Бекітемін: Келісілді:
Мектеп директоры: Директордың тәрбие ісінің
Садыков Б.О орынбасары: Иманғалиева А.Б.
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ
Тәрбие жұмысының
2022 -2023 оқу жылына арналған
жылдық жұмыс жоспары
9 «Б» сынып
Сынып жетекшісі: Сейлбек Асылжан Сейлбекқызы
Өскемен, 2022 жыл
Тәрбие жұмысының 2022-2023 оқу жылына
арналған жылдық жұмыс жоспары
Мектептің өзекті тақырыбы:
«Оқыту мен тәрбие үрдісінің барлық субъектілерінің өзара әрекетін ұйымдастырудың бір компоненті – ақпараттық - коммуникациялық технология»
Сыныптың өзекті тақырыбы:
«Дүниежүзілік білім саласындағы жаңа трендтегі әдістерді пайдалану арқылы, заман талабына сай бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу»
Сыныптың тәрбие жұмысының мақсаты:
Жеке тұлғаны дамытудағы парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, құқықтық сана мен құқықтық мәдениеті қалыптасқан, азаматтық құндылықтарды меңгерген, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру.
Міндеттері:
1) Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның дамуы мен құруды қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімдік қабілеттерін дамыту, моральды, салауатты өмір салтын нығайту негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, сыни ойлау және функционалдық сауаттылықты (компьютерлік, цифрлық, математикалық, жаратылыстану, оқу сауаттылығын) дамыту үшін жағдай жасауда өзбетінше шешім қабылдау проблемалары арқылы интеллектіні байыту;
3) Қазақстан Республикасының Отанға деген махаббатын, азаматтылықты және отансүйгіштікті тәрбиелеу, мемлекеттік символдар мен ұлттық дәстүрлерге деген құрмет, кез келген конституцияға және қоғамға қарсы жағдайларда қарсылық таныту;
4) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қосылу; қазақ халқының және басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрін зерттеу; мемлекеттік, ресми және шет тілдерін білу;
5) психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті және ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, жастарды дені сау отбасын құруға даярлау, отбасы институтын нығайтуда саналы атсалысу;
6) бала тәрбиесінде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру; сондай-ақ, денешынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;
7) бала тәрбиесі саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;
8) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |