Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас


Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік тәрбиесінің мазмұны



бет5/10
Дата12.06.2022
өлшемі1.04 Mb.
#268152
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас
Aizat, kur -bastauysh-synypta-korkem-shygarmanyn-keybir-turlerin-oqytudyn-adis-tasilderi-46, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік тәрбиесінің мазмұны


Бүгінгі таңда қоғамдағы «Тәрбиенің мақсаты-жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру қажет»-деп көрсетеді. Осыған байланысты біз бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерінің мәнін ашу үшін «жеке тұлға» деген ұғымға түсініктеме анықтама беруге болады.
«Жеке тұлға» ұғымы психологтардың көзқарасы бойынша, жеке организм-жеке адам тұлғасы. Бұл саналы іс-әрекет обьектісі. Тұрақты және әлеуметтік маңызды қасиеттерге байланысты, жеке адам-қоғам мен ұлттың бірлескен мүшесі, жеке тұлға өзіндік сана мен қоғамдық сананың пайда болуына байланысты қалыптасады.
Жеке тұлға ретінде жеке адам немесе организмнің барлық психологиялық ерекшеліктері қарастырылады .
Жеке тұлға-бір жағынан интеграциялық ұйым. Оның бойында танымдық, аффектілік, тұлғалық сипатын көрсететін қасиеттер сақталған. Оның басқа адамдардан айырмашылығы да сонда.
Күнделікті тіршілікте жеке тұлғаның әртүрлі қасиеттері ашыла түседі. Психалогиада жеке тұлға туралы көптеген психологтардың пікірлері бар. Олардың әрқайсысы жеке тұлға туралы әртүрлі анықтама береді.
Адамның жеке тұлға диагностикасын қолайлы жағдай туғызу мен қалыптастыруға ең тиімді жолдар іздеуде, оның құрылысын зерттеуде, пайда болу заңдылықтарын білуді қажет етеді.
Жеке тұлға теориясы-адам бойында қалыптасқан ойлар мен гипотезалар жиынтығы. Жеке тұлға теориясын зерттеу көптеген жаңа ойларға қол жеткізеді. Бізге қызығушылық туғызатын бастапқы: адам табиғаты. Біздің мақсатымыз-адам бойындағы қалыптасқан қасиеттерді зерттеу.
Жеке тұлға теориясы-негізгі екі функцияны атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді және алдын ала болжайды. Жеке тұлға теориясы адамның жеке басындағы мінез-құлықты зерттеп, қалыптасқан жүйесіне түсініктеме береді. Ол адамның мінезінің сан қырлы ерекшеліктерін түсіндіреді.
Жеке тұлға теориясы-адамның күнделікті тыныс-тіршілігін түсіндіре алады. Жеке тұлғаның өзара қарым-қатынасы-олардың болашағына, көзқарасының дамуына, алдын-ала болжам жасайды.
Психология ғылымында «жеке тұлға» туралы мынадай теорияларды айтуға болады.

  1. Психодинамикалық теория. З.Фрейдтің (4865-1939ж) психодинамикалық теориясы адамның мінез-құлқын психоаналитикалық қарым-қатынас арқылы зерттеуге келтірілген.

  2. Жеке тұлғаның Эго теориясы (Э. Эриксон). Бұл теория бойынша, қоғамға және жеке адамдарға, олардың барлық өмірі бойында жеке басының қалыптасуы тепе-теңдік теориясына негізделген.

  3. Джулиана Роттердің әлеуметтік ілім теориясы. Әлеуметтік ілім теориясын Д.Роттер қоршаған ортаны зерттеу арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас түрлерінің әлеуметтік әсерін қабылдаудың нәтижесі деп түсіндіріледі. Бұл теория-әлеуметтік үйрену, адамның мінез құлқын, тұрмыс қызметін әлеуметтік ортада қабылдауға негізделген. Ол көбінесе адам сұранысына байланысты, ортамен қарым-қатынас жасау арқылы қалыптасады.

  4. Альберт Бандураның әлеуметтік когнитивтік теориясы. Ол жеке тұлғаның және әрбір адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезіндегі мінезіндегі өзгерістің ауытқу ерекшеліктерін көрсетеді. Оның дәлелденуіне «адамдар концепциясы, яғни мінезі мен қоршаған ортаға өзара бейімделеді. Бұл ретте жеке тұлға дәрменсіз обьект емес, ортаны бақылайтын сананы әрі күш қуаты бар адам ретінде танылады және ол ойланған жетесіне жетіп, оны іске асырады. Бұл теория бойынша мінез құлық реакциясы мен айналадағылардың дамуы, ортамен сыпайы түрде қарым-қатынас жасауға негізделген.

Джорж Келлидің жеке тұлғаның когнитивтік теориясы (1967) Жеке тұлғаның когнитивтік теориясы бойынша адам бойында конструктивті заттар болады. Бұл арқылы қоршаған ортадағы интерпретациялық оқиғаны ұдайы жинайды. Бұл жиналған конструктивті заттар сол адамның негізін айқындайды. Бұл теория кейде «жеке тұлғаның теориясы» деп аталады. Осы арқылы жаңа конструктивті ойлар қалыптасады. 
Раймонд Кеттелдің жеке тұлға қасиетінің құрылыс теориясы. Бұл теория эмпирикалық әдістің зерттеулерін нақты пайдалануға негізделген. Кеттел факторлық талдаудың көмегімен жеке тұлғаның игі қасиеттерін ашу мақсатында мінездің ғылыми моделін конструкциялаған. Кеттел бойынша, жеке тұлға белгілі бір жағдай кезінде дәлелденуге арналған жеке адамның мінезі. Адамның жеке қасиеті, Кеттел бойынша, жеке тұлға белгілі бір жағдай кезінде дәлелденуге арналған жеке адамның мінезі. Адамның жеке қасиеті Кеттел бойынша, оның гипотезиялық психикалық құрылысы. Ол адам мінезінің белгілі бір істі бітірудегі, оны аса бір ынтамен, ниетпен ойлап істеудегі психологиялық сипаттамасы, адамның іске деген құлшынысы. Кеттел бойынша игі түйін – адамның туа біткен қасиеттері. Кеттел игі қасиетті оның болмысына – конститутцияның көзіне байланысты сипаттайды.
Карл Роджерстің жеке тұлғалық феноменологиялық теориясы. 1902-1987 ж.
Бұл теорияның авторлары феноменологиялық бағыт адамның ішкі дүниесінің және рухының үйлесімділігін тапқанда ғана дұрыс болып табылады деген. Субьективтік әлем – оның феномені қоршаған ортаны уақыттың қай кезеңінде болмасын түсіне білуі. Роджерс субьективтік қабылдау немесе адамның уайым тартуы жеке тұлғаның жекелей іс-әрекетінің мінезге тән өзгерісін дәлелдейді.
Жеке іс-қимыл теориясы. Іс-қимыл теориясы кәсіптік даму үрдісінің методологиялық негізі болып есептеледі. Ол субьектінің (индивид не әлеуметтік топ) белсенділігін туғызатын және сол белсенділік арқылы дамудың арнаулы жағдайын айқындайды.
Кеңес дәуіріндегі педагогикада жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және көбінесе жобалау пәні ретінде ғана қарастырылады.
Соның салдарынан отандық мектептердегі біржақты көзқарас, демек, оқу-тәрбие үрдісін тек ынтымақтастық ретінде түсінетін ұғым әлі жойылып біткен де жоқ, педагогтар мен оқушылардың жеке тұлғалық өзара қарым-қатынасы. Көрнекті отандық психологтар Я.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, А.Г.Ковалев, Г.С.Костюк, А.В.Петровский, А.И.Божович, И.С.Кон, жеке тұлға теориясын дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Отандық психологтардың және педагогтардың көпшілігінің пікірлері бойынша, адамдық индивидтің генетикалық детерминтелген сапасы – жеке тұлғаның даму жағдайында және биологиялық қабілетте үлкен рөл атқарады. Бұл ретте адам биологиясының жануарлар биологиясынан айтарлықтай айырмашылығы бар екенін, сондай-ақ адамға тән арнаулы адамдық қажетінің туа пайда болады. Оған қарым-қатынас қажеттілігі жатады және қажеттілік жеке тұлғаның өзі болып саналу мүмкіндігін естен шығаруға болмайды.
Іс-қимыл қарым-қатынасында жеке тұлғаның даму көзі қоғам болып қарастырылады. Оның дамуының қозғаушы күші ретінде заттық іс-қимыл жүйесінің қайшылығы алынады.
А.Н.Леонтьев жеке тұлғаның дамуы және оның құрылымдық тұжырымдамасын жасаған кезде іс-қимыл түсінігіне көрнекті орын берген. Ол жасаған классификацияға сәйкес, А.Н.Леонтьев теориясын адамның өмірлік-психологиялық (мотивтік) және мінез-құлықтың (іс-қимыл) сипатын түгел қамтитын психодинамикалық, құрамды-динамикалық деп бағалауға болады.
А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович сияқты жеке тұлғаның ішкі жан дүниесін мотивациялық деңгейге жатқызады. Оның теориясының тағы бір маңызды түсінігі «Жекелей ойлаушылық» болып табылады. Ол адамның қарым-қатынас мақсатын, оның іс-қимылының қандай түрге бағытталғанын және қатынас мақсатын оның іс-қимылының қандай түрге бағытталғанын және оның мотивтік ерекшелігін туғызатын жайларды анықтады. Жеке тұлғаның іс-қимылының әр түрлілігі – көптігі оның биік сипаты екендігін және ірі тұлғалылығын көрсетеді.
Қазіргі таңдағы ұлттық тәрбие беру жүйесінде бастауыш мектеп кезеңі бала өмірінің алты, жеті жастан – он, он бір жасқа дейінгі аралықтағы кезеңді қамтиды.
Бастауыш сынып кезеңіне тән негізгі белгілер мынадай: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Мұнда баланың өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең болып саналады. Бұл белгілер оның мінез-құлқында санасында күрделі, ол кейде қиыншылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты, бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері нақ осы бастауыш сынып кезеңінде қалыптасады және әдетке айналады. Сондықтан бүгінгі таңда көптеген ғалым-психологтарының ерекше назары, бастауыш сынып оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды ары қарай оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық қасиеттері туралы мәселелерді Ресей – Кеңес ғалым психологтары: А.В.Петровский, Р.С.Немов, В.С.Мухина, С.Ф.Жустков, Д.Б.Эльконин, Л.В.Заньков және т.б. Ал Қазақстандық ғалым психологтар: Қ.Жарықбаев, М.Мұханов және т.б. еңбектерінен кездестіруімізге болады.
Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар.
Баланың класқа келген алғашқы күнінен-ақ оған оқушының сабақтағы, жанұядағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да, нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасын, міндеттерін және құқығын бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру керек. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету – бастауыш сынып оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес, олардың тіршілігін ұйымдастыруы қажетті шарт болып табылады.
Бастауыш сынып оқушысының жеке басына тән қасиетінің дамуында «Мен» деген ұғымның мәні жатады. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда бәлендей тізімде қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық болғаны жақсы. Егер бастауыш сынып оқушысының өзі жөніндегі бағасы, құрбыларының бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасына төменге түседі, осындай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде келеді.
Бастауыш сынып оқушысының жеке басына тән қасиеттерді тек «Мен» деген сала тұрғысынан бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік жігері қандай, ашуланғыш не сабырлы келе ме, өсімдікті ажыратудағы талғамы және озгелермен қатынасы қандай екендігін қарастыратын болсақ, бастауыш сынып оқушысына қойылатын талаптарды мөлшер немесе норма деп атайды. Балада мектепке келмей тұрып, нені істеуге болатынын не болмайтынын әбден жақсы біледі. Мектепке кіргеннен кейін, бұрын орындап көрмеген міндеттерді игере білуі тиіс. Мысалы, сабаққа кешігіп, не берілген тапсырманы орындамай келуге болмайды. Тапсырманы орындамаса, сол сияқты мектепке таза киініп келмесе немесе тәртіп бұзса, бұл «нормаларды» бұзуға жатады. Әуелгі кезде осыған үйрене алмай қиналатын болады. Бірақ, бірте бірте міндеттерді орындауға үйрене бастайды. Бұл мөлшерлерді норма дейтін себебі осыларды орындау дәлелденген және дәстүр болып кеткен.
Жалпы алғанда, осылардың бәріне бірдей тән қасиеттері мынада: әуесқой, ақкөңіл өзгелерге жәрдем бергісі келіп, дәрменсіздерді не қарт адамдарды аяп соларға қамқорлық көрсеткісі келетінінде, 7-8 жастағылардың әуесқойлығын алсақ өзгелерге сұрақ қойғанды, мектепке дейінгілер сияқты «Бұл не?» - деп сұрамайды, «Бұл неліктен?» - дейді. Сұрақтарды осылай құруда үлкен мән бар. Өйткені бастауыш сынып оқушылары нәрсенің не екенін гана білгісі келмейді, соның бәлендей сырын, себебін білгісі келеді.
Бастауыш сынып оқушысында кейде ашуланғыштық қасиеті де болып тұрады. Баланы үйінде көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп-пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда, «Жақсы», «Өте жақсы», деген баға алса, жұрттың көзінше, соған қатты куанғанын жасыра алмайды.
Бастауыш сынып оқушысының ерік жігерін недәуір қалыптасып қалса да, кейде өзін - өзі меңгере алмайды, импульстік іс жасап калатыны кездеседі. Импульстік іс деп ойланбай, не болса соған қызып, бірдеңені бүлдіріп алуды айтады. Осындай жайт, баланың тәртіпсіздігінен емес, импульстік іске өзінің икем келуіне, яғни өзін - өзі меңгере алмауынан кездеседі.
Бастауыш сынып оқушысының өз құрбыларымен қарым қатынасы әртүрлі және осының өзі бұрын бала бақшада өстіме, соған орай келеді. Бұлардың ұжымшылдық қасиетінің қалай қалыптасатынын алсақ, осының өзі І сыныпта әлі қалыптаспаған, балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың бірқатары өзгелерден бөлшектеніп, өзін сол ұжым мүшесі деп санамайтыны кездеседі. Бұлар бір-біріне жаны ашып, көмектесу дегенді білмейді. Тек өзіне басқалар кедергі жасамаса болғаны. Бірақ 2-3 сыныптарда бұл қасиеттер жойылып, бұлар өзара достаса бастайды. Баланың бір-біріне көмектесуі әуелгі уақытта мұғалімнің басшылығымен іске асады. Кейін барлыгы өзара достасып, бірі өзгесіне мейірімді келе бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларындағы басты қажеттілік - оқушы болу. Ол сыртқы пішіні мен оқуда озат болу ниетімен, оқушының мінез-құлқымен, «мектеп оқушысын» алдымен мұғалімнің, содан соң құрбыларының тануымен, сыныптағылармен бірге болуға талаптанумен айқындалады.
Оқушының тұлғалық бейнесі осы міндетті өтудің көрінісі. Бұл жаста баланың бойында өзін оқушы сезіну, жақсы үлгеруші, қолынан бәрі келетін «екінші» немесе «үшінші» оқушысымын деген мақтаныш сезімі билейді.
Жеке басының тұлғалық дамуының мүмкіндіктері: Оқудағы таңдаулар бұл сапалы білімді, оқу қызметін түсінуді қалыптастыру, қарым- қатынасқа, бірлескен оқу қызметіне сапалы түрде бірінші кезең ретінде қарау, қол жеткен табысты нығайту.
Жоғарыда қарастырылған бастауыш сынып оқушыларының жеке басының дамуы мен психологиялық ерекшеліктері жалпылай келе, бұл жас кезеңнің тұлғалық қасиеттерін №1 сызба түрінде көрсетуге болады.
Л.В.Петровский өз еңбегінде бастауыш сынып оқушыларының жеке басының даму мүмкіндіктерін жан жақты сипаттайды. Баланы моральдық жағынан тәрбиелеу мектепке дейін басталады. Алайда, ол мектепте ғана орындалуы үнемі де мақсатқа бағытталып отыратын моральдық талаптардың айқын да, кең жүйесінде кездеседі. Бастауыш сынып оқушыларына мінез-құлық нормалары мен ережелерінің аса кең жиынтығы үйретілді, оларды оқушылар мұғаліммен және үлкендермен өзара қарым қатынас жасаудың әртүрлі жағдайларында, сабақтарда, үзілісте, жолдастарымен араласқанда, қоғамдық орындарда және көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс. Балаларда мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтау көбінесе үлкендердің көңіл күйіне, қалыптасқан жағдайға және өз қалауларына байланысты деген сезім пайда болады. Баланың моральдық өрісінің дұрыс қалыптасуының ең қауіпті жауы мінез құлық нормалары мен ережелер жалған сипатта және ішкі қажеттіліктер үшін емес, қандай да бір сыртқы жағдайлардың әсерімен, соның ішінде жазаланамын деп қорыққандықтан орындалуы керек деген ұғым пайда болады.
Балалардың мінез құлық нормалары мен ережелерін шын мәнінде және негізінен игеруі алдымен мұғалімнің олардың орындалуын ескерудің жақсы жетілген әдістер мен тәсілдер жүйесінің бар екендігін білдіреді. Осы нормалар мен ережелерді айқын тұжырымдау, орындаушылықты міндетті түрде мадақтап және ұқыпсыздық пен тәртіпсіздікке бұдан кем емес міндетті және тиісті шаралар қолдану бастауыш сынып оқушыларының тәртіптілігі мен ұйымшылдығын тәрбиелеудің маңызды шарттары. Балада осы жаста қалыптасқан осындай моралдық қасиеттер-жеке адамның ішкі және табиғи жетістігі болады.
Бастауыш сынып оқушыларының өзара және мұғаліммен қарым қатынасты бағдарлауының алғашқы кезеңдерінде балалардың бір бөлігінде оларға тән емес белгілер көріне бастайды (тұйықсыздық, әдепсіздік). Бірақ, балалармен өзара қарым қатынасты орнату барысында әрбір оқушы өзінің шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді.
Педагогика ғылымының соңғы жетістіктері тұрғысынан қарағанда, бастауыш мектеп оқушысы жеке тұлғасын, қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналды.
Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады.
Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер осы күрделі міндетті шешу мектепте, ең алдымен, оның бастауыш буынында, оқу мазмұны мен әдістерін түбегейлі өзгертумен байланысты екендігіне көз жеткізеді. (Ш.Амонашвили, В.Давыдов, Л.Заньков, В.Репкин, Д.Эльконин және т.б.)
Бастауыш мектептегі оқытудың жаңа эксперименттік жүйелері шеңберінде мектеп окушысы жеке тұлғасының мотивациялық қажеттілік саласында елеулі өзгерістерді айқындайтын фактілер жинақтала бастады. Сөйтіп, оқу және тәрбие арасындағы байланысты айқындайтын педагогикалық тәжірибе пайда болды. Бұл оқушының жеке тұлғасы дамуының заңдылықтарын зерттеу міндетін толық мөлшерінде қоюға мүмкіндік туғызды. Осы міндетті шешумен 70-90 жылдары ғалымдар ұжымы айналысты. Ол оқу материалы мазмұнын талдау және жинақтау ұстанымы негізінде бастауыш мектепте оқу қызметін қалыптастыру шеңберінде жүзеге асты (Д. Эльконин, В.Давыдов тұжырымдамасы).
Бұл эксперимент, біріншіден, зерттеудің тұтастығын талап етті. Сол себептсн оқушы тұлгасының дамуын, сынып ұжымын және оларды біріктіретін оқу қызметін зерттеу міндеті бірге қамтылды. Біріншіден зерттеу эксперименттік-эстетикалық болды. Баланың жеке тұлғасы мектепте болған кезең бойы оқу қызметіне кіріскен сотпен аяқталған дейін зерттелді. Бұл дамудың психологиялық механизмдерін, бір жастан келесіге ауысу кезіндегі өзгерістерді айқындап баяндауға мүмкіндік берді.
Жеке тұлғаның оқудың екі амалындағы даму нұсқаларын салыстырып талдау көзделді: біріншісі, білім берудің бұқаралық жүйесінде қалыптасқан және қарапайым дағдылар мен ептіліктерді қалыптастыруға (бағытталады; екіншісі, оқу пәндерінің мазмұны теориялық ұғымдар жүйесіне негізделеді. Мектеп оқушылары ұғымдардың пайда болуын оқу үрдісінің орталық буынын құрайтын ортақ ұжымдық жұмыс барысында оқып үйренеді.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бастауыш мектепте бала тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар бастауыш мектеп жасының аяғына таман жинақталып қалыптасады да, баланың әр түрлі оқу материалына көзқарасы, арқылы айқындалып қызығуын қанағаттандыратын көздерді өз бетімен іздеуге жетелейді. Яғни, оқу-танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің бүкіл жүйесінде жетекіші орын адады. Өйткені, осы мүдделер ортақ ұжымдық қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық формасы - топтық құндылық бағдары ретінде ұғынады.
Дамыта оқыту теориясы шеңберінде де әр түрлі мәселелер бойынша қатар зерттеулер жүргізілді. Олар - бастауыш сыныптарда дамыта оқытуды теориялық және әдістемелік қамтамасыз ету (В.Ренакин), оқу барысында жеке тұлғаның дамуы (А.Дусавицкий), оқу барысындағы қатынас түрлері (Г.Цукерман), оқу қызметінің қалыптасу деңгейіне баға беру (В.Репкина) және т.б.
1995-1996 жылдары В.Репкиннің басшылығымен мектептерде арнайы тексеру жүргізілді. Тексеру бастауыш мектептегі оқу жылының аяғында Эльконин-Давыдовтың жүйесі бойынша оқу қызметінің қалыптасу деңгейінің негізгі көрсеткіштерін белгілеп, олар тұжырымдаманы және мектеп-зертхана жағдайындағы жүйесін әзірлеу кезіндегі көрсеткіштерімен, сонымен қатар қазіргі мектепте іске асырылатын өзге оқыту жүйелерін сипаттайтын деректермен салыстыруды көздеген, нәтижесі мынадай болды. Тексерілген сыныптардың 80 пайызында мұғалімдер дамыта оқыту жүйесі жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз еткен. Оқу қызметінің қалыптасуы, оқушылардың интеллектуальды дамуы, сондай-ақ оқу ұжым мен жеке тұлғаның даму көрсеткіштері мектеп-зертхана жағдайында тіркелген көрсеткіштермен бірдей болған. Бұл дамыта оқыту жүйесі жобасының пайдалылығын дәлелдеді. Сонымен қатар, зерттеу осы жүйені игеруге байланысты кейбір мәселені айқындап берді. Мұғалімдердің, көбі 80 пайызға дейін) жүйе жобасының негізін құрайтын педагогикалық қызмет жүзеге асыру барысында, әсіресе, ұйымдастыру-коммуникациялық деңгейінде кездесетін елеулі қиындықтарға ұшырасқан.
Алынған нәтижелерге теориялық талдау, А. Дусавицкийдің «Жеке тұлғаны оқу барысында дамыту» еңбегінде жасалған. Талдау бастауыш мектепте оқуды ұйымдастыру әдісі және бала тұлғасын дамыту арасындағы байланыстың психологиялық механизмдерін айқындауға мүмкіндік берді. Қазіргі жағдайда бастауыш мектеп кезеңі - қоршаған ортаға деген субьективтік эгоцентристік көзқарастың объективтік (танымдық, өнегелік) көзқарасқа ауысуына ең қолайлы мезгіл екендігі көрсетілді. Алайда, бұл оқу мазмұны мен оқыту әдістерін түбегейлі өзгерту жағдайында мүмкін болады.
Балалар қарым-қатынасында алуан түрлі тұлғааралық байланыстар құрудың өзгермелі үрдісі бала тұлғасы сана-сезімінің дамуына ықпал етеді: алдымен, оқудағы жетістіктерін дәл бағалауға қатысты, екіншіден жеке тұлғаның моральдық қасиеттеріне байланысты. Қарым-қатынас барысында белгілі жұмысты атқаруға орай қасиеттер емес, баланың тұлғасы, оның адамгершілігі үлкен маңызға ие болады.
Сөйтіп, бастауыш мектеп жасында келесі кезеңдерге өтуді қамтамасыз ететін тұлғалық әлеует қалыптасады. Орта және жоғары сыныптарда жеке
тұлғаның тұрақты кұрылымы қалыптасатынын зерттеулер байқатты. Оның негізін тіршіліктің саналы мотиві ретінде айқындалатын идеял құрайды. Оқушылардың өмірі туралы анық түсінігі қалыптасады, бұл имандығын саналы түрде таңдауды қамтамасыз етеді. Оқу мерзімі бойы сынып ұжымы құрбылар үшін негізгі референттік тән нағыз тәрбие ортасы болып қалады.
В.Давыдов оқу қызметінің, құрылымында оқу қажеттілігі, мотивтер, міндеттер, әрекеттер мен операциялар секілді бөліктерді атап көрсетеді. «Мектептің бірінші сыныбына келген балаларда оқу қызметінің біртұтас құрылымы болмайды. Қолайлы жағдайда ол мектеп қабырғасында бірнеше жыл ішінде, әсіресе, бастауыш сыныптарда қалыптасады» - дейді ғалым. Бастауыш мектепте оқу қызметінің негізгі және жекеше түрі болып табылады. Оны атқару барысында оқушылардың бойында жаңа психикалық құбылыстардың дамуына негіз қалайтын және ең алдымен, заттардың пайда болу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған теориялық ойлау негізінде дамиды. «Педагогика ғылымы теориялық жағынан іргелілік сипатта болса, тәрбие мен оқытудың теориясын іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады.
Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру, екіншіден азаматтық өркениетті тұлғаның біртіндеп сіңіру, үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент тығыз бірлікте қызмет етеді.
Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, тәрбиеге қоғамдық бақылау және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бақылайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне мақсаттылықпен даярлау ісі деп қараймыз. Тәрбие ісі адамның қабілетін қоршаған ортада және оның санасында қалыптастыруды мақсат ететін болғандықтан, ол психологиялық процесс.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мазмұны мен міндеттері тәрбие бағыттарымен өзара тығыз байланысты дамиды.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің бірі – оның интеллектуалдық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. балалардың интелектуалдық мәдениетін қалыптастыруда мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады:

  • Оқушылардың пәндерге қызығуға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;

  • Табиғат құбылыстарын және өмірді дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу.

Балаларды бірінші сыныптан бастап, мектепте алған білімінің өмірлік қажеттілігін түсіндіре білуге үйрету қажет, олардың оқуға ынтасын арттыру, сабақ үстіндегі белсенділігін қалыптастыру орынды; әр оқушыны сыныптың жалпы шараларына қатысуға, сыныпта және үйде тапсырмаларды үнемі орындауға бағыттап отыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларында бақылау, салыстыру, зерттеліп отырған құбылыстардың ішінен жалпысын және ерекше көзге түскенін бөліп ала білу сияқты ойландыратын істерді дамыту қажет, сондай-ақ оқу еңбегін ұйымдастыру, алған білімдерін өмірде қолдана білу, балалардың мезгілді баспасөздерді, жазбаша және ауызша мазмұндамаларды өздігінен оқу, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларын жақсылықты жаманшылықтан айыра білуге үйрету, достыққа, жолдастыққа, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда мынадай басты ерекшеліктерді есепке алу қажет:

  • Өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілікті ету, сондай-ақ көрші елдерге деген достық қатынасты сіңіру, мейірімділікке, қарапайымдылыққа, адалдыққа, әділдікке, шындыққа, міндеттілікке тәрбиелеу;

  • Үлкендерге құрмет көрсетуге, туыстық қарым-қатынасты бағалауға үйрету;

  • Зұлымдыққа қарсы тұра білуге, немқұрайдылықты жоюға тәрбиелеу;

  • Үсті-басын ұқыпты ұстауға, ұқыптылыққа, мәдениетті сөйлеуге, қоғамдық орындарда ұстамды болуға, мәдениеттілікке, қонақжайлылық көрсете білуге тәрбиелеу;

  • Ой және дене еңбегін ажырата білуге, қоғамдық-пайдалы еңбектің мәнін түсіне білуге, мектепте алған біліктерін өмірде қолдана білуге, әрбір істе жауаптылықты сезінуге үйрету;

  • Еңбек үрдісінде бастысы - жұмыс орнын таза ұстауға, жұмыс аспаптарына ұқыптылықпен қарауға, ұжымда ынтымақты болуға, кәсіптің ұлттық түрін, соның ішінде зергерлік өнерді игеру мүмкіндігін жасауды үйрету;

  • Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу және қоғамдық меншікті жеке меншіктіктен ажырата білуге баулу;

  • Буды, ауаны және еліміздің кеңістігіндегі космостық тазалықты сақтауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық және экономикалық мәдениетін қалыптастыруда табиғатты қорғауға, жерді, суды және т.б. өз заттарын ұқыпты пайдалануға, ұжымдық, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, тәртіптілік, мүдделік сезімдері мен қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Әр оқушының өз әлсіздігі болады және әрқайсысынан өзіне тән жақсы сапаларды да табуға болады, мысалы жинақтылық немесе басқалармен қарым-қатынас жасай білу. Оқушының мінез-құлқының жақсы жақтарына сүйене отырып, оның өз күшімен мүмкіндігіне сенімін арттыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында табиғатты қорғаудың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру орынды және оларға адамның еңбекке қабілеті табиғатқа байланысты болуының мәнін, адамның табиғатты өз қызметінде пайдалануы туралы түсіндіру қажет.
Қоғамдық пайдалы еңбектің қажеттілігін сынып ұжымының істеріне қатысудың өркениетті, демократиялық қоғамдағы өмірін білудің қажеттілігін түсіндіріп тәрбиелеу орынды.
Адамгершілік тәрбиесі үрдісінде ерте кезден бері қалыптасып келе жатқан құрмет көрсетушілік, адалдық және ұждандық, кішіпейілділік пен мейірімділік, қарапайымдылық және басқа да маңызды адамдық сапалар ұстанымын оқушылардың игеруін қамтамасыз ету қажет. Ата-аналар мен үлкендер отбасындағы балалар тәрбиесіне, өзара достық қарым-қатынасқа, сондай-ақ аса маңызды іске қоғамдық орындардың қатысуына көңіл бөлу керек.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беруде табиғат әсемділігін түсіну арқылы адамдықтың жақсы сапаларын қалыптастыруда үлкендерге көмек көрсету жүзеге асырылады.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыруды да қарастырады. Сондықтан мұғалімнің басты міндеттерінің бірі оқушылардың бойына адам еңбегін құрметтей білуді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсіне білуді дарыту болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларын кез келгсн жұмысты тиянақты дер кезінде орындай білуге, басталған істі ақырына дейін жеткізе білуге, еңбек мәдениетінің қарапайым элементтеріне, ұжымда еңбек ете білуге, жұмыс орнын таза ұстауға, еңбек құралдарын дұрыс пайдалана білуге үйрету керек.
Бастауыш сынып оқушыларында қоғамдық-пайдалы еңбекке қатысуға, өзінің еңбегімен басқаларға пайда келтіруге ынтасын тәрбиелеу, сонымен бірге өздігінен бастама жасай білу қабілетін қалыптастырған орынды.
Оқушыларды бірінші күннен бастап жеке басының 
заттарына (киімге, оқу құрал-жабдықтарына, ойыншықтарға, көрнекі құралдарға, кітапхана кітаптарына, бәрі ойнайтын ойыншықтарға, әлдекімнің еңбегімен жасалынғанның бәріне ұқыптылық көзқарасқа тәрбиелеу қажет.
Экономикалық тәрбие оқушылардың бойында жинақылықты, ұқыптылықты, сапалы өнім даярлай білуді қалыптастыруды және дамытуды қарастырады. Оларға қазіргі, нарықтық дәуір жағдайларында экономикалық тәрбиенің ерекше маңызға ие болатынын жан-жақты түсіндіру қажет.
Бастауыш сыныптан бастап нарықтық экономикалық табыс, жалгерлік пен жалға алудың еңбек процесінде қоғамға пайдалылығы, жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорынның арасындағы айырмашылық, товар ақша айырбастау сияқты ұғымдарға үйрету қарастырылады.
Бастауыш сынып оқушыларын күн режимін сақтау арқылы уақытты үнемдей білуге; еңбек сабағында және оқудан тыс кезде жасалатын заттарға жұмсалатын материалдарды үнемді пайдалана білуге; өздері шығарған өнімдерден пайда ала білуге және ақау жібермеуге, жеке және мемлекеттік меншік арқылы алынған табыстың салмағын айыра білугс үйрету қажет. Ақшаны тиімді жұмсай білу арқылы тиыннан теңге құралатынын түсіндірген жөн. Еңбек сабақтарында немесе қызметтің басқа түрлерінде есеп жұмыстарының дағдыларын игеруге мүмкіндік жасау керек.
Оқушыларды әсемдікке тәрбиелеуде мынадай міндеттерді басшылыққа алу қажет.
Әсемдікті сезіне білу, түстерді заттардың сыртқы кескінін ажырата білуге және оны графика немесе сөз арқылы бере білуге, табиғаттың сұлулығын көре білуге тәрбиелеу.
Өнер туындыларын қабылдай білуді және оның мәдени құндылығын қорғай білуді қалыптастыру.
Ұлттық өнерге сүйіспеншілікті, киімді кие білуді, сыртқы пішіннің әсем болуына мән беруді, сол сияқты адамдардың мінез-құлқындағы белгілерін талғай білуді үйретіп тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушылары көркем шығармалардан бастапқы адамгершілік және эстетикалық ұғымдарды, сондай-ақ, табиғаттағы, адамдық қызмет жөне өнер туралы ұғымдарды игеруі керек. Оқушылармен мәнерлеп оқуға, сурет салуға, музыкаға және биге қызығушылығын тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүйесін жүргізу, сондай-ақ мектепке жақын орналасқан мәдени ескерткіштерімен және басқа да тарихи-этнографиялық құндылықтармен таныстыру қажет. Ұлттық түр өлшемдерін қалыптастыруда эстетикалық тәрбиенің (сыртқы түр киім үлгісі, ою-өрнек және т.б.) маңызы зор.
Бастауыш сынып оқушыларын дене мәдениетіне тәрбиелеуде мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделеді.
Тазалықты, күнделікті еңбекте және әскерде қызмет етуге даярлықта қиындықтарды жеңе білуде денені шынықтырудың маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларына адамның денсаулығы үшін күн режимін орындаудың мәнін түсіндіру, спортқа қызығушылықты арттыру қажет. Тәрбиеші балаларды өзінің сыртқы түріне қарай білуге үйретуі керек. Денсаулық пен жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау мен организмді шынықтыру арасында тікелей байланыс бар екенін үнемі түсіндіріп отыру қажет.
Жеке басты қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әсер туғызатын әдістер тиімді деп саналады. Оған ұзақ мерзімді жаттықтыру ісі, оқытудың әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі енеді. Бұл мәселе жөнінде (мәселе жеке бастың үлгісі туралы болып отыр) қазіргі кезде жиі айтылып жүрген педагогикалық авантюризмнің ғылыми негізсіздігін, оның тіпті педагогиканы жетік білмейтін тәрбие ісінде мамандығы шамалы адамдардың өзінше ойлап тапқан «жаңалығы» деп қарауымыз керек, себебі идеялсыз жеке бастың қалыптасуы мүмкін емес. Оқушы үшін шынайы ұстаз-педагог идеял болуы керек.
Сендіру - жеке тұлғаның санасын қалыптастыратын тәрбиенің ең маңызды әдісі. Әсіресе бұл әдісті талдауда Н.К.Крупская ерекше еңбек етті. Еңбекті ұйымдастыруда, әр түрлі қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік жұмыстарға деген балалардың сана-сезімін олардың әлеуметтік көзқарасынан бөліп алып қарауға болмайды. Осы негізде Н.К.Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйымдастыру ісін олардың адамгершілік жолындағы даму ісімен, қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатынасуымен тығыз байланыста қарастырды. Н.К.Крупская «балалармсн тек құрғақ сөйлесу керек емес, олардың істеп отырған ісіне сенімін арттыру керек» дейді.

