Басқару есебінің мәні оның негізгі міндеттерінде барынша толық ашылады: - 1. Қолданылатын өндіріс факторлары, олардың жағдайы мен қозғалысы туралы өндірістік процесс туралы сенімді ақпарат беру.
- 2. Шығындарды есептеудің оңтайлы әдістерін таңдау және оларды есеп саясатында көрсету мақсатында кәсіпорынның басқару аппаратына ақпарат беру.
- 3. Өндірістік шығындарға, қызметтің жекелеген түрлерінің, жұмыстардың, өнім түрлерінің, өнімнің өзіндік құнының, кәсіпорынның қаржылық нәтижелерінің үстінен жедел бақылауды жүзеге асыру.
- 4. Шығынға, қаржылық нәтижелерге және қаржылық жағдайға жүйелі түрде оперативті, ағымдағы, перспективалық талдау жүргізу, олардың динамикасының себептерін анықтау, максималды нәтижеге жетуге кедергі болатын «таршылықтарды» анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |