Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл»
Мақсаты: 1.Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.
2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.
3. Оқушылар бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан республикасының картасы,Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.
Техникалық құрал: мультимедиалық қондырғы.
Барысы:
Тәрбиеші сөзі: Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік Декларациясы қабылданып, Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналады. Тәрбие сағатымызды төмендегі жоспар бойынша жүргіземіз:
Кіріспе. 1.Тәуелсіз ел- Қазақстан.
2. Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.
3.Тарихи оқиғалар тізбесі.
4.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер
5. Қорытынды.
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда , қазаны теңде болып, көшіп -қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.
1-жүргізуші: Армысыздар, Отандастар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
1-жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздік алуы - халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
2-жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгнді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!