«Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Баяндама
Тақырыбы:
«Қалыптастырушы бағалаудың тиімділіг»
Дайындаған : бастауыш сынып мұғалімі Джусупова Сайера
Жоспар:
І. Кіріспе
1.1. Қалыптастырушы бағалау деген не?
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Оқу сапасын жақсартуда қалыптастырушы бағалаудың рөлі
2.2.Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
2.3.Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
2.4.Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
2.5.Қалыптастырушы бағалау әдістері
ІІІ. Қорытынды
Нәтиже
Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не?
Қалыптастырушы бағалау – сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін үздіксіз жүргізілетін бағалау түрі.Қалыптастырушы бағалау білім беру процессінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады. Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны.
Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Мұғалім оқушының қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізетінін айқындай алады. Қалыптастырушы бағалау сабақ үстінде үнемі жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау күнделікті, әр сабақта, ауызша, жазбаша, жоба қорғау түрінде қолданылады. Бағалау барысында біз үнемі оқушыны емес оның жұмысын бағалап жатқанымызды есте ұстауымыз қажет, демек жұмысты тексеру барысында оның кемшіліктерін емес оң тұстарына көбірек мән беруіміз қажет. Оқыту нәтижесінде оқушылардың нені білетініне және түсінетініне көз жеткізу үшін әр түрлі мәліметтерге терең талдау жүргізу процесі болып табылады. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты оқыту барысында мұғалім мен оқушы қызметіне жөндеулер енгізу болып табылады. Жөндеулер мұғалім мен оқушы бірлесе оқытуды жақсарту үшін ендіріледі. Қалыптастырушы бағалау мұғалімге оқушының оқу мақсаттарына жету процесін бақылауға, оқу процесіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, ал оқушыға – өзінің білімі үшін жауапты екенін сезінуге итермелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |