Бекітемін: келісемін: Әб отырысында



бет1/3
Дата20.11.2021
өлшемі107 Kb.
  1   2   3

БЕКІТЕМІН:

КЕЛІСЕМІН:

ӘБ ОТЫРЫСЫНДА

Директор Директордың оқу тәрбие ҚАРАЛДЫ:

С. Сулейменова _________ жұмысы жөніндегі орынбасары: ӘБ жетекшісі

«____» қыркүйек 2020ж. Г. Муратбаева ___________ C. Жуменко __________

«____» тамыз 2020ж. Хаттама №___тамыз 2020ж.



Тақырыптық күнтізбелік жоспар

«Интернет ресурстары»

/Үйірме 11 «Ә» сынып/


Информатика пәнінің мұғалімі: Сейтбекова Г.А.

2020-2021 оқу жылы.

Тақырыбы «Интернет ресурстары»
Түсінік хат

Жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы және оның адам өміріндегі барлық салаларға екпіндей енуі нәтижесі қазіргі өмір талабы. Бағдарлап оқыту саласында оқушыларға «Интернет ресурстары» арнайы курсын оқыту - оқушылардың әрі қарай өз бетімен білім алуында маңызды роль атқарады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып материалды өз беттерімен тереңдете түсіну міндетін қояды. Қазіргі таңда оқытуды жетілдіру Интернет ауқымды желісін, ақпараттық - коммуникациялық технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланумен тығыз байланысты. Бұл бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11 сыныпқа информатика пәнінен арнайы курсын оқытуға арналған. Бұл курспен жұмыс жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттайды. «Интернет ресуртары» тақырыбындағы курс оқушыларға әлемдік ғаламтор желісін пайдаланудың теориялық негіздері нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіріледі және практикалық білімдерін қалыптастыруға көп көңіл бөлінген.

Берілген курс мазмұны 11-сынып оқушыларының болашақта кәсіптік дағдыларын жүзеге асыру мақсатында көмегін тигізу үшін құрастырылған. Бұл курс аптасына 1 сағаттан жылына 34 сағатты құрайды. Курсты оқыту оқушылардың өз қабілеттерін толық көрсету және интернет ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 11-сыныпта информатикадан арнайы курсты оқытудың бағдарламасы орта білім беру жүйесі ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бағытында және мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасақталды. 


Мақсаты:

Бұл арнайы курс оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, жалпы адамзаттық құндылықты дамытуды, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.


Міндеттері:

  • оқушылардың ақпараттық материалдарын тарату және қолдану

  • интернетте материалды жариялау; 

  • дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға;

  • компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін-өзі дамыту ретінде қолдану ;

  • практикалық және бағдарды бағытта даярлау болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік