Бастауыш мектеп оқушыларының жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеттерін ауыз әдебиеті үлгілері арқылы дамытудың әдістемелік негіздері


Дене шынықтыру тәрбиесі эпостық шығармаларда бірінші кезекке қойылады. Атқа міну, мергеншілік, найзагершілік, қылыш шабу шеберліктері дәріптеліп, бұл өнерлер оңайлықпен келмейтіндігі суреттеледі



бет4/5
Дата10.06.2022
өлшемі266.61 Kb.
#267688
түріДиссертация
1   2   3   4   5
Байланысты:
Имекова
Байсенгирова М

1. Дене шынықтыру тәрбиесі эпостық шығармаларда бірінші кезекке қойылады. Атқа міну, мергеншілік, найзагершілік, қылыш шабу шеберліктері дәріптеліп, бұл өнерлер оңайлықпен келмейтіндігі суреттеледі.

2. Батырлық жырларды тыңдаушы жақсылық пен жамандықты, мейірмандық пен зұлымдықты көз алдына елестетіп, батырға тек күш-жігер ғана керек емес, ақылды, айлакерлік керектігін сезініп, ой-өрісін дамытады. Шығармадағы қызықты оқиғалар, отты сөздер, өнегелі іс-әрекеттер тыңдыушыны неғұрлым көп білуге қүштарландырады.

3. Халық Отан қорғау адамгершіліктің асқар шыңы деп тұжырымдайды. Бұл үшін ерлік жасаудан артық адамгершілік болмаса керек. Сондықтан батырлардың ауыздан-ауызға мәңгі жатталған бейнелері өздерінің үлгі-өнегелік құнын еш уақытта жоймайды. Қобыланды, Ер тарғын, Қамбар бейнелері қазіргі жастарға да үлгілі.

4. Батырлық жырларда халық үшін аянбай еңбек еткен, еңбексүйгіш, кішіпейіл, саналы жандар да тәрбиелік үлгі ретінде баяндалады. Мысалы: Қамбар батыр аң аулап, "алпыс үйлі арғын мен тоқсан үйлі тобырды асыраған. Халық батырларды міне осындай қасиеттері үшін бағалаған.

Мақалдар мен мәтелдер - тәрбие құралы.

Мақалдар - накыл, өсиет түрінде айтылатын филисофиялық ой-түйіндері, сөз мәйегі. Мақал, негізінен, екі бөлімнен құралады. Бірінші бөлімде пайымдау, екінші бөлімде ой қортындысы айтылады.

Қазақ халқы — сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне нарықтап пайлалану дәстүрге айналған.

Мазақтамалардың тәрбиелік мәні.

Мазақтаманың негізгі мақсаты - баланың мінін айтып, сынау ұялтып оны тәрбиелеу. Мысалы:

Жұмыс десе, шалағай,

Тамақ десе, қомағай.

Жүрміз сағал жоламай,

Әй, Шалабай, шалағай.

Мазақтамаларды отбасында, балалар бақшасында, мектептеде жатқа айтқызу арқылы балалар поэзиясының бұл түрін де тәрбие жұмыстарына -енгізу арқылы, кейіпкерге ұқсамай, тәртіпті бала болуға шақырады.

Өтірік өлең.

Өтірік өлеңдерді оқушылардың ой-қиялын, тілдік қорын дамыту үшін пайдаланады: Өтірік өлеңде көркем бейнелер жасалынады, өлеңнің желісі күлкілі сюжеттерге, үдеген фантастикаға құрылады. Балаларды өтірік пен шындықты айыруға үйретеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру