Баяндама тақырыбы: Қосымша музыкалық білім беру жүйесінде педагогтердің біліктілігін арттыру



Дата11.04.2022
өлшемі27.8 Kb.
#219755
түріСабақ
Байланысты:
Қосымша музыкалық білім беру теориясы мен практикасы
Барлы? педагогикалы? маманды?тар?а арнал?ан (шифр, маманды?) о?у


2 Аралық бақылау «Қосымша музыкалық білім беру теориясы мен практикасы»


Баяндама тақырыбы:


Қосымша музыкалық білім беру жүйесінде педагогтердің біліктілігін арттыру

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына сәйкес балаларды эстетикалық дамыту мен музыкалық тәрбиелеуді жүзеге асырады.

      Музыкалық сабақты, балалар мерекелерін және басқа да мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балларды анықтайды. Балалармен жеке жұмысты жүргізеді.

       Балалардың ойын әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық және дидактикалық ойындар өткізеді.Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады.Балалармен жұмыс жасауда инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді. Балаларды музыкалық тәрбиелеу мәселесі ата-аналар мен тәрбиеленушілерге кеңес береді.

 "педагог-сарапшы":

      Педагогтерге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектепкі дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі, баланың музыкалық қабілетінің даму диагностикасының элементтерін білуі;

"педагог-зерттеуші":

      Педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін қолданудың өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдістерін білуі;кәсіби конкурстардың қатысушысы болу.

  "педагог-шебер":

      педагог-зерттеушіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:балалардың музыкалық дамуының өзіндік ерекше бірегей әдістемелерінің болуы;   республикалық (халықаралық) деңгейде кәсіби конкурстардың қатысушысы болып табылады.



 Қазіргі таңдағы аяқ басқан «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Музыка» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру  бағдарламасы» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Осы бағдарламаның мақсаты  ««Музыка» пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру». Жаңа бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру және критериалды бағалау жүйесін енгізді.

Музыкант,  жоғары оқу орнының оқытушысы Горан Фолкестад «Музыка мұғалімі - музыкадан хабарсыз, музыкаға қызықпайтын және музыкаға бейімі жоқ бала кездестірмейді», - деген екен. Әр оқушының бойында өзіндік музыкалық каталог  бар десе болады. Бұны зерттеп табу, білу тек мұғалімнің шеберлігі, құзіреттілі .

«Музыка» пәні адам өмірінің бөлігі ретінде оқушыларда музыкаға деген құндылықтық қарым-қатынастың қалыптасуына, музыканың базалық білімі, біліктіліктері және музыкалық қызметінің түрлерін меңгеруге, музыкалық қызмет процесінде шығармашылық өз ойын білдіру және коммуникация біліктіліктерін қалыптастыруға, ұлттық және адамзаттық мәдениет құндылықтарына деген көркемдік-эстетикалық қарым-қатынасты тәрбиелеуге, музыкалық және шығармашылық дағдыларды дамытуға бағытталған.

Оқу пәнінің мазмұны: «Музыка» пәннің мазмұнын анықтау үшін музыканы оқыту мақсаттарының үш бөлімнен, алты бөлімшеден тұратын жүйесі жасалған. Музыкалық білім берудің мазмұндық бағыты оқыту мақсаттары жүйесінің үш бөліміне бағынған. Бұл бөлімдер оқушылардың музыкалық сауатын, орындаушылық және шығармашылық қызметін қалыптастыруға бағытталған. Бөлімдер мен бөлімшелер құрылымының логикасы оқушылардың музыкалық шығарма мәнін түсінудің негізі ретінде ақпараттарды қабылдауға негізделген.

Оқу жоспарында «Музыка» пәнінің басқа пәндермен, атап айтсақ «Бейнелеу өнері», «Дүниетану», «Жаратылыстану», сонымен қатар тілдік пәндермен  пәнаралық байланысы қамтылған. Барлық бөлімдер бойынша дыбыстың жоғарылығын естіп қабылдау және ырғақты сезіну дағдыларына баса назар аударылады. Барлық іс-әрекет түрлері шынайы өмірмен байланысты және дағдылардың бірі тікелей практикада қолданылады, ал басқалары шығармашылық ойлау потенциалын дамытады. Әсіресе, үнемі ырғақты сезінудің сақталуына, мысалы бірдей бастау мен аяқтауға баса назар аударылады. Мұғалім оқушылардың музыкалық дағдылары даму деңгейін қалай бағалайтынын бақылайды. Мұғалім тоқсанның/жартыжылдықтың/ оқу жылының соңында музыкалық  жоба ретінде келесі іс-әрекеттерді: жеке, ансамбльмен ән салу және аспапта ойнау, оны концерттік, музыкалық қойылым  және тағы басқа да формасында ұйымдастырып қолдануына болады. Тиісті терминология  мен ескертулер білімді қолдау үшін үнемі пайдаланылуы тиіс. Мұғалім тапсырманы модельдеу үлгісін өзі көрсетуі маңызды. Мұғалімнің үдерістер мен әдістерді көрсетуі оқушылардың пән мазмұнын түсінуіне және ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Кезеңдерге бөліп түсіндіру, оқушыларға барынша тәуелсіз болуға және зерттеу мен маңызды шешім қабылдауға қолдау көрсетеді .

Шығармашылық процесс шексіз болып келеді. Музыкалық идеяларды ұйымдастыру, материалдарды жинақтау, жазу және импровизация, жұмыстың көрсетілімі, талдау және бағалау шығармашылық үдерістің кез-келген кезеңінде, бөлім бойынша, жеке сабақ уақытында да жүзеге аса алады. Жекелеген оқушылардың ойлары мен пікірлерін талқылау барысында мұғалім кері байланыс үшін жазып алуы мүмкін. Мұғалім,мысалы, барлық бейресми концерттер мен іс- шараларда жүргізілген жұмыстарға шолу жасау және таныстыру үшін оқушыларға қосымша уақыт бөле алады. Оқушылар өздері жасаған аспаптарында, дыбыстармен қарапайым тәжірибелер жасайтын болады. Оқушыларға шығармашылық жұмыстарының  қағазбен басып шығарылған немесе электронды портфолиосын жинақтау ұсынылады. Ұсынылып отырған оқу жоспарында әр бөлімге сілтемелер келтірілген. Оқушылардың нәтижелерін жақсарту, белгілі бір әдістерді қолдану, тәжірибелер жүргізу немесе жаңа идеяларды дамыту үшін материалдардың ұсынылуы тиімді болуы қажет. Оқушылардың өткен бөлімдерде жасаған жұмыстарына шолу жасауға мүмкіндігі бар. Олар өз жұмыстарын іске асыру үшін игерілген процестерді, әдістер мен материалдарды пайдалана алады. Мұғалім әр сабақтың жұмыс үдерісі кезінде, оқушыларға музыкалық аспаптарды қолдану мен сақтау ережелерін, көрермен алдында өзін қалай ұстау мәдениетін  түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін  сақтауын қадағалайды .

Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізуге, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға,  шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығы  баяндалады. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.

Жаңартылған білім беру мазмұнының тиімділігі бастауыш сыныптарының барлық пәндері бірдей тақырып негізінде өрби отыра беріледі. Оқытудың небір жаңа әдіс-тәсілдері құндылыққа, тұлғаға, іс-әрекетке бағытталған. Осы білімнің ортақ қорытындысы «Музыка» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалау жүйесін  қолдану арқылы жүзеге асырылады.

  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік етеді.

      Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады.

      Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.

      Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.

      Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.

      Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.

      Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

      Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.



      Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан