Баяндама Тақырыбы: «Қалыптастырушы бағалаудың тиімділіг» Дайындаған : бастауыш сынып мұғалімі Джусупова Сайера Жоспар


Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау



бет3/8
Дата30.12.2022
өлшемі61.54 Kb.
#404975
1   2   3   4   5   6   7   8
Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу əрекеттері нəтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды.Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады. Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың əрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына да назар аударып отырған дұрыс. Жеке жұмыс нəтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру манызды болып табылады. Жұмысты əрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс.
Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауынша болады. Мұндай өзара қарым-қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейін қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды.Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нəтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз əрекетімен келісуге, өзара əрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті ) кері байланыс беруге үйрету маңызды.
Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тəсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім əр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды : кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сəйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім білім алушылардың атын жазып алуы қажет. Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:
-Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
-Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?
Егер білім алушылар тəжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:
-Сіз қазір не істеп жатырсыз?
-Сіз қалай ойлайсыз, əрі қарай не болады?
-Ссы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?
Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және əр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:
-жаңа идеяны тұжырымдауды;
-екі(одан да көп) идеяларды салыстыруды;
-идеяларды бағалауды;
-топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;
-сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы