Бастауыш мектеп оқушыларының жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеттерін ауыз әдебиеті үлгілері арқылы дамытудың әдістемелік негіздері



бет2/5
Дата10.06.2022
өлшемі266.61 Kb.
#267688
түріДиссертация
1   2   3   4   5
Байланысты:
Имекова
Байсенгирова М

Халықтың ертегілері, аңыз әңгімелері, мақал-мәтелдері, басқыншы жаудан ел қорғау жолында ерлік жасаған батырлар жайында шығарған жырлары – адал еңбекті, халыққа қызмет етуді, халықтың жауларына қарсы күресуді, езелеген еңбекшіге болып жәрдемдесуді жырлайды. Бұл жолда халыққа адал ниетімен қызмет еткен адамдарды ардақтайды, олардың ісін кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге етіп ұсынады. Ал жағымсыз мінез-құлық, іс-әрекеттерді халықтың ауыз әдебиеті жиренішті түрде суреттейді, олардан безуді, жек көре білуді уағыздайды.

Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні.

Шешендік сөздер — ел құралып, халық қалыптаса бастағаннан бері халықтың өнеге тұтып, өмір тәжірибесіне пайдаланып келе жатқан, билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің ел ағасы болған данышпандардың өткір ойшылдардың аузынан шыққан дуалы, өнегелі қисынды қасиетте сөздер.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі шешендік сөздер мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш топқа бөлуге болады. Өлеңмен айтылған шешендік сөздер – термелі, қара сөзбен айтылғандары пернелі деп аталады. Арнаулы шешендік сөздср: әзіл-сықақ, сын баға алғыс, естірту, көңіл айту. Шешендік толғау: өсиет, насихат. Шешендік дау: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы. Мектепте шешендіктің мәнін жан-жақты ұғындыратын алуын түрлі әдеби жұмыстарды ұйымдастыруға болады; пікірталас, пікірсайыс, білім жарыстыру. сахыналық қойылымдар ұйымдатыру т.б. Мысалы: қазақ халқының шешен билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би -халықтың ұлттық бірлігін нығайтып, халықтығын сақтауға зор әсерін тигізген данышпан, шешен, ойшыл көсемдер. Солардың бейнелерін сахнада көрсетіп, сөздеріе өнеге етіп, оқушыларды даналыққа, әділдікке, имандылыққа, тілдік қорын молайтуға баули отырып тәрбиелеу, келешек ұрпағымыздың рухани байлығы.

Мінез-құлық тәрбиесі.

Есту мен көру арқылы адам жақсыға жақындап, жаманнан жерініп өтеді. Жақсыны жүрісінен тануға болады дейді. Мінез-құлықты тіпті жүріс-тұрыстан да байқауға болады. Сондықтан оларды қалыптастыратын түрлі ережелер мен тиюлар болған. "Үйге жүгіріп кірме", ("асығыс шайтанның ісі"), "Қолыңды төбеңе қойма (Күн мен айдың қүдіретіне басыңды бүркеме)", "Босағаны керме" (үйге кірер несібеге кедергі болма) деген тиюлар бар. Ал, қыз балаға қырық үйден тыю дегедей, ол арқылы ел көрегендігін біледі. Жат жұртқа барғанда өз ауылының елшілік қызметін атқарады, соның әдептілігін қарап, барған жері халқының, ата-анасының көрегендігін байқайтын болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру