«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын арттыру (анализ және синтез әдісі негізінде)» 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



бет2/10
Дата10.06.2022
өлшемі171.17 Kb.
#267530
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-76854
Байқау, Есептеу-графикалық жұмыс (Титул беті), IIT final (1), Документ (2), Криминалогия, грамматика шпор
Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы;


ЕКОБ –Ең кіші ортақ бөлгіш;
А- Алматы;
М- Москва;

Кіріспе
Бір жыл бұрын еліміздің 2050-жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдары жария болды. Ондағы басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.
Қазақ елі өткен 22 жылда үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырып, әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырды. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды.
Қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін «Қазақстан-2050» стратегиясы қабылданды. ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады.
Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Ол үшін:
Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс [1].
ҚР Тәуелсіздік алысымен қызу қолға алынған ауқымды іс-шаралардың бірі – жеткіншек ұрпақты мүмкін болған жаңа қағидалар негізінде тәрбиелеу Мәселесі. Тәуелсіздікке ие бола салысымен, тәуелсіз елге тән қағидалар негізінде, ұлттық және елжандылық сана-сезімі жоғары, әлем өркениетінің қазіргі даму деңгейімен үндесе алатын ұрпақ тәрбиелеу қолға алынды. Соның арқасында, бұл күнге дейін тарихи тұрғыдан қарағанда аз уақыт - 22 жыл ішінде еліміздегі ұрпақ тәрбиесі мәселесінің бүгінгі және және ертеңгі саясатын айқындайтын «Білім заңы», «Білім стандарттары», «Білім тұжырымдары» сияқты құжаттар жарық көрді және олар заман ағымына орай жетілдірілді.
Мектеп реформасы бастауыш мектептен басталатыны белгілі. Қазіргі таңда бастауыш мектептегі білім беру мен тәрбиелеу мәселесі толық бір жүйеге түсті деп тұжырымдауға болады
Мектеп партасындағы бүгінгі бала – ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі, басшысы. Сондықтан балаға болашақ деп қарап, оның біліміне ерекше мән берілу керек. ҚР«Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі - «азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны–Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» деп атап көрсетілген [2].
Демек, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» (М.Әуезов) демекші, мемлекеттің ертеңі, қауіпсіздігі бүгінгі мектеп парталарында отырған оқушылардың санасын қалыптастыру мақсатында олардың санасына қандай дәннің себілуіне байланысты. Ал, дәл бүгінгі күн үшін «дән» дегеніміз, біз жеткіншек ұрпақты «ұлша тәрбиелесек, ұл болады, ал құлша тәрбиелесек құл болады» (А.Байтұрсынұлы) білім мен тәрбие беру мәселесі келіп туындайды [3].
Сондықтан білім бастауы – бастауыш мектепте берілетіні анық. Бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Сол пәндердің бірі – математика.
Математика адам өмірінде де, жалпы қоғамның өмір сүруі үшін де аса маңызды роль атқарады. Адам өміріндегі түрлі жағдайлар мен мәселелерді шешу үшін өзінің ақыл-ойын жұмсайды. Адамның күнделікті өмірінің мазмұны да әр түрлі есептерді шешумен салыстыруға болады, сондықтан да математикалық білім көзінің бастауы бастауыш сыныптардан басталатынын ескеруіміз керек. Оқушының пәнге деген қызығушылығын оятуда оқытудың тиімді әдістерін таңдай білу керек.
Бастауыш сынып оқушысының математикаға, пәнге деген қызығушылығын арттыру оқу үдерісіндегі жылдары бойы орын алып келе жатқан көкейкесті мәселе. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы олардың білімге деген қызығушылығын арттырып, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруымыз қажет.
Осындай мақсаттарды шешу, менің дипломдық жұмысымның тақырыбын «Бастауыш сыныптың математика сабағында анализ және синтезды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» деп таңдауыма негіз болды.
Зерттеу мақсаты — Бастауыш сыныптың математика сабағында анализ және синтезды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды теориялық тұрғысынан анықтау.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныпта математиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптың математика сабағында анализ және синтезді қоолдану арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдары.
Қойылған зерттеу мақсатына жету мен тексеру үшін зерттеу жұмысының төмендегідей міндеттерін шешу қажет болды:
1.Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мәселелерін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан шолу жасау;
2.Бастауыш сынып математикасын оқыту ерекшеліктерін талдау;
3. Бастауыш сыныптың математика сабағында анализ және синтезді қолдануды түсіндіру;
4. Бастауыш сыныптың математика сабағында анализ және синтезді қолдану арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарын теориялық тұрғысынан анықтау;
Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбының мазмұнына қатысты философия, педагогика, психология және әдістемелік еңбектерімен танысу және талдау жасау; бастауыш мектеп бағдарламасына, математика оқулықтарына, есептер жинағына дидактикалық материалдар және оқу құралдарына зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау жасау; бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісін бақылау, бақылау жұмыстарын жүргізу, тексеру және талдау жасап, қорытындылау; зерттеу мәселесіне сәйкес жүргізілген жеке өз тәжірибесін талдап, одан қорытынды жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш сыныптың математика сабағында анализ және синтезды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды, математикалық білімді меңгеру сапасын көтеруге, жалпылама оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, математикалық білімді саналы түрде меңгертуге, есептерді шығара білу, өзін-өзі бақылау, бағалау, оқулықпен жұмыс жасай білу және т.б. іскерліктерін қалыптастыруға, өзіндік-танымдық белсенділіктерін арттыруға болады.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері: Таным, білім, жеке тұлға және оның іс-әрекеті, ақыл-ой, ойлау құндылықтары туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, оқыту әдістері және алатын рөлі мен маңызы. ҚР «Білім туралы» заңы, ҚР орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, бастауыш мектептің пәндік оқу бағдарламалары, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері.
Диплом жұмысы кіріспе, 2 тарау, әр тарау 3 бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер және қосымшадан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы