Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде пәнаралық кіріктірудің ерекшеліктері



Дата10.09.2017
өлшемі57.5 Kb.
#20107
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде пәнаралық кіріктірудің ерекшеліктері
Байназарова Тұрсынай Бейсембековна п.ғ.к., доцент

ҚазМемҚызПУ

Алматы

Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу іс-әрекеттері әр түрлі, оқушылардың шындық өмір заттары мен құбылыстарын көркемдік әсерлеуге көмектесетін өзіндік арнайы құралдар-тәсілдері бар.

Бейнелеу іс-әрекет түрлерінің (сурет салу, мүсіндеу, дизайн) өзара байланысы оның мазмұнын байытып қана қоймай, оқушылардың әдіс-тәсілдерді өздігімен меңгеруіне де ықпал етеді. Бейнелеу іс-әрекетінің әр түрінен құралған педагогикалық жұмыс жүйесі оқушының көркемдік дамуын қамтамасыз етеді.

Бейнелеу іс-әрекеті түрлерінің кірігуі біздің тарапымыздан көркемдік тәрбиені кешенді жүзеге асыру жолы ретінде, бастауыш сынып оқушыларының мақсатты және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық жағдай ретінде қарастырылады.

Бастауыш мектептің басты міндеттерінің бірі – оқушыларды іс-әрекеттің барлық түрлеріне, әсіресе, бейнелеу іс-әрекетіне негіздей отырып, олардың даму мүмкіндігін көтеру болып табылады. Осы тұрғыда, эстетикалық тәрбие берудің маңызды құрамдас бөлімдері оқушыларды көркемдік шығармашылыққа бейімдейтін бейнелеу өнері пәнінен авторлық бағдарламалар қарастырылды. Авторлық бағдарламалардың көпшілігі бейнелеу өнері пәнінің басқа пәндермен байланысына негізделген, олар оқушылар үшін қызықты ақпаратқа толы, пайдалы дағдылар мен шеберліктерді дамытады [1, 119 б.]. Бірқатар еңбектерде бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнерінен білім беруде төмендегі бағыттарды ескеру көзделеді: өнердің жалпы тәсілдері арқылы оқушының жеке тұлғалық, гуманистік және интеллектуалдық қасиеттерін қалыптастыру мен дамыту (В.С.Кузин, Б.М.Неменский, Т.Я.Шпикалова және басқалар); өнердің нақты тәсілдер мен түрлерін пайдалану арқылы жеке тұлғаның жеке қасиеттерін арнайы дамытушы бағыттар (С.А.Золочевский, С.А.Полищук, Ю.А.Полуянов және басқалар).

Осы бағыттағы бағдарламаларды оқыту мазмұнын таңдаудағы эстетикалық-тәрбиелілік, эмоциялы-құндылық, мәдениеттану т.б. жетекші принциптері бойынша ажыратуға болады.

Мәселен, В.С.Кузиннің 1-9 сыныптарға арналған жалпы дамытушы бағыттағы «Бейнелеу өнері» бағдарламасы эстетикалық-тәрбиелілік принциптеріне құрылған. Бұл бағдарламаның міндеті – оқушылардың эстетикалық қабылдауын, көркемдік танымын тәрбиелеумен қатар, сурет салудың негізгі дағдыларын меңгерту, шығармашылық қиялдары мен ауқымды ойлауын қалыптастыру [2, 127 б].

Суретші әрі педагог Б.М.Неменский баланың жан-дүниесінде мектеп педагогикасында дүниені танудың бірін-бірі толықтырып, үйлесімді, қатар жүретін рационалды-логикалық және эмоциялық бейнелі формаларына негізделген өнердің эмоциялық-құндылық тәрбиесін жандандыруды ұсынады. «Дүниені тану ғылымдағы эстетикалық элементтер» мектеп циклінің барлық пәндері мен оқушы өмірін жаңа мазмұнмен, адами сезімдермен, адамгершілік қатынастармен байытуды басты мақсат ретінде қояды. Қазіргі заманғы мектептер көркемдік цикл пәндерімен қатар, сыныптан тыс жұмыстарды қоса қамтитын эстетикалық тәрбиенің бірыңғай жүйесі болуы тиіс. «Өнер мен бейнелеу іс-әрекеті бала жаңа аяқ басып отырған қоғамдық қатынастардың ауқымды кеңістігі. Өнердегі көркем образдардың мазмұны материалдық, мәнді, нақты қоғамдық қатынастар. Онда тек суретшінің жеке басының емес, сонымен бірге, оның замандастарының немесе басқа уақыт адамдарының қажеттіліктері, қызығушылықтары, сенімдері мен салттары бейнеленген».

Т.Я.Шпикалова оқушыларда адамгершілік-эстетикалық дүниетанымның қалыптасуы халық өнерін аралас, кешенді үрдіс барысында меңгеру, дидактикалық ойындар, әр түрлі сабақ түрлері (вариациялық, импровизациялы) арқылы жүзеге асырылатындығын айтты [3,157 б.].

Бастауыш мектептің барлық пәндері қандай да шамада эстетикалық бағыт береді: сенсорлық қабілеттерді дамытады, білімнің белгілі бір қорын жасайды және оларды эстетикалық іс-әрекетте пайдалануға ықпал етеді. Сонымен қатар мәні бойынша кіріктірілген пәнге жататын «Дүниетану» деген курсты оқытудың көп жылдық тәжірибесі бар.

Бастауыш сыныпта бір мұғалім математикадан да, сауат ашудан да, дүниетанудан да тағы басқа алғашқы білім беретін пәндердің бәрінен де оқушыларға білімнің негізін қалайды. Педагогикалық тәжірибеде бастауыш мектепте әртүрлі оқу пәндерін бір мұғалімнің оқытуы кіріктірудің тиімділігін арттырады. Бастауыш сыныпта оқу пәндерінің «жақын даму аймағы» ретінде ішкі және пәнаралық байланыстарды пайдалану үшін кәсіби деңгейде түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға тура келеді.

Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде «Бейнелеу өнері» пәні бағдарламаларының мазмұны мен бағыттарының мәні зор. Қазақстан мектептеріндегі бейнелеу өнері пәнінің бағдарламаларына шолу жасау арқылы төмендегідей мәліметтер алдық:

1976 жылғы бағдарламада оқытудың мақсаты мен бағыты анықталып, қысқаша әдістемелік нұсқаулар, бағдар беріліп, онда: «Көркем білім –тәрбие беру, оқушылардың көру, түсіну қабілеттерін қалыптастыру»- делінген. Бағдарламадағы эстетикалық тәрбие беру мәселесі көптеген толықтыруларды қажет етті. 1984 жылы И.Кенбаев, Л.Марченко, Е.Митрофанова т.б. авторлық ұжымындағы жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған бағдарламаның мазмұны мен білім құрылымының жалаңдығы «Бейнелеу өнері» пәнінің мақсат, міндеттерін толық айқындай алмайды. 1987 жылғы осы авторлардың 1-10 сынып оқушыларына арналған «Бейнелеу өнері» бағдарламасында да пәннің мақсат, міндеттері толық айқындалмаған және оқушылардың ойын дамытып, шығармашылыққа қалыптастыру мәселесі тіпті қаралмаған. 1988 жылы 1-4 сыныптардың оқу-бағдарламасында оқушыларды кеңес суретшілері шығармалары негізінде оқыту көзделген. 1994-1996 жылдары орта мектептерде оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге байланысты «Бейнелеу өнері» бойынша жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары жасалды. «Бейнелеу өнері» бағдарламаларында адамгершілікке, эстетикалық тәрбие беруге, әсіресе пәнаралық байланыс мәселелеріне ерекше көңіл бөліне бастады. Пәнаралық байланыс жеке көрсетіліп, әр пән бойынша жіктелген.

Эстетикалық тәрбие жүйесінде «Бейнелеу өнері» мен «Дүниетану» пәндерін кіріктірудің екі мағынасы бар: біріншіден, бастауыш сынып оқушысына қоршаған дүние туралы біртұтас түсінік беру, мұндай жағдайда кіріктіру оқытудың мақсаты ретінде қарастырылады да, кіріктіру оқушыға өзара байланысқан элементтердің біртұтастығы ретінде дүниені тану туралы білім береді. Мәселен, қоршаған табиғат құбылыстары мен көріністерінің бір-біріне тәуелділігі ауа райы, өсімдік және жануарлар дүниесі, табиғат аясында адамның өмір сүруі, өлі табиғат заттары, дүниенің бояулар үйлесімділігі.

Екіншіден, бұл «Бейнелеу өнері» мен «Дүниетану» бойынша пәндік білімдерді бір-біріне жақындастыру үшін ортақ мазмұн мен мақсатты табу. Бұл жерде кіріктіру оқыту құралы ретінде қаралады. Ол баланың білімдарлығын дамытуға, қоршаған орта туралы түсініктерін анықтауға бағытталған. Мәселен, жылдың әр мезгіліне сәйкес табиғаттардағы өзгерістер (күннің суытуы, қардың жаууы, топырақтың тоңазуы, жапырақтардың түсуі және т.б.), өсімдіктер дүниесіндегі (кәрі үйеңкі, жас қайың, шағын емен орманы) өзгерістері зерттеледі, бақыланады, сол арқылы жалпы ұғымдар кіріктіріледі. Осындай міндеттер шешілгенде оқушылар туған жерінің табиғаты жайлы толық білім алып, формалар, құбылыстар, түр-түстердің байлығы, оның алуан түрлілігін көре біледі.

«Бейнелеу өнері» сабағындағы пәнаралық кіріктіру іріленген білім негізінде, яғни сабақты дидактикалық бірліктерді ірілендіру негізінде құру арқылы жүргізіледі. Бұл материалдарды ұсақ бөліктерге бөлмей, тарауға біріктіруге мүмкіндік береді, басқаша айтқанда модельдеуге көмектеседі. Ол бірлесіп іздену барысында баланың жоғарғы танымдылық дәрежесіне көтерілуіне ықпал етеді. Модельдеу әдісі қоршаған шындық объектілері мен құбылыстарды тану процесінде әр түрлі қорытынды сызбаларды, кестелер мен белгілерді, яғни тірек конспектілерін даярлауды қажет етеді. Модельдеу барысында оқушылар оқытылып отырған материалдарды терең де саналы түрде меңгеруге ықпал ететін басты мәселені бөліп алуды үйренеді. Мәселен, бейнелеу өнеріндегі «Кескіндеме», «Графика» тақырыптарын «Түстану» тарауына топтастыра отырып кескіндеме мен графика материалдары негізінде түс танудың қарапайым түсініктерін қалыптастыруға болады. Бұларды оқып үйрену кезінде дүниетану пәніндегі жердің планы, горизонт тұстарын анықтау тақырыптарынан алған біліммен кіріктіріледі. Мұндай жағдайларда оқушы жердің планын кескіндеме бойынша да графика бойынша да бейнелеуге тырысады.

Осы тұста материал мазмұны біртіндеп кеңейеді және байытылады, бірақ әр пәннің негізгі мәселесі басты назарда болады. Мәселен, «Дүниетану» пәнінен «Көктем» тақырыбын өткенде оқушылар бейнелеу өнеріндегі «жарық пен көлеңке», «ең жарық нүкте- блик», «басқа заттан шағылысып түскен жарық – рефлекс», «құлай түскен көлеңке», «заттың өз көлеңкесі» сияқты түсініктер негізінде әр түрлі уақыттағы және әр түрлі ауа-райы жағдайындағы қоршаған дүниені бейнелеу тәсілдерімен таныса отырып, оны бейнелеп сызады.

Бейнелеу іс-әрекеттері түрлерінің өзара байланысы мәселелерін қарастыруымыз да кездейсоқ емес. Тәжірбиені кеңінен сараптау сурет салу, мүсіндеу мен дизайн сабақтарында осы өзара байланыстық есепке алынбай жоспарланатынын, ал сабақ тақырыптары оқушылардың заттар мен құбылыстар туралы бақылаулары, білімдері ескерілетін іс-әрекеттердің басқа да түрлерімен өзара байланыспайтынын көрсетті. Сурет салу, мүсіндеу мен дизайн арасындағы өзара байланыстың жоқтығынан мұғалімдердің әрбір бейнелеу іс-әрекетіне тән бейнелеу тәсілдерін есепке алмай, «Бейнелеу өнері» пәнінің бағдарламалық міндеттерін жеке-жеке шешетіндігі де байқалады.

Өзара байланыс арқылы оқушылар қоршаған орта заттары мен құбылыстарын әр түрлі құралдар, амал-тәсілдер мен материалдарды іздестіру барысында бейнелі түрде суреттеу мүмкіндігіне ие бола отырып, әсерлі бейнелеу тәсілдерін салыстыруды, таңдауды және бағалауды үйренеді. Сөйтіп, балалардың дамуы неғұрлым белсенді жүргізіледі. Мәселен, «Көңілді алаң» тақырыбы бейнелеу іс-әрекеттерінің барлық түрлерін кіріктіру. Бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тәрбие беруде «Бейнелеу өнері» мен «Дүниетану» пәндерінің пәнаралық байланысы негізіндегі кіріктіруге көп көңіл аударылады. Мұнда басты мәселе негізгі білімдерді біріктіру және ешқандай пән өз мағынасын жоғалтпайтындай жоғары нәтижеге жету.



  1. «Бейнелеу өнері» (1-4 сыныптар) бағдарламалар. – Алматы. РОНД, 2003. – 20 б.

  2. Кузин В.С. Программы общеобразовательных учреждений. Изобразительное искусство 1-9 классы. М: «Просвещение», 1994, – 174 с.

  3. Шпикалова Т.Я. Изобразительное искусства. Основы народного и декоративно-прикладного искусства М, 1996 г.

Түйіндеме

Мақалада бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде пәнаралық кіріктірудің ерекшеліктері қарастырылады.



Резюме

Одно из центральных мест занимает эстетическое воспитание, которое предполагает нравственное совершенствование личности школьника, является эффективным средством умственного и эстетического развития, средством формирования его духовного мира. Возможности эстетического воспитания возрастают при условии интеграции учебных предметов, раскрывающих целостную картину окружающего мира.


В статье рассматривается эстетическое воспитание учащихся начальных классов на основе межпредметной интеграции учебных дисциплин «Изобразительного искусства» и «Познание мира»


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді