М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ Бастауыш мектеп оқушыларының жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеттерін ауыз әдебиеті үлгілері арқылы дамытудың әдістемелік негіздері Ғылыми жетекшісі: PhD доктор, аға оқытушы Абдуллина Г.Т. Тақырыптың өзектілігі Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларына білім беру жолын, мазмұнын, формасын өзғерте отырып, оқушыларды жақсы біліммен қамтамасыз ету, халықтық салт - дәстүрлер негізінде тәрбиелеу қолға алынуда. Халық псдагогикасын сабақ барысында қолдану оқушылардың біліміне, психикалық процестері меп танымдық қасиеттерінің дамуына өте күшті әсер етеді. Халық педагогикасын қолданып сабақ өткізу, білім беру ұтымды. Арнайы сабақ, ойын сабағында болсын халық педагогикасын қолдану қажет деп ойлаймыз. Жалпы халық педагогикасының білім саласында маңызы зор. Зерттеудің мақсаты Бастауыш сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде, адамгершілік нормаларын халық педагогикасы негізінде меңгертіп дамыту. Зерттеудің міндеті Халық педагогикасында бала тәрбиесі жөніндегі негізгі бағыттарын нақтылау; қазақ халық шығармашылығының бастауыш сынып оқушыларын оқу-танымдық белсенділігін дамытудағы мүмкіндіктерін анықтау және педагогикалық жіктемесін жасау; халық педагогикасы материалдарын оқу-тәрбие процесіне ендіру формалары мен әдістерін анықтау.
Халық педагогикасы материалдарын мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың әдістері оқу процесінің барлық компоненттерімен, әсіресе оның мақсат-міндеттерімен тығыз байланыста екенін атап айтқан жөн. Психологтардың пікірінше, сабақтарды үнемі бірсыдырғы, бір деңгейде ұйымдастыру формалары балалардың тез шаршауына, қабылдау мен ойлау әрекеттерінің тоқырауына, қызығушылығының бәсеңсуіне әкеп соғады. Сондықтандан халық педагогикасы материалдарын пәндерге қосымша ретінде енгізілуіне байланысты оқу ақпарының молаюы оларды игеруде күрделілік туғызады. Ішкі қор арқылы түрлендіру, құрылымы жағынан тиімді ұйымдастыру жұмыстары ғана жағымды жетістіктерге қол жеткізеді. Осы ретте қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде кеңінен орын алған дәстүрлі емес сабақтар (іскерлік ойын, пресс-конференция, жарыс, КТК, аукцион, шығармашылық есеп, лекция-концерт, ойын, брейн-ринг, телекөпір, экскурсия, ғажайып алаң, т.б.) өткізу, сондай-ақ оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа да көмекші формалары (лекция, семинар, конференция, консультация, факультатив, т.б.) қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |