Бастауыш сынып оќушыларыныњ шыѓармашылыќ іс-єрекетін дамытудыњ ерекшеліктері


I ТАРАУ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет2/7
Дата11.06.2022
өлшемі272.5 Kb.
#268132
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері
Aizat, kur -bastauysh-synypta-korkem-shygarmanyn-keybir-turlerin-oqytudyn-adis-tasilderi-46, Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас

I ТАРАУ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Шығармашылық іс-әрекетті дамытудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері


ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұлы кемеңгер Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген немесе грек философы Сократ: «алдымен ізгілік, одан кейін білім» деген. Еліміздің, қоғамның экономикалық саяси мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік цивилизация көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеп шығару – мектептің ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы маңызды міндеті.
Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы педагогтары, психологтары айтарлықтай үлес қосты. Олардың ой - пікірлері қысқаша байымдау, еске түсіру, ғылыми және әдеби еңбектерін жастарға білім беру саласында, әсіресе өскелең өмір жағдайында кең түрде қолданудың қажет екендігі сөзсіз.
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі – Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы. Шоқанның өзіндік педагогикалық көзқарастары болды. Ағартушы – ғалым қазақ даласындағы оқу мектеп ісін ғылыми негізінде құрып, оқу - білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуші әкімдер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагогы Ыбырай Алтынсарин. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу педагогика құралдарын жазуға, тәлімгер – ұстаз даярлауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халқының қоғамдық өміріндегі саяси - әлеуметтік мәселелерді жан – жақты қамтып, жазуға жұмсады.
Қазақ халқының ұлы ойшыл – ақыны Абай Құнанбаев поэтикалық шығармалары мен қара сөздері педагогикалық ой – пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатын түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы, қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім тәрбие алуға шақыруы – оның педагогикалық көзқарасының дүниежүзілік классиктерінің ой – пікірлерімен терең қабысып жатқандығының айғағы. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ», «Пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой – пікірді қуаттау болды.
«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болуды» көксеген ағартушы – педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров артына педагогикалық ой –пікірдің өшпес мұрасын қалдырды. Өзінің қысқа өмірінде ол қоғамдағы әділетсіздікті, теңсіздікті көре біліп, бұларды оқу – ағарту, тәлім – тәрбие ісімен жөндеуге болады деген пікірді насихаттап, ағартушы – демократ деңгейіне көтерілді.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілдерінің бірі – Шәкәрім Құдайбердиев. Шәкәрімнің жастарға ұсынған адамгершілік жолы -адалдық пен ғылымды меңгеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, өз мінін өзі көріп, түзете білуге шақырды, бар білімінің түп атасы – ақыл деп қорытындылады.
Ағартушы – педагог Ахмет Байтұрсынов бай педагогикалық мұра қалдырды. А.Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім – ғылымның дамуына, мектеп ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектебінде бала оқытты, оқу - тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді.
Міржақып Дулатов Ы.Алтынсаринның ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып, А.Байтұрсынов сияқты оқу – тәрбие мәселелерін ғылыми тұрғыдан қараған, шәкірттердің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән берген педагогтардың бірі.
Жүсіпбек Аймауытов педагогика, психология саласындағы құнды ғылыми – зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. Оның «Тәрбие» атты көлемді мақаласындағы (1918ж) тәлім – тәрбиелік ой – пікірлері ғылыми тұрғыдан терең баяндалған.
Мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі –талабы таудай жеке тұлғаны тәрбиелеу және білім беру. Әр оқушының қабілетін танып-біліп, дамытып, адам дәрежесіне жеткізу үшін, жаңашыл жұмысқа бет бұру керек. Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды.Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.
«Технология дегеніміз-қандайда болсын істегі, шеберліктен, өнердегі адамдардың іс-әрекеті, ал, педагогикалық технология –педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім адамдармен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы», - деп түсіндіреді В.Кларин.
Бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдестемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.
Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйкелерінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті құнды қасиеттердің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілет олардың белгілі –бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінді.
Психология баланың ақылының кіріп, қалай есейетінін, ал, педгогика баланы оқу тәрбие жұмысы үстінде нендей тәсілдер қолданып ұғындыруға, не тіл алдыруға болатынын зерттейді.
Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілеттерінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, И.Л.Лернердің, А.Н. Луктың, В.И.Андреевтің , А.Л. Яковлевтің, Д.Б.Богоявленская т. б . Енді осы еңбектерге қысқаша тоқталсақ.
А.Н. Лук шығармашылық қабілеттердің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді 3 негізгі топқа бөліп қарастырады:
1. ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылықтар және икемділік);
2. темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй);
3. ақыл ой -қабілеттері.
Біздің пікірімізше, А.Н.Луктың оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері құрамына қатынасты айтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіруге болады;
1. Оқушы кез-келген іс - әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе белгілі қабілет түрін дамыту үшін алдымен, осы іс-әрекет, қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса оның нәтижесінің де төмен болатыны белгілі.
2. Көңіл күй - бұл кез - келген істі орындауда негізгі, қажетті көрсеткіш деуімізге болады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың осы бағыттағы іс-әрекетке деген көңіл-күй дегеніміз маңызды, сондай - ақ ол олардың жұмыстарының нәтижелігіне әсер етеді.
3. Кез келген іс-әрекетті біз ақыл ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де алдымен істейтін әрекеттерін, алдымен осы ақыл ой -қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді. Я.А.Пономарев кез - келген шығармашылық бағыттағы іс - әрекеттің негізгі, бастысы - шығармашылық дей отырып, оның даму критериясы яғни өлшемі ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе ойша әрекеттену қабілетін алады.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың ойша әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп жасында, яғни негізгі оқу іс - әрекеті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай – ақ олардың шығармашылықпен өзін - өзі көрсете білу қажеттігі болатындығын дәлелдеген.
В.В.Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалы қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: оқушы өз әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі варианттарын салыстыра алады және есептің шешуін бақылай алады.
Біздің елде бала психологиясының тарихына тоқталсақ, осыған орай жүргізілген зерттеулер тек Қазан төңкерісінен кейінгі кездері болды. Мұндай зерттеулерге әсер еткен, біріншіден, И.П.Павлов шәкірттерінің жұмысы – Н.И.Красногорскийдің және Б.М.Бехтеревтің басшылығымен оның шәкірттері Н.М.Щелованов зерттеулер жүргізген.
Бұл зерттеулер көбіне балалардың шартты (немесе Бехтеревтің терминологиясы бойынша «ұштастыру») рефлекстері туралы зерттеу жүргізілді. Екіншіден, сол кездегі бала психологиясын зерттеуге үлес қосқандар: Н.А.Рыбников (1880-1961), К.Н.Корнилов (1879-1959), П.Н.Блонский (1884-1941), Л.С.Выготский (1896-1934) және мұнымен шұғыл айланысқандар: Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович, П.Я.Гальперин т.б.
Ал педагогикалық, психологиялық зерттеудің тарихына келсек, бұл туралы ізденулер XIX ғасырдың аяқ кезінен бастап жүргізілді. Психологияның бұл саласының дамуына сол кездерде үлес қосқан К.Д.Ушинский (1823-1871) болатын. К.Д.Ушинский «Егер педагогика адамды әр жақты етіп тәрбиелегісі келсе, оны ол барлық жағынан да жақсы білуі қажет» деген.
Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері В.В.Давыдов пен В.В.Репкин еңбектерінде қарастырылған. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін қалыптасады. Бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі «қиял, елес» болып есептеледі. Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттілігі оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі – «оқуға құштарлық, ынталылық». Жасөспірімдік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке, дара субъектісі ретінде дами бастайды. В.В.Давыдов шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді. Ол оқушының шығармашылық тұлға болып қалыптасуын өзінің «Дамыта оқыту теориясы» еңбегінде көрсеткен. Бұл еңбекте автор тұлғаны «еркін шығармашылық әрекеттің субъектісі, ал адамның дамуының өзі – оны еркіндікке деген қозғалысы» деп есептеді.
Көрнекті француз математигі Ш.Адамар шығармашылық үрдісті төрт кезеңге бөледі:

  1. Дайындық кезеңі.

  2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.

  3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика

  4. Тексеру кезеңі.

Осы зерттеулерге сүйене отырып, Б.А.Тұрғынбаева өз ғылыми еңбегінде шығармашылық үрдістің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырады.

  1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.

  2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.

  3. Шешімнің жарқ етуі.

  4. Шығармашылық акт.

  5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Ғалым психологтардың еңбектеріне сүйене отырып, Ә.Ә.Сағымбаев өзінің ғылыми еңбегінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруға кері әсер ететін кедергілерді төмендегідей топтастырады:
Әлеуметтік:

  • әлеуметтік жағдайдың болмауы;

  • отбасында шығармашылық жағдайдың болмауы;

Педагогикалық:

  • мұғалім баланың белсенділігін қолдамауы;

  • баға қоюдағы әділетсіздік;

- көмекші әдістемелік құралдардың болмауы
Психологиялық:

  • ойлау, қиялдың төмендігі;

  • өз күшіне сенбеуі;

  • жалқаулығы;

Физиологиялық:

  • денсаулығының нашарлығы.

Зерттеуші ғалым Т. И. Қоқымбаева “ Бастауыш сынып оқушыларының халық педагогикасының құралдары арқылы танымдық белсенділігін дамыту ” атты ғылыми еңбегінде оқушы белсенділігін арттырудың көзі халық педагогикасы дей келе, оның негізгі құралдарына жан-жақты талдау жасаған. Оқушылардың танымдық қызығушылығын оятуда мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ертегі, аңыз-әңгіменің маңызы мен мәнін ғылыми тұрғыда дәлелдей білген.
Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы, мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, оның өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады.
Оқыта отырып дамыту проблемасы Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады. Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктерімен санасу керек екенін атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім берудің әртүрлі басқыштарын белгілеген.
Бұл идея К.Д.Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол психологиялық мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап, оқулықтар жазды.
Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек... Білім тек дамудың алдында болғанда ғана пайдалы болмақ» - дейді Л.С.Выготский. Жоғарыда аталған теориялық негіздер нәтижесінде 1960-1990 жылдар арасында Л.В.Занковтың басшылығымен зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды. Бұл тұжырымдамада «екіліксіз қалай оқытуға болады», білімге деген қызығушылықты арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.
А.С.Макаренко баланың мінез құлқы 5 жасқа дейін қалыптасады деп есептейді. Ал американдық психолог -ғалым Блюм 7-8 жасқа дейін қалыптасып бітеді дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. Бұл кезеңде алған білім оның бүкіл өмірінде қалатыны бәрімізге белгілі.
Белгілі психолог Қ.Жарықбаев қабілетке мынадай анықтама берген: «Қабілеттіліктің өлшемі белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды».
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оның тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Дарынды балалардың қабілеті әдетте ерте ашылатынын зерттеу жұмыстары байқалған Кибернетиканың атасы Ноберт Вингер бес жасынан бастап ғылымға ден қояды да, тоғыз жасында 18 жасар балалармен оқиды. 12 жасында колледжге түсіп оқып, 14 жасында оған ғылыми атақ беріледі.
Не бары отыз - ақ жыл өмір сүрген Ш.Уәлиханов та аз уақыт ішінде адамзаттың ғылымға, оның көптеген саласына (әдебиет, тіл, этнография, география, шығыстану т.б.) баға жетпес көп үлес қосты.
Тарихи - әлеуметтік маңызы бар шығармашылық беретін қабілеттіліктің ең жоғарғы түрі данышпандық деп аталады. Данышпан адам өзі айналысқан әрекет саласында бұрын - соңды болып көрмеген жаңалықтар ашып отырады. Мәселен, жаратылыстану ғылымы саласында Н.Коперник, Г.Галилей, Н.Ньютон, Ч.Дарвин, И.П.Павлов, А.Эйнштейн, Н.Вирнер; әдебиет тарихындағы В.Шекспир, В.Гете, А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой; музыкадағы: В.Моцарт, Л.Бетховен, И.П.Чайковский т.б. осындай адамдар. Ал, Аристотель, Әл-Фараби, Леонардо до Винчи, Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов т.б. әртүрлі ғылым саласынан көрінген экциклопедиялық білімді данышпандар болды.
Белгілі психолог М. Мұқановтың пайымдауынша, баланы оқуға итермелейтін күш негізінде мынадай екі түрлі түрткіден құралады. Бірінші – сыртқы түрткіден, бұл жағдайда бала өзгеоерден сескенетіндігінен оқитын болады. Бала тікелей талпынбайды, жанама түрде, өзгелердің оған қолданған шарасынан өзін амалы сақтап қалудың амалы деп түсіну керек. Екіншіден – оқуға іштей талпыну түрткісі дегеніміз – баланың өзінің ықыласымен сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуге ұмтылуынан болады.
Біз зерттеу жұмысымызда сыртқы түрткінің мағынасын өзгертіп, оқуға баланың қызығушылығын арттырып, оқушыда «оқығым келеді», «білгім келеді», «мен тапсырма орындап көрейінші» деген сияқты мотивтермен оның іштей оқуға талпынуына үйлестіріп оқытуды жөн көрдік.
Қорыта айтқанда, оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін дамыту үшін оқыту процесінде оқытудың жаңа технологиясын тиімді пайдалана отырып, жеке оқушының оқу - танымдық іс - әрекетінің белсенділігін арттыру қажет деп санаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы