Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



Дата28.01.2017
өлшемі136.5 Kb.


Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:


С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-3, D-3, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

С-R-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154071

208205

С-4


138248

186551

С-R-1


142412

192381


I. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 74-98-62, bisihbaeva.r@minagri.gov.kz «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Комитеттің бағдарламалары бойынша бюджеттік және қаржылық есептілікті қалыптастыру; Комитеттің жедел жоспарын орындау бойынша есептілікті қалыптастыру; бассейндік инспекциялардың бюджеттік өтінімдерін қарау, олардың тиісті қаржылық жылдың жоспарының орындалуына бақылау; бассейндік инспекциялардың қаржылық есептілігін қарау; Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа уәкілеттіліктерді жүзеге асыру. Басшылықтың басқа тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, әлемдік экономика) немесе АӨК саласындағы экономика және басқару, немесе қаржы және несие, немесе экономика және менеджмент, немесе экономикалық.

Мынадай құзыреттерінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.

II. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті, 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 11, анықтама телефондары: (7172) 71-84-17, электронды мекен-жайы: kadry_kk@minfin.gov.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Мақтаарал аудандық қазынашылық басқармасының басшысы, C-R-1 санаты.

Функционалды міндеттері: Республикалық бюджеттің кассалық орындалуы және мемлекеттік бюджеттің есептік-кассалық қызмет көрсетуін, республикалық, өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуы мәселелерінде алдын ала және ағымдағы бақылауды, қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, республикалық бюджетті орындау жөніндегі бухгалтерлік есеп және есеп беруді, банк есептілігін және бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі жұмыстарды бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) немесе құқық саласында (құқықтану) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (автоматтандыру және басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



III. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр көшесі, 19, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 78-68-92, 78-68-91, факс 8 (7172) 78-69-43, электрондық мекен-жай zh.nurbayeva@energo.gov.kz, b.duzkeeva@energo.gov.kz «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсжариялайды:

1. Электр энергетикасы департаменті Электр энергетикасын дамыту және интеграция басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, № 12-3-1.

Функционалды міндеттері: Басқарма жұмысына басшылық жасау. Электр энергетикасы саласындағы бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; электр энергетикасы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингі бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету; энергетикалық кешен қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және шешімдерді дайындау; электр энергетикасы саласында ғылыми-техникалық құжаттаманы әзірлеуді бақылау; халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық.



2. Қалдықтарды басқару департаменті Өнеркәсіптік қалдықтар басқармасының басшысы, негізгі қызметкердің оқу демалысында болу кезеңінде 30.06.2017 ж. дейін, С-3 санаты, 1 бірлік, № 19-1-1.

Функционалды міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік лауазымдар санатына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Microsoft бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар,экономика және бизнес, құқық.

3. Персоналды дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 27-0-5.

Функционалды міндеттері: Қызметкерлерді тағайындау, босату бойынша бұйрықтарды рәсімдеу; бос әкімшілік мемлекеттік қызметке кадр резервінен ауыстыру және тағайындау бойынша құжаттарды рәсімдеу; біліктілік талаптар жинағын әзірлеу; қызметкерлердің еңбек демалысын жоспарлау және еңбек демалысы туралы бұйрықтарды рәсімдеу; міндетті арнайы тексеруге құжаттарды рәсімдеу және бақылау; іссапарларды жоспарлау және қызметкерлердің іссапары туралы бұйрықтарын дайындау; жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау; министрлік қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметтік куәлікпен қамтамасыз ету; ҚР Президентінің Әкімшілігіне жіберу үшін мемлекеттік наградаларға және марапаттауға материалдарды әзірлеу; аппарат қызметкерлерінің біліктігін арттыруды ұйымдастыру және оқыту кестесін әзірлеу; Министрліктің қызметкерлерінің ай сайынғы бағалауын ұйымдастыру; жеке істерді қалыптастыру және жүргізу; әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын ұйымдастыру және өткізу; қызметкерлердің әскери қызметі туралы есеп жүргізу; тағылымдама, тәлімгерлік ұйымдастыру және қызметкерлердің жеке мағлұматтарын есепке алуды жүзеге асыру; конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру; ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне статистикалық есепті құрастыру, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігіне мемлекеттік қызметкерлердің құрамы және алмасуы туралы есеп беру; ҚР Президент Әкімшілігінің және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын уақтылы орындау; заңнамаға, басқарманың міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: құқық (құқықтану), гуманитарлық ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

4. Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасының (азаматтық қорғаныс бойынша) бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 28-0-3.

Функционалды міндеттері: Министрліктің азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және түзетеді; азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша құжаттар (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар және тағы басқалары) әзірлейді; Министрлік қызметкерлерінің азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша дайындығын ұйымдастырады; азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша жаңа құжаттарды, талаптар мен нұсқауларды министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, министрліктің ведомстваларына және оның қарамағындағы ұйымдарына уақтылы жеткізеді; республика ауқымында әртүрлі командалық-штабтық оқулар мен жаттығуларға қатысуға арналған жоспарлайтын құжаттарды дайындаумен айналысады; қорғаныс ғимараттарын және басқа азаматтық қорғаныс объектілері бойынша ақпарат ұсынады; Министрліктің ведомстваларынан және оның қарамағындағы ұйымдарынан мәліметтер жинауды ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының құзіретті органына азаматтық қорғаныс бойынша ақпаратты жеткізуші болып табылады; азаматтық қорғаныс бойынша жоспарларға ведомстволар мен салалық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп ұсыныстарды қалыптастырады; азаматтық қорғаныс бойынша ұсыныстар енгізуге байланысты жұмысты жүзеге асырады; түрлі командалық-штабтық оқулар мен жаттығуларға қатысады; Министрліктің Азаматтық қорғау және Төтенше жағдайлар, Республикалық қызмет штабының және Төтенше жағдайлар бойынша комиссияның жұмысына қатысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар, гуманитарлық ғылымдар, жаратыластану ғылымдар.

IV. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министерліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, 1 кіреберіс, анықтама үшін телефон: (7172) 74-99-43, 74-99-29, e-mail: suleimenov.as@minagri.gov.kz: «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, (С-3 санаты), 1 бірлік.

Функционалды міндеттер: Басқармаға басшылық жасайды және Басқарма туралы ережеде көзделген міндеттердің орындалуы үшін жауапты болады. Басқарма қызметкерлерiнiң өкiлеттiгін және мiндеттерiн анықтайды. Өзінің құзыреті шегiнде ҚР заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады; Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне талап ету жұмыстарын жүзеге асыруда әдістемемен көмек көрсету; сот жұмыстарын қарастырудағы нәтижелерді талдау және жалпылау жұмыстарын ұйымдастыру; қолданыстағы заңнаманың өзгерістері туралы Комитет қызметкерлерінің ақпараттандырылуын қамтамасыз ету; лауазымдық тұлғалардың өз қызметіне сай нормативтік құқықтық актілерді оқып білу жұмыстарын ұйымдастыру; мемлекеттік органдарда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша құқықтық нормативтік жобаларының келісім рәсімдерін уақытылы өткізілуіне бақылауды қамтамасыз ету; Комитеттің бұйрықтарына, нұсқаулықтарына, ережелеріне және басқа да құқықтық сипаттағы актілеріне құқықтық сараптаманы жүзеге асыру; орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолдану; басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық (заңтану немесе халықаралық құқық), ауыл шаруашылығы ғылымдары (балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау, аңшылықтану және аң өсіру, орман шаруашылығы және орманшылық немесе орман және бақша-парк шаруашылығы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау және сертификаттау (сала бойынша), техникалық физика) саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Өз құзіреті шегінде: бөлім жұмысын жүзеге асырады, келешекке арналған және ағымдағы бөлім қызметін жоспарлауды, олардың сапалы және мезгілінде орындалуын, өзіне жүктелген міндеттерінің орындалуын, Инспекция мен Комитеттің тапсырмаларын сапалы және мезгілінде орындалуын, су айдындарында су қорғау белдеуі мен аймағы, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағына қадағалауды жүргізу; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы аясындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексеру; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы және қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды, бақылау астындағы су қоймаларында балық ресурстары және басқа да су жануарларын қорғау үшін рейдтік шараларды ұйымдастыру; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдістемелік жұмыстар жасауды; бақылау-инспекциялық қызмет бойынша есептерді белгіленген тәртіпте дайындау және ұсынуды. Балық шаруашылығы бөліміне бағынысты және есепті болып табылады. Жоғары тұрған басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық (заңтану немесе халықаралық құқық) ауыл шаруашылығы ғылымдары (балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау, аңшылықтану және аң өсіру, орман ресурстары және орманшылық) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (техникалық физика) саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде