«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын арттыру (анализ және синтез әдісі негізінде)» 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



бет9/10
Дата10.06.2022
өлшемі171.17 Kb.
#267530
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-76854
Байқау, Есептеу-графикалық жұмыс (Титул беті), IIT final (1), Документ (2), Криминалогия, грамматика шпор
Қорытынды
Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартында "Бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әртүрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала"- деп қарау міндеті анықталған.
Бұл міндеттің негізгі мақсаты - балаларға білім беру қазіргі кезде бір жақты жеткіліксіз деп есептеледі. Себебі, мектеп оқушыларға білім берумен қанағаттанып, сол білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда бұл жеткіліксіз болар еді. Демек, оқушыларға оқыту әдістерін және математикалық есеп шығарудың әр алуан әдістерін үйрету мұғалімнің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі.
Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы,- деп есептейді. Сондықтан тәрбие мен білім егіз, мұғалім жүргізетін пәндерде балаларға берілетін барлық білімді жетік білуі, материалды түсінікті жеткізуі, оқушылардың білімін дұрыс бағалай білуі, олардың бойында тәжірибелік білімдерді қалыптастыруы тиіс. Өз білімін жетілдіре отырып, оқушыларды арнайы ұғымдар мен терминдерді пайдаланып, есеп шығарудың тиімді әдістерін қолдануға, әрі олардың алған білімдері негізді болады.
Математикалық есептер шешуде анализ бен синтез кең түрде қолданылады. Берілген есептің мазмұны мен шығару тәсілдерін талқылағанда, әдетте есептің шартын пайдалануда оның байланысы (жас, білім, тәжірибе т.б.) әр қилы көрініп отырады.
Анализ бен синтез математиканы оқытудың ғылыми әдісі ретінде оқушылардың ойлау қабілетімен есептер шешудегі іскерлігін арттырады. Көбінесе практикада біртіндеп екі әдісті қолданады, аналитикалық жолмен тұжырымды байқайды, сонан соң синтетикалық жолмен дәлелдейді.
Есеп шығару барысында, анализ бен синтезді қолдану мұның одан әрі алған білімін байытып, өрістету немесе оған қатысты дербес жағдайларды тұжырымдау, сөйтіп оқушылардың пәнге деген қызығушылық қабілеттерін қалыптастыруда, математикалық ойлау дербестігін дамытуда айрықша роль атқарады.
«Анализ бен синтез» бір-біріне қарама-қарсы бағытта жүреді. Анализ тұтастықтан бөліктерге, құрамнан элементтерге қарай бағытталса, синтез керісінше, бөліктер мен элементтерден тұтастыққа карай бағытталады.
Анализ бен синтез іс-жүзінде бірін-бірі толықтыра, қосарлана ажырамай тұтас бір аналитикалық-синтетикалық әдісті қүрайды. Анализдің көмегімен күрделі есеп қарапайым есептерге жіктеледі де, ал синтез арқылы осы қарапайым есептердің шешулері бір тұтас болып біріктіріледі.
Сондықтан анализ бен синтез математиканы оқыту үдерісінде ұғымдарды қалыптастыруға, теоремаларды дәлелдеуде және есептерді шығаруда кеңінен пайдаланылады. Ұғымдарды қалыптастыру барысында анализ ұғымдардың айрыкша белгілерін айыруға, содан соң оларды біріктіріп ұғымның мазмұнын құруға пайдаланылады.
Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мәселен, заттарды оның түсіне, түріне, құрылысына, аткаратын қызметіне қарай салыстыруға болады.
Анализ бен синтез әсіресе, теоремаларды дәлелдеуде, есеп шығарғанда зор роль аткарады. Мұнда талқылауды әр түрлі жолмен жүргізуге болады. Мәліметтерден бастап, олардың арасындағы байланыстарды тағайындап, ізделетін шамаларға қарай (синтетикалық жол) және ізделетін шамалардан бастап, ізделетін шамалар мен мәліметтердің арасындағы байланыстарды тағайындай отырып, мәліметтерге қарай (аналитикалық жол) жүреді.
Сондықтан анализ бен синтезді біріктіру, әсіресе теоремалармен және дәлелдеу есептерімен жұмыс істегенде ерекше танымдық маңызға ие болады. 
Есеп шығаруды үйретудің тиімділігін арттыруда оқушыларға белгілі бір ретпен ұсынылатын есептерді іріктеп берудің маңызы үлкен, өйткені ол оқушылардың бұрынғы шығарған есептерін еске ала отырып, жаңа есепті шығарарда соған ұқсастықты таба білуде олардың ойының кеңеюін, ізденімпаздық қабілетінің дамуын қамтамасыз етеді.
Бұрынғы шығарылған есепке ұқсастықты іздеудің өзі сол ұқсастықты табу үшін синтетикалық әдісті қолдануды талап етеді, яғни мұғалімнің оқушыға есеп шығаруды үйретуде берілген есептің шартын талдау барысында оны синтезбен үйлестіре отырып есепті шығаруды іздестірудің тиімділігін қамтамасыз етеді. Сондықтан мұғалімнің қарастырылатын (оқушыға шығаруға ұсынылатын) есептердің түрлері жөнінде білімі мен білігі болуы қажет.
Есептерді жіктеуді білу нәтижесінде мұғалім (оқушы) есеп және онымен байланысты ұғымдардың көлемі мен мазмұны, белгілері сияқты білімдерді меңгереді, сол арқылы білімнің тиянақты болуына қол жеткізеді.
Есептерді жіктеуді білу математиканы оқытудың тиімділігін арттыруға, сөйтіп оқушылардың математикалық дайындығын жақсартуға, практикалық өмірге лайықты етіп дайындауға мүмкіндік туғызады.
Әрине, зерттеу мәселесі көп жақты, әрі өте күрделі. Оны бір зерттеудің аясында шешу мүмкін емес. Сондықтан келешекте, біздің ойымызша, қазіргі оқулықтағы есептердің өзінде талдау, жинақтау және салыстыру деп ажыратып берсе оқушы сол жүйе бойынша тапсырмаларды орындай отыра, математика пәні мазмұны мен тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік беріп, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қоздыруы, жақсартуы және дамытуы оның өз пәнінің мазмұнын бай, терең, қызықты етіп және оқушылардың танымдық әрекеттерінің тәсілдерін әртүрлі, шығармашылық, продуктивті етіп жасай білсе, сонда ғана оқушыны қайсібір пән болсада қызықтыра алуға болар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы