Бастауыш сынып оќушыларыныњ шыѓармашылыќ іс-єрекетін дамытудыњ ерекшеліктері



бет5/7
Дата11.06.2022
өлшемі272.5 Kb.
#268132
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері
Aizat, kur -bastauysh-synypta-korkem-shygarmanyn-keybir-turlerin-oqytudyn-adis-tasilderi-46, Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас

2. 2 Тәжірибелік эксперименті


Қазіргі заман талабына сай ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу ұлы міндет. Ұстаз деген ардақты жан. Осынау зор міндетті абыройымен атқаруды өзіне парыз санайды. Ал, шәкірт бұл еңбекті жемісті етіп, өз бойында ұстаз бейнесін жарқыратуды міндет деп біледі. Ол екеуі бейне бір әке мен бала сияқты. Ұстаз шәкіртін біліммен, тәрбиемен қоректендірсе, шәкірт ұстазын өзіне дарыған осы білімімен, тәрбиесімен сүйсіндіреді. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген нақыл сөз ұстаз жадында болса, шәкірт «Ұстазды атаңнан да әз тұт» деген насихатқа жүгінеді.


Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастыруды баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:

  • баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап тілектерін, шығармашылығын жетілдіру.

  • білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.

  • өзін -өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Біз эксперимент барысында осы мәселелерге баса назар аудардық.
Осы орайда, біз өз зерттеу жұмысымызға байланысты жүргізілген қалыптастыру экспериментінде тақырыбымызға қатысты арнайы іріктеліп, жүйеленген материалдарды жоғарыда аталған бағыт бойынша сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында жүзеге асыруға тырыстық. Ана тілі сабақтарында «Абайдың қара сөздері», «Өкініш», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Киіз үй, шаңырақ, кереге, уық». Математикадан «Үш таңбалы сандар» осы тақырыпта өткізен сабақтар оқушылардың туған жеріне, табиғатына және ата анасына деген сүйіспеншілік сезімін арттыруға, сонымен бірге төрт түлік малды аялап, қадір тұтуға мол мүмкіндік болатынына көзіміз жетті. Осы сабақтарды ұйымдастыруда алдыңғы тармақшада сөз болған оқытудың жаңа технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығы мен белсенділігін шығармашылық іс -әрекетке ұштастыруға тәжірибелік эксперимент кезінде талпыныс жасалды. Тәжірибелік эксперимент кезінде ұсынылған материалдардың оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін дамытуға мүмкіндік туғызатындай етіп ұйымдастыруға тырыстық.
Сабақтарды ұйымдастыруда алдыңғы тармақшаларда сөз болған дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алдық. Сонымын қатар тәжірибеге ұсынылған материалдардың әдістемелік нұсқауы берілді. Сабақтарда пайдаланылатын шығармашылық тапсырмалар мен логикалық тапсырмалар, ой толғаныс, ой шақыру, топтық тапсырмалар, шығармашылық ойындар әзірленді. Сондай ақ оқушылардың белсенділігімен өткізілген тәрбие сағаттары да өз нәтижесін көрсетті.Әрине, мұндай жұмыстарды ұйымдастыру үшін мұғалім үнемі ізденіп, педагогика ғылымындағы жаңалықтарды өз тәжірибесіне енгізіп отыруы қажет. Сонда ғана оқушылардың шығармашылық іс әрекетін дамытудың жолдарын табуға болады деп ойлаймыз. Тәжірибелік эксперименттен бұрын біз зерттеу тақырыбымыз бойынша анықтау экспериментін жүргіздік. Төмендегі кестеде анықтау экспериментінің нәтижесін көруге болады.Сабақтардың қалай ұйымдастырылғанын үлгі ретінде берілген сабақ жоспарларынан көруге болады.

Сабақтардың қалай ұйымдастырылғанын үлгі ретінде берілген сабақ жоспарларынан көруге болады.


Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қара сөздерді мәнерлеп оқу, қара сөздердегі нақыл сөздерді танып білу, нақыл сөздердің мәнін бүгінгі өмірмен байланыстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлай, көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жақсы мен жаман әдет -қылықтарды ажырата білуге өздігінен талпынып жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, ізденушілік, көрнекілік.
Формасы: жеке, топтық, ұжыммен.
Көрнекілік: Абайдың суреті, тірек сызба, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер.
Техникалық құрал: Магнитафон (Абайдың сөзі).
Ұйымдатыру кезеңі. (Оқушылардың зейінін сабаққа атудару үшін Абайдың «Қыс» туралы бір шумақ өлең оқыдым). Авторы кім?
Жаңа сабақ.
Кіріспе бөлім.
Оқушылар Абай Құнанбаев деп жауап береді.
Абай туралы не білеміз?
Оқушының ойы.
Құнанбай Зере Ұлжан

Ибрагим Ұлы ақын

Ә семпаз болма Ғылым таппай


әрнеге мақтанба

Күз Жазғытұрым Қыс
Жаңа тарау.
Әдептілік, ар- ұят адамдықтың белгісі.
Оқушылар көрініс көрсетті.
Талапбек: Ассалаумағалейкум, ата!
Зерделі: Сәлеметсіз бе, ата!
Атасы: Армысыңдар, балаларым. Өркендерің өссін!
«Адамдықтың белгісі иіліп сәлем бергені» дегендей, сәлемдесуді ұмытпағандарың мені қуантады.
Бұл жолы айтар әңгімемде адамдық, инабаттылық, ізеттілік жайында. Құлақ салыңдар, қарақтарым!
Мұғалім: Қазақтың ұлы ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбаевтың қара сөзінен жаңа тарау басталды.
«Әдептілік ар ұят адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез тағы жат надандықтың белгісі» дегендей

  1. Абайдың отыз сегізінші қара сөзінен: қара сөзде адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Ол надандық, екінші -еріншектік, үшінші- зұлымдық.

а) Абайдың қара сөзін магнитафоннан тыңдады.
ә) Үш топтан үш оқушы мәнерлеп оқыды.
б) Қара сөздегі нақыл сөздерді танып жазып алды.
Надандық - ғылым мен білімнің жоқтығы.
Залымдық - адам баласының дұшпаны.
Білімсіздік - хайуандық

  1. Үш топ түгел қара сөзді мәнерлеп оқыды.

  2. Көрініс «Әке мен бала» туралы. Көрініс еріншек бала туралы болды.

Оқушыларға еріншектің әрекеті жайлы түсіндіріледі.

  1. Топпен жұмыс.

1-топ. Еріншектік туралы мақал -мәтелдер айтты.
2-топ. Надандық пен залымдық туралы.
3-топ. Білімді, білімсіз адам туралы мақал- мәтел айтты.
Білімді мыңды жығады,
Білекті бірді жығады.
Оқыған озады,
Оқымаған тозады.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.

  1. Тірек сызба арқылы оқушылар өз ойларын айтты.

Жақсыдан үйрен:
Жаманнан жирен:
Мұғалім сабақты бекітіп оқушылардың білімін бағалады.

  1. Өткенді бекіту.

  2. Үйге: Абайдың қара сөзін оқу.

Ана тілі
Сабақтың тақырыбы Өкініш. Дулат Исабеков.


Сабақтың мақсаты
1. Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Кейіпкерге мінездеме беру.
2. Сұраққа нақты жауап беруге, сөздік қорын арттырып, байланыстырып сөйлеу тілін және дүниетанымын дамыту.
3. Жақсы әдеттерді мысалға ала отырып, еңбекті сүюге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдістер: әңгіме, сұрақ жауап, көрнекілік, ойын, венн диаграммасы.
Көрнекіліктер: төрт түлікке, пірлеріне байланысты суреттер, көрініске байланысты суреттер, сөз жұмбақтар, жұмбақтар.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Жұмбақтар шешуі.

  1. Иір иір денесі,

Сахараның кемесі,
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)

  1. Тастан -тасқа секіреді,

Қалқиып қос құлағы.
Ойын болып көкірегі,
Аула оның тұрағы. (Лақ)

  1. Төрт тағанда бойы бар,

Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар. (Қой)

  1. Ұқсап тұрған жақшаға,

Төбеде өскен шақшама? (Сиырдың мүйізі)
- Ал, балалар шешкен жұмбақтарымыздың жауабы не жайында екен?
- Мал жайында.
Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Әр малдың төлдерін атату (суретін көрсету арқылы).

  2. Пірлерін атату (Қамбар ата, Зеңгі баба, Ойсыл қара, Шопан ата, Сексек ата).

  3. «Лағым,», «Құлыншағым» өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

  4. Ертегімен көрініс көрсету арқылы үй тапсырмасын қортындылау.

Ертегі «Малдардың айтысы».
Баяғы өткен заманда бір байдың малы өте көп болыпты. Үйір- үйір жылқысы, шұрқыраған сиыры, шұбырған түйесі мен қора- қора қойы және ешкісінде сан жоқ екен. Олар өздерінің көптігіне масаттанып, бір күні иелеріне таласа бастайды. «Иеме ең керегі мен, жоқ мен» деп бір- бірімен дауласа бастайды. Бірінші болып жылқы шығады:
Әсем десең, әсеммін,
Сылаң қағып өсемін.
Кең далада көсіліп,
Самал желдей есемін.
Алысқа шауып барамын,
Адамның бабын табамын.
Сонда жүгіріп шыққан сиыр:
Көгалда тұрағым,
Дайын тұр құрағым.
Сүтіммен, етіммен,
Адамға ұнадым.
«Мө» деп мөңіредім.
Молшылық төңірегім.
Келесі кезек түйеге тиеді.
Жан жағыма қараймын,
Күн мен түнді санаймын.
Осылайша олар көп дауласады. Мұны естіп тұрған иесі былай дейді: - «Сендер босқа таласпаңдар, сендердің барлықтарың адамға керексіңдер. Жылқымен адамдар алысқа бара алса, сиырдың сүті мен еті тағам, түйе сусыз жерде ұзақ жүруге шыдамды, қой мен ешкінің жүнінен киім, төсеніш т.б. жасайды. Міне көрдіңдер ме? Сендердің барлықтарың адамға керексіңдер. Енді бұдан былай еш уақытта таласпаңдар» деп сөзін аяқтайды.
Жаңа сабақ.

  • Балалар, бағанадан айтып жатқан төлдеріміз немен қоректенеді. (шөппен)

  • Дұрыс айтасыңдар, адамдар шөпті орады, малға қыстық азық дайындайды.

  • Бүгінгі өтетін сабағымыз, осы малға шөп дайындау жайында екен. Бұл Дулат Исабековтың әңгімесі. (өмірбаянын қысқаша айту, суретін көрсету).

Мәтіннің аты «Өкініш»

    1. Өзім бір рет оқып беремін.

    2. Түсінгендерін сұрақ қою арқылы тексеремін.

а) Малқарға көкесі қандай жұмыс тапсырды?
ә) Ол оны неге орындамады?
б) Әжесі не істеді?
в) Малқардың өкінуінің себебі неде?
3. Мәтіннің кез-келген жерінен балаларға тапқызып оқыту.
а) Көкесінің тапсырмасы.
ә) Әжесінің сөзін.
б) Малқарды мақтаған жерін.
в) Малқардың өкінген жері.
4. Мәтінді үш бөлімге бөліп, әр бөлімге ат қою.
(1 Ұмытшақ Малқар, 2 Әженің көмегі, 3 Малқардың ақылы.)
Сергіту сәті.
Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Дәптермен жұмыс. Ойлы сөз.
Ұқыпсыздық, салақтық жаман әдет.
(сөздерді талдау, мағынасын түсіндіру)
Сабақты бекіту. Малқарға мінездеме.
Бағалау
Үйге тапсырма.

Математика


Сабақтық тақырыбы: үш таңбалы сандар.
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: үш таңбалы сандарды оқу, жазу және қосып азайту есептерді түрлендіріп, салыстыру; цифрларды пайдаланып, сандарды құрап жазу; математикалық терминдерді дұрыс айтуға үйрету.

  2. Дамыту: үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуге машықтандыра отырып, ой өрісін, қиялын дамыту.

  3. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, әдептілікке, мектеп оқушысының ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімді тиянақтау.
Әдістері: сұрақ жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер: схема, плакаттар.
Сабақтың барысы.
а) Психологиялық дайындық. Оқушылардың сыртқы формасына, партада дұрыс отыруына байланысты мақтау айту.
- Балалар, бүгін ерекше әдемі болып келіпсіңдер. Әдемі бантиктерің мен галстуктерің сендерге керемет сән беріп тұр. Сендердің мектеп оқушысы екендеріңді бірден анғаруға болады. Ендеше «мектеп оқушысы » деп кімді айтамыз?
- Оқушы ережесінен нені білесіңдер?
- Оқушы қалай киінуі керек?
- Оқушы әдемі, таза киінуі керек. Себебі, ол кішкентай балаларға үлгі болуы тиіс.
- Дұрыс айтасың Әсел сендер сияқты мектеп оқушысы. Ол үнемі таза жүргенді ұнатады. Бірде Әсел көйлегін кірлетіп алды.
- Оның кір көйлегін тазарту үшін не істеу керек?
- Қандай көмек бересіңдер?
Кір көйлек. Жуу. Таза көйлек.
Мұндай операцияларды тек заттарға ғана емес, сөздер мен сандарға да жүргізуге болады. Мысалы: өрт т төрт
Көрсетілген операцияларды орында:
1-Т 2-Т 3-Т 4-Т 5-Т
+125 -100 +210 -200 +201
135 635 120 859 102
260 535 330 659 303
385 435 540 459 504
510 335 750 259 705
Беріген мысалдарды ьоптап шығарып, мәнін тауып, тексеріп болған соң ғана топ лидері мәнін тақтаға жазады.
Қанша таңбалы сандарды «+», «-» ?-3
Әр бағанда неше мысалдан берілген? – 4
Жалпы сынып оқушылары неше топқа бөлінеді? – 5

  • Енді 3, 4, 5 цифрларын пайдаланып, үш таңбалы сандар жазыңдар. Әр топ топтастыру жасайды.

435 354 345
543 534 453
Разрядтық қосылғыштарға жіктейді.1, 2, 3, 4, 5-ке дейін санау арқылы оқушылар жаңа топ құрайды.
Мағынаны тану.
Біз 2-сыныпта үш таңбалы сандарды «+», «-» күрделі теңдеуледі шешуді үйрендік. Ал, 1-сыныптан есеп шығаруды оның негізгі бөліктерін талдауды қуыршақ арқылы үйренгенбіз. Ендеше есептің негізгі бөліктерін айтайықшы. Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы. «Ол не?» ойынын ойнатамын. Шарты?

  • Ол зат. Ол көзге әдемі көрінеді. Ол не болуы мүмкін?

  • Онымен еденді, есікті, партаны сырлауға болады. Ол не болуы мүмкін?

  • Сыр (краска)

  • Дұрыс. Ендеше сыр туралы айтылған №5 есепке көңіл аударайық. Есепті толығымен өзім оқимын.

1-топ. Шартын ғана оқиды.
2-топ. Сұрағын ғана оқиды.
3-топ. Есепте не айтылғандығы туралы айтады.
4-топ. Қанша амалмен орындалатыны туралы айтады.
5-топ. Есепті шығарады.
Б.-68 кг Жөнделді - 34
Е.-35 кг Жөнделмеді - 66
Т.-17 кг Б.-?
Қ-? Ш: 34+66=100
Ш:68-35=33 Ж: 100 мектеп
33-17=16
Ж: қалғаны 16 кг
Венн диаграммасына салу.
1. Азайту амалымен орындалады. 1.Қосу амалы.
2. Екі амал. 2. Бір амал
3. Қалғаны. 3. Барлығы
Ой толғаныс.
Қария кішкентай немересін базарға жұмсайды. Оған ақша беріп, «үш нәрсе сатып әкел» депті. Бала базардан бір ғана сатып алып келіпті.

  • Баламау, әкелгенің бір ғана қауын ба? деп таң қалған әкесіне:

  • Бұл бір ғана емес, үш нәрсе, депті бала.

  • Қалайша үшеу? деп сұрапты әкесі.

Бала әкесінің сұрағына не деп жауап берді екен?

  1. Балалардың ойын тыңдаймын (қабығы, дәні, шырыны).

  2. Үш саны туралы халық ұғымдарын айт.

  3. Үш цифрын ғана пайдаланып, үш таңбалы сан айт.

Бекіту.
Бағалау.
Үйге тапсырма. №3, 6
Бастауыш сынып- оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың ең басты мақсаты- баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. Оқушылардың шығармашылық қызығуын ояту, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру өте маңызды іс. Мұндай іс мұғалімнен көп ізденуді талап етеді. Шығармашылық дегеніміз- адамның өмірінде өзін-өзі таңуға ұмтылуы, өз бетінше ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіндеп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында кездескен кедергілерді жеңе алады, үздіксіз ізденіп отырады. И. Д. Левидовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін танып білу үшін олардың қабілет деңгейін әр алуан болатынын ескеру керек. Қабілетін анықтау үшін психологиялық тесттер қолдануға болады. Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйелерінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптастырып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті, құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып алуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері де әр алуан болады.
Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс — әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да біздінше, балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ескеріп, оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларды соған сәйкес қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде И.П.Волновтың айтқан пікірі өте құнды. Ол балалардың әр саладағы қабілеттерін айқындау, дамытуға қажетті, тиімді жағдай туғызуы, бірінші сыныптан бастап балалардың қабілеттерін, бейімділіктерін дамытатын дербес, өздігінен орындайтын шығармашылық тапсырма жүйесін құру, оны сыныптан тыс жұмыстар арқылы да жүзеге асыруға болады дейді. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмыс қабілеттерін олардың өз беттерімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып, өздеріне бұрыннан белгісіз жаңадан бір нәтиже алуы деп түсінеміз.
Оқушының шығармашылықпен айналысуына қоршаған ортасы, ата – ана, мектеп қолайлы жағдай туғызуы керек. Мұғалімнің міндеті шығармашылық бағыт – бағдар беріп отыру. Шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптағы барлық оқушылар айналысу үшін мүмкіндік керек. Мұндай іске белгілі бір тақырыпта пікір – сайыстар өткізудің маңызы зор. Күнделікті сабақта өтілген тақырып бойынша оқушының ойын білу, сол тақырып бойынша көзқарасын білдіруі, шығарманы талдауы – шығармашылық қабілетті арттырудың бір жолы. Шығармашыл қабілетті дамытуды ең алдымен, қарапайым нәрселерді суреттей білуден бастаған жөн. Бала күнделікті өмірде өзі көріп жүрген оқиғаларды баяндай білуі, оған өз түйсігімен қарап, өд жүрегімен сезініп, ішкі жан дүниесіндегі тебіреністі әңгімелей білуге үйрету керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалардың да маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеуге, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, икемділік пен шеберлілікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Бастауыш сыныптағы оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән – ана тілі. Ана тілін үйрету – сөздерді түсініп, меңгеріп оқу, жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйрену мен қатар, бала сансыз көп ұғымдарды, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін де меңгереді. Оқушылардың шығармашыл қабілеттерін әр түрлі әдіс тәсілдерін қолдана отырып арттыруға болады. Олар мынадай:

  1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;

  2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;

  3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар, т.б)

  4. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;

  5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту;

  6. Мәтін кейіпкерлеріне мінездеме беру;

  7. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;

  8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Осындай әдіс – тәсілдерді үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу – оқушыны шығармашылық бағытта дамуына жете мән беруі болып табылады.
Бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастағы сезім байланысын орнатып, үйлесімділікке қол жеткізуге Ш. Амонашвалидің мұғалімдерге берген кеңесін берген кеңесін де басшылыққа алуға болады. Ол: «Педагогикалық процесте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңіліндегісін айтуға мұрсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен үйлесім тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұштасып кетеді. Мұндай жағдайда рухани тұтастық пайда болады» — дейді.
Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат болып қалыптасады. Ана тілімен қатар қазақ тілі сабағы да сөзбен жүргізілетін жұмыс сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлауға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. Мысалы:

  1. Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз:

Қыран қала Дархан
Мұз бұлақ есек
Қысым сүт киім

  1. «Ал» буынынан басталатын бірнеше жеміс атауларын жазып, төрт сөйлем құра

  2. Қандай сын есім жазылғанын табыңдар:

Зықыл рыса
Ыңқыл ікби
Анжу рат
Бұл жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын, дамыта түседі. Мұғалім өз сабағын шығармашылықпен өткізе алса, өзінің білімін сарқып жұмсаса, үнемі ізденіс үстінде болса, шәкірттерді анасындай аймалап жүрек жылуын бәріне бірдей шаша білудің қорытындысы- бағбанның жақсы ағаштан жиған сапалы жемісі іспеттес.
Бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашылық адамы. Ол қанша ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалім күш- қуатын көңіл- күйін әрдайым жоғары көтере білсе, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді, әлемнің
бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас
жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.Қоғамның
әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның
шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.
Қазақстан Республикасының Пррезиденті Н.Ә. Назарбаев Республика білім
және ғылым қызметкерлеріне ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін
реформалауда стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай
білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар
аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық,
адамдық, отанды сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі
өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті.
Гуманизациялаудың түпкі мақсаты – оқушыны жан – жақты танымдық
ұмтылысы бар субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп қалыптастыратын дамуға
апару.
Бүгінгі таңда білім сапасының алдында жүйеленіп дайындалып берген
білімді, дағдарды меңгеретін, қайталайтын ой ғана емес, шығармашылық
бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен
ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың
шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.
Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру
кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін
белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары мына нәрселерді
жатқызуға болады :
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.
2. Қызығушылық және шығармашылықпен таным белсенділігін арттыру.
3. Оқушы мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік
тұрғыда жүйелі түрде орындату.
4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар
мен қарама – қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
5. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен
өткізу.
Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан – жақты дамыған, шығармашыл жеке
тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жаңалыққа деген қызығушылық –
басты ішкі талпыныс болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі
білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл
– ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді.
Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті
дамытуда қозғаушы күш және жан – жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды
фактор болуы мүмкін.
К. Д. Ушинский: Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл
тудыра қояр ма екен? – деген. Оқушылар бойында Шығармашылық әрекет
тәжірибесін қалыптастыру қажеттігі туралы И. Я. Лернер жазған болаты,
қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі.
В. В. Давыдов Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр, жеке
тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне
байланысты деп есептеген.
Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді : Шығармашылық
– бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрыңғы
нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің соңғылығымен,
біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін – өзі куәландыратын, дәлелдейтін
болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға
болады.
Әрине, мәселе тек басты ұғымның мәнін түсінумен шектелмей, оның
мүмкіндіктеріде зерттелген. Айталық, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері
В. В: Давыдов пен В. В. Репкин еңбектерінде қарастырылады. Бір нәрсені
жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де
қалыптаса бастайды. Бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге
асады да, даму өнімі қиял, елес болып есептеледі. Бастауыш мектепте
шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі – оқуға
құштарлық, ынталық. Жасөспірімдік кезінде оқушы оқу әрекетінің жеке – дара
субъектісі ретінде дами бастайды, В. В. Давыдов шығармашылық тұлғаның
сипаттамасы деп осыны есептейді.
Ендеше, оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек.
Негізгі мектептің бүгінгі білім берудегі мақсаты – оқушыда өз жеке
білім траекториясын тыңдау қабілеттігін қалыптастыруға жағдай жасау. Яғни,
педагогикалық әрекет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін
әрекетіне бағытталу қажет. Шығармашылық әрекет – оқушыны өз жеке
шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже
туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет.
Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір
жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән
төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық
әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі.
Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік – дағдыларды меңгерумен
бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды
шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің талабы.
Шығармашылық бұл шынай өмірде баланың өзін – өзі тануы.
Жалпы білім беру үрдісінде :
— жаңа педагогикалық технологияларды ендіре отырып оқыту үрдісін
демократияландыру және ізгілендіру, субъект қатынастар қалыптастыру,
сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету,
сол арқылы оқушылардың даралық интеллектуалдық және шығармашылық
қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту.
Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде :
— мәселені қарастырудағы қырағылық көрегендікті;
— ақылдың икемдігі, ойдың орамдылығы;
— әрекетті бағалай білуді қарастырады;
Адам әрекеті :
— шығармашылқтардағы қарама – қайшылықтардың болуы;
— әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;
— шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайлардың болуы;
— шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
— нәтиженің жаңалығы.
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға және тәсілдер табуға
ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа, тың нәрсе жасау
тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық
деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен
қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін
табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады.
Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін
оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа,
адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің
сыныптасының кемшілігін көруге, оған достық қолын созуға, өзгелердің існен
сабақ алуға, әлеуметтік ұстанымның қалыптасуына өз ортасының пікірінің
әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой – пікірлері қалыптасып
сыныптағылардың пікірі бойынша ортақ тұжырым жасауға үйренеді. Ортақ іске
өзін – өзі қосады, жолдасының жауабына пікір айтып, бағалауға үйренеді.
Оқушының өзіндік жұмысы талқыланады.
Шығармашылық тапсырмалар орындауда шағын топтармен жұмыс жасау – бұл
ең әйгілі стратегиялардың бірі, өйткені ол оқушылардың жұмысқа қатысуына,
ынтымақтастық дағдысын тәжірибеден өткізуде, тұлға аралық өзара қарым –
қатынаста (белсенді тыңдау, жалпы пікір қалыптастыру, түрлі көзқарастың
шығуына рұқсат беру, өзгені тыңдап, өзін тыңдата білу) зор мүмкіндіктер
береді.
Топпен жұмыс жасауда аудиторияны үнемі айналып өтіп, тек қажет болған
жағдайда ғана көмекке барыңыз. Шағын топта қандай дағдыларды меңгеру
керектігін сезінуге мүмкіндік беріңіз.
Оқушыларды топтарға бөлуде, тәжірибелі әдістемешілер топ құрамын әр
түрлі, яғни әр түрлі мүмкіндіктегі күшті, орташа және әлсіз оқушылардан
құралуын қамтамсыз етеді. Әртекті топта шығармашылық ойлау ынталандырып
отырады. Оқушылар уақытының көп бөлігін өз көзқарасын ұсыну, мәселелерді
жан – жақты талқылау және сұрақты құрастыруды үйренуге жұмсайды. Мұндай
топтар оқушылар арасында жүйелі қарым – қатынас орнатады.
Топ құрамын ұзақ уақыт бойы өзгертпей сақтау топ ішіндегі шеберліктің
қалыптасуына ықпал етеді. Сондай – ақ топ құрамын ауыстыру барлық оқушыға
түрлі адамдармен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Сонымен бірге топ
мүшелерін әр түрлі ролдерге бөлуге болады. Рөлдердің бөлінуі кез – келген
оқушыны жұмысқа белсенді атсалысуына итермелейді. Егер топ құрамын тұрақты
сақтаса, онда оқушылар арасындағы ролді ауыстырып тұруға болады.
Шағын топтардағы жұмыс тәсілін пайдалану арқылы тапсырмалады орында:
— Тапсырманың әр кезеңін орындауға қанша уақыт бергеніңізді
жариялаңыз.
— Оқушыларды шағын топтарға бөліп, қажет мысалдарды, мәліметті
таратыңыз, содан кейін тапсырманы орындауға кірісуін сұраңыз.
— Бір топтан екінші топқа жылжып отырыңыз және оқушыларға топтағы
жұмыс ережесін орындауға көмектесіңіз.
— Топтағы жұмысты аяқтаған соң, тапсырманы орындаудың нәтижесі
жөнінде баяндау үшін топ өкілдеріне сөз беріңіз. Плакаттар, кестелер,
суреттер және өзге де көрнекі құралдарды пайдаланғандарды қошеметтеп
отырыңыз. Сіз өзіңіз де әр түрлі топтың тапсырманы орындау нәтижесін
енгізетін кесте жасап алсаңыз болады.
Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы
арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар жаңа технологияларды
қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен
оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады.
А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы
өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімінің, шеберлігінің
ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өтуі үшін, керек
білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай
шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек –
деген. Осы тұрғыдан қытай халқының мақалында : Тыңдасам ұмытамын, көрсем
есте сақтаймын, жазсам түсінемін деген екен.
Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес,
бағалаушы емес, танымдық іс – әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық
істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ған оқушы интеллектісінің көзін ашып,
шығармашылығын дамытады.
Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан
тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар
мен олимпиадалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың, ата –
аналармен біріктірілген сабақтардың маңызы зор.
Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру
қажет.
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылқ
бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық
қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс – әрекет және ойын
арқылы бастаған дұрыс. Сондықтан сабақты қызығушылықты ояту кезеңінде
суретті ойындар, сөзжұмбақтар т.б. тәсілдерімен бастап оны тақырыпқа
байланысты етеп алған дұрыс.
Оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық
тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн. Шығармашылық
жаттығу, ойын тапсырмалардың мазмұнын балалардың жас ерекшелігіне,
қызығушылығына үйлесуі керек.
Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз
туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмай,
шығармашылық бағыт – бағдар беріп отыру.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар : Сәтсіздікке ұшыраймын,
қолымнан ешнәрсе келмейді деген қорқыныш сезім, екінші – өзіне тым риза
болмаушылық сезімі, үшінші жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың
жолдарын табу :
— оқушылардың шығармашлықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде,
үйде қолайлы жағдай жасау;
— шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптасытрып
отыру.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және
сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады.
Олар мынадай :
— тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпта
пікірталас тудыру;
— логикалық ойлауын дамытатын ойын тапсырмаларды шешу;
— бергілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есетер
құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін, әңгіме құрау)
— әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
— қиялдау арқылы сурет салғызу;
— ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру (ақтап алу, қаралау);
— мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.
Осындай жаңа технологиялардың әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы
оқушылар шығармашылығын арттыруға үлес қосуға болады.
2. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды
педагогикалық тұрғыда сипаттау
Шығармашылық жұмыстың оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып,
шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Қорыта келе айтарым оқу процесінде шығармашылық түсінігін жеке бастың
қасиеті емес, оқушының оқу процесіндегі іс – әрекет құралы және табыстың
белгісі деп білу керек.
Оқу процесіндегі негізгі мәселе – оқушылардың белсенді іс – әрекеті
және шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс – әрекеті
неғұрлым үйлесімді, кемелденген, тиімді оқыту әдістермен ұйымдастырылса,
онда олардың белсенділігі де, соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы
қарқынды түрде көрінеді. Шығармашылыққа баулуда кез – келген әдісті тиімді
қолдану өзіміздің құзырымызда. Оның сабақ үстінде болсын, сыныптан тыс
жұмыс түрінде болсын, қай жұмыс түрінде де жемісін көруге болады. Тек әр
жұмыс жетістігін марапаттауды естен шығармайық. Барлық жұмыстарда оқушының
қалауын, таңдауы мен ұсыныстарын ескере отырайық. Сонда ғана шығармашылық
жұмыс нәтижесіне жетуге болады. Шығармашылық жұмыс нәтижесі көп жылдық
еңбекті талап етеді.Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытуды педагогикалық тұрғыда сипаттау
Шығармашылық қабілеттер бұрыннан зерттеу пәні ретінде
қарастырылып жүр. Өйткені адам қабілеттері мәселесі барлық уақытта да
адамдардың үлкен қызығушылығын тудырып келді.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
мәселесін талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды
талап етеді.
Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-
әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап
көрсетеді.
Қабілет ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп.
Қабілеттер деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен
жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
Қабілеттер — білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері —
дейді А.В.Петровский.
Қабілет — іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі
орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті, — деп жазады академик
Т.Тәжібаев.
Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А.Н.Леонтьев,
А.В.Петровский, В.А.Крутецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов,
Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ онда ол
ұзақ үдеріске айналатынын айтады.
Қабілеттер проблемасы – оқушылардың жекелік айырмашылықтар
проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған
мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар
еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір
нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психология ғылымының негізгі
ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде
болады. Олардың іс-әрекетінің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не
төмендеу болып келеді. Бұған қарап, мысалы, музыкаға, не хореографияға
немесе математикаға қабілеті төмен оқушыларды қабілеті төмен, дарынсыздар
қатарына жатқызу дұрыс емес. Бұл – оның қабілетінің басқа салада
жатқандығының белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру
барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады.
Шығармашылық қабілеттер ұғымы шығармашылық, шығармашылық
әрекет ұғымдарымен тығыз байланысты.
Шығармашылық – нәтижесі жаңа материалдық және рухани құндылықтар
болатын әрекет; психикалық белсенділіктің жоғары формасы, жаңа бір нәрсе
жасауға қабілеттілік. Шығармашылық – адам іс-әрекетінің түрі. Шығармашылық
әрекет нәтижесінде шығармашылық қабілеттер дамиды және қалыптасады.
Шығармашылық әрекет — өте күрделі үдеріс және ол адамға ғана тән. Мұндай
әрекеттің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға ғана емес,
табиғи, биологиялық факторларға да байланысты.
Шығармашылық қабілеттер немесе креативтілік деген не?
Латын тілінен аударғанда креативтілік ойлап табу, жасап шығару
дегенді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру