Бастауыш мектепте математика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру



Дата10.09.2017
өлшемі78 Kb.
#20011
Бастауыш мектепте математика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру

Сауытбаева И.Д.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент
Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі коғамның түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарлауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдық-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның болашақта бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына енуін жоспарлап отыр.

Осы алдыға қойған мақсатқа жету бүгінгі ғылыми – техникалық прогрестің, жаңа ақпараттар ағымының қарыштап өсуі өндірісті автоматтандыру, комьпютерплендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендеп отырған өтпелі кезеңде жас ұрпаққа ғылым негіздерін меңгертуде білімді әлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік мәселеге айналып отыр.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында былай деп көрсетілген:

Білімді, білік – дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық – зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін - өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдылық болып табылады».

Қазақстан Республикасы орта білімнің мемлекеттік стандартында: «білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әртүрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалгқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім – тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясынан алынды».

Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділікті дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға дұрыс қойылуы. Проблемалы дамыта оқыту талаптарын жүзеге асыру, бастауыш сынып оқушысын шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Проблемалап оқытудың әр түрлі аспектілерін қарастырған В. Оконь, М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер, М. И. Махмудов және т.б. ғалым педагогтар.

Психологиялық тұрғыдан Л.С. Рубенштейн, Н.А. Менчинская, А.М. Матюшкин және т.б. қарастырған.

Қазақстанда проблемалық оқытудың мәселелерін Т.С. Сабыров, Р.М. Қоянбаев және т.б. педагог ғалымдар зерттеген.

Оқу процесіндегі оқушылардың танымдық белсенділіктің жалпы заңдылығы негізінен проблемалық сұрақтар, проблемалық танымдық міндеттер және зерттеушілік сипаттағы оқу міндеттерін қоюдан туатын оқушының интелектуалдық күшін ашуға көмектеседі. Проблемалап оқытуда көздейтін мақсат оқушыларға білімді даяр күйінде беріп, мұғалімнің өзі баяндап бермей олардың алдына белгілі проблемалы міндет қойып, шешімін өздеріне тапқызуға бағыттау.

С.Л. Рубинштейн адамның белсенділігін былай түсіндіреді: «Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан ішкі шарттар арқылы әрекет жасайды ». Белсенділік субъектінің оъектіге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына сәттердің болуын қалайды: объектілерге бағытталған ыңғайлы таңдаушылық; объектіні таңдаудан кейін мақсаты, тапсырмаларды қою; іс - әрекетте объектінің қалыптасуы; мәселені шешуге бағытталуы. Практикалық әрекеттік жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етеді, таниды, өз қажеттіліктері мен мақсатарына сәйкес құрады.



Таным – қоғамдық тәжірибенің дамуымен тәуелді адам ойлауында шындықтың бейнелену және қайта жаңғыру барысы, нәтижесі әлем жайлы жаңа білімдер болып табылады. Арнайы ұйымдастырылған таным оқу-тәрбие барысының мәнін құрайды.

Танымдық белсенділік - тұлғаның әрекеттік күйі, білімді меңгеру барысында оқуға ұмтылумен, ақыл-ой кернеуімен, ерікті күш жігерімен көрінеді.

Физиологиялық негізі – бүгінгі күй мен өткеннің арасындағы келісімсіздік – деген анықтаманы профессор Р.М. Қоянбаев өзінің педагогикалық сөздігінде берген.



Танымдық белсенділік оқу-тәрбие процесінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Оқу процесін белсендендіру жолдары оқушылардың қызығушылығын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығушылықты дамытуды көздейді, сабақтың қай түрі болсын қызығушылықпен уәждеиелеуге (мотивация) бағытталады. Білімді демократияландыру мен ізгілендіру оқушы қызығушылығын негізгі орынға қояды.

Танымдық белсенділік категориясы бірқатар психологиялық-педагогиалық еңбектерде қарастырылған (Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубенштейн және т.б.). мәселен ,қызығушылықты қалыптастыруда Н.К.Крупская қоршаған ортаны және балаға жақсы тенымал деректер мен құбылыстарды, білімді меңгеруде зерделі көзқарасқа тәрбиелейтін мақсатты сананы тірек ету қажеттігіне тоқталады.

Танымдық белсенділік арттыру үшін оқушыдның таным қызығушылын қалыптастыру қажет. С.Т.Шацкий қызығушылықтың психологиялық негізіне белсенді іс-әректке деген қажеттілікті жатқызды. Бұл қажеттіліктен көзқарастар, ой-пікірлер, дағды, іс-әректтер, қызығушылық туындайды. Балаларды баурап алатын құбылыстар ақыл – ойға, эмоцияға, күш – қуатқа нәр береді, ал бұл болса олардың іс- әрекетінде еөрініс табады. С.Т.Шацкийдің қызығушылықты іс-әрекетке тәуелді етіп көрсеуі қызығушылық теориясына қосқан елеулі үлесінің бірі болды, алайда іс - әрекеттің рөлін және баланың оқу барысындағы өзіндік тәжірибесін әсірілеп көрсету күнднлікті меңгерілетін білімнің ролін жете бағалаушылыққа әкеледі

Баланың жалпы даму мен ойлау әрекетінің сапасын жақсартып, дамытудақызығушылықтың маңызын Л.С.Выготскиий де ашып көрсетеді. Ол баланың ойлау қабілетін белсендендіретін және оған қажетті бағдар беретін, қажеттілігі мен қызығушылығын оятатын қозғаушы себептерге (мотив) тоқталады. Ғалымның пайымдауынша, бала қабілетінің дамуы оның алға тез жылжуымен шектелмейді, ол оның жас мүмкіндігіне сәйкес келетін іс - әрект түрлерін терең меңгере алуына, білім қорына және алған әсерлеріне байланысты балады. Баланы қоршаған ортағының бәрі қызықтырады, ол бойындағы бар мүмкіндікті пайдалана отырып,қолынан келетін іс - әрекет түрлеріне белсене араласады, өзінің әрі қарай дамуына жол ашады. Сөйтіп, қоршаған орта және іс - әркет түрлерімен белсенділікпен жан – жақты танысу тек қана дамыған қызығушылықтың негізінде ғана мүмкін болады

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.

«Математика» пәнінің білім стандарты – Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы барлық түрлеріне ортақ математикадан оқушылардың алатын міндетті (минимум) білім деңгейін тағайыдайтын құжат.

«Математика» пәні бойынша бастауыш білім стандартындағы білім мазмұнын оның құрылымын анықтау төмендегідей ұстанымдарды ескеру арқылы жүзеге асырылады:



  • Ізгілендіру

  • Интеграция

  • Дидактикалық бірліктерді ірілендіру.

Математикалық білім стандартында математикалық білім, білік, дағдыларды игеру, танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға, еңбекке бейімдеу, оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту көзделген. Сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтың және ұлттың болмысты дүниежүзілік мәдени мұраларын үндестіру, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындау арқылы баланы жеке тұлға етіп қалыптастыруға басымдық берілген.

Математика да өнер сияқты таным әдісі. Оқушының таным әрекетін жақсарту үшін, ойын-сауықтардың, қызықты сұрақтардың, жұмбақтардың, мақал-мәтелдердің математикалық негізін біліп, оларды тұжырымдауда қолданылатын математикалық тілдерді меңгеріп, оқиғаны өмірмен байланыстырып, оның тәрбиелік мәнін ашып отыру қажет. Мұны математика пәнінің мазмұны да, оқу бағдарламасы да талап етеді. Көптеген зерттеу жұмыстары мен мектептегі озат тәжірибелерді баспа бетінде жариялау мұны мойындағанымен, оқыту үрдісінде қалай пайдалануға болатындығына нақты материалдың жоқтығы мәселені қиындата түседі. Біздің зерттеуіміздің теориялық та практикалық маңызы бар.

Математика күрделі пән болу үстіне, ол ақыл-ой оралымдылығына, әлем бірлігін түсінуге қызмет етеді. Математиканы оқытудың тәрбиелік мәні мен практикалық мазмұны математиканы мектепте оқытудың білім беру мақсатымен ұштасып жатады.

Математиканы оқытудың жалпы білімдік мақсаттары мұғалімнен төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізуді талап етеді:



  • Оқушыларға математикалық білімнің, біліктің белгілі жүйелерін меңгерту;

  • Болмыстағы ақиқатты танудың математикалық әдістерін меңгерту;

  • Математика тілін, терминологиясын меңгерту, қалыптастыру;

  • Математикалық интуициясын дамыту;

  • Оқу қызметін ұйымдастыруға қажет болатын математикалық мағлұматтарды тиімді пайдаланудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

Оқушы аталған мақсаттарды жете түсініп, білімді берік, саналы және жүйелі түрде игере алса, онда оқу міндеттерін іске асырып, күнделікті тұрмыста кездесетін алуан түрлі мәселелерді шеберлікпен шеше алады.

Сондықтан мұғалім бірінші сабағында-ақ, сол сияқты жыл бойы, реті келгенде оқылып отырылған немесе түсіндірілетін материалдың практикалық және теориялық қажеттігін ашып отырады. Мысалы, интеграл дененің көлемін тапқанда, тізбек шегін, нақты сандарды шектеусіз ондық бөлшек көмегімен жазуда, функция үзіліссіздігінің «эпсилон – дельта» тіліндегі анықтамасында, сандық әдістерде пайдаланылады. Ал сандық әдістердің практикалық маңызы зор. Оқушының практикалық мазмұны бар мәселелерді шешуде математикалық әдісті пайдалануы үшін алдымен қажетті математикалық білімі болуымен бірге, математикалық құралды дұрыс пайдаланып, қарастырылып отырған математикалық үлгінің қолданылу аясын білуі қажет.

Танымдық белсенділік – оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.

Оқушының өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алуды оқушылардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат-міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт беріп, басқарып отыру – мұғалімнің міндеті.

Ахмет Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық – кез келген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу – бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.

Ал, В. Г. Лембергтің пікірінше, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:

А) жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;

Ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

Б) жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы.

Оқушының оқу-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі – оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз, ой еңбегінің мәдениетімен байланысты. Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңу, табандылық, есте сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар, нұсқаулар беруі; жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері; олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеу, оған әсер ететін мотивтер т. б.

Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы – осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.

Оқушылардың дербестігінің даму деңгейіне қарай өзбетінше істейтін жұмыстарды репродуктивтік және шығармашылық деп арнайы екі топқа бөлуге болады.

Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:



  1. Өзбетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы;

  2. Оқуға деген қабілетінің артуы;

  3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті;

  4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау;

  5. Өз ойының дербестігі.

Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүргізу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

Репродуктивтік жұмыстарға – оқушының дайын үлгіге қарап жасайтын жұмыстары (көшіріп жазу, жаттығулар, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақ үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау т. б.) жатады.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Шығармашылық жұмыстар – оқушының өздігінен шығарма, баяндама, реферат, өлең шығару, модельдеу, көрнекі құралдар жасауы т.б.

Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады, ойлауды жандандыра түседі және оқып үйренуде оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады. Оқушының өзіндік жұмысы оқу материалын нығайта түсу, жаңа материалды игеру мақсатын көздейді.

Оқушылардың оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамыту, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады.

Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерін өзінің даму деңгейінен белсендендіруде танымдық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.

Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.

Қазіргі есептеу техникасының дамуына байланысты қолданбалы зерттеулерде математикалық эксперименттердің бәсі артып отыр. Математика әдістері әр салада қолданыс табуда. Мәселен, математикалық есептеуіш машинаның көмегімен өткен ғасырдың ортасында қойылған атақты төрт түсті бояу мәселесі шешілді. Оның мәнісі – картадағы әрбір көршілес екі ел әртүрлі түспен бояғанда, кез келген картаны жасау үшін түстердің ең аз саны қанша болуы керек? дегенге тіреледі. Мұндай түстердің саны төртеу екенін американ математиктері К. Аппель мен В. Хакен 1976 жылы дәлелдеген. Сол сияқты, биологтардың вирусологиядағы табыстары вируспен ауырған өсімдіктерге, жануарларға және адамдарға көмегін тигізуде. Бұл да математикамен байланысты. В он екі витаминін синтездейтін бактерияның өсіп-өну жылдамдығы мен оған әсер ететін құраушыларының арасындағы байланысты көрсететін математикалық теңдеу қорытылып шығарылды.

Биология мен математика саласындағы ғалым – мамандардың бірлескен еңбектерінің нәтижесінде кейбір тірі организмдердің өсіп-өну заңдылықтары, жыртқыш пен оның жемтігі болатын жануарлардың қатар өмір сүру мүмкіндігінің теңдеуі, олардың арасындағы тәуелділік есептелініп табылды. Соның нәтижесінде жыртқыштарды аулаудың мерзімі тағайындалды. Біз бұл арада анықталған тәуелділікті біле отырып, алдымен математика әдістерін пайдаланып, тиісті қорытындыдан кейін тиімді нәтижеге қол жеткізуге болады дегенді айтамыз.

Компьютер өндірісті дамытып, еңбек өнімділігін арттырумен қатар, халық шаруашылығының әртүрлі салаларына еніп, жаңа әдістің, ілімнің пайда болуына себепші болды. Иммунология мен томография - соның куәсі, жемісі. Жаңа Сібір – 67 бидайының сортын алуда, александрит, опал минералдарын синтездеуде, Саха тас тұзын ашуда, Шевченко АЭС-ын салуда, Алдан жеріндегі алтынды тасты өмірге әкелуде компьютер кеңінен қолданылды. Компьтерсіз ауа-райын алдын-ала болжау, сондай-ақ, дыбыс жылдамдығынан тез ұшатын кемелерді басқару мүмкін емес.

Оқыту үрдісінде жоғарыда айтылғандарды біртіндеп кірістіріп, оқушыларға түсіндіре жүру – мұғалімнің жұмысы. Әрбір оқушы мұғалім назарынан тыс қалмауы тиіс, өйткені қазір дара тұлғаны тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіне тұр. Математиканың жалпы мәдениетті көтерудегі қызметін сабақ үстінде де, сабақтан тыс ұйымдастырылатын жұмыс кездерінде де, ерікті шұғылданыстар кезінде де айтуға болады.

Оқыту, тәрбие жұмыстары нәтижелі болуы үшін:

1) Жұмыс жоспарлы түрде, үздіксіз жүргізіледі;

2) жұмыстарды еріктілік, саналық негізде ұйымдастарып, оқушының оқу қызметін қамтамасыз ету қажет.

Көптеген математикалық ұғымдар ойлаудың дамуына белсенді әсер етеді. Мысалы, функциялық тәуелділік сияқты математиканың негізгі ұғымы қарастырылып отырған үрдістер мен құбылыстардың, сандық сапасын сипаттайды. Осы жерде Декарт енгізген айнымалы шаманы сипаттап, Декарттық координаталар жүйесіне тоқтаған жөн.

Мұғалім танымның тек шама жағынан бейнеленген заңдылықтарын оқушыларға түсінікті тілмен қарапайым мысалдар арқылы пайымдауы қажет.

Белгісіз объектіні жанама жолмен танып білу тікелей шешуге болмайтын қиындықтан туады. Мысалы, Жер шарының меридиан ұзындығын біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда Кереннен шыққан Эратоспен есептеді. Меридиан ұзындығын табиғи жолмен есептеу мүмкін емес. мұндай есептерді шығару үшін модель құру керек. ал, Самостан шыққан Аристарх бұл қашықтықты геометриялық жолмен есептеп шығарды. Осы сияқты оқушылар Жер бетіндегі өлшеу жұмыстарына байланысты (тоған, жаяу адам, көлік) есептерді шығару кезінде кездеседі. Теңдеу мен теңдеулер жүйесін құра білу, алгоритмдермен жұмыс істей алу, сыныпта отырып-ақ, мұндай есептерді шығаруға мүмкіндік береді. Сонда алгоритмдер мен теңдеулер және теңдеулер жүйесі есепті шығарудың моделі болып табылады.

Танымның басқа да әдістері бар. Олар басқа ғылымдар не олардың пайдаланатын әдістері.

Математика ұғымдарының дерексіздігі мен жалпылығы оның қолдану аясын кеңейте түседі. Тек қатыстар мен математикалық символдарға тиісті жаңа мағына бере білу керек.

Әркім өз мамандығына қарай, бір нәрсені әртүрлі қабылдауы мүмкін. Бұл – шығармашылық, жетістік. Бізге де керегі де осы. Мәселен, сызықтық, функция – біреуге түзу болса, екіншіге – берілген телеграмманың құнын есептейтін формула, үшіншіге – сызықтық ұлғаюы, төртіншіге – жол формуласы т.т. Мұндай мысалдар математикада жеткілікті.

Біз неге үшкір, аққұман неге шар тәрізді, шәйнектің түбі неге жалпақ, машина дөңгелегі неге үшбұрышты емес, май жаққан нан неге жерге май жағымен түседі, құмырсқа биіктен құласа неге өлмейді, өрнекші өрмегі неге дұрыс көпбұрыш, бал арасының ұясы неге дұрыс алтыбұрыш, 37, 108,47 деген не, ұзын адам неге теңселіп жүреді, қанатын жұлған көбелек неге қисайып ұшады, неге ешкі өседі, жеті атада неше адамның қаны бар, ұсақ дәннен гөрі ірі дән неге пайдалы, жел тұрмаса шөптің басы неге қимылдамайды деген сияқты сұрақтарға жауап беру оқушының танымдық қызығуын тудырып, өмір мен математиканы байланыстыра, жақындастыра түседі.

Бастауыш мектепте дамыта оқыту оқушының қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденуін, байқағыштығын дамытуды талап етеді.



Дамыта оқыту үшін оқытудың жаңа технология түрлерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызу, сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған орта өзгерісімен байланыстыру – оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.

Ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», - деп атап кеткендей, оқушыны дамыта оқытуда жаңа технологиямен жұмыс істей отырып, оқушының білім-біліктілігін, дағдысын, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту қажет.

Сондықтан бастауыш сыныптың математика сабағында дамыта оқуды өз сабағына қолданған К. Шаймолданованың сабақ жоспарын ұсынып отырмын.

Білім алуға деген рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру адамның қызығушылығын, танымдық қабылдауын тәрбиелеуден басталады. Жеке тұлғаның қызығушылығының ішіндегі ең күрделілерінің бірі – танымдық қызығушылық. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында озат мұғалімдер танымдық ойындарды қолданып жүр. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту үшін танымдық, ролдік, психологиялық ойындардың маңызы зор.

Бастауыш мектеп оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын ойдағыдай меңгерту үшін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану және оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру талап етіледі.

Білім алуда оқушының оқуға талабы, ынтасы, қызығуы және оқудың қажеттілігін сезінуі үлкен рөл атқарады. Бұл жайттарды ескермей, балаларды білім негіздерімен қаруландыру қиын. Сондықтан да ең алдымен оқушыларды білім алуға қызықтыруға, яғни олардың білуге деген ынтасына айрықша көңіл бөлінеді. Сондай-ақ берілген білімді тұрақтандырып бекіту үшін оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге үйрету қажет. өздігінен жұмыс істеуге үйренген оқушы алған білімін іс жүзінде еркін пайдалана алатын болады. Оқытудың мақсаты да осы.

Оқушылардың белсенділігін арттыруға арналған тапсырмалардың әр алуан және мол болғаны жөн.

1. Математика сабағында оқушылардың өздігінен жасайтын түрлі жұмыстары таным белсенділігін арттырады.

2. Математика сабағындағы өзіндік жұмыстар баланың оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін қалыптастырады.

3. Бастауыш сынып математика сабақтарында танымдық белсенділікті арттыру оқудағы саналық пен беріктікті қамтамасыз етіп, оқушыға қажетті біліктер мен дағдыларды қалыптастырып, оқушының оқуға ынтасын арттырады.



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жлдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 2004, 11-қазан

2. Қазақстан Республикасында бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты – Алматы: РБК, 2002.

3. ҚР жалпы орта білім берудің мемелекеттік жалпыға міндетті сстандарты.

4. Скаткин М.Н. Совершенствование процесса обучения. – М., 1971.

5. Скаткин М.Н. О школе будущего. – М., 1977.

6. Байтурсынов А. шығармалары: өлеңдер, аудармалар, зерттеулер (құрастырғандар; Шерiпов 8, Дәуiтов С). - Алматы: "Жазушы", 1989.­320 б.

7. Есипов Б.П. Самостоятельная работа учашихся в процессе обучения. – М., 1961.



8. Сабыров Т.С. Оқыту теориясының негіздері. – Алматы: 1933
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді