Практикалық жумыс. "Өзің туралы айт" тақырыбына сурет салу (немесе өлең сюжетіне).
Материалдар:қарындашнемесе фломастер, қағаз.
Көрермендікқатар:суретшісызықтықсуреттері (әсіресебалаларкітаптарыиллюстрациясы), табиғаттағысызықтықсарындағыфотосуреттер, балалардыңәртүрлісызықтықсуреттері. Ақ және қара түспен ғана салынады.
Сызықтық бейнелеу тақырыбына қағаз жолындағы көлемді бейнелеу тапсырмасы да байланысты бола алады. Бұл тапсырманы қосымша сабаққа (түсініктемеден кейін) немесе ойын-жұмыс ретін өзіндік жұмысқа беруге болады. Балаларға қағаз жолақтары таратылады, бұраудың бірінші машықтары көрсетіліп, қағаз жолағынан қандай да бір аң, құс немесе балықты жасау ұсынылады.).
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Үйге тапсырма: балалар кітаптарынан бейнелеудің негізгі құралы дак болып табылатын суреттер мен сызықтық суреттер табу. Оларды қарап, суретші аты-жөнін білу.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР
Сабақтың тақырыбы: "Сәндік қолданбалы өнерімен танысу"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Адам баласының әртүрлі іс-әрекетіндегі суретшінің рөлі жөніндегі білімді алу
Дамытушылық мақсаты: адамдармен қарым-қатынастағы әртүрлі формалар мен заттық дүние мен өмірді жасаушы адамның рөлі жөнінде білу;
Тәрбиелік мақсаты: Өнер түрлері синтетикалық және керермендік түрлеріндегі суретшінің іс-әрекетінін түсінігін меңгеру
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.
Кіріспе әңгіме. Бірінші сабақта Сәндеу Шеберімен таныстыру рәсімі өтеді. Мұғалім әңгіме жүргізеді: "Сәндеу дегеніміз не? Біз кімді және нені сәндейміз? Ал біз неге сәндейміз? Сәндеулер қалай болады? Үйде, көшеде қандай сәндеулер қоршаған? Ал біз ертегілерден қандай сәндеулерді білеміз?".Адам сәндеулермен адамдар ойлағаннан үнемі және анағұрлым жиі кездеседі. Адам қолымен жасалған әрбір зат қалай болса да сәнді, белгілі бір түске боялған болса да. Сәнделмеген заттар болмайды, бұны көре білу керек. Балалар ең қарапайым және көрнекі сәндеулер жайында ойланады (қыз балалар мен ұл балалар сәндеулері, аналарға арналған, мысықтың бантигі, әдемі өрнектелген ыдыс және т.б.), сәнді қала — ондағы үйлер, көліктер және т. б.Сабаққа әр түрлі сәнделген тұрмыстық заттарды әкелуге болады және көшеде, театрда, паркте - барлық жерде кездесетін сәндік фотосуреттерді слайдтарды көрсетуге болады. Бір жағынан балаларға қарапайым және кәдімгі заттардың сәнін көрсету керек, яғни олар бұрын сәндігін көрмеген. Екінші жағынан шаттық қуаныш шақыру, ерекше, ашық сәнделген заттармен (сиқырлы ертегіні еске түсіруге болады және т. с. с.) кездескенде балалардың қиялын ояту.
Практикалық жұмыс. Әңгіме.
І. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Үйге тапсырма: өз үйіндегі және көшедегі сәндеулерді қарау.
Достарыңызбен бөлісу: |