2. Құзырлылық қатынас арқылы бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудың ...
2.1 Құзырлылық қатынас негізінде гуманистік тәрбиені қалыптастыру жолдары .
Қазіргі әлемдік өркениетте экономикалық жағдайларға сәйкес білімдік мақсаттарды стандарттау, білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін жалпы дамыту және жеке жағдайды тұғырлық құзыретпен дамыту қажеттілігі орын алып отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті - білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген [1].
«Құзырлық» сөзі «құзыр» сөзінен алынған туынды сөз екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) - жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген [2]. Ал Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында «құзырет (компетенция)» - нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы деп көрсетілген [3]. Латын тілінен аударғанда (Competentia - әділ, дұрыс қорытынды; Competere - дегеніне жету, сәйкес келу, жақын келу) «құзырлық - өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады [4].
Құзырлықты ғылыми-теориялық негізде зерттеу жұмыстары Л.А.Петровскаядан, ал жалпы білім беру саласын құзырлық тұрғыдан зерттеу И.А. Зимняя еңбектерінен басталғаны белгілі [5,6].
Білімдік парадигманы өзгертудің немесе одан шығудың жаңа моделдерін В.С. Леднев пен М.С. Каган ұсынады. Олардың пікірінше білім мазмұнының негізі ғылыми пәндік сала емес, адам қызметі болуы тиіс. Оның түрлеріне тәжірибелік қайта құрушылық, танымдық, коммуникативтік, құндылық бағдарлық және көркемдік- эстетикалық құзырлықтарды жатқызуға болады.
Құзырлық тұрғыда қарастыру дегенде, бірінші орынға оқушылардың алған ғылыми хабардарлығы емес, мәселені шешудегі біліктілігі тұруы тиіс. Мұндай жағдайлар: біріншіден, қоршаған ортадағы құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; екіншіден, қазіргі заманғы техника мен технологияларды меңгеруде; үшіншіден, адамдармен қарым-қатынаста, этикалық нормаларда, өзінің іс-әрекетін бағалауда; төртіншіден, отбасы мүшесі, сатып алушы, көрермен, қала тұрғыны сияқты күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік рөлдерін орындауда; бесіншіден, құқықтық және әкімшілік құрылымдарда, талап-тілегін білдіруде және эстетикалық тұрғыда баға беруде; алтыншыдан, мамандық таңдауда, өзінің кәсіптік оқу орнына түсуге дайындығын анықтауда, еңбек рыногын бағдарлауда, өзінің өмірдегі орнын, өмір сүру мұраты мен стилін, келіспеушілікті шешу амалдарын табу сияқты көптеген тікелей өзіне байланысты мәселелерді шешуде пайда болады. Осы тұрғыдан қарағанда құзырлық ұғымын кезеңдік сол заманғы оқу парадигмасы мен әлеуметтік тапсырысына сәйкес қолданғанын көреміз.
Осыған орай, қазіргі мектеп алдында қоғамдық бейімділігі бар, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, қарым-қатынас жасай білетін жастарды жаңа коммуникативтік құзырлық парадигмасы негізінде қалыптастыруды міндеттейді. Сондықтан оқушы жастардың коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру бүгінгі таңдағы педагогика ғылымының көкейкесті мәселесі болып отыр.
«Коммуникация» ұғымы: ақпаратты беру үдерісі, кез келген түрдегі ақпаратпен алмасу, адамдар арасындағы қарым-қатынастың актісі деп түсініледі [7]. Коммун и кати вті к құзыреттілік - бұл өзара байланыс, пікірлесу, сөйлесуге қатысты коммуникатордың жинақталған білім, білігі, дағдылармен қарулануы арқылы адамның алдында тұрған міндеттерді нәтижелі шешуге көмектеседі.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі бағыты - оларды бүгінгі қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, өз еркімен тиімді қарым-қатынас жасай алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
Оқушы оқу субъектісі болғандықтан, педагог тек ойлау үдерісін басқаруды емес, сонымен бірге оқушының қарым-қатынас үдерісіндегі коммун и кати вті к құзыреттілігін дамытудың тиімді жолдарын қарастырған жөн. Аталмыш мәселелерді шешудің тиімді жолдары мен бағыттарын көптеген ресейлік педагог-ғалымдар (В.К. Загвоздкин, И.Л. Зимняя, А.Г. Каспржак, Д.А. Иванов, К.М.Митрофанов, О.В. Соколова, А.В. Хуторский және т.б.) мен отандық педагог-ғалымдар (Б.А. Әлмұқамбетов, А.Ә. Жайтапова, Б.А. Тұрғанбаева және т.б.) еңбектерінен, іс- тәжірибелерінен көруге болады.
Қазіргі әлемдік өркениетте экономикалық жағдайларға сәйкес білімдік мақсаттарды стандарттау, білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін жалпы дамыту және жеке жағдайды тұғырлық құзыретпен дамыту қажеттілігі орын алып отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті - білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген [1].
«Құзырлық» сөзі «құзыр» сөзінен алынған туынды сөз екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) - жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген [2]. Ал Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында «құзырет (компетенция)» - нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы деп көрсетілген [3]. Латын тілінен аударғанда (Competentia - әділ, дұрыс қорытынды; Competere - дегеніне жету, сәйкес келу, жақын келу) «құзырлық - өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады [4].
Құзырлықты ғылыми-теориялық негізде зерттеу жұмыстары Л.А.Петровскаядан, ал жалпы білім беру саласын құзырлық тұрғыдан зерттеу И.А. Зимняя еңбектерінен басталғаны белгілі [5,6].
Білімдік парадигманы өзгертудің немесе одан шығудың жаңа моделдерін В.С. Леднев пен М.С. Каган ұсынады. Олардың пікірінше білім мазмұнының негізі ғылыми пәндік сала емес, адам қызметі болуы тиіс. Оның түрлеріне тәжірибелік қайта құрушылық, танымдық, коммуникативтік, құндылық бағдарлық және көркемдік- эстетикалық құзырлықтарды жатқызуға болады.
Құзырлық тұрғыда қарастыру дегенде, бірінші орынға оқушылардың алған ғылыми хабардарлығы емес, мәселені шешудегі біліктілігі тұруы тиіс. Мұндай жағдайлар: біріншіден, қоршаған ортадағы құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; екіншіден, қазіргі заманғы техника мен технологияларды меңгеруде; үшіншіден, адамдармен қарым-қатынаста, этикалық нормаларда, өзінің іс-әрекетін бағалауда; төртіншіден, отбасы мүшесі, сатып алушы, көрермен, қала тұрғыны сияқты күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік рөлдерін орындауда; бесіншіден, құқықтық және әкімшілік құрылымдарда, талап-тілегін білдіруде және эстетикалық тұрғыда баға беруде; алтыншыдан, мамандық таңдауда, өзінің кәсіптік оқу орнына түсуге дайындығын анықтауда, еңбек рыногын бағдарлауда, өзінің өмірдегі орнын, өмір сүру мұраты мен стилін, келіспеушілікті шешу амалдарын табу сияқты көптеген тікелей өзіне байланысты мәселелерді шешуде пайда болады. Осы тұрғыдан қарағанда құзырлық ұғымын кезеңдік сол заманғы оқу парадигмасы мен әлеуметтік тапсырысына сәйкес қолданғанын көреміз.
Осыған орай, қазіргі мектеп алдында қоғамдық бейімділігі бар, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, қарым-қатынас жасай білетін жастарды жаңа коммуникативтік құзырлық парадигмасы негізінде қалыптастыруды міндеттейді. Сондықтан оқушы жастардың коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру бүгінгі таңдағы педагогика ғылымының көкейкесті мәселесі болып отыр.
«Коммуникация» ұғымы: ақпаратты беру үдерісі, кез келген түрдегі ақпаратпен алмасу, адамдар арасындағы қарым-қатынастың актісі деп түсініледі [7]. Коммун и кати вті к құзыреттілік - бұл өзара байланыс, пікірлесу, сөйлесуге қатысты коммуникатордың жинақталған білім, білігі, дағдылармен қарулануы арқылы адамның алдында тұрған міндеттерді нәтижелі шешуге көмектеседі.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі бағыты - оларды бүгінгі қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, өз еркімен тиімді қарым-қатынас жасай алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
Оқушы оқу субъектісі болғандықтан, педагог тек ойлау үдерісін басқаруды емес, сонымен бірге оқушының қарым-қатынас үдерісіндегі коммун и кати вті к құзыреттілігін дамытудың тиімді жолдарын қарастырған жөн. Аталмыш мәселелерді шешудің тиімді жолдары мен бағыттарын көптеген ресейлік педагог-ғалымдар (В.К. Загвоздкин, И.Л. Зимняя, А.Г. Каспржак, Д.А. Иванов, К.М.Митрофанов, О.В. Соколова, А.В. Хуторский және т.б.) мен отандық педагог-ғалымдар (Б.А. Әлмұқамбетов, А.Ә. Жайтапова, Б.А. Тұрғанбаева және т.б.) еңбектерінен, іс- тәжірибелерінен көруге болады.
Педагог-ғалым Ж.Караевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады [10].
Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі, сынып бағдарламасына лингвистиканың барлық түрлерімен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді.
Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады.
Төртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғарыдалапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өзі мақсатты қояды, әдістерін іздейді, нәтижесіне жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды.
Ресейдің белгілі педагог-ғалымы И.Я.Лернер оқушылардың жаңа оқу материалын оқуда білім беру мазмұнын меңгерудің үш деңгейінен өтеді деп есептейді: 1) қабылдау және еске сақтау; 2) репродуктивті; 3) шығармашылық. Бұл деңгейлердің әрқайсысын меңгеру үшін тапсырмалардың арнайы түрлері қажет. И.Я.Лернер тапсырмалар түрін анықтауда оларды орындауға қажетті «іс-әрекет түрі» белгісін пайдаланған. Тапсырмалар орындалатын іс-әрекеттер бойынша келесі түрлерге бөлінеді: 1) білімді меңгеруге бағытталған рецептивті сипаттағы тапсырмалар; 2) білімді үлгі бойынша немесе таныс жағдайда пайдалануға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар; 3) білімді таныс емес жағдайда пайдалануға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар [11].
Айта кету керек, жеке пән деңгейіндегі білім беру мазмұнына байланысты жоғарыда аталған тапсырмалардың ара-қатынасы әртүрлі болатындығын. Мысалы, егер де негізгі компонент ретінде білім алынса (әдебиет, тарих), онда рецептивті тапсырмалар басым болады. Ал, іс-әрекет амалдары басым болып табылатын пәндерде (дене тәрбиесі, технология) және іс-әрекеттердің аралас түрлерін пайдаланатын пәндерде (қазақ тілі, математика және т.б.) репродуктивті мазмұндағы тапсырмалар көбірек қолданылады.
Бастауыш мектеп оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыру, олардың қызығушылықтары мен белсенділігін арттыру үшін келесі тапсырмалар түрлерін қолдануға болады: білімді меңгеруге бағыталған тапсырмалар; логикалық ойлауды дамытуға арналған ойын түріндегі тапсырмалар; білімді қолдануға бағытталған тапсырмалар.
Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып білімді, жаңашыл, бәсекеге қабілетті,ұшқыр ойлы, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды кезең.Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы, қиын да жауапты жұмыс. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шыңдығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі ойлап табу. Яғни, оқушының қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгі мақсаттарының бірі. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың мәні зор. Ал сол шығармашылық қабілеттерді дамытудың көптеген әдістері мен тәсілдері бар. Енді соларға көңіл аударайық:
Шығармашылық қабілеттер әр бастауыш сынып оқушысының бойында болады. Қабілеттердің бірдей еместігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілеті болғандығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрылымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болып келеді. Мысалға: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің ара қатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.
Бастауыш сыныпта көп берілмейтін шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі- өлең жазғызуға баулу. Бұл жұмысты 1- ші сыныпта әліппеден кейінгі кезеңнен-ақ бастаған жөн. Ол үшін оқушыларға ең алдымен ұйқас сөздің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі ұйқастарды табуға тапсырма беріледі. Сонан кейін ғана алдымен жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін берілген жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі. Мысалы:
1)у-у-у сыныпта дос болу
2) та-та-та түйенің төлі бота
Ауылға барамын, ботаны іздеп табамын. Осы тәртіппен үйретіле бастаған бұл жұмыс кейіннен күрделене түседі.
3) өлеңнің бірінші жолын беріп, қалған 2-ші,3-ші,4-ші жолдарын ұйқастарды ескере отырып, балалардың өздеріне жалғастыру ұсынылады.
Әрине, бұл жұмыстың нәтижелі болуы үшін мұндай әдісті тұрақты түрде және жиі қолданып отырған жөн. 2,3,4 сыныптарда оқушылар өлең шығаруға төселіп алады.
Оқушыларды шығармашылыққа үйретудің тағы бір жолы- әңгіме, ертегілер жазғызу.
Осы тәріздес жұмыстар баланың қиялын шарықтатып, шығармашылығын дамытуға ықпал етендігіне көз жеткізуге болады.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жұмбақтар және мақал-мәтелдермен жұмысты жаңаша ұйымдастырудың көп көмегі тиуі мүмкін.
Жұмбақтар- көркем миниатюра. Оларды салыстыру арқылы пайда болатын образдар беріледі. Сондықтан оларды шешу кезінде баланың логикалық ойы дамиды.
Бастауыш сыныптардың “Ана тілі” оқулықтарында берілген мақал-мәтелдерді бала шығармашылығын дамытатындай етіп пайдаланудың мәні зор. Бұл жанрмен жұмыс төмендегідей ұйымдастырылады:
1. Оқиғаға байланысты мақал-мәтелдер айтқызу.
2. Керісінше, мақал-мәтелдің мағынасына қарай оқиға ойлау.
3. Суретке қарап тұрып, бірнеше мақал айтқызу.
4. Мақалдың мағынасын ашатын суреттер жинау.
Бала шығармашылығын тек ана тілі, қазақ тілі сабақтарында ғана дамытуға болады деу дұрыс емес. Кез-келген сабақта баланың бойындағы қабілеттерді дамыту басты мақсат болуға тиісті. Әсіресе бейнелеу өнері, еңбекке баулу сабақтарында балалар шығармашылықтың түрлі- түрлі қырларын көрсете түседі. Портретті ойлап тап та, жинап ал – шарты : мұғалім көз, мұрын, ауыз, құлақ, шаш үлгілері салынған карточкаларды тақтаға іліп қояды, ал оқушылар сол үлгілерге қарап отырып ойлап тапқан адам бейнесін құрастырады.
• Аңдардың бейнесін құрастыр – шарты: мұғалім әр балаға аңдар немесе жануарлар бейнеленген суреттерді дене мүшелерін бөлек қиып таратып береді, ал оқушы сол бөліктерді құрастыру керек.
Балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашудың және дамытудың тағы біртәсілі: әңгіме бойынша сурет салу.
Оқушылардың жаңа ғана айтылған ертегі немесе нақылға орай қандай да болмасын сурет салуды сұрау. Бала өзін бейнелеу өнерінің шебері ретінде сезінеді, сонымен бірге әңгіменің мазмұнын есінде жақсы сақтап қалады. Өйткені ол әңгіменің мазмұнын ішкі сезімімен жеткізуді көздейді.
Белгілі бір суретке қарап, соның суретін салғызуға болады. Ол үшін:
1. Суретті мұқият қарауға уақыт беру.
2. Оқушыларға берілетін тірек — схемалар:
— Сенің ойыңша мына сурет қашан салынған?
— Суретші қандай көңіл күйде болған?
Осы сияқты тағы басқа да суреттер бойынша әңгіме құрастыруға болады.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жұмыс түрлері:

