«Бекітемін» «Тексерілді» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Қаржауов Р. С демесинова А. А


Өз білімін көтеру жұмыстарының жоспары



бет3/3
Дата20.11.2021
өлшемі165.75 Kb.
1   2   3
Өз білімін көтеру жұмыстарының жоспары

2016-2017 оқу жылы



Негізгі тарау

Бағыттары

Мерзімі

1

Саяси сауаттылықты көтеру

  1. ҚР Конституциясы

  2. ҚР «Білім туралы» Заңы

  3. ҚР «Тіл туралы» Заңы

  4. ҚР «Еңбек туралы» Заңы

  5. ҚР Президентінің Жолдауы

  6. Білім саласындағы реформаларды талдау

  7. 12 жылдық білім

  8. ҰБТ жаңалығы

Жыл бойы

2

Ақпараттық сауаттылықты көтеру

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгеру

Үнемі

3

Пәндік теориялық білімді жетілдіру

1. Білім жетілдіру курстарына қатысу.

2. Пәндік олимпиадаларға қатысу.

3. Пәндік әдістемелік журналдарға жазылу.


Жыл бойы

4

Педагогикалық-психологиялық білімді жетілдіру

Әр сынып оқушыларының психологиялық жас ерекшелігіне сай тапсырмалар беру

Жыл бойы

5

Жаңа технологияны оқып үйрену

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (Кембридж үлгісімен оқыту).

2. Модульдеп оқыту.



3. Педагогика қағидалары мен оқыту әдістерін игеру.

Жыл бойы

Пән мұғалімі: Елубай Мейіржан Қайыржанұлы

«Бекітемін»:

Мектеп директоры: __________Р.С.Қаржауов

«___»____2016ж.
Өз білімін көтеру жұмыстарының жоспары

2016-2017 оқу жылы



Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

Жұмыс нәтижесі

1

Өз білімін көтеру жұмыстарының жоспарын құру

Қыркүйек

Жоспар жасау

2


Өзара сабаққа қатысу

Жыл бойы

Тәжірибе алмасу

3

Басылым  материалдарымен жұмыс, басылымға шығу

Жыл бойы


Жинақтау


4


Ақпараттық технологиямен жұмыс істеуді жалғастыру

Жыл бойы

Ашық сабақтар беру

5


Интернетпен жұмыс жасау,  жеке сайтты жаңа материалдармен толықтыру


Жыл бойы


Интернетпен жұмыс, сызбалар жасау, сайтпен жұмыс

6


Интерактивті әдіс-тәсілдерді игеру


Жыл бойы


Сабақта қолдану, тәжірибе бөлісу

7


Құзыреттілік бойынша жұмыс


Жыл бойы


Авторлық   жұмыс 
жасау

8


Сайыстарға қатысу


Уақтысында


Аудандық, облыстық және республикалық байқауларға қатысу

9


Аудандық, облыстық семинарларға қатысу

Жыл бойы


Тәжірибе алмасу


10


Білім жетілдіру курсына бару


Кесте бойынша


Кәсіби білімді 
жетілдіру

Пән мұғалімі: Елубай Мейіржан Қайыржанұлы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ЗАҢЫ
 
Білім туралы

(2016.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:


ҚР 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 501-V Заңы (күшіне енетін мерзімін қараңыз)

 


1-тарау. Жалпы ережелер

(1-3 баптар)

2-тарау. Білім беру жүйесін басқару

(4-9 баптар)

3-тарау. Білім беру жүйесі

(10-12 баптар)

4-тарау. Білім беру мазмұны

(13-25 баптар)

5-тарау. Білім беру қызметін ұйымдастыру

(26-39 баптар)

6-тарау. Білім беру қызметінің субъектілері

(40-49 баптар)

7 тарау. Педагог қызметкердің мәртебесі

(50-53 баптар)

8-тарау. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу

(54-60 баптар)

9-тарау. Білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету

(61-64 баптар)

10-тарау. Білім беру саласындағы халықаралық қызмет

(65-66 баптар)

11-тарау. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

(67-бап)


12-тарау. Қорытынды ережелер

(68-бап)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «соғысқа қатысушылар мен cоғыс мүгедектеріне» деген сөздер «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне» деген сөздермен ауыстырылды, «Оқу және тәрбие процесін», «оқу және тәрбие процесі», «оқу және тәрбие процесін», «Оқу және тәрбие процесі», «оқу және тәрбие процесінің» деген сөздер тиісінше «Оқу-тәрбие процесін», «оқу-тәрбие процесі», «оқу-тәрбие процесін», «Оқу-тәрбие процесі», «оқу-тәрбие процесінің» деген сөздермен ауыстырылды.



2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның)» деген сөздер тиісінше «ауыл», «ауылдың, ауылдық», «ауылдың» деген сөздермен ауыстырылды.

 Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі.




Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11.


1.тарау. Жалпы ережелер (1-7 баптар) 

2 тарау. Тiл - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар (8 - 15 баптар) мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында

3 тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет және (16 - 18 баптар) бұқаралық ақпарат құралдары саласында

4 тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы өсiмдерде, (19 - 22 баптар) көрнекi ақпаратта

5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау (23 - 26 баптар) 

6 тарау. Тiлдi шетелдермен және халықаралық ұйымдармен (27 бап) қатынастарда пайдалану

Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi. 



«БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ»

2002 ЖЫЛҒЫ 8 ТАМЫЗДАҒЫ № 345-ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы

Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынандай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бала – он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
2) баланың заңды өкілдерi – ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиелеушiсi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың орнында қамқорлық жасайтын, бiлiм, тәрбие беретiн, баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын адамдар;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;
4) жетiм бала – ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
2005 жылғы 13 сәуірдегі № 40-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) мүгедек бала – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам;
6) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен мүддесiн қорғаудың құқықтық нысаны;
7) қамқоршылық – он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балалардың құқығы мен мүддесін қорғаудың құқықтық нысаны;
8) патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адам (патронат тәрбиелеушiсi)

жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегi тәрбиенің нысаны;
9) баланың әлеуметтiк бейiмделуi – өмiрлiк қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мiнез-құлық ережелерiмен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтiк ортаның жағдайларына белсендi түрде бейiмделу процесi, сондай-ақ басынан кешiрген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесi;
10) бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, балаларды әлеуметтiк қолдауды, әлеуметтiк-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтiк, әлеуметтiк-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызмет көрсетулер мен материалдық көмек көрсетудi, өмiрдегi қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабiлеттi жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудi жүзеге асыратын ұйымдар;
11) мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар – мемлекет белгiлеген әлеуметтiк қызмет көрсетулердi, нормалар мен нормативтердi қамтитын, балалар өмiрiнiң сапасын қамтамасыз ететiн негiзгi көрсеткіштер;
12) өмiрде қиын ахуалға тап болған балалар – қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тiршiлiк етуi бұзылған және бұл мән-жайларды өз бетiмен немесе отбасының көмегiмен еңсере алмайтын балалар.

2-бап. Осы Заңның қолданылуы

  1. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.



ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы

1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.

2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.

1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.

Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.

Емтихандардың тізбесі және нысаны мынадый:

1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.

Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет. Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілдік әдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек.

Қазақ тілінен эссенің үлгілік тақырыптары

1. Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме?

2. Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етеді деп ойлайсыз ба?

3. Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба?

Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшемшартары қолданылады.

2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.

Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған.

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);

Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).

4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл);

 

Бұл пәндердің тапсырмаларының саны мен нысаны мынадай болады.



Лексикалық-грамматикалық

блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау арқылы; 

«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы

(2 мәтін, 200-250 сөз);

«Оқылым» блогы – 10 тест  тапсырмасы  (2 мәтін, 200-250 сөз).

5) Таңдау бойынша бір пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды) тестілеу.



Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде