немесе  заңды  өкіліне  телефон 

арқылы хабарлап келісімін алады.  

7) тұрғылықты  бөлме  мен  ортақ  орындарды  пайдалануда  тазалық  пен  тәртіпті 

сақтауға: өз бөлмесінде күн сайын, ас дайындау бөлмесінде кезекшілік бойынша тазалық 

жұмыстарын жүргізуге; 

8) әр  айдың  9-шы  күні  дизенфекциялық  материалдармен  тазалау  күні.  Осы  күні 

әрбір тұрғын өзі тұратын бөлмесіне және қабатына тазалық жұмыстарын жүргізуге;  

9) санитарлық-  эпидемиологиялық  ережелер  мен  нормаларды  сақтауға,  кірленуіне 

байланысты  төсек-  орынын  (сейсеп,  ақ  жайма,  жастық  тысын)  10  күнде  бір  реттен  кем 

емес ауыстыруға; 

10)  электр  қуаты  мен  суды  үнемді  етіп  пайдалануға  (бөлмеден  шыққанда  терезені 

жабу, құралдарды, жарық пен суды сөндіру); 

11)  мәдени-тұрмыстық  орындарды   пайдалану  кезінде  тыныштық  сақтауға  және 

аталған орындарды басқа тұрғындардың пайдалануына кедергі келтірмеуге; 

12)  осы Ережені, қауіпсіздік техника ережелерін, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң 

сақтауға; 

13)  тұрмыстық  электр  жабдықтарын  пайдалану  бойынша  нұсқауларды  қатаң 

сақтауға; 

14)  жатақханадағы  арнайы  орындар  мен  жабдықтарды,  қондырғыларды  ұқыпты 

пайдалануға; 

15)  материалдық  шығын  келтірген  жағдайда  рәсімделетін  актке  сәйкес  өтемін 

толтыруға; 

16)  жатақханаға кіріп-шығу, қонақ қабылдау тәртібін сақтауға; 

17)  қажеттілік  туындағанда  университет  және  (немесе)  жатақхана  әкімшілігіне 

тұрғын бөлмені тәуліктің кез-келген уақытында қарап шығуға мүмкіндік беруге; 

18)  тұрғылықты  бөлмеде  кез-келген  ақауларды  байқаған  бойда  жатақхана 

меңгерушісіне хабарлауға; 

19)   жатақханадан  шығар  алдында  бөлмені  тапсыру  актісімен,  жатақханаға  тиісті 

барлық мүлікті тиісті түрде және тиісті күйде тапсыруға.   



9.1.3.  Жатақхана тұрғындарына тыйым салынады: 

1) бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетінше көшуге, басқа бөлмеде қонуға; 

2) бір бөлмеден екінші бөлмеге жабдықтарды өз бетінше тасымалдауға; 

3) электр жүйесін өз бетінше жөндеуге; 

4) жатақханаға кіру карточкасын, бөлменің кілтін басқа адамға беруге;  

5) жатақхана тұрғындарының тыныштығын бұзбау үшін 23:00-ден 07.00-ге дейінгі 

уақыт  аралығында  шулауға,  қатты  дыбысты  заттарды  пайдалануға  және  де  басқа  іс-

әрекеттер жасауға;  

6) жатақханаға  оның  мүлкінен  бөлек  жеке  меншік  заттарды  (төсек  жабдықтары, 

тұрмыстық техника, бағалы бұйымдар және т.б.) жатақхана меңгерушісінің рұқсатынсыз 

және екі жақты актісіз кіргізуге; 

7) тұрғын  бөлменің,  ортақ  орындардың  қабырғаларына  хабарландыру,  сабақ 

кестелерін және т.б. жапсыруға; 

8) тұрғылықты бөлмеде ас дайындауға; 



 

 



9) терезеден  қоқыс  және  бөгде  заттарды  лақтыруға,  ортақ  орындарды  қоқыспен 

және тұрмыстық қалдықтармен ластауға; 

10)  мезгілсіз бөтен тұлғаларды жатақханаға кіргізуге және (немесе) түнетуге; 

11)  жатақхана меңгерушінің рұқсатынсыз  бөлмені жөндеу жұмыстарын жүргізуге, 

мүлікті жөндеуге және ауыстыруға; 

12)   жатақханада ашық от көздерін пайдалануға; 

13)  жатақханада үй жануарларын ұстауға; 

14)  бөлмеде  тұратын  тұрғындарға  кедергі  келтіретін  үлкен  көлемді  заттарды 

сақтауға; 

15)  жатақханада  темекі,  кальян,  алкоголдік  ішімдік  және  есірткі  қолдануға  және 

сақтауға; 

16)  дәрігердің  белгілеуінсіз  есірткі  заттарын  немесе  психотропты  дәрілерді 

қабылдауға, есірткі және психотропты дәрілерді сақтауға, таратуға; 

17)  жатақхана  территориясына  қару,  соның  ішінде  пневматикалық,  зақымдаушы 

және суық қару әкелуге, сақтауға және қолдануға; 

18)  «Діни  іс-  әрекеттер  мен  діни  бірлестіктер  туралы»  заңмен  тыйым  салынған 

діни жиналыстар мен іс- шаралар ұйымдастыруға; 

19)  коммерциялық қызмет немесе құмар ойындарын ұйымдастыруға. 



9.1.4. Студенттік жатақхана тұрғындарының жауапкершілігі 

Осы Ережелерді бұзғаны үшін тұрғындарға жатақхана әкімшілігінің ұсынысы  

бойынша YU-дың ішкі тәртіп ережесіне сай келесі қоғамдық және тәртіптік жаза түрлері 

қолданылады: 

1)  ауызша/жазбаша ескерту;   

2)  сынақ мерзімімен тәртіптік сөгіс;   

3)  жатақханадан бірден шығару; 

4)  оқудан шығару. 

Сонымен  қатар  тәртіп  бұзушылықтың  түрлеріне  қарай  ҚР  «Әкімшілік  құқық 

бұзушылық  туралы»  Кодексінің  «434-Ұсақ  бұзақылық»    бабына  сәйкес  төмендегі 

айыппұл түрлері салынады

1)

 



ұсақ  бұзақылық,  яғни  қоғамдық  орындарда  былапыт  сөйлеу,  жеке  тұлғаларға 

қорлап тиiсу – 5 АЕК

2) бөлмені,  ортақ  пайдалану  орындарын  ластау,  кез-келген  жерге  қоқыс-

қалдықтарды тастау – 5 АЕК

3) айналасындағыларға  сыйламаушылықты  бiлдiретiн,  қоғамдық  тәртiптi  және 

жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер – 5 АЕК



9.2. 

Жатақхана әкімшілігінің құқықтары мен міндеттері 

9.2.1.  Жатақхана әкімшілігі құқылы: 

1)  Жатақхана тұрғындарынан тәртіп сақтауды талап етуге; 

2)  жатақханада тұру ақысын уақтылы төлеуді талап етуге; 

3)  қажеттілік туындағанда тұрғын бөлмені қарап шығуға;  

4) нақты себеп болған жағдайда тұрғынның бөлмесін ауыстыруға ұсыныс беруге; 

5)  электр қуаты мен суды үнемдеуді талап етуге;  

6) тұрғын  берілген  дүние  мүлікті  қасақана,  байқаусыз  бүлдірген  немесе  жойған 

кезде, инженерлiк коммуникацияларды саптан шығарған жағдайда мүлікті толық қалпына 

келтіруді талап етуге; 

7)  жатақхана өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстарын білдіруге; 

8)  жатақхананың студенттік кеңесімен бірлесе отырып, ішкі тәртіпті бұзатын  

тұрғындарға  тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар беруге; 

жатақхана тазалығын қамтамасыз ету үшін тұрғындармен сенбіліктер ұйымдвстыруға. 

   


9.2.2.  Студенттік жатақхана әкімшілігінің міндеттері 

1) жатақхананың белгіленген санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес  болуын 

қамтамасыз ету; 


 

10 


 

2) білім алушыларды жолдама бойынша бөлінген орындарға орналастыру; 

3) тұрғындардың тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелуін қадағалау; 

4) жатақхананың  құбыр  жүйесінде,  электр  жүйесінде,  су  желісінде  болған 

ақауларды шұғыл түрде жөндеуге ұсыныс беру; 

5) жатақхана 

бөлмелерін,  мәдени-тұрмыстық  орындарын  пайдалану  және 

санитарлық жағдайы бойынша кемшіліктерін анықтау мақсатында күнделікті тексеру; 

6) төсек жаймаларын 10 күнде бір реттен кем емес ауыстыруды қамтамасыз ету; 

7) тұрғындардың техника және өрт қауіпсіздігін сақтауын талап ету; 

8) тұрғындар тапсырыстарының мезгілінде орындалуын жүзеге асыру. 

 

10. ЖАТАҚХАНАДАН  ШЫҒАРУ  ТӘРТІБІ 

 

10.1.  Жатақханада  тұратын  білім  алушы  жатақханадан  келесі  жағдайларда  3  күн 



iшiнде шығарылуы қажет: 

1) жатақханада тұрудың мерзiмi аяқталғанда; 

2) жатақханада тұру тәртiбін бұзғанда; 

3) үш күннен артық мерзімде себепсіз жатақханада қонбағанда; 

4) тұру ақысының төлем мерзiмдерін бұзғанда; 

5) адамгершiлiкке жат мiнез-құлық немесе заңға қайшы әрекет жасағанда; 

6) оқудан шығарылған кезде. 

10.2.  Білім  алушы  тәртіп  бұзғаны  үшін  жатақханадан  шығарылған  жағдайда, 

барлық қалған оқу мерзімінде жатақханада тұру құқығынан айрылады. 

10.3.  Білім  алушы  жатақханада  тұру  мерзімі  аяқталған  кезде  ағымды  жөндеу 

жұмыстарын жасап, жатақхана меңгерушісіне мүлік пен бөлмені лайықты түрде  тапсыру-

қабылдау актісімен тапсырады. 

10.4.  Білім  алушы  бөлмені  тапсыру-қабылдау  актісін  ӘС-ге  тапсырып,  шығу 

туралы өтініш жазады.  

10.5.  Іс-тәжірибеден  өту,  жазғы  семестр  оқуына  қалатын  білім  алушылар 

тіркеу бөлімі мен факультеттердің тиісті бұйрықтары шыққаннан кейін,  қажетті мерзімге 

тұру ақыларын төлеп, бұрынғы жолдама мерзімін ары қарай создырады. 

 

11.  ЖАТАҚХАНАДА ТҰРАТЫН БІЛІМ АЛУШЫНЫ СЫННАН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ 

 

11.1.  Жатақханада  тұратын  білім  алушы  оқу  жылы  аяқталғанда  сыннан  өткізіледі, 



оның мақсаты: 

1) білім алушының келісім-шарт міндеттерін орындауын бақылауды күшейту; 

2)  жатақханадағы  мүліктердің  күй-жағдайына  тұрғындардың  жауапкершілігін 

жоғарылату;  

3)  білім алушының келесі оқу жылына жатақханада тұру құқығын растау. 

11.2.  Сынақ  жүргізу  алдында  факультет  деканының  орынбасары,  жатақхана 

меңгерушісі    және  студенттік  кеңес  мүшелері  мен  қабат  старосталары  бірлесіп,  осы 

Ереженің қосымшасында келтірілген үлгідегі сыннан өткізу картасын толтырады. 

11.3. Білім алушыны сыннан өткізу картасы келесі мінездемелерді қарастырады: 

1)  білім  алушының  келісім-шарт  міндеттерін,  тұру  ережесін,  өрт  сөндіру 

қауіпсіздігін және ішкі тәртіпті сақтауы;  

2) жатақхананың қоғамдық өміріне қатысуы; 

3)  тұратын  бөлмені,  жалпы  пайдалану  орындарды  (секция  дәліздері,  әжетхана, 

жуынатын және тұрмыс бөлмелері) тазалықта және ретте ұстауы; 

4) жатақханадағы өзіне-өзі қызмет ету жұмыстарының (жатақханадағы кезекшілік, 

ғимараттың  санитарлық  жинауларына  қатысу,  аумақты  тазалықта  ұстау,  сенбіліктерге 

қатысу) барлық түрлеріне қатысуы; 

5) жатақхана мүліктерінің сақталуын қамтамасыз етуі. 



 

11 


 

11.4.  Сынау  қорытындылары  ӘС  өкілі,  факультет  деканының  орынбасарлары, 

жатақхана  меңгерушілері  және  студенттік  кеңес  мүшелері  қатысқан  отырыста 

тұжырымдалады.  

11.5.  Сынау  нәтижелерінің  қорытындысы  бойынша  білім  алушының  келесi  оқу 

жылында жатақханада тұру құқығын ұзарту немесе өтінішін қабыл алмау туралы шешiм 

қабылданады.  

11.6.  Білім  алушының  сынақтан  өтуі  үшін  қажетті  ең  төмен  балл  -  35,  осы 

деңгейден төмен балл алған білім алушы жатақханада тұру құқығынан айырылады. 

11.7.  Сынау  қорытындылары  бойынша  жақсы  көрсеткішке  ие  болған  білім 

алушыларға  қалауы  бойынша  өзі  тұрған  бөлмеде  келесі  оқу  жылында  да  тұруға  рұқсат 

беріледі. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

12 


 

Қосымша 1 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨТІНІШ 

 

Маған университеттің  жатақханасынан бір орын бөлуіңізді сұраймын.  



  Келген жерім___________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________ 

 

Yessenov University «Студенттік жатақханалар туралы Ережесімен» таныстым. 



 

Былтырғы оқу жылында № ___ жатақханада тұрдым / тұрмадым (керегінің астын 

сызыңыз).    

 

Қосымша қызметтер (таңдаған қызметті белгілеңіз): 

1.  2-орындық бөлмеде жалғыз тұру                           

2.  3-орындық бөлмеде жалғыз тұру                             

3.  Отбасымен бірге тұру       

4.  Ақылы бөлме жинату қызметі (10 күнде 1 рет)                   

                             

 

 



 

     


                                                                                     ________________________ 

                                                                                                                                           (қолы, күні) 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Yessenov University ректоры  Б.Б. Ахметовке  

___________________________________________ 

                                           (мамандық атауы)

 

мамандығы бойынша _____________ оқу бөлімінің  



                                                            (күндізгі/сырттай)

 

_____ курс__________________________________ 



                                                    (студенті/магистранты)

 

___________________________________________ 



                                   (толық аты-жөні, тегі)

 

___________________________________________ 



 

___________________________________________ 

                                                  (ұялы телефон нөмірі)

 


 

13 


 

Қосымша 2 

 

 

 

Yessenov University ректоры Б.Б. Ахметовке 

 

____________________________________________ 



(мамандық атауы)

 

мамандығы бойынша _____________ оқу бөлімінің  



                      (күндізгі/сырттай)

 

_____ курс__________________________________ 



             (студенті/магистранты)

 

____________________________________________ 



(толық аты-жөні, тегі)

 

____________________________________________ 



 

____________________________________________ 

(ұялы телефон нөмірі)

 

 



 

ӨТІНІШ 

 

Сізден  мені  №___жатақханадан  (бөлме  №_____)   201  __ жылғы  _______________  



бастап өз еркіммен шығаруыңызды сұраймын, себебі ______________________________ 

____________________________________________________________________________ 

(себебін көрсету) 

 

 



___________________ 

(қолы, күні)

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

14 


 

Қосымша 3 

 

№______ жатақханадағы   № _______бөлмеде тұратын 



 

БІЛІМ  АЛУШЫНЫ  СЫНАҚТАН  ӨТКІЗУ  КАРТАСЫ 

Тегі, аты жөні ________________________________________________________________ 

(толығымен) 

  Факультет _______ 

Курс ___  Мамандығы _______________  Оқу негізі______________________ 

                                (мемлекеттік оқу гранты, ақылы) 

 

№ 

Көрсеткіштердің атаулары 



Мах. 

балл 

Қабат 

староста 

СК 

мүшесі 

Жатақхана 

меңгерушісі 

Орташа 

балл 

Ағымды жөндеу жұмыстарын жасап, жатақхана 



меңгерушісіне бөлмені мен мүлікті лайықты түрде 

тапсыру


 

10 


 

 

 



 

Жатақханада, бөлмеде тазалық сақтау  



10 

 

 



 

 



Тазалық сенбіліктеріне, аумақты көгалдандыру 

жұмыстарына қатысу, жатақхана меңгерушісінің 

біржолғы тапсырмаларын орындау 

10 


 

 

 



 

Тұру ақысын уақытында төлеу 



 

 



 

 



Ішкі тәртіп және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу 

(рұқсатсыз бөлмеде бөгде адамның болуы, өз бетімен 

бөлме ауыстыру, ішімдік ішу, қатты музыка қою, әлім 

жеттік жасау шылым шегу, рұқсат етілмеген тұрмыстық 

техниканы пайдалану, және т.б.)  

-10 


 

 

 



 

Жатақханаға кіріп-шығу тәртібін бұзу 



-5 

 

 



 

 



Жатақхананың 

жалпы пайдалану орындарындағы

 

дүние-мүлікке жауапкершіліксіз қарау (кір машинасы, 



теледидар, т.б.) 

-10 


 

 

 



 

Қабат старостасының, СК мүшелерінің, жатақхана 



меңгерушісінің ескертулерін елемеу 

-5 


 

 

 



 

Басқа ескертулер 



-5 

 

 



 

 

 



ҚОРЫТЫНДЫСЫ: 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Факультет деканының орынбасары 

 

_______________________________ 



Жатақхана меңгерушісі 

 

_______________________________ 



Жатақхананың қабат старостасы 

 

_______________________________ 



Жатақхананың студенттік кеңес мүшесі 

 

_______________________________ 



13 

 

Қосымша 4  



 

YESSENOV UNIVERSITY  

 

Факультет _____________________________________________ 

 

 

ЖОЛДАМА № ________ 



№________жатақханаға орналасуға   

 

Студент _________________________________________________ 



(тегі, аты-жөні

_________________________________________________________ 

(мамандығы, курсы

 

 



Жатақхана мекен-жайы: Ақтау, ______ шағынаудан, № ______ үй   

 

Бөлме  № ______ 



 

Тұру мерзімі: 

 

Басталды ___________________  аяқталды _____________________ 



 

 

Әлеуметтік бөлім басшысы      ____________  _________________  



                                                                                                (қолы)    

 

 М.О. 



                              Жолдама алды:____________________________ 

                                                                              (білім алушының қолы, күні

 

 

YESSENOV UNIVERSITY  



 

Факультет _____________________________________________ 

 

 



ЖОЛДАМА  № ________ 

№________жатақханаға орналасуға  

   


 

Студент __________________________________________________ 

(тегі, аты-жөні

__________________________________________________________ 

 

(мамандығы, курсы



 

Жатақхана мекен-жайы: Ақтау, ______ шағынаудан, № ______ үй   

 

Бөлме  № ______ 



 

Тұру мерзімі: 

 

Басталды ___________________  аяқталды _____________________ 



 

 

Әлеуметтік бөлім басшысы        ____________   _________________ 



                                                                                                 (қолы)    

 

 М.О. 



                              Жолдама алды:____________________________ 

                                                                              (білім алушының қолы, күні

 

 

Л



ин

ия

 от



ры

ва

 




Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...