  • Мұражайға апару;

  • Әртүрлі кездесулер өткізу;

  • әртүрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру;

  • Балаларға арналған журналдарды сабақ кезінде үнемі пайдалану.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуше зор әсерін тигізеді.
Әрине баланың шығармашылығын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын жаттығулар мен тапсырмалар, әдістер мен тәсілдер сан алуан. Сабақ құрылымына шығармашылық пен зерттеуді ендіру және қолдана алу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бастауыш сынып оқушысы ермексаз тәріздес, қандай пішінге келтірсең сол қалыпта ары қарай орта буынға кетеді. Баланың шығармашыл не болмаса қалыпты, басқалардан ешбір айырмашылығы жоқ тұлға болары біздер, бастауыш сынып мұғалімдерінің қолында.
Бүгінгі жаңа қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім дамуына жаңа ықпалдарды талап етеді, қалыптасқан әдіснама мен педагогика ғылымының парадигмаларын өзгертуді қажет деп санайды. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана білімнің теориялық ұстанымдарының жаңартылуына бағытталған, ал реформаның негізгі талаптарына жауап бере алмауда. Сол себепті Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдар аралығында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім берудің әрбір кезеңдеріне білім жүйелерінің жетілген жаңа үлгілерін енгізу міндеттелді, оның ішінде, гуманитарлық тәрбие парадигмасына айрықша назар аударылып отыр.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында бұрынғы кеңестік жүйеде өмір сүрген барлық ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда тәрбие теориясы мен практикасы мәселесі үлкен дағдарысқа ұшырағаны айқындалды. Ол дағдарыс: құндылықтық, мақсаттылық, мазмұндық, технологиялық, нәтижеліліктің деңгейлерінің барлығында да көрініс тапты. Осындай тарихи-қоғамдық формация жағдайында, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалынған талдау жаңа қоғамдық формацияның даму және қалыптасу ерекшеліктеріне сәйкес Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру арқылы болашақ маманның адами сапасын арттырудың аса маңызды міндеттердің бірі екендігін көрсетіп беріп отыр.
Бүгінгі күні педагогика ғылымының мазмұны көптеген жалпығылы-милық, әлеуметтік-философиялық, әлеуметтік-мәдени және адамгершілік-эстетикалық процестердің тоғысуына тап келіп отыр, өйткені қоғамдық өмірдің күрделі талаптарына сәйкес тәрбиенің құндылық сипаттарын қайта анықтау өзекті мәселе ретінде қарастырылуда. Оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру арқылы, яғни оқушыға бүкіладамзаттық құндылықтарды дарыту арқылы, әрбір оқушының тек білімі, біліктілігі және дағдысын ғана емес адамгершілік сипатын анықтайтын өзіндік рухани байлықтарының сапасын арттыру жүзеге асырылады деп саналады.
Білім беру мен тәрбие арқылы жас ұрпақтың гуманистік тәрбиесі мен дүниетанымын қалыптастыру педагогика тарихында кең қаралған мәселелер қатарына жатады. Педагогика тарихында жас ұрпақтың гуманистік тәрбиесін қалыптастыру адамзаттың ізгілікті-прогресшіл бағытта дамуының басты алғы шарты екендігі Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, Г.Н.Волков, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, т.б. еңбектерінде айтылған болатын.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер адам санасындағы күрделі жаңғыру процесімен астаса жүріп жатыр, мұның өзі іргелі және әмбебап білімді саралап, оның өрісін кеңейте түсуді және бұл істі білім беру жүйесі арқылы жүзеге асыруды талап етеді. Қоғамымызда бүгінгі таңда білім берудің өндірісті қамтудан мәдени-шығармашылық мұратқа ойысуы жолындағы келелі міндеті туралы дәстүрлі түсінік қайта қаралуда, өйткені олар жеке тұлғаның дамуындағы сыңаржақтылық пен толымсыздықты еңсеруге жәрдемдеседі, әр кісінің азаматтық тұғырын табуына жетелейді, сол арқылы оның ішкі әлеуетін ашуына деген мүмкіндігін кеңейтеді.
Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында (1994) жалпы адамзаттық құндылықтар мен Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі кезеңде гуманитарлық білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын ұсыну, оның серпінді дамуы мен қызмет атқаруына жағдай жасау мақсаты көрсетілген.
Қазіргі білім беру жүйесінің жай-күйіне жасалған талдау оның әлемдік деңгейге де, сондай-ақ көкейкесті практикалық қажеттілікке де сай еместігі дәлелденіп отыр. Біздің
бұрынғы білім беру жүйесіне шектен тыс идеяологиялық тәуелділік пен кәсіптік бағдар тән еді. Қоғамдық пәндер саласында көбінесе адам табиғатын, оның өмірлік мүдделері мен қажеттіліктерін, шынайы мәдени құндылықтарын тиісінше ескере бермейтін ғылыми білім үлгілеріне бағыт ұстанылған еді. Білім беруді бір ізге салу, жаттанды қағидалар мен қалыптардан таймау, әлемдік өркениеттен оқшаулану рухани өмірдің жұтаңдауына әкеліп соқты. Халықтың мәдени-тарихи мұрасының тұтас қаттаулары жадымыздан қағыс қалдырылды.
Көптеген оқушылардың әлемнің және Отанымыздың мәдениетінің негіздерін білмеуі, қоғамдық институттардың құрылымы мен қызметі туралы қарапайым түсініктерінің жоқтығы, адамдардың қарым-қатынас жасаудағы этикалық және психологиялық тұрлаулы дағдысының әлсіздігі немесе болмауы, дүниені түсіну жөніндегі жалпы ғылыми көзқарасының қалыптаспауы, өмірге және ондағы өз орнына деген тоғышарлық көзқарастың меңдеп кетуі – жастардың гуманистік көзқарасының дұрыс қалыптасуына, олардың даярлығына жеткілікті көңіл бөлмеу салдары.
Дәстүр бойынша жеке адам тұлғасы алдында үш жақты проблема өз инстинктарымен, табиғат күштерімен және қоршаған адамдармен өз қарым-қатынастарын реттеу тұр десек, онда жаңа қоғам адам мен оның өндірген өнімдерінің арасындағы қалыптасқан қарама-қайшылықтарды шешуге мәжбүр болды.
Ғылыми-техникалық прогрестің антигумандық логикасы ғаламдық техникаландыру адам өміріне сыналап еніп, шындықты бұрмалады және адамның өзі жаратқан құндылықтарды одан да жоғары ретпен дәріптей бастады. Сол себепті қоғамның гумансыздануы философтар, мәдениеттану шылар, педагогтар мен әлеуметтанушылардың назарына зерттеу нысанасы ретінде алынды. Дағдарыс жағдайынан шығу жөніндегі олардың зерттеулері гуманистік ойды дамытудың тұтас кезеңдерін қамтыды. ХХ ғасырдың ірі гуманистерінің бірі Хосе Ортега-и-Гассеттің айтуынша «өмірлік адасу» (дезориентация) атты феномен тіркелді:» Бізге, кешегі өмірлік кеңістігімізге бағыт беруші ұлы мақсаттарымыз өз нақтылығын, тартымдылығын, күші мен билігін жоғалтты.
Осындай қоғамда адамзатта тек өндірісті барынша арттыру мен оның өнімдерін пайдаланудан басқа мақсат қалмайды. Құндылықтардың осылай деформациялануы адамзаттың ядролық қарудан ғана емес, рухани әрекетсіздіктен қырылуына алып келеді.
Ғасырлар бойы гуманистік тәрбиенің әлемдік теориясы мен практикасында жалпы түрде қабылданған басты мақсат жан-жақты және гармониялы дамыған жеке адамды қалыптастыру болып келді. Бұл мақсат идеал ретінде жеке адамның статикалық сипатын береді. Ал оның динамикалық сипаты өзіндік-даму және өзін-өзі пайдалана алу (самореализация) процестерімен байланысты. Сондықтан осы процестер гуманитарлық тәрбиенің ерекшелігін анықтайды: жеке адамның өзімен және қоғаммен гармониялық байланыста өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі пайдалана алуы үшін жағдай (шарт) туғызу қажет болып табылады.
Гуманистік дәстүрлерде жеке адамның дамуы рационалды және эмоционалды өмірдегі өзара байланысты өзгерістер процесі ретінде қарастырылады, оның өзімен және әлеуметтік ортамен үйлесімдік деңгейі арқылы сипатталынады.
Гуманистік тәрбиенің мақсатын осылай өрнектеуге сәйкес адамның өз өміріне, өз құқығына әсерін және өз қабілеттері мен шығармашылық потенциалын ашуға жауапкершілігін, өзін-өзі дамыту мен пайдалана алуын таңдау еркіндігі және оған қоғамның әсері арасындағы қатынасты түсінуді қайта бағалау мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі түсінік бойынша гуманистік тәрбие мақсаты негізіне планетарлық сана мен бүкіладамзаттық мәдениеттің элементтерін қалыптастыру мүмкіндігі алынған.
Педагогика ғылымы бүгінгі күні көптеген жалпы ғылымилық, әлеуметтік-философиялық, әлеуметтік-мәдени және адамгершіліктік-эстетикалық процестердің тоғысуына тап келіп отыр, өйткені қоғамдық өмірдің күрделі талаптарына сәйкес тәрбиенің құндылық сипаттарын қайта анықтау өзекті мәселе ретінде қарастырылуда. Ал оның алғы шарты басты гуманистік құндылықтарды дамыту, яғни жеке тұлға ретінде тұлға бойында
қайырымдылықты, шыншылдықты, әділдікті, еркіндікті қалыптастыру педагогика ғылымының прогрессивті ұстанымдарының бірі болып табылады. Оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру арқылы оқушыларға бүкіладамзаттық құндылықтарды дарыту арқылы, әрбір оқушының тек білімі, біліктілігі және дағдысын ғана емес адамгершілік сипатын анықтайтын өзіндік рухани байлықтарының санасын арттыру жүзеге асырылады. Болашақ маманның адами сапасының қалыптасу дәрежесіне байланысты оның маман ретіндегі кәсіби деңгейі айқындалынады. Сондықтан кәсіби білім, іскерлік пен дағды оқушының тек тұлғалық ерекшелігінің элементарлы негізі болады, ал қабілеттері мен құндылық бағдарларының жан-жақты дамуы жоғары және өнімді қалыптасу деңгейі болып табылады, яғни тәрбиелілік мәдениеттің жоғарылауының, бүкіладамзаттық құндылықтарды меңгеру арқылы гуманистік көзқарасының тұрақталуының көрсеткіші болып алады. Оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдері мен гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ең тиімді, мүмкін болатын құралы – берілетін білімдерге адами және рухани сипат беру болып табылады.
Тәрбиені педагогикалық процесс деп түсіндіретін деңгейде «тәрбие- адамның ішкі дүниесіне әсер ететін барлық педагогикалық ықпалдардың кірігуі (интеграциялану), яғни адам бүкіл өмірінде өзіне қатысты тәрбиелік функцияларды атқарушы адамдар арасында болады және олардың ықпалын тиімділік дәрежесі бойынша қабылдауы» - деп тұжырымдауға болады. Тәрбие жүйесінің әрбір звеносы тәрбиеленуші үшін өзіндік тәрбие ықпалын тигізеді. Тәрбиені кәсіби қызмет ретінде түсіндіретін үшінші анықтамада педагог-тәрбиеші қызметі тәрбие субьектісі ретінде алынады және түрлі тәрбие звеноларында нақты әрекеттер жүйесімен қызмет етеді.
«Тәрбие» ұғымының түрлі анықтамалары мен түсініктерін қазіргі тәрбие көріністері контексімен салыстыра отырып, Б.Т.Лихачев тәрбиені адамның сапалық қасиеттерімен бағалау арқылы жаңа гуманистік анықтамасын берген жөн деп санайды. Аталған логика бойынша тәрбие – адамның сапалық деңгейін мәндендіруші, оның тұрмысының мән-мағынасы мен өмір сүру әдістерінің өзгеру динамикасынан туындайтын педагогикалық өзара әсерлесу нәтижесі деп түсіндіруге болады.
Тәрбиеге гуманистік сипат беру мақсатында біраз ғалымдар оны әлеуметтендіру жеткілікті, яғни бағытталған әрекет арқылы индивидке саналы түрде қажетті қасиеттер мен белгілерді сіңіруге болады (И.С.Кон) десе, біразы (Изотов М.З, Фромм Э) жеке тұлғаның қажеттіліктерін қалыптастыру мен оларды қанағаттандырудың мүмкін болатын әлеуметтік тәсілдерін анықтау жеткілікті, ал Г.С.Батишев - адамға өзін-өзі танып білу мен өз қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігін беру қажет, сонда ғана тәрбиеде гуманистік мазмұн бола алады деген. Дәстүрлі түсініктерде (Я.А.Коменский, В.Зенковский) тәрбие «ұстап отыру механизмі» немесе «мінез-құлықтық шектеу» делініп, этностық, туыстық қарым-қатынастар жүйесінде өмірдің талабы мен ережелерінің, мәңгіліктік заңдарымен байланыс тәсілі ретінде бағаланады, ал Р.Тагордың еңбектерінде «адамзаттың данышпандығының шексіз ішкі бастауларын сыртқа шығарушы» деген тамаша анықтама беріледі.
Гуманистік тәрбие беру көзқарасының түрлі сипаттамаларына, олардың түрлі мазмұндарына қарамастан тәрбиешіні тәрбиеленушінің ішкі саналық қасиеттерінің бағыттылығы қызықтыруы керек. Шын мәнінде бұл бағыттылық рухани дамуға жол сілтейді, яғни адамның өзінің тұрмыстық деңгей шеңберінен асу (шығу) арқылы толық қанағаттануға жақындау болып табылады.
Құзырлылық қатынас тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасындағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда нақты әрекеттерді меңгерумен және күтілетін нәтиженің мақсатқа сәйкестігімен айқындалады. Сондықтан бастауыш мектеп оқушыларынң гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті мен білім сапасындағы ізгіліктік ниет пен гуманистік көзқарастың құраушы элементтерін қай деңгейде және қаншалықты меңгергеніне байланысты болады.
Құзырлылық қатынасты таңдау гуманистік тәрбиенің гуманистік тәрбиенің жалпы адамзаттық құндылықтарының әлеуметтік ұйымдастырылған интериоризация процесі
ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Өйткені, гуманистік тәрбие айтарлықтай дәрежеде кәсіби-этикалық өзара жауапкершілік метақағидасының жүзеге асырылуымен де байланысты болғандықтан жеке тұлғаның көзқарасы мен рухани дүниетанымына ықпал етеді. Құзырлылық қатынас негізінде оқушылардың гуманистік тәрбиесін қалыптастыру – қарым-қатынас мәдениетін нақты кезеңдер арқылы жүзеге асыру жолдары көрсетілген. Құзырлылық қатынас тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасындағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда нақты әрекеттерді меңгерумен және күтілетін нәтиженің мақсатқа сәйкестігімен айқындала-тыны, сондықтан бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті мен білім сапасындағы ізгіліктік ниет пен гуманистік тәрбиесінің құраушы элементтерін қай деңгейде және қаншалықты меңгергеніне байланысты болады.
Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастыру жас жеткіншектерімізді мәдениетті, парасатты, білікті, көрегенді етіп тәрбиелеу бұл мемлекет басшысының салиқалы ой тізбегінен өткен жай, әлемдік өркениет дамуының қырын-сырын оқып, зерттеп жүйелеген көрегендік саясатының толық қанды жемісі болмақ. Осы тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында барынша еңбек етіп, елімізді өркендетіп, гүлдендіру, ”Мен Қазақстанның азаматымын” – деген ұлтжанды отандастарымыздың ардақты да, асқақ борышы болмақ. Сондықтан да, өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымыздың жан-жақты ойлай білетін, өз елінің, халқының қамын жейтін, қоғамды алға қарай дамытатын адамгершілігі мол бүлдіршіндерін дайындауымыз керек. Сол себепті де, білім беру саласында жұмыс істейтін педагогтарымыздың алдында үлкен міндет, ауыр жүк тұр. Өйткені, қазіргі оқушыларға егемен еліміздің болағашына, өтпелі кезеңнің көлеңкелі жақтарын ескере отырып, оған мойын ұсынбай, алдымызда тұрған нарықтық экономика жағдайында мазмұнды, әрі сапалы білім беру біздің аса жауапты міндетіміз. Бастауыш сынып оқушыларына құзырлылық қатынас негізінде гуманистік тәрбие беру, осы бағытта отбасында, мектепте алған тәрбиелерін ұштау, жетілдіру – бүгінгі педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сонымен қатар мектептегі оқу – тәрбие жүйесі, мұғалім – оқушы арасындағы қарым – қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімдердің иннновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Алдымыздағы межеленіп отырған 12 жылдық білім беру жоспарының ішіндегі бастауыш мектептегі оқыту жүйесі де басты назарда. Ал мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушының білім, білік дағдыларды игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру, оқуға, жазуға, есептеуге машықтандыру, шығармашылық ойларын дамыту бастауыш сыныптан қамтамасыз етіледі. Қазіргі кездегі бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы жаңа өзгерістерге бет бұру үшін мынадай талаптарды ескеру керек:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы