Бейнелеу өнері пәні бойынша күнтізбелік жоспар 5 – сынып Барлығы : 34 сағат
00064787-7be4f494
Күнделікті сабақ жоспары Пән: Бейнелеу өнері Күні: Сыныбы: « 5 » Сабақтың тақырыбы:"Бейнелеу өнерінің түрлері" Сабақтың мақсаты: Бейнелеу өнерімен таныстыру Білімділік мақсаты: танысу, және ол қуанышты, жарқын болып және сол мезетте оқыту. Дамытушылық мақсаты: басқа сабақтарда бала жан дүниесінің әлемін ашу Тәрбиелік мақсаты: Өнермен айналысу балалар арасындағы өзара сенімділікке шақырады, және соған жету Сабақтың түрі: аралас Көрнекілігі: буклет Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Жаңа сабақ. Бейнелеу шеберімен бірінші таныстық басталады. Оларға бұдан былай суретшілер нені бейнелейтінін түсінуге сурет салуға, жабыстыруға көмектесіп, үйрету. Оқушылармен әңгімені былай жүргізуге болады: мысалы: "Бейнелеу өнері сабағында сендер нені оқитын боласындар? Әрине, сурет салуды! Ал біз нені саламыз — бұл бейнелеу. Біз айналамыздағы нәрсенін бәрін бейнелей аламыз. Ал біздің суреттерімізден басқа, нені бейнелеулер деп атауға болады?" Балалар еске түсіреді: ескерткіштер, кітаптардағы иллюстрациялар, жарнама, орамадағы, маталар мен түсқағаздағы, ыдыстардағы суреттер және т. б. Тандауға оқулықтағы мысалдар көмекке келеді (1-3 бет). Айналамыздағы бейнелеулер өте кеп екен!"Сендердің әрқайсыларын нені салғыларын келеді?" — деп сыныптан сұраймын.Ең алғашқы сабақта балалардың бұрынғы жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Оқулықтың ішінде балалар жұмыстарының әр түрлі материалдары мен сюжеттері кездеседі (6—7-бет). Көп балалар суреттер қандай мағына беретінін, олардың әрқайсысынан көп нәрсені түсініп, көрсетуге болатынын бірінші рет көреді. Олардың бірлескен әңгімелерін мұқият тыңдап, ұнағандарын талқылауға мүмкіндік беріледі. Әрине, көптеген бірінші сыныптағылар сурет салуды білмейді, бірақ олар сол үшін мектепке келді, міндетті түрде үйренеді. Балалар парақтағы әрбір жұмысқа, орындаудың батылдығы мен ашықтығына, алуан түрлілігіне назар аударады. Осындай қалыппен балаларда жұмыстың қандай болуы керектігі жайында бірінші түсініктерін қалыптастырып, мазмұнын түсінуге үйретіп, қабылдаудың алғашқы дағдыларын дамыту. Балалар күткен нәтижелері мен бағалаудың жалпы мөлшерін алады. Кейбір балалар сурет салғанды жақсы көреді, кейбіреулері қиналады (көбіне үлкендердің негізсіз араласуынан), дегенмен қандай да болсын тәжірибе бар, тек оны жандандыру керек. Бұдан басқа, бірінші сабақта әдетте ұйымдастырылу міндеттері болатындықтан, балалар өздеріне таныс материалдар: фломастер немесе түрлі түсті қарындаштармен сурет сала береді. Оқулықта екі тапсырма берілген, оларды біріктіруге болады: өз шеберліктерін көрсеткісі келетін балалар болады, өзіндік шығармашылық жұмыста әжептәуір тәжірибесі бар балалар бар, абдырап қалған балалар болады. Тәжірибесі жоқ балаларға үлкен күннін суретін салуды ұсынамын. ("Сен бұны сала аласын!"), ол содан кейін, күннің суреті барлығында әр түрлі шықты және бұл жақсы екенін көрсетемін. Параққа мән беру керек: парактағы кішкентай күн мен парақтың барлык жерін алып тұрған үлкен көңілді күн суреті. Ең бастысы күннің әртүрлі түспен боялғанына назар аудару керек: қызыл немесе қызғылт-сары, сары немесе бақыт құсы сияқты алуан түрлі от-жалын түстер. Көпшілігінде күн сәулесі әр түрлі салынғаны тіптен тамаша.Бірте-бірте сурет дегеніміз — өз пікірін айту, сол арқылы өз түсінігін, өмірге деген қарым-қатынасын жеткізу екенін балаларды үйреткен жөн. Бұл тақырып I сыныпта ең негізгі болады. жүктеу/скачать 32.87 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |
Басты бет Сабақтың тақырыбы бойынша жиынтық жиынтық бағалау Сабақ тақырыбы Сабақтың мақсаты ғылым министрлігі тоқсан бойынша бағдарламасына сәйкес бағалауға арналған Сабақ жоспары Реферат тақырыбы жиынтық бағалауға сәйкес оқыту арналған тапсырмалар Қазақстан республикасы білім беретін оқыту мақсаттары бағалау тапсырмалары рсетілетін қызмет Жалпы ережелер жиынтық бағалаудың республикасы білім бекіту туралы тоқсанға арналған Қазақстан тарихы Қазақстан республикасының мерзімді жоспар арналған жиынтық қызмет стандарты болып табылады жалпы білім арналған әдістемелік бағалаудың тапсырмалары Мектепке дейінгі оқыту әдістемесі Қазақ әдебиеті нтізбелік тақырыптық пәнінен тоқсанға Зертханалық жұмыс Инклюзивті білім Әдістемелік кешені республикасының білім білім берудің туралы жалпы Қазақстанның қазіргі Қысқа мерзімді Жұмыс бағдарламасы қазақ тілінде қазіргі заман туралы хабарландыру атындағы жалпы |