Баяндама. Тақырыбы

Loading...


Дата29.01.2020
өлшемі23.14 Kb.
Баяндама

Автордың аты жөні: Нығыметжанова Гүлжан Қымбатқызы



Баяндама.

Тақырыбы: Ақпараттық-техникалық құралдарды тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр –жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал, осы жаңа технологиялаарды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру-бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

(Н.Ә.Назарбаев)

Қазіргі еліміздегі білім беру жүйесінің басты мақсаты-бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, білімді де, білікті жеке тұлға дайындау. Ал ол өз кезегінде білім жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізуді талап етеді. Осыған орай бүгінгі күні еліміздің мектептерінде жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беру жүйесі енгізілген. Кез келген мемлекеттің мәдениетті даму деңгейін, рухани мазмұнын, интеллектуалдық қуатын, өркендеу әлеуетін айқындайтын бірден- бір көрсеткіш –білім берудің-жүйелілігі мен сапасы. Сондықтан ұстаздар қауымы үшін жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілетін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына-өз-өзін сапалы білім мен саналы тәрбие берудің түрлі жолдарын іздестіруі қажет. Әр ұстаз күнделікті сабағын шығармашылық ізденіспен өткізгенде ғана күтілген нәтижеге қол жеткізері сөзсіз. Мен өзімнің педагогикалық идеямның тақырыбын «Ақпараттық-техникалық құралдарды тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру» деп атадым, себебі ақпараттық технологияны меңгеру бүгінгі заманның басты талабы, АКТ-ны меңгеру оқушының шығармашылық шабытын ашып, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, олардың болашақта түрлі бағдарламалармен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға, тіпті болашақ кәсібін таңдауына жол ашуы мүмкін. Себебі, қазіргі ғылым мен техника қарышты дамыған заманда, қай салада болсын ақпараттық құралдармен жұмыс істей білу заңды құбылыс болып табылады . Сондықтан ақпараттық –коммуникациялық технологияны жетік меңгерген, жүйелі, тиімді қолдана білетін болашақ мамандардың елімізді дамытуға өз үлесін қосатыны сөзсіз. Бұл идеяның мақсаты АКТ-ның мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру болып табылады. Осыған орай, мен әр сабағымда ақпараттық технология құралдарын жүйелі, тиімді қолдана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұқыпты, тиянақты болу, ақпараттық құралдармен сауатты жұмыс істей білу міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарды жиі ұйымдастырамын. ХХІ ғасыр –бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Бүгінгі біздің алдымызда отырған білім алушылар соңғы ақпараттық технология пен электронды құралдарды жетік меңгерген жандар. Сондықтан оларды таң қалдыру өте қиын. Осыған орай оқушылардың пәнге, қызығушылығын, арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін ақпараттық құралдарды тиімді пайдаланудың маңызы зор . Бүгінде көптеген мектептер интернет желісіне қосылып, АКТ құралдарымен толыққанды жұмыс істей бастады. Сондықтан ұстаздар үшін білім сапасын арттыруда ақпараттық құралдармен жүйелі жұмыс істеу, тиімді қолдану өзекті мәселенің бірі болып саналады. Алайда, ақпараттық құралдармен сауатты жұмыс істей отырып, кабинеттерде тұрған интерактивті тақталар мен актив панелдерді тиімді пайдаланып, оқушылардың осы ақпараттық құралдар арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін арттырып, білім сапасын жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүйелі де, сапалы жүрмей отырған жағдайлар кездесіп қалып жататыны да белгілі. Сондықтан да бүгінгі білім жүйесінің алдына қойып отырған міндеті, педагогтердің ақпараттық біліктілігін көтеру арқылы , білім сапасын арттыруға мүмкіндік жасау. Көптеген әріптестер тарпынан АКТ-ны қолдану өзекті мәселе емес деген ой туындауы әбден мүмкін, алайда жоғарыда атап өткендей, «біз ақпараттық технологияның мүмкіндігін толық пайдаланып жүрміз бе?», «қалай пайдаланып жүрміз?» , «ол білім сапасын көтеруге қалай әсер етіп жатыр?» деген сұрақтар төңірегінде бір сәт ой жүгіртіп көрсек, біраз мәселенің туындайтынын көруге болады.

Ең бірінші мәселе, мектептердегі ақпараттық құралдар өз дәрежесінде жұмыс істеп тұр ма? Жабдықталған кабиенттерде оқушылар қандай дәрежеде білім алып отыр? Ұстаздардың ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге білімі жеткілікті ме? деген сұрақтардың алдын шығатыны белгілі. Алайда, мектептерде ұстаздардың мультимедия, ІТ кабинеттерінде ақпараттық- құралдармен , сондай-ақ интерактивті тақтамен жұмыс істеу дәрежесінің әлі де талапқа сай емес екенін байқауға болады, көпшілігі тек проектормен слайд, анимация, видеороликтерді көрсетумен шектеледі, кей жағдайда осы аталған ақпарттық-құралдардың сабақ үрдісінде тіпті еш пайдаланбай тұратын сәттерді де жиі кездестіреміз. Көбінесе, ақпараттық-құралдармен жұмыс істеу тек информатика пәні мұғалімдерінің міндеті тәрізді болып есептеледі. Сондықтан әр пән мұғалімі өзінің сабағын қызықты, тартымды өткізу үшін , ақпараттық сауаттылығын жетілдіріп, үнемі ізденісте болуы керек деп ойлаймын. Сондай-ақ әр пән мұғалімі өзінің күнделікті сабағына қажетті тест түрлерін құрастыруда, олимпиада материалдарын дайындауда, суреттер мен видеороликтерді дайындауда ақпараттық –технологиялық құралдармен тиісті дәрежеде жұмыс істей білсе, өзінің уақытын үнемдеуге, жұмыстың көлемін азайтуға мүмкіндігі зор болар еді. Сондай-ақ тек сабақ үрдісінде ғана емес, сыныптан тыс шаралар барысында да ғылыми жоба дайындау, слайд-презентация қорғау, зияткерлік ойындар құрастыруда ақпараттық құралдар таптырмайтын көмекші болар еді. Яғни, «Bilimland.kz» , «Learningapps.org», «iTest» және «Kahoot» сияқты бағдарламаларын жетік меңгеру арқылы қажетті тест, жаттығу жұмыстарын құрастыруға қол жеткізуге болады. Мен өзім биология пәнінің мұғалімі бола тұра осы АКТ-ны жиі қолданудың оның сабақ үрдісінде және сыныптан тыс шаралар барысында өте қажет екендігіне көз жеткіздім. Әсіресе, оқушылармен бірлесе отырып «Bilimland.kz» , «Learningapps.org», «iTest» және «Kahoot» сияқты бағдарламаларды меңгеру мен үшін үлкен табыс болды. Бұл бағдарламалар мен сайттармен жұмыс істеу менің осы АКТ –ны жетік меңгеруге деген зор қызығушылығымды туғызды. Мен әр сабағымда осы бағдарламалар көмегімен білім сапасын арттыру мақсатында қызықты да тартымды тест түрлерін , пән бойынша әртүрлі тапсырмалар құрастырып практикада жүзінде қолданып жүрмін. Білім беру саласында көп қолданыста жүрген ақпараттық құралдар: интерактивті тақта, электронды оқулық, веб-камера, актив панел, мультимедия . Біздің мектепте де ақпараттық технологияны қолдану жақсы жолға қойылған, әр сынып кабинттері проектор мен экран, 2 кабинетте интерактивті тақта, 2 кабинетте актив панел, оның ішінде 1 ІТ кабинеті ,1 мультимедия кабинеті жабдықталып, толықтай интернет желісіне қосылған. Өзім жетекшілік ететін биология кабинеті бүгінгі заман талабына сай актив панел, документ-камера, электронды микроскоп сияқты ақпараттық құралдармен толық жабдықталған. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен күнделікті сабағымды қызықты да ,әсерлі етіп өткізуді жоспарлаймын. Мен өз сабақтарымда актив панел, документ-камера, ұялы телефон, электронды оқулық сияқты ақпараттық құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыруға болатынына көз жеткіздім. Ең алдымен ақпараттық құралдарды сабақтың қай кезеңінде, қалай қолдану керектігіне баса назар аудаған жөн. Мен сабақ барысында қажетті бейнефильмдер мен тапсырмаларды көбінесе «Bilimland.kz» , «Learningapps.org», «Twig» сайтынан, ютуб желісінен аламын, сондай-ақ оқушыларды ҰБТ,ОЖСБ –ға дайындау үшін, жалпы білім алушылардың білімін анықтау үшін «iTest» сайттарын және «Kahoot» бағдарламасын үнемі қолданамын. Мысалы: «Bilimland.kz» , «Learningapps.org» сайттарынан жаттығулар мен тесті параққа шығарып әкеп жеке немесе жұпта орындатып, өте аз уақыт аралығына оның дұрыс жауабын тақтада көрсету арқылы үй тапсырмасын тексеруге болады, немесе бірден тапсырманы тақтада орындату арқылы оқушы білімін тексеруге болады. Сондай-ақ ұялы телефон арқылы «Kahoot»» ойынын ойнау оқушылардың зор қызығушылығын туғызды. Бұл бағдарлама да оқушының білімін анықтауда таптырмас көмекші құрал болып табылады. Сондай-ақ оқушылар биология, химия сабақтарында түрлі графиктер мен диаграммаларды салып, ақпараттық құралдамен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді. Зертханалық және практикалық жұмыстарды виртуалды лаборатория арқылы көруге мүмкіндік алады. Электронды оқулықтар оқушының танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Бұл сабақ барысында уақыты үнемдеу үшін тиімді. Сондай ақ оқушылар сабақ барысында жасаған постерлерін, салған суреттерін документ-камера арқылы экранда көрсетіп қорғай алады. Бұл да оқушының танымдық қығыушылығы мен шығармашылық қабілетін арттыруға септигін тигзері сөзсіз. Сондай-ақ ақпараттық-құралдармен жүйелі жұмыс істей отырып, оның А,В,С деңгейлі оқушылардың қабілеттері мен оқуға деген құштарлығын арттыруға болатынын байқадым. Яғни, ақпараттық-құралдарды пайдалана отырып дарынды, талантты оқушылар өз жұмыстары бойынша аннимация, видеороликтер жасап, модельдер құрастырса, орта және төмен деңгейлі оқушылар слайд-презентация жасап, тақтада тест орындап, өз қателерін түзетуге мүмкіндік алады. Яғни, оқушылардың барлығы дерлік ақпараттық құралдармен жұмыс істей отырып, өздерінің білімдерін жан-жақты толықтыра алады. Ұлы орыс педагогы Ушинский «мұғалім үздіксіз білімін көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатса мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Сондықтан әр ұстаз күнделікті сабағында заман талабына сай ақпараттық –коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалана білуі тиіс. Жаңа электрондық оқулықтарды, практикалық тәжірибелерді қолдануда интернет, компьютерді білу, яғни ақпараттық құрылғылармен сауатты жұмыс істей білу ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.

АКТ-ны тиімді қолдану мұғалімге не береді?

  • Оқушыларың білімін (жаттығу, тест) тексеру;

  • Көрнекіліктерді таңдау(слайд, анимация, видеоролик);

  • Есептердің шешу жолдарын көрсету;

  • Практикалық , зертханаалық жұмыстар жүргізу:

  • Зияткерлік ойындар өткізу;

  • Олимпиада материалдарын дайындау:

  • Уақытты үнемдейді;

  • Жұмыстың көлемін азайтады:

АКТ-ны тиімді технологияны қолдану оқушыға не береді?

  • Оқу мазмұнын түсінікті, қызықты етеді;

  • Виртуалды лаборатория арқылы көрсетуге болады;

  • Қиындық туғызатын заңдылықтарды бейнефильм арқылы көрсетуге болады;

  • Тұлғаға бағытталған оқу жүзеге асады;

  • Ақпараттық-құралдармен жұмыс жасауға ықпал етеді;

  • Танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді;

  • Көру, есту, тыңдау, жазу дағдыларын дамытады;

  • Ақпараттық-құралдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді;

  • Ақпараттық мәдениетін жетілдіреді:

  • Ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік береді:

  • Уақытты үнемдейді, қайталап көруге мүмкіндік береді,

  • Қатесін түзетуге мүмкіншілік беріледі;

Ақпараттық технологияны пайдалану сабақта оқушы белсенділігін арттыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өзіндік жұмыстың көлемін арттыруға, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Яғни, ақпараттық технологияны қолдану уақыт талабы десек болады. АКТ-ны қолданудың оқушы үшін де, мұғалім үшінде тиімді екендігіне мен тәжірибе барысында көз жеткіздім. Себебі, оқушылардың танымдық қызығушылығы болмаған кезде пән бойынша сапалы білім болуы да мүмкін емес. Ал, оқушының танымдық қызығушылығын арттыратын, сапалы білім алуға жетелейтін, бұл ақпараттық технологияны сабақ үрдісінде жүйелі де, сапалы пайдалану болып табылады. Бұған дәлел ретінде өзім сабақ беретін сыныптардағы білім сапасының нәтижесін ұсына аламын.

Мемлекеттік білім стандартының орындалу деңгейі

І-оқу тоқсаны

7-11 сыныптар



Мұғалімнің аты-жөні

оқушы саны

5

4

3

2

Үлгерім көрс.

Білім сапасы, %

Нығыметжанова Г.Қ

34

17

11

6

-

100

82,3%

«Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай әр ұстаз өз шеберлігін шыңдау үшін үнемі ізденісте болу керек. Әр ұстаз өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, ақпарттық –компютерлік технология құралдарын жан-жақты игерген, ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан маман болуы қажет және оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта АКТ құралдарын тиімді қолдана білуі керек. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу-танымдық белсенділіктері мен оқуға деген көзқарастарын  өзгертуде ақпараттық коммуникациялық технология (АКТ) зор  мүмкіндік береді. АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Басты айырмашылық мұғалімнің ролі өзгереді, ол бағыт- бағдар беруші қызметін атқарады

 

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...