«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын арттыру (анализ және синтез әдісі негізінде)» 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»


Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың педагогикалық мәселелері



бет5/10
Дата10.06.2022
өлшемі171.17 Kb.
#267530
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-76854
Байқау, Есептеу-графикалық жұмыс (Титул беті), IIT final (1), Документ (2), Криминалогия, грамматика шпор
1.3 Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың педагогикалық мәселелері
Оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын арттырып, білімге құмартуына аса көңіл бөлу- деген А.С.Макаренко. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды[15].
Қызығушылық-адамның дүниені тануға, білуге мұқтаждығы. Қызығушылық адамның өмірдегі нақты шындық көріністітерң жаңа бір фактіні жете білуіне және сол арқылы іс-әрекетіндегі бағыты мен бағдарын, мақсатын айқындауға мүмкіндік береді. Адамның қызығушылығын қанағаттандыру, оны одан әрі жаңа бір қызығушылыққа, дүниетанымның жаңа бір биік сатысына жетектейді.
Қызығушылықтың даму табиғаты неғұрлым күшейсе солғұрлым адамда ықызыққан іс-әрекетін орындау, іске асыру ниеті пайда болады. Қызығушылық туғызатын нысан болу керек. Бұл осы қасиеттің ерекшелігі. Ол адам қызығушылығындағы белгілі бір мақсатқа жеруіне құрал ретінде қажет. Сондықтан жас ұрпақ тәрбиесінде, оларға білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілді қызығушылық туғызу белгілі дәрежеде маңызды ролге ие болады. Адамдағы қызығушылықтың тұрақтылығы оның қызығушылығының уақыт ұзақтығы мен оған жету жоландағы шапшаңдыққа байланысды. Оған қоса көп қызығудан туған мақсатқа жету жоландағы қиындықты жеңе алуына байланысты. Адам айналасындағы сан алуан заттарға ерекше көңіл бөліп, қызығып отырады. Қызығуда үлкен орын алатын психикалық әрекеттердің бірі –тілек.
Адам бір нәрсені тілейді, бір нәрсені қалайды, мұның бәрі мұқтаждықтан пайда болады. Қызығушылық әр уақытта адам зейінінің қызығатын заттарына, бет алып түйдектелуді керек етеді. Адам бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды эмоциялық сезімдер туғызу керек. Егер адаға заттар таңқаларлықтай әсер етпесе, онда адам ол заттарға еш уақытта қызықпайды. Адам қызығуүшін оның көңілі көтеріңкі болу қажет[16].
Белгілі психолог Т.Тәжібаевтың зерттеуі бойынша қызығушылыққа былай сипаттама береді: Қызығушылық дегеніміз мұқтаждықты, ізгілікті қанағаттандыруға жұмсалатын, белсенді зейін мен жағымды эмоциялық сезімдер туғызатын психикалық күй. Қызығу өте күрделі процесс. Баланың қызығуын оның әдеттерімен салыстыруға болмайды.Бір әрекетті бірнеше рет қайталап, әбден жаттығып, өзінде әдет пайда болдырудың нәтижесінде оның еңбегі бір түрлі қонымды, қиыстырулы, тәртіпті болып келеді.
Мысалы, бала күнде оқуға сағат 8-ден кешікпей келетін болса, оны жақсы әдет деп айтуға болады. Бірақ оны баланың қызығуы екен, сондықтан ерте тұрып, ерте келеді деп айтуға болмайды [17] .
Қызығу - адамның саналы әрекеті. Адамның алдына мақсат қойып, өздерінің ерік-жігерін жұмсап, кейбір заттармен үнемі шұғылдандырып отырады. Мәселен, оқушылар оқуға қызығу үшін олар оқулықтың мазмұнын түсінулері қажет. Егер оқушылардың оқуға ешбір түсінігі болмаса, оларды қызығуда болмайды. Адамның негізгі қызығуларын мына төмендегіше бөлуге болады:
1. Мақсатты қызығу. Адам кейбір уақытта алдына бір мақсат, міндет қойса, сол мақсатына жетуді қызық көреді.
2. Әрекеттік қызығу. Мұнда адам алдына бір үлкен міндет қойсай істейтін ісінің нәтижесі қандай болатынына қызықпай тек атқаратын еңбегінің ағымына қызығады.
3.Қорытындыға қызығу (нәтижеге). Адам кейбір кезе істейтін еңбегінің нәтижесіне қызығады. Бір нәтижеге жетуді көздеп, әрекет етуі, барлық күшін соған жұмсайды. Адамның қызығуын осылайша үш түрге бөлу – шартты нәрсе.
Қызығу – оқу-тәрбие жұмысында өте керекті шарттар болып табылады. Оның балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, балаларды әдепті етіп тәрбиелеуде, олардың бойынан адамгершілік қасиеттері енгізуде ықпалы зор. Егер баланың алдына тұтқанмүддесі, қызығуы болмаса, ол оқу пәндеріне , тәрбие жұмыстарына ешбір қызықпаса, оқудың да тәрбиенің де жемісі болмас еді.
Қызығу нақтылы қоғамдық жағдаймен байланысты. Балалардың қызығуы өз бетімен пайда болмайды, ортаның әсерінен, үлкендердің қылықтарынан пайда болып отырады. Бала қандай әлеуметтік -қоғамдық жағдайларда тәрбиеленсе, сол қоғамның алға тұтқан мақсаттары, міндеттері нақтылы жағдайда оған әсер етіп, оның қызығуларын белгілеп, керекті қалыпқа салып бағыттайтынболады. Осы айтылғанға орай, оқу-тәрбие жұмысында балаларды айналасындағы тұрмыспен таныстырып, әлеуметтік құрылыстың түрлі табыстарымен хабардар етіп отыру керек. Баланың қызығулары олардың жас өзгешелігімен де байланысты, сол себеппен, оқу-тәрбие жұмысында түрлі жастағы балалардың өздеріне лайықты қызығулардың болтынын ескеріп отыру қажет. Мектеп жасындағы балалардың қызығулары көбінесе ойынмен байлынысты.
Қызығудың пайда болуы мен жақсы дамуында білім өте үлкен орын алады. Адамның білімі өте көп болса, қызығушылығы да көп болады.
Баланың ел-жұрт байлығымен, туған жер – суымен, қоғамдық құрылыстың түрлі салаларымен таныстырып отыру қажет. Егер балалардың Солтүстік мұзды мұхит туралы ешбір білімі болмаса, онда оның қызығуы да болмайды.
Қызығудың дамуында балалар өздеренің күшіне сенетіндей болып, өздерінің атқаратын жұмысына ынталы түрде кірісуі керек. Бала өзінің істейтін жұмысынан бір нәтиже шығарып, басысқа жетіп отырса, онда олардың көңіл-күйі де рухы да көтеріліп қалады. Басқа жұмыстарды да қызығып, ынтыға істейтін болады. Сондықтан бала әр уақытта істейтін жұмысына, оның беретін нәтижесіне сенімді болуы қажет. Ол үшін оларға қолдарынан келетіндей тапсырма беру қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығулары ойын әрекетіне байланысты болғандықтан, қызығулары онша тұрақты болмайды. Олар бұгін бір нәрсеге, екінші күні бір нәрсеге қызығуы мүмкін. Бұл жастағы балалар көбінесе өзіне айрықша әсер еткен нәрселерге көңіл бөліп, қызығып отырады. Ал мектеп жасындағы (9-12 жастағы) балалардың қызығулары тұрақтала бастайды. Олар әр нәрсеге әуес болады, көп заттарды білгісі келіп, олардың қайдан пайда болғанын, неге олай екенін түсінгісі келеді. Сыныптағылар өз қызығуларын іс жүзінде тәжірибемен байланыстырып, оларды жүзеге асара алатынын, не аспайтынын белгіліп, ескеріп отырады. Көбінесе жүзеге асатын заттарға, болмыстаға қызығады. Бұлардың қызығулары тұрақты келеді. Олар неге қызығатынын ерте бастан ескеріп, алдына мақсат қойып, сол мақсатты жүзеге асыру үшін әрекет етеді, олардың белсенділігін арттырып, көңіл-күйін де көтереді.
Сонымен психолог Т.Тәжібаев балаларды оқыту, тәрбиелеу барысында мынадай жайттарды ескертеді:
1.Балаларда танымтық қызығушылықтары дами түсу үшін оқу сапасын жақсарту қажет. Оқу мазмұнды, идеалды, тартымды болып келгені жөн.
2.Балалардың көркем әдебиетті көбірек оқу жағын қарастыру керек. Себебі, осы арқылы оқушылар көпнәрсемен танысады, көпбілім алады, сөйтіп оқуға деген қызығуы артады.
3.Балалардың өз бетімен, дербес жұмыс істеу жағын қарастырып отыру қажет. Түрлі шараларды қолданып, мұғалім балалардың сабағында артта қалмауын қарастырғаны жөн. Балалардың білім әрқашан жүйелі түрде бағаланып отыруы тиіс. Бағалардың нәтижесін өздеріне айтып, мадақтап отырғаны дұрыс. Мұғалім балалардың оқуын, тәртібін бағалау Мәселесіне жауапты қарағаны жөн. Мұғалімнің оқушыға қойған қате бағасы тым қатты әсер етеді.
Қызығулар өзінің мазмұны мен бағыты.а қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетеикалық, спорттық, танымдық т.б. болып келеді[18].Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы; таным қызығулары оқуға, ғылымға қызығу, кәіптік қызығулар сан салалы кәіптің түрлеріне байланысты бөлініп жатады.
Адам нысанға түрлі мақсатты көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболдағы қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу – бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қаежетсіну. Мұндай қызығуды адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы болып келсе, адамның ісі оңға басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсуге ықылас кетіп отырады.
Балаларың алғашқы кезде қызығушылықтары онша көріне бермейді. Дегенмен, бөбектерде де қызығу элементтерінің барын байқауға болады.
Қызығудың жақсы көрінетін жері – мектеп. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым тану қызығулары көріне бастайды. Мектеп өмірі балаларда көптеген қызығулардың түрлерін туғызады. Біртіндеп оқу қызығуларымен қатар спорттық, оқырмандық қызығулар қалыптасады. Қызығу көбінде баланың бірнәрсеге бейімділігіне қарай көрінеді.
Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей әркетпен айналысуы қажет. Мұғалім балалардың қызығуларын тәрбиелеуде оларға әлі дн онша мәлім емес, кейбір жанама қызығуоарын тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойлауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай, босқа зергуді білмейтін, еңбекті сүйетін, жан-жақты қабілетті адам болып шығады.
Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылықтар тударады. Өйткені танымдық қызығудың қалыптасуы және дамуы – жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын өте күрделі үрдіс. Жалпы алғанда қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс-әрекетке және жеке өмір тәжірбиесіне байланысты болады.
Қызығу өте ерте жастан қалыптасады және оның алғашқы көріну түрі әуестік, құмарлық түрінде болады.
Балалардың қызығуы өз бетімен пайда болмайды. Ол әлеуметтік ортаның, ересектердің әсерінен пайда болады. Блалардың қызығулары олардың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты болғаныдықтан, оқу–тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда әр түрлі жаста балалардың өздеріне лайықты қызығулары болатынын ескеру қажет.
Адамның бар қасиеті: мінез-құлқы, қызығу сезімдері әрекет үстінде дамиды. Әрекет үстінде балалар әр түрлі заттардың қасиеттерін байланыстырып, бір шешімге келеді. Балада белгіглі бір жүйесі қалыптасады.
Қызығушылықтың үш түрі:
• іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы;
• танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі;
• іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.
Оқыту үдерісінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.
Педагог ақын М.Жұмабаев ақыл көріністері әсерленуден пайда болады, әсерленудің күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі деп көрсетеді. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин әдеби шығармалардың адамгершілік туралы жазған жерлерін оқушыларға талдатады. Қызықты мысалдар, тәжірибе жүргізу, бір-біріне кереғар келетін айғақтар оқушының түрлі сезімдерін туғызып, оны оқуға ынталандырады. "Тұрмыстағы математика", "Қызықты математика" деген тақырыпқа мысалдар жинату да пайдалы жұмыс.
Атақты ғалымдардың және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы кештер, көркем әдебиеттен үзінділер оқу танымдық қызығушылықты арттырады.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық тақырыптарының мазмұны - оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал.
Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі - танымдық ойындар. Пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқытуда тиімді әдістерді пайдалана арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттырады, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Қабілет – оқушылардың жекелік айырмашылықтары. Қабілеттер әр адамда әр түрлі дәрежеде болады. Бала бойындағы қабілеттердің алғы шарты нышан болып табылады. Қабілет әрекетте байқалып, қалыптасып, дамып отырады. Яғни, қабілет туа біткен қасиет емес, олар өмір сүру барысында қалыптасып, дамып отырады.
Қабілет- әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігіне немесе мақсатқа бағытталған бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуінен байқалады.
Оқыту барысында оқушының оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырып, дамыту ерекше орынадады. Олардың қызығушылығы арқан сайын қабылдау қыбілеттері жетіле түседі. Сондықтан қызығу оқу үдерісінде өте маңызды орын алады. Осы Мәселе жөнінде ерте кездерде көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Олардың тұжырымдарына тоқталар болсақ белгілі психолог У.Мак Дугал (1871-1938) баланың қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. Баланың қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстингтер ретінде ата-анасынан көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды, ол әсер етуші заттармен, сыртқы дүниемен байланыспайды дейді. Э.Торндайктың (1874-1948) айтуынша, баланың қызығулары сыртқы дүниенің, қоғамның әсерінен жүре пайда болады. Бұлар дағдылану мен әрекеттенудің нәтижесі ретінде ғана пайда болып, бұл екеуінсіз ешбір қызығу пайда болмайды дейді. Бірінші теория қызығуды биологиялық тұрғыдан түсіндірсе, екіншісі-механистік бихиоризм принципімен орйластырады.
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Ол баладағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып-білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан мұғалім өзбілімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екендігін айтқан.
Оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап ететін бағытты терең ұстанған орыс халқының ұлы педагогы К.Д.Ушинский оқыту үрдісінде қызығу мен қызықтыру мәселесі төңірегінде көптеген тұжырымдама жасаған[19]. Оның пайымдауынша қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды дей отырып ол ”Қиын оқуды балаға қызықты ету, міне бастауыш оқудың ең негізгі міндеті” –деген құнды пікірді қалдырды. Оның тұжырымдамасының жетекші идеясы: оқу-оқушының ең негізгі жауапты ісі, еңбегі бола тұра қызық, тартымды болып, бірақ көңіл көтеру ісіне айналмау керек.
Жаңа материалмен таныстыру көбінесе оқушылардың орындайтын жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Және де материалдың мазмұны мен оны оқып үйрену мақсаттарына қарай әртүрлі әдістер қолданылады.
Оқу материалының мазмұны оны түсіндіруде мұғалімнің қолданған әдіс-тәсілдері, оқу барасындағы іс-әрекеті бала көңілін еріксіз баурап әкететін жағдайда балада мұғалімге деген сүйіспеншілік сезімі оянады, оқу материалын ұғыну белсенділігі артады, біртіндеп сол пәнді қызыға тыңдап, жақсы көретін болады.
Сондықтан жас ұрпақ тәрбиесінде, оларға білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілді дұрыс таңдай білу оқушыда қызығушылық туғызу белгілі дәрежеде маңызды ролге ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы