Балшикеев Серік Балтабайұлы, Рақымжанов Бақытжан Қадырұлы


 Махмұт әл – Қашқари – түркі дүниетанымын зерттеуші



Pdf көрінісі
бет9/41
Дата11.04.2022
өлшемі1.49 Mb.
#219875
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
қазақ философиясы оқулық

 
1.3 Махмұт әл – Қашқари – түркі дүниетанымын зерттеуші 
 
Жүсіп  Баласағұнның  замандасы,  Қашқарияда  дүниеге  келгенмен,  бүкіл 
саналы  ғұмырын  Қазақстан,  Орта  Азия  жерлерінде  ҿткізген.  Негізгі  еңбегі 
«Диуани  лұғат  ат-түрік»  («Түркі  сҿздерінің  жинағы»)  деп  аталады.  Түркі 
халқының ХІ ғасырда ҿмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі Махмұт ҽл-
Қашқари.  Күні  бүгінге  дейін  ғалымның  туған  жылы  белгісіз.  Оның  атақты 
шығармасы «Диуани лұғат ат-түрік» 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп 
шамалап  жүр.  Махмұт  Талас-Шу  алқабындағы  Барысхан  қаласында  туған. 
Ұйғыр  ғалымдары  Махмұт  Қашқариды  «Қашқари»  есіміне  қарап,  ұйғыр 
ҽдебиетінің  ҿкілі,  тек  ұйғыр  халқының  перзенті  деп  жазады.  Бұл  пікірдің 
негізсіз екендігі автордың ҿз сҿзінде де кездеседі, онда ол ортағасырлық ҽскери 
басшы,  белгілі  бек  отбасынан,  яғни,  оғыз  ортасынан  шыққан.  Сондықтан  да 
Махмұт Қашқари – тегі жағынан ұйғыр емес, оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан 
Орта  Азия  мен  Қазақстанды  мекендеген  түркі  халықтарының  ортақ  перзенті 
[13]. Сол себепті де оның шығармасы да ортақ қазына, ортақ классикалық мұра 
екендігін ескерткен жҿн. Сҿздік тек тіл білімінің мҽселелеріне арналған еңбек 
қана  емес,  сонымен  қатар  ғылымның  кҿптеген  салаларынан  хабардар  ететін 
сан-салалы  еңбек  болып  табылады.  Еңбек  Орта  Азия  мен  Қазақстан 
халықтарының ҽлеуметтік жҽне мҽдени ҿмірінің ҽр алуан салаларынан мҽлімет 
беретін құнды туынды. «Диуана лұғат ат-түрк» – түркі халықтарының тамаша 
ескерткіші 
болып 
табылады. 
Сҿздікте 
адамгершілік, 
тҽлім-тҽрбие, 
психологиялық  қасиеттер,  адамның  бойында  кездесетін  жағымды  жҽне 
жағымсыз  мінез-құлықтарға  сипаттама  береді.  Махмұт  Қашқари  түркі 
тілдерінің  түрлі  говорлары  (жергілікті  тілдік  ерекшеліктер)  жайлы  айта  келіп, 
мысал  ретінде  берген  сҿздерінің  ішінде  қазіргі  қазақ  тілінде  де  айна-қатесіз 
қолданылып  жүрген  тҿмендегідей  сҿздерді  де  ұшырасады.  Мысалы:  «арық, 
ақыр,  қар,  қара,  азық,  қозы,  қыз,  қашты,  кҿмді,  білді,  тірілді,  ҿлік,  су,  ат, 
топырақ». Соған қарағанда, қазақ тілін түркі тілінде ата сҿздерін кҿп сақтаған 
таза  тілдердің  бірі  деп  санауға  ҽбден  болады.  Бұндай  зерттеулер  мен  ойлар 
орыс  халқының  белгілі  ғалымдары  Радлов,  Гумилев  шығармаларында 
кездеседі.  «Азия»,  «Слова  и  вещь»  кітаптарының  авторы  ҿзіміздің  жерлесіміз 
О.Сүлейменовтың шығармашылығында жан – жақты талданған. 
Махмұт  Қашқаридың  «Жинағы»  күні  бүгінге  дейін  дүние  жүзі 
ғалымдарының  назарын  аудартумен  келеді.  Орыс  зерттеушілерінен  бұл 
шығарма  жайлы  ҿз ойларын  айтқан  негізінен  В.В.  Бартольд,  С.Е.  Малов  жҽне 
А.Б.  Халидов  болды.  Махмұт  Қашқари  «Диуани  лұғат  ат-түрік»  ҽскери, 
махаббат, эллегия, табиғат секілді тақырыптармен қатар, моральдық, этикалық, 
тұрмыстық,  мифологиялық  оқиғаларды  да  сҿз  етеді.  Махмұт  Қашқаридың 


 
26 
аталған  шығармасында  да  ҽл-Фарабидің  рационалистік  жҽне  гуманистік 
идеяларының  іздері  айқын  кҿрінеді.  Түркі  елі  ҽдебиетінің  ренессанстық 
дҽуірінің  бастапқы  кезеңіне  жататын  осы  бір  үлкен  классикалық  шығарма. 
Қазіргі  қазақ  тілінің  негізін,  ҽдебиеттік  арнасының  кҿзін  танытатын  мҽнді  де, 
маңызды,  түркі  халықтарының  мақтанышы  болған  құнды  мұра,  жазба 
ҽдебиетіміздің  тұлғалы  шығармасы.  Қазақстанды  мекендеген  кҿптеген  түркі 
тайпалары  қалдырған  ортағасырлық  ортақ  мҽдениет  үлгісі.  «Жинақта»  тҽлім-
тҽрбие,  дидактика,  ҿсиет,  адамгершілік,  ұрпақ  тҽрбиесі,  ізгілік  туралы  ой-
пікірлер  айтылады  [14].  Мҽселен,  «Атасынан  ақыл  алса,  тентек  ұл  да 
жҿнделер», «Ұлысында ұлы болсаң, біліміңді елге бер», «Асығыс еткен іс шала, 
асығыс  жаққан  от  шала»,  «Ұлым,  ақыл  тыңдасаң,  білімсіздік  жоғалар,  білім 
қалар  артыңда,  ғұмыр  сырғып  жоғалар».  Сҿздікте  ерекше  тҽлімдік-тҽрбиелік, 
ғибраттық  мҽні  бар  мақал-мҽтелдер  мен  қанатты  сҿздер  жиі  кездеседі: 
«Ақылымды  ал,  ұлым  менің,  рақымшыл  бол,  ҽулетіңнің  ағасы  бол,  ақылшы 
данасы  бол,  білгеніңді  ортақтас…»,  «Ұлым  менің,  ақыл  сенің  серігің»,  «Ашу-
ыза  ақылыңды  алады,  мылжың  дүниеңді  тарылтады».  Сҿздікте  қаншама 
адамгершілікті,  рақымшылдықты  дҽріптейтін  тҽлімдік  ой-пікірлер  орынды 
берілген:  «Даналардың  сҿзі  –  ақыл,  зер  салсаң,  зердеңе  қонар»,  «Рақымшыл 
болсаң,  менмен  болма»,  «Рақымың  болмай  мақтансаң,  қиын-қыстауда 
қиналарсың», «Туғаныңның мҽртебесін ҿсіргің келсе, сый-сияпат кҿрсет» [15]. 
Махмұт  Қашқари  түрік  жұрты,  түрік  ұлысы  жҿнінде  былай  деп  сҿз 
қалдырыпты: 
"Мен  тҽңірінің  дҽулет  ұясын  түріктер  жұлдызына  жаратқандығын  жҽне 
ғарышты  солардың  заманы  үстінде  айналдырып  қойғанын  кҿрдім.  Тҽңірі 
оларды  "түрік"  деп  атады.  Ҽрі  оларды  мемлекетке  еге  қылды.  Заманымыздың 
хақандарын түріктерден шығарып, дҽуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың 
қолына  ұстатты;  оларды  адамдарға  бас  қылды;  хақ  істерде  соларды  қолдады; 
олармен  бірге  күрескендерді  ҽзіз  қылды,  ҽрі  түріктер  ішінен  соларды  барша 
тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады. 
Шайх  Ҽбубҽкірдің  ақырзаман  турасында  жазған  бір  кітабында  ұлы 
пайғамбарымыздан  нақыл  келтіріп,  мынадай  хадисті  баян  етеді:  "Ұлы  тҽңірі: 
Менің бір тайпа қосыным бар, оларды "түрік" деп атадым, оларды күншығысқа 
орналастырдым.  Бір  ұлысқа  ашуланып,  назалансам  түріктерді  соларға  қарсы 
саламын" депті [13]. 
Сондықтан  да  Тҽңірдің  ҿзі  оларға  ат  берген,  жер  жүзінің  ең  биік, 
ыңғайлы,  ең  ҽуесі  таза  шұрайлы  ҿлкелеріне  орналастырған  да,  оларды  "Ҿз 
қосыным"  деп  санаған.  Оның  үстіне  түріктер  кҿркемдік,  сүйкімділік,  жарқын 
жүзділік,  ҽдептілік,  жүректілік,  үлкендерді,  қарияларды  құрметтеу,  сҿзінде 
тұру, мҽрттік, кішіктік, тағы сондай сансыз кҿп мақтаулы қасиеттерге ие". 
Ҿз  заманында  айтылған  сҿздердегі  ғалымның  еліне  деген  ерекше 
ықыласы кҿрініп тұр. Екінші жағынан қазірде қырықтан астам ұлыс-ұлттардың 
тегін  білдіретін  "түрік  елі",  "түрік  жері"  ұғымының  дүние  тарихында  ҿзіндік 
орны бар екендігі күмҽнсіз ҽрі айдан анық тарихи ақиқат. 
Тағы  да  сол  түрік  жұртының  тілі  жҿнінде  ғұлама  тілші  ғалым  Махмұт 
Қашқари былай деп ой білдіріпті: 


 
27 
"Түріктердің  оқтарынан  сақтану  үшін,  олардың  жолын  берік  тұту  ҽрбір 
ақыл  иесіне  лайықты  да  парызды  іске  айналды.  Ҿз  дертін  айту  түріктерге 
жақын болу үшін оларға түрік тілінде сҿйлесуден пайдалы жол қалмады. Кім ҿз 
дұшпандарынан  безіп,  түріктерге  мұңайып  келсе,  түріктер  оларды  қанатының 
астына  алып, қауіптен  құтқарады; олармен  бірге басқалар  да қамқорлық, пана 
табады. 
...Пайғамбарымыз  қиянат  белгілері,  ақырзаман  бітінҽлары  мен  оғыз 
түріктерінің жорыққа шыққандығы туралы айтқанда "Түрік тілін үйреніңіздер, 
сонда олардың егелігі ұзақ, ғұмырлы болмақ!" – деген екен. 
Бұл хадистің дұрыс-бұрыстығына сол айтушы кісілердің ҿздері жауапкер. 
Бұл  шын  болса,  түрік  тілін  үйренген  абзал,  білген  жҿн,  шын  болмаған 
жағдайда, түрік тілін үйренудің зияндылығын ақыл парықтар. 
...Ең  ашық-айқын  ҽрі  тура  да  түзу  тіл  —  тек  сол  бір  ғана  тілді  біліп, 
парсылармен  араласпайтын  жҽне  шет  ҿлкелермен  барыс-келіс  жасамайтын 
кісілердің тілдері". 
Түрік елі мен түрік тілі туралы осындай ой айтқан Махмұт Қашқари ҿзі 
жайында: 
"Сонымен,  мен  сол  түріктердің  қызыл  тілге  ең  шешендерінен,  ең  ҽдемі 
ҽңгімешілерінен,  ең  бір  зеректерінен,  ең  білгірлерінен,  ежелгі  асыл 
тайпаларынан  уа  соғыс  ісінде  мықты  найзагерлерінен  болғандығымнан, 
олардың  шаһарлары  мен  сахарасын  бастан-аяқ  аралап  шықтым.  Түрік, 
түрікмен,  оғыз,  шығыл,  йағма,  қырғыздардың  сҿздерін  жҽне  (сҿздерінің) 
қасиет,  құпияларын  анықтап  шықтым,  оларды  пайдаландым.  Мен  бұл  істерді 
осы тілдердегі ҽрбір кішігірім айырмашылықтарды парықтап білу үшін істедім. 
Сонымен  олардың  ҽрқайсысының  тілі  менің  кҿңілімде  ұялап,  берік  сақталып 
қалды. Мен оларды мұқият реттеп, ҽбден тҽртіпке келтіріп, жүйелеп шықтым. 
Бұл  бір  мҽңгілік  жҽдігерлік  уа  таусылмас-түгесілмес,  азып-тозбас  бір 
байлық болсын деп, бір Тҽңірге сыйынып, осы кітапты түзіп шықтым да, оған 
"Диуани лұғат-ит-түрк — Түрік тілдерінің диуаны" деген ат бердім", – деп баян 
етеді... 
Жалпы,  түрік  жұртының  бір  тарихи  кезеңін  Күлтегін,  Тоныкҿк 
ескерткіштері жеткізсе, сол ескерткіштерге қашалған сҿздердегі "Түрік" ұғымы 
атаулыға  қастерлей  қарау  дҽстүрі,  байқап  отырсыздар,  осы  еңбекте  де  айқын. 
Ал Ҿнгүн ескерткіштеріндегі "Батыр ерлерін балбал"  етіп қойды. Түрік халқы 
аты  жоғала  бастаған  еді.  "Түрік  халқы  құрымасын,  құрбан  болмасын!"—  деп 
үстіндегі Тҽңірі айтқан еді",—дегендегі Тҽңірдің аузынан айтылған сҿздің рухы 
да Махмұт Қашқари ниетіне ҿте-мҿте жақын. 
Тҽңірдің сҿзін ортаға ала сҿйлеу... 
XI  ғасыр  табалдырығында  тұрып  зерттеуші  тілші  түрік  тілі  мен  елі 
туралы хҽм ҿзі туралы осындай тұжырымдар айтқан. 
Айқын,  нақты,  түйінді  ой.  "Түрік  сҿздігінің"  мақсаты  мен  маңызын  осы 
сҿздердің ҿзі-ақ жақсы түсіндіріп берген. 
Күлтегін,  Тоныкҿк,  Ҿнгүн  жазуларында  да,  Жүсіп  Баласағүн,  Махмұт 
Қашқари  еңбектерінде  де  ҿзекті  бір  рухани  желі  бар.  Ол  –  Түрік  елі,  түрік 
ҿркениеті.  Руна  жазуларында  елді  сақтау,  мемлекетті  түзу,  кеңейту,  нҽсілдің 


 
28 
құрып кетпеуі қысқа, нақты ой түйіндерімен жетсе, кейінгі XI ғасырдағы ҽйгілі 
жазбаларда сол рухты ұстанып ҽрі қарай гүлдену мақсатымен ҿнер мен ғылым 
тілінде  толғайды.  Кейінгі  шығармаларда  елдік  дҽстүр,  халықтық  рух,  ҿнер-
білім, білік мұраттары айқындала түскен. 
Барша  түрік  ҽулетіндегі  халықтардың  қатарында  қазақ  елінің  де 
мҽдениетіне,  тіліне,  ҿнеріне  тікелей  қатысты  ұлы  ескерткіштердің  ішінде  осы 
"Түрік  тілдері  жинағының"  үш  томдығы  да  ерекше  шоқтықтың  биігінде 
бағаланады.  Жүсіп  Баласағұнның  атақты  "Құдатғу  білік"  дастаны  хижра 
бойынша  462  жылы  жазылса,  Махмұт  Қашқари  бұл  үш  жинаққа 
топтастырылған, сегіз кітаптан тұратын тілтану жайлы еңбегін хижра бойынша 
464 жылы бастап 466 жылы аяқтап шыққан. Екі білге де Бұл тарихи деректерді 
аталмыш  еңбектерінің  қолжазбасында  жазып,  кҿрсетіп  кеткен.  Арасында 
небары 4 жылдай ғана уақыт айырмасы бар. Ҽрі екеуінің ҿмір сүрген дҽуірі мен 
жері  де,  білім  түзіп,  ғылым  сүзген  топырақтары  да  бір.  Бір  ҿркениеттің,  бір 
мҽдениеттің  ҿзгеше  дҽуірлеу  тұсының  мҽңгілік  бҽйтеректері.  Басқа  да  ежелгі 
түрік  ескерткіштерінің  ішінде  жазылу  мҽдениеті,  поэзия  мен  ғылыми-зерттеу 
еңбектеріне тҽн ерекшеліктердің аса айқын, маңызды ҽрі кемел сипатта кҿрініс 
табуының  ҿзі-ақ  "Құдатғу  білік"  пен  "Түрік  тілдерінің  жинағы"  байтақ  Тұран 
даласындағы қоғамдық ойдың,  кҿркемдік-эстетикалық  танымның  қаншалықты 
таңқаларлық жоғары дҽрежеде толысқанының  тарихи құжатына айналған. Бірі 
— аса шебер толғанған философиялық-дидактикалық дастан, екіншісі — бүкіл 
түрік тілдеріне ортақ Тілтану энциклопедиясы. Түрік тілдес халықтардың қай-
қайсысының  да  ұлттық  тіл  біліміне  кіріспе  қадамдары  ежелгі  руна 
жазуларымен қатар, арнайы ғылыми сипаты қанық осынау үш томдық "Диуани 
лұғат-ит-түрк" еңбегінен басталуы тиіс [14]. 
Философиялық ҽрі поэтикалық трактат пен тіл білімін түзген осынау ұлы 
зерттеудің  биігінен  қарағанда  күллі  түрік  мҽдениетінің  кҿкжиегі  ҽлемдік 
деңгейде  кеңейіп,  тынысы  ашылып  аруақтанып  кетеді.  Осыған  дейінгі  ұлан-
ғайыр даму белестері бедерленіп кҿрініп, шоқтықтана түседі. 
Ал, ғұлама ғалымның туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Ол жҿнінде 
кітапта да дерек кездеспейді, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда  да 
ештеңе демейді. Қолжазбада Махмұт Қашқаридың бұл еңбекті қай жылдарда не 
үшін  бастағанын,  не  үшін  жазғанын  һҽм  қай  жылы,  қай  күні  тҽмамдағанын 
түсіріп  кеткен  мерзімге  қарап  шамалауға  болады.  Сондай-ақ,  кейінгі,  бертінгі 
түпнұсқаны  кҿшіріп  сақтап,  таратушылар  қай  жылдары  кҿшіріп  жазғандарын 
білдіріп отырған. 
Кітаптың ҿз мҽтініндегі деректер бойынша хижра бойынша 464 жыл мен 
466  жыл  аралығына  тҿрт  рет  редакцияланып, түзетіліп жазылып  шыққан  екен. 
Ҽрине, осыншама ұлы еңбекті жазуға Махмұт Қашқари білге талай жылдарын 
сарп  еткені  анық.  Бүкіл  түрік  жерлері  мен  тайпаларын  тегіс  аралау,  тіл 
ерекшеліктерін салыстыра талдап саралау, ҽр ру-тайпаның тіл байлығы мен тіл 
құнарына  ден  қойып  зерделеу  үстіне  айтылу,  жазылу  заңдылықтарына  дейін 
жетеге  жеткізе  зерттеу,  тіршіліктегі,  тұрмыстағы  қолдану  аясына  байланысты 
ҿміршеңдік  жағын  қарастырған  қағидалар  шығару  —  ғұлама  ғалымның 
ғұмырлық  мұраты  болғанға  ұқсайды.  Егер  "Құдатғу  білік"  ("Құтты  білік") 


 
29 
дастанын жазған кезде Жүсіп Қас Хажыб Баласағұн 51 жас (А. Ділашар), 54 жас 
(Р.Р.  Арат)  шамасында  деп  сенімді  түрде  түйіндесек,  Махмұт  Қашқариға 
келгенде, жас шамасын айқындау біраз қиындықтарға түседі. Жүсіп Қас Хажыб 
дастанында  ҿзінің  жас  шамасына  қатысты,  шығарманың  жазылу  мерзіміне 
қарай  (он  сегіз  айда  жазған)  там-тұмдап  болса  да  деректер  ұшқыны  бар.  Ал 
Махмұт  Қашқари  ҿзінің  ең  бір  қызыл  тілді  шешен,  батыл,  ҿжет,  найзагер 
екендігін  айтады.  Ҽрі  араб,  парсы  жҽне  түрік  мҽдениетіндегі,  олардың 
қоғамдық-эстетикалық  дамуындағы  ағым  үрдістерді  еркін  ажыратып, 
салыстырып  отырады.  Ҽрине,  ел-жұрт  ішінде  танылып,  белгілі  болмаған, 
мойындалмаған  болса,  Махмұт  сияқты  ұлы  хҽкімдер  құр  мақтана  бермес  еді. 
Демек,  осы  негіз  кітаптан  тұратын  еңбегін  жазуға  кіріскенде  ғалым  кемеліне 
келіп,  ел  ағасы  боларлық  жасқа  жеткен  кезі  деп  шамалауға  болар  еді.  Еңбек 
біздің  жыл  санауымызша  1072  не  1078  жылдарда  жазылған  деп  жобаланып 
келсе, оны жазған хҽкім елулерге кең-мол қадам басқан адам. Ҽйтсе де, 1029—
1038 жылдар аралығында туған деген болжам бар. 
Ғалымның  тегі,  елі  жҿнінде  де  түрлі  болжамдар,  қайшылықты  пікірлер 
жеткілікті.  Оның  қайсыбір  кереғар  бағыттары  кҿзі  ашық,  құлағы  түрік 
оқырмандарға  мағлұм.  Кереметтей  еңбек  тындырып,  тарихи  маңызы  терең 
зерттеулер жазған, аудармалар жасаған ғалым-хҽкімдеріміздің осындай "нҽзік" 
тұстарда  тарихи  ұлы  тұлғаларды  жанына  жақын  санап,  іштартқан  ниеттерін, 
адамға  тҽн  таза  да  бейкүнҽ  ұлағатқа  құштарлық  сезімінен  туған  ықыласты 
болжамдарын бұл жерде олай-былай еді деп жіктеп-жіліктеп жатудың реті жоқ. 
Бұрынғыдай  емес,  қазір  Бүлінген  түрік  дүниесі  қайтадан  тұтастыққа  пейіл 
бұрған  кезде  ондай  пікірталасының  ғылыми  да,  ҽлеуметтік  де  дҽрежесі 
қатардағы  ғана  ҽңгіме.  "Түрік  сҿздігінің"  ҿзі  исі  түрік  тақырыбын  мұрат 
еткендіктен,  ондай  ұлы  тұлғаның  да  ежелгі  тұғыры  –  тұтас  түрік  ҽлемі.  Ал 
тегімізге  тҽн  дҽстүрмен  ой  жүгіртер  болсақ,  кітаптың  мазмұн-сипатына, 
автордың ҿмірі мен қызметіне, ой-ниетіне қатысты деректер мен болжамдарды 
шолғанда,  оғыз-қыпшақ  ортасынан  шыққан.  Тұран  жұртының  ұрпағы.  Ҽрі 
ғалым, аяулы ақсақал Ҽмір Нҽджіб ҿзінің "Исследования по истории тюркских 
языков  XI—XIV  вв."  деген  еңбегінде:  "Оның  Қашқари  деген  лақап  аты 
Қашғарда дҽріс алып, сонда тұрғандығын ғана аңғартады. Автордың ҿзінің сҿзі 
бойынша,  ол  орта  азиялық  ҽскери  қолбасшы,  белгілі  отбасынан,  оғыз 
ортасынан  шыққан.  Ол  жайында  ҿзі  "Біздің  бек  бабамыз  "ҽмір"  деген  сҿзді 
"хамир"  деп  атайды.  Себебі,  оғыздардың  "ҽмір"  деген  сҿзді  айтуға  тілі 
келмейді. Сондықтан олар міндетті түрде "хамир" деп атайды", – деп жазған. 
Махмұт  Қашқари  Самани  ҽулетінен  Орта  Азияны  тартып  алған  бектің 
есімі  Хамир  Темір  екендігін  білдірген.  Осындай  тұжырымдар  автордың  оғыз 
тайпаларының  бірінен  шығуы  мүмкін  екендігін  меңзейді,  –  дейді.  Ал,  Ҽмір 
Нҽджіб ақсақал білікті түріктанушылардың кҿшбасындағы ғалым. 
"Диуани  лүғат-ит-түрк"  кітабының  бізге  жалғыз  қолжазбасы  жеткен.  Ол 
Түркияның Стамбул кітапханасында сақтаулы тұр. Кезінде Бағдаттағы халифат 
кітапханасында  сақталып,  кейін  ҽртүрлі  жағдайда  кҿшіріліп,  жер-жерге 
таралған.  Түркиядағы  қолжазбаны  кҿшіруші  сабалық,  кейін  Шамда  тұрған 
Мухаммед  ибн  Ҽбубҽкір  Ҽбл  Фатих  Махмұт  Қашқаридың  ҿз  қолымен  жазған 


 
30 
түпнұсқасынан  тікелей  кҿшірілгенін  куҽландырып,  хаттаған.  "Бұл  кітапты 
түпнұсқадан кҿшіріп болған күн 644 жылғы шҽууҽлінің 27-күнгі базар еді" деп 
жазған,  осы  кітаптың  соңында.  Соған  қарағанда  бұл  қолжазба  нұсқа  "Диуани 
лүғат-ит-түрік"  жазылғаннан  кейін  180  жылдан  соң  кҿшірілген.  Біздің  жыл 
қайыруымызда  1266  жылғы  1-тамыз,  Броккельман  тұжырымы  бойынша  2-
тамызда, кҿшіріліп біткен. 
Махмұт  Қашқаридың  тілдерді  салыстырмалы  түрде  зерттеу  тҽсілі  бүкіл 
араб, шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тҽсілі ретінде ҿзінше бір мектеп болып 
қалыптасты десе де болады. Арабтың мҽшһүр тілтанушы ғалымы Жамаладдин 
ибн Мұхан түрік данасы Махмұт Қашқариды ҿзімнің ұстазым деп атаған. 
Стамбулда  сақтаулы  тұрған  осы  жалғыз  дана  қолжазба  тарихы  да  бір 
аңыз.  Оны  1914  жылы  түрік  ғалымы  Ҽли  Ҽмір  мұқтаждықпен  сатып  тұрған 
адамнан  кітап  жаймасынан  сатып  алады.  Содан  кейін  Рифат  білге  баспаға 
ҽзірлейді. Жариялатады. 
Неміс  ғалымы  К.  Броккельман  "Диуани  лүғат-ит-түріктің"  табанды 
зерттеушісі ретінде танылды. 1919 жылдан бастап зерттеу мақалаларын жазып, 
жүйелі  зерделеді.  Ал,  1928  жылы  жинақтың  неміс  ҽліпбиінің  ретімен  түзілген 
немісше индекс сҿздігін жариялады. 
Махмұт Қашқаридың ұлы қызметі мен еңбегінің жемісін танып, бағалап, 
болашақ  ұрпақ  игілігіне  айналдырудағы  түрік  ғалымы  Басым  Аталайдың 
талантты да ыждағатты еңбегі күллі түріктану ісіндегі ғажайып зор ҽрі зейнетті 
ғылыми  іс  болды.  (Бұл  жерде,  Б.  Аталайға  дейін  Рифат  білге,  тағы  басқа 
бірнеше  зерттеушілер  аударған.  Бірақ  олардың  ғылыми  нҽтижелері  қауымға 
кеңінен  мҽлім  бола  қоймаған  сияқты).  Басым  Аталай  кҿп  зерделеп  ізденіп, 
ҿлмейтін,  түрік  тарихымен  бірге  жасай  беретін  ғұмырлық  қызмет  сіңірді- 
"Диуани  лүғат-ит-түрік"  кітабын  Түркия  түріктерінің  қазіргі  тілінде 
тҽржімелеп, жүйелеп 1939 жыл мен 1941 жыл аралығында 3 томы мен индекс 
сҿздігін жарыққа шығарды [13].  
Батыс пен шығыс зиялыларының назарын біртіндеп аударып келген бұл 
ғылыми  ескерткіш  осы  1939-41  жылғы  жарияланымнан  кейін  мүлде  жаңа 
белеске  кҿтеріліп,  тынысы  кеңейіп,  екінші  бір  ҿмірін  бастап  кетті. 
Дүниежүзіндегі  аса  құнды  энциклопедиялық  асыл  қазыналардың  қатарына 
қосылды. Шындығында да, Брокгауз, Даль, Радлов секілді ұлы зерттеушілердің 
іргелі еңбектерінің қатарында адамзат баласының игілігіне айналды. 
1960 жылдары Ташкентте үш томдығы ҿзбек тілінде араб жҽне кирилица 
ҽліппесімен жарық кҿрді. Аударып, баспаға дайындаған Салық Муталлибов. Ол 
аударып, алғы сҿз, ғылыми түсініктерін жазған [13]. 
Ұйғыр  халқының  зиялылары  ежелгі  түрік  жазбаларының қай-қайсысына 
да  ізгі  құштарлықпен  қарап,  іштартып  отыратыны  түсінуге  болатын  жақсы 
қасиет. Ұйғыр тіліндегі аудармасы Қытайда  1981  жылы жарық кҿрді, үш  том. 
Онда  ұйғыр  аудармашылары  Б.  Аталай  мен  С.  Муталлибов  аудармаларына 
ғылыми  сыни  кҿзқараспен  қарап,  дұрыс  тұстарын  қолдап,  қателіктерін  түзете 
отырып,  факсимильдік  басылыммен  қатар  алдыңғы  кҿш  ретінде  оларға  да 
сүйенгендіктерін  айтып,  жазыпты.  Мұндай  сүйекті  ірі  дүниелерді  игергенде 
ғылыми  түрлі  кҿзқарастардың  болуы  заңды.  Біз  барлық  (түрік,  ҿзбек,  ұйғыр) 


 
31 
аудармаларындағы  ондай  тұстарды  аңғарып,  салыстырып  отырдық  та,  жеке-
жеке  ұлт  ҿкілдерінің  емес,  тұтас  түрік  қауымы  ғалымдарының  түрлі 
кҿзқарастары,  пікір-болжамдары  деп  қарастырған.  Аталмыш  еңбекте  Махмұт 
Қашқари  түрік  тайпаларының  тілдерін  тұңғыш  рет  салыстырмалы  талдау 
тҽсілімен  жарыстыра  түсіндіріп,  араб  тілінің  заңдылықтарымен  ҿлшеп 
салмақтады. 
Жалпы  араб  ҿлеңі  поэтикасының  тарихында  негізінен,  ҿлең  сҿздің 
үйлесімді  жалғасқан  үш  түрлік  даму  үлгісі  аталады.  Бұл  қағиданы  құптаушы 
ғалымдар  кҿп.  Режез  -  ҿлең  түрі  ретінде  сежіден  кейінгі  кезеңде  кҿп  тараған, 
ҿзінің  табиғаты,  ішкі  бітімі  жағынан  сежіден  туындап,  ілгерірек  басып, 
күрделілене  түскен  ҿлең  түзілімі.  Оны  қазіргі  араб  зерттеушілері  "халык, 
ҿлеңінін," үлгісі ретінде талдайды. Ал, үшінші қасыда, аруз ҿлең ҿлшемі  араб 
поэзиясының  ең  кемеліне  келе  дамыған,  кең  тараған  поэтикалық  бітім  үлгісі. 
Зерттеушілер сежі ҿлең үлгісінің V ғасырлардан кҿрініс беретіндігін, сондай-ақ 
тастағы  шежіре  жазулар,  тарихи  баяндар  (мҽселен,  Табари  (923  ж.д.)  Йемен 
шахы Иасир Ҽнҽн Ҽл Химиаридың тасқа жазған жазбаларын, Ж. Ҽли Орталық 
Арабиядағы  Иамамдағы  құдыққа  таяу  тұстағы  үш  тасқа  Йемен  ҽскерлерінің 
шабуылынан  кейін  түсірілген  жазулар  жҿнінде  сипаттайды)  оған  дҽлел  бола 
алатындығын жазған. Сежі мҽтіндері негізінен тарихи туындыларға іштартады. 
Кейін  ҽртүрлі  тақырыптарға  жазылған.  Пайғамбардың  хадистерінде  де  сежі 
ҽуезі,  үйлесімі  кездесіп  қалады.  Сежінің  Құранда  кездесетінін  бірқатар 
ғалымдар  теріске  шығарса,  бірқатар  зерттеушілер  "Ҽр-рахман",  "Ҽл-қамар" 
сүрелерінде сежі үлгілері бар дегенді дҽлелдеуге тырысады. Осының бҽрі қалай 
дегенде  де  сежінің  ең  кҿне  ҿлең  үлгісі  екендігін  аңғартады.  Ал,  режез  сҿзінің 
түп-тҿркіні арабтардың ҿзіне де бұлдыр қалып келген. Араб тілшілері режездің 
шҿккен  түйе  кҿтерілгендегі  артқы  тірсегінің  дірілін  білдіретін  бір  мағынасын 
кҿбірек  ұстанады.  Жалпы  режездің  кҿп  қолданылатынына,  ҽртүрлі  тақырыпқа 
бейімдігіне  қарай  "ҿлеңнің  қара  нары"  атануы  да  тегін  болмаса  керек. 
Бертінірек  режез  түрлі  ғылымның  негізін  қысқаша  ҿлең  жолдарымен 
түсіндіруге  де  қолданылғаны  белгілі.  (Ҿлеңмен  жазылған  трактат...)  Яғни, 
ҿлеңнің  кең  тараған,  халық  ұғымына  жеңіл  үлгісі.  ("Сежі  араб  ҿлеңінің  кҿне 
үлгісі", "Режез — араб ҿлеңінің ҿтпелі түрі") Махмұт Қашқари бұл терминдерді 
атап  қана  ҿтеді.  Түсіндіріп  уақыт,  кҿлем  ұтқызбайды.  Онсыз  да  араб  тілі 
заңдылықтарынан белгілі жҽйт деп санаған сияқты. Сондай-ақ, түрік тілінде сҿз 
араб  тіліндегідей  ҽйел,  ер  жынысына  қарай  (муж.  род;  жен.  род) 
ежіктелмейтіндігін  айтқанда  да,  етістіктің  жақтары  мен  жіктелуі  хақында  да 
араб грамматикасына салыстыра отырып қағидалар түзеді [13]. 
Махмұт  Қашқари  еңбегінде  аталып  қалған  осы  екі  терминді  түсіндіре 
талдаудағы  мақсат:  түрік  жұртының  тұңғыш  тілші  ғалымының  сол  кездің 
ҿзінде сҿз ҿнері ғылымы саласында қаншалықты терең, байсалды зерттеулерге 
зерделеп  барғандығын,  ол  терминдердің  поэтика  тарихында  алатын  айрықша 
зор орнын аңғарта кету. 
Махмұт  Қашқари  бұл  еңбегін  сегіз  кітапқа  жіктеген.  Алғашқы  кітапты 
Тҽңірінің жҿнімен Ҽліптен бастадым дейді. Ҽліптен басталатын кітабын "Хамза 
кітабы" деп атаған. Екіншісі, "Сҽлім кітабы", яғни құрамында "харфи илет" деп 


 
32 
аталатын  "ҽліп  (а),  уау  (у),  иай  (й)"  ҽріптері  болмаған  сҿздер,  ҽріп 
қайталанбаған сҿздер; Үшінші Мұзоаф кітабы, яғни бір ҽрпі қайталанған сҿздер 
кітабы;  Тҿртіншісі,  Мисал  кітабы,  яғни  "харфи  илеттің"  бірінен  басталған 
сҿздер  кітабы.  Бесіншісі,  үш  ҽріпті  кітап;  Алтыншысы,  тҿрт  ҽріпті  кітап, 
Жетіншісі,  мұрын  дыбысты  ҽріптер  кітабы,  "ғүнналылар"  деп  аталады; 
Сегізіншісі, екі сүкүндікпен қатар келген сҿздер кітабы [13]. 
Кітаптарда ҽуелі есімдерді, одан кейін етістіктерді түзіп отырады. 
Былайша айтқанда, ҽр кітапта сҿздер "Есімдер" мен "Етістіктер" деген екі 
үлкен  бҿлімге  түзілген.  Жалпы  осы  еңбегінде,  қаншама  араб  ҽдебиетінің 
терминологиясын,  кейбір  зерттеу  түзу  тҽртібін  қолдандым  десе  де,  салыстыра 
қарастырса  да  Махмұт  Қашқаридың  ҿз  сҿзімен  айтсақ  "Түрік  тілінің  араб 
тілімен  бҽйгеге  шапқан  екі  аттай  (үзеңгі  қағыстырып)  қатар  шауып  бара 
жатқанын"  кҿрсетуге  тырысқан.  Ғұлама  ғалымның  таным,  білік,  талант  қуаты 
қаншалықты тегеурінді, кемел болса, түрік мҽдениетіне, күллі түрік тіліне деген 
перзенттік құрметтеу, ҽспеттеу сезімі соншалықты күшті. 
Кітапта  түрік  тілінің  түзілу,  түрлену,  жасалу  жолдары  тұжырымды, 
күдіксіз түсіндіріледі. Түрік ҽліппесінің ерекшелігі де талданған. Түрік тілінде 
негізгі 18 ҽріп бар екендігін, оның сыртында екінші ретте тұратын тағы 7 ҽріп 
бар  екендігін,  оларсыз  түрік  сҿзінің  құрылмайтынын  да,  жазылмайтынын  да 
бажайлай баяндайды. Үндестік заңы, үндестік заңына сҽйкес қосымшалардың, 
жалғаулықтардың үндесуіне қатысты қағидалар түзеді. 
Түрік жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, ҽдебиеті мен ҿнері, 
этнологиялық  ерекшеліктері  "Түрік  сҿздігінде"  барынша  нақты  тарихи-
деректілік  сипатпен  танылған.  Яғни,  тіл  туралы  еңбек  болумен  бірге  түрік 
ҽлемінің бай рухани қазынасын, кҿнеулі жан-дүние кеңістігін бҽз күйінде алға 
тартады... 
Түрік жерінің аумағы, онда мекендеген ұлт-ұлыстардың  сипаты, тарихы, 
соған  қатысты  тарихи  деректер  мен  аңыз  ҽпсаналар,  бірқатар  тайпалардың 
түрік жеріне келуі мен қоныстануы, олардың шежірелері кҿзі ашылмай  келген 
тарихи кҿмбе. Кітаптағы осыған қатысты деректердің құндылығында шек жоқ. 
Ал,  Махмұт  Қашқаридың  дҿңгелек  картасы  ҽлемнің  ең  ежелгі  түрік 
картасы  ретінде  белгілі.  Осы  картада  Барсған,  Баласағұн,  Тараз,  Екі  ҿгіз, 
Қашқардан  бастап  түрік  дүниесінің  ежелгі  шаһарлары,  елді  мекендері,  жер 
бедері  түгелдей  дерлік  қағаз  бетінде  түскен.  Ҽрі  сол  X–XI  ғасырлардағы 
атауларымен  жазылған.  Махмұт  Қашқари  осы  картаны  назарға  ұсынып, 
сипаттаумен  қатар  Рүм  жерінен  сонау  Ұлы  мұхитқа  дейінгі  аралықтағы  түрік 
тайпаларының барлығына сипаттама беріп шығады. Ҽрі жер кҿлемін кҿрсетеді. 
Қай  жерден  қай  жерге  дейін  мекендейтінін  айтады.  Ҽрі  ҽр  тайпаның  тілдік 
ерекшеліктеріне  тоқталады,  тілді  таза  сақтаудың  ҽлеуметтік,  географиялық 
алғы-шарттарын сҿз етеді. Осынау ең кҿне дҽуірдегі түріктің ҽлемдік картасы, 
түрік дүниесі жҿніндегі егжей-тегжейлі сипаттама, талдаулар ғалымның ҿлмес 
мұрасының  басты  бір  қасиеті.  Түрік ұлдарының  тұмары  іспеттес.  Түрік  елінің 
ҽр  шаңырағында  сақталар,  тҿрінде  тұтар,  санасына  сіңірер  қасиетті  атамекен 
суреті. Шұғылалы түрік жерінің үкілі ескерткіші. 


 
33 
Түрік  жерінде  тіршілік  етіп  жатқан  ұлыстардың,  ел-жұрттың  тұрмыс-
салтына,  ҽдет-ғұрпына  қатысты  деректер  де  мол  кездеседі.  Сҿйтіп,  тарихи 
құнарымен, бҽз күйінде танып-білуге мүмкіндік береді. 
Бұл  орайда  Махмұт  Қашқари  еңбегін  түрік  жұртының  тұңғыш 
энциклопедиялық анықтамалығы деген дұрысырақ. 
Түрік  елінің  құрал-жабдықтары,  қару-жарақ,  сауыт-саймандары  жайлы 
да, ас-ауқаты, алуан қырлы дҽм тағамдарының кейбірінің пайда болуы, кейбірін 
ҽзірлеу  ҽдістері  туралы  да,  толып  жатқан  дҽрі-дҽрмектер  жҿнінде  де  қазіргі 
замандастарымыз  біле  бермейтін,  бай  деректер  ҽрі  таң  қалдырады,  ҽрі  ежелгі 
ҿркениеттің  қасиетті  топырағына  тҽнті  етеді.  Мҽселен,  ыстық  күндерде 
салқындау,  шҿлді  басу  үшін  жейтін  ҽрі  балмұздақ,  ҽрі  тағам  күріштен 
ҽзірленетін  ерекше  дҽм  кім-кімді  де  елең  еткізеді.  Ҽзірлеу  ҽдісі  де  қарапайым 
дҽмнің  геоэтникалық  ерекшелігі  де  айқын.  Болмаса  түрік  шараптарын  ашыту 
тҽсілдері. Түрлі дҽрілердің ҿсімдіктен, жан-жануарлар ҿнімдерінен ҽзірленетіні. 
Түрік  сахарасының  жан-жануарлар  дүниесі  мен  ҿсімдіктері  туралы  да 
бұрын-соңды  кҿпшілікке  жете  таныс  бола  қоймаған  деректер  жеткілікті. 
Хайуанаттар  мен  мақлұқтардың  біразының  ежелгі  атауларына,  ҿсімдіктердің, 
шҿп, ағаштардың, жемістердің атауларына, табиғи жаратылыс ерекшеліктеріне, 
қандай жерлерде қандай жағдайларда ҿсетініне қаныға түсеміз. Ғұлама олардың 
барлығының  атауларына,  неге  олай  аталғандығына,  басқа  жерлерде  ҿссе,  ол 
жақта қалай аталатынына, реті келсе араб тіліндегі аталуына тоқталып, табиғи 
жаратылысына,  қолданылу  аясына  түсінік  береді.  Пайдалы,  пайдасыздығын 
баяндайды.  Жеуге,  емге,  тұрмыстың  басқа  шарттарына  жарамды  болса, 
пайдалану жолдарын айтады. 
Кҿптеген тайпа, ұлыстардың тіл ерекшелігін саралап, түрік тілінің бітімін 
ежіктей  түседі.  Бірқатар  қаламгерлердің,  ғұламалардың,  тарихи  адамдардың 
аттары  мен  ҿмірбаяндық  деректеріне  қанығамыз.  Ҽйгілі  ұлы  тұлға  Ескендір 
Зұлқарнайын туралы соны деректер бар. Зұлқарнайын есімі Құранда үш жерде 
аталады. Құранның 18-Кеһф сүресінде. Онда былай ҽңгімеленген. "Олар сенен 
Зұлқарнайынды  сұрайды:  "Сендерге  оның  жайын  түсіндірейін"  де.  (Бұл 
Зұлқарнайын "екі мүйізді" деген ұғымда. Екі тұлымы немесе тажында екі мүйізі 
болғандықтан атанған. Аты Ескендір, пайғамбар емес. Батыс, Шығысты кезген, 
Рүм, Фарсы деген тағы басқа рауаяттар бар). 
Негізінде  Зұлқарнайынды  жер  жүзінде  күшке  ие  қылдық.  Ҿзіне  ҽр  істе 
қолайлылық бердік.  О да  бір шара  қолданды. Тіпті күн бататын жерге жеткен 
сҽтте, оны қара балшықты Бұлаққа батқан түрде кҿрді. Сондай-ақ, сол маңнан 
бір  ел  тапты.  "Ҽй,  Зұлқарнайын,  не  (ол  елді)  азаптарсың  немесе  оларға 
жақсылық  істерсің"  дедік.  (Құран  Кҽрім,  18-Кеһф  сүресі,  303-бет.)  Одан  ҽрі 
Зұлқарнайынның  Шығысқа  барғаны,  күн  астындағы  елге  жеткені,  одан  екі 
таудың арасына жеткенде сҿзді түсіне алмайтын елге кездескенін айтады. Темір 
қорған, қақпа құйғанын ҽңгімелейді. Ал, Құранда айтылатын осы оқиғаның бір 
ұшығы  Махмұт  Қашқарлының  "Түрік  сҿздігінде"  ұшырасады.  Махмұт 
Қашқарлы  Зұлқарнайынның  түрік  даласына,  Шынға  қарай  жорығына  қатысты 
бірнеше  тарихи  аңыз,  ҽңгімені  кірістіреді.  Алтынқан  оқиғасы,  Тұтмаш  деген 
тағамды  ойлап  табуы,  ұйғыр  атауына  қатысты  ойлары  тікелей  Ескендір 


 
34 
Зұлқарнайын  есіміне  байланысты  дҽлелденеді.  Түрік  даласында  Зұлқарнайын 
сел  жауынға  ұшырап,  жүре  алмай  қалады.  "Бұл  неткен  батпақ!"  –  деп  кейиді. 
Сол жер де, ел де солай аталып кетеді. Тҿрт-бес қала салдырады. "Шігіл" сҿзін 
түсіндіргенде де  Махмұт  Қашқари  бұл  турасында:  "Тараз жағындағы  шахарда 
тұратындар Шігіл деп аталады. Зұлқарнайын арғулар шахарына жеткенде қатты 
жаңбыр жауып, батпақ, лайсаң болып Ескендір жүре алмай қалған. "Бұл қандай 
батпақ, лайсаң" деп қиналыпты. (Арабша "Ин чи гил аст" деген сҿз екен.) Сол 
жерге қонады. Сол жердегі түріктер содан бері шігіл аталып кетіпті. Жайхүннан 
Шынға  дейінгі  түріктердің  бҽрі  Шігіл  аталған"  –  деп  жазады.  Жаңағы  Құран 
сүресінде  айтылатын  "балшықты  Бұлаққа  батты"  деген  дерек  осы  Махмұт 
Қашқари  хикаясына  үйлеседі.  Бұл  дҽл  де  нақты  тарихи  оқиғалар.  Жалпы 
Махмұт  Қашқари  Құраннан  мысалдар  келтіріп,  Пайғамбар  хадистерін 
түсіндіріп,  ойын  нықтап  отырады.  Кей  тұста  Құранды  қалай  оқу  керектігін, 
кейбір  қараңғы  адамдар  түсінбей  қалып  күнҽһар  болмауы  үшін  дұрыстап, 
сабырмен, жатық оқитын тұстар бар екендігін де түсіндіреді. 
Ҿзен,  су,  жер  аттарына  қатысты  құнды  мағлұматтар  қаншама.  Еділ,  Іле, 
Ертіс  секілді  ұлы  ҿзендер,  олардың  бойындағы  тіршілік,  тұрмыс  сымбаты, 
тайпалардың  ҿзгешеліктері  қысқа  да  тұжырымды  хатталған.  Егер,  ғылыми 
стиль,  ғылым  тілі  дегенде  ойласақ,  бұдан  ұғынықты,  бұдан  айқын  мҽнер 
болмайтын шығар. Шеберлік деген осы. Тіл шеберлігі, кҿркемдігі туралы ҿзі де 
ойларын айта отырады. Мҽселен, ең жеңіл тіл ретінде оғыздардың тілін атаса, 
иағмалар мен тохсалардың, Іле, Ертіс, Иамар, Еділ бойындағы жұрт пен ұйғыр 
атырабына дейінгі аймақта тұратын тайпалардың тілі ең дұрыс тіл деп кесімді 
тұжырым түйеді. 
Еуразияның ұлан-байтақ кеңістігін ең жайлаған түрік тайпаларының жеті 
мың  бес  жүзден  астам  ҽртүрлі  сҿздері  жинақталған  "Түрік  сҿздерінің  кітабы" 
ұрпақтан ұрпаққа ауысқан сайын тарихи маңызы айқындала түсетін, қадірі арта 
түсетін    халықтық  мұра,  қасиетті  кітап.  Соншама  сҿздердің  қай-қайсысы  да 
белгілі  бір  тарихи  мҽнге  ие,  белгілі  бір  ҿркениет  мҽуесі.  Бір  сҿздің 
этимологиясынан-ақ,  даму,  түрлену  тарихынан-ақ  кҿп  жағдаяттарды  аңғаруға 
ҽбден болады. Олар оқыған адамға маңызды мағлұмат берудің үстіне, мҽдениет, 
салт-сана,  таным  тарихынан  хабардар  етіп,  ежелгі  түп-тегімізді  түйсіндіріп 
отыратын  алтын  дҽн  іспеттес.  Тарихтың  даму  үрдісінде,  қырық  қатпарлы 
құбылыстарында  кен  кҿзіндей  байып,  қордалана  түскен  бірегей  қасиеттердің 
түйінді бҿлшегі. Рухани қазына ҿзегі. Мҽдениетіміздің, тіліміздің, ҽдебиет  пен 
ҿнеріміздің,  қала  берді  ұлт,  ұлыс  ретіндегі  толысу  жолдарымыздың  бедерлі 
белгілері,  тума  қасиеттері  сол  алтын  ҿзекте  тұнып  тұр.  Бұл  жерде  Махмұт 
Қашқарының  ел  ішінде  қолданылып  жүрген  сҿздерді  ғана  алдым, 
қолданылмайтындарын  (яғни,  архаизмдер)  тастадым,  түрік  тайпаларына  тҽн 
сҿздерді ғана жинақтадым, бҿтен сездерді қоспадым деген түсіндірмелерін еске 
саламыз. Бҿтен сҿз мүлде кездеспейді десек қателеспейміз. Кейбір адам аттары 
мен  ел,  жер  атаулары  ілеуде  біреу  кҿрініп  қалса,  ол  қай  елдің  тіліндегі  сҿз 
екендігі, қайдан шыққандығы баяндалады. Демек, сҿздікте қоспасыз, таза түрік 
елдерінің  тіліндегі  сҿздер  жинақталған  деген  тұжырым.  Жоғарыда  анықтап 
айтқанымыздай,  топонимика  мен  этнонимдер,  тарихи  есімдер  мен  тарихи 


 
35 
тұлғалар,  оқиғалар,  ежелгі  ҿлең  жырлардың  текстологиялық  қыр-сырлары, 
жалпы  түрік  тілінің  тарихы  мен  этимологиясының  ерекшеліктері, 
диалектологиялық 
заңдылықтары, 
морфологиялық, 
фонетикалық, 
грамматикалық  сипаттары,  тағы  басқа  маңызды  мҽселелері  осы  үш  томдық 
энциклопедиялық еңбекте толымды кҿрінген.  
Мақал-мҽтелдердің,  қанатты  сҿздердің,  сонымен  қатар,  тұрақты 
тіркестердің  сонау  IХ–XI  ғасырлардан  бүгінге  дейін  жалғасқан  тарихи  жолы 
сайрап  жатыр.  Оларды  ҽлі  де  зерделеп,  жүйелі  түрде  зерттеу  қазақ  тілінің, 
жалпы  түрік  тілінің  бай  мазмұн  ҿрнектерін,  мағына  құнарын  аша  түсетіні 
күмҽнсіз. 
Басқа  да  ежелгі  түрік  мҽдени  ескерткіштерінде  кездесетін  сҿздер, 
ұғымдар,  тарихи  атаулар,  толып  жатқан  тілдік  диалектілерден  туындайтын 
сҿздердің  мағыналық  реңдері  нақты  талданып,  түрік  дүниесінің  ежелгі 
дҽуірлердегі  тілі  мен  мҽдениетіне,  ҿркениет ҿрісіне  тұтастық  сипат  дарытады. 
Тұран  даласындағы  заманындағы  тұтас  бір  ҿркениет  тынысының  айшықты 
кардиограммалары  тұтас  бір  тіршіліктің  біртуар  жаратылысын  кҿзге 
елестеткендей  болады.  Кҿкжиегі  кең,  ҿресі  биік,  ҿрісі  нҽрлі  мҽдени  кеңістік. 
Ҽріге  бармай-ақ,  тҿрт-бес  жылдық  қана  уақыт  айырмасы  бар  "Құдатғу  білік" 
дастанын  түгелдей  "Диуани  лүғат-ит-түрк"  арқылы  талдап,  ҽр  сҿзіне  дейін 
таразылап шығуға болар еді. Біз қазіргі қазақ, яки түрік тектес елдердің тілінде 
күні бүгінге дейін еркін қолданылып жүрген, қазіргі қазақ тілінде де молынан 
ұшырасатын сҿздерді, тұрақты тіркестерді, даналық сҿздерді, мақал-мҽтелдерді 
айтып отырған жоқпыз. Ол ҿзінен ҿзі түсінікті жайлар. Сол кездегі таным, білім 
тынысын,  белгілі  бір  салалардағы  ғылым  жетістіктерін  ашып  беретін  сҿздер, 
ұғымдар  қаншама!  Тек  қана  космологиялық  таным  дүниесіне  қатысты 
сҿздердің, терминдердің, ұғымдардың ҿзі  неге тұрады?! Ай, жұлдыз атаулары, 
жалпы  аспан  денелеріне,  ғарыш  ҽлеміне  қатысты  сҿздер,  терминдер  "Құдатғу 
білік"  дастанында  да,  "Түрік  сҿздігінде"  де  жүйелі  түрде  кҿрініп,  белгілі  бір 
жүйелі дүниетаным желісін аңғартады. 
Махмұт  Қашқари  тұңғыш  тіл  маманы.  Тұңғыш  түрік  тілінің  оқулығын 
жасап шыққан, грамматикасын түзген, жалпы түрік ҽлемінің тіл ҿнерінің ҿрісін 
мҽңгілік  кеңейтіп,  ҿркенін  ҿсірген  ғұлама.  Күллі  түрік  тілдерінің  тұтастығын 
білдіретін  қасиеттерін,  ҿзара  айырмашылық  белгілерін  айқындап,  ҿзекті 
заңдылықтарын  жүйелеп  түзіп  ұсынған  тұңғыш  ғалым.  Ұлы  еңбек,  ұлағатты 
дҽстүр. 
Түрік 
тілдерінің 
диалектологиясының, 
грамматикасының, 
лексикасының  түп-тұғыры  осы  сҿздікте  қалыптасқан.  Салыстырмалы  сҿздік 
қана емес, тіл саласындағы салыстырмалы тҽсілді алғаш рет кеңінен қолданған 
тынысы кең байсалды зерттеу. 
Түрік тілінің мҽуелі бұтағы қазақ тілі қазақ елі тҽуелсіздік алғаннан бергі 
кезеңде  дамудың  ҿзгеше  белесіне  қанат  жайды.  Тіл    білімінің  теориялық, 
тҽжірибелік маңызы ерекше артты. Тіл тағдыры, тіл шеберлігі, жалпы тіл білімі 
мҽселесі  елдік,  мемлекеттік  маңызға  ие  болды.  Қазақ  тілінің  бағы  ашылып, 
ұлттық қасиеттердің басты белгісі ретінде мемлекеттіліктің бірден бір бедерлі 
нышанына айналды. Нақ осындай қайта жаңғыру, қайта ҿрлеу белесінде ғұлама 
ғалым Махмұт Қашқаридың ҿлмес мұрасы атамекеніміздегі рухани түлеулердің 


 
36 
заңды  тұғыры,  кемелділікке  бастайтын  алтын  бесігі  санатты.  "Түрік  сҿздігі" 
ұлттық  мҽдениетіміздің,  тіліміздің  мҽртебесін  кҿтеріп,  беделін  бекітетін 
ҿркенді кітап. 
Бұл  баға  жетпес  асыл  қазынаны  зерттеу,  ел  игілігіне  айналдыру  рухани 
тіршіліктің  бұрын-соңды  ҿзіміз  аңғара  қоймаған  тосын  да  тың,  ҽpi  тіл 
мҽдениетіміздің ежелгі замандарда-ақ күретамыр ҿзегіне нҽр болып байланған 
бірегей қасиеттерін байыта түседі. 
Түрік  дүниесінің  құнарлы  да  тегеурінді  ҿркениет  ҽлемнің  тұнық  тұма, 
терең  кҿмбелерінің  кҿзін  ашады.  Сол  арқылы  біз  дүниежүзілік  тұтас  бір 
ҿркениеттегі  ҿз  үнімізді  танып,  ҿз  тінімізбен  қауышатын  боламыз.  "Түрік 
сҿздігі" арқылы Орхон-Енисей жырларының заманындағы мҽдениет тынысына, 
Ҽл-Фараби  мен  Жүсіп  Баласағұн  ҿмір  сүріп,  ҿлмес  туындыларын  жазған 
кезеңдердің  шығармашылық  құпияларына,  тарихтың  ҽлі  де  еркін  таныла 
қоймаған қойнауларына жол табамыз. 
"Диуани лұғат-ит-түрік" — түрік ҿркениетінің алтын кілті. 
Орхон  жазбалары,  "Құтты  білік"  дастаны,  "Түрік  сҿздігі"  сол  тарихи 
тынысы  тереңге  тартқан  ҿркениеттің  биік  мұнаралары  десе  де  сыяды.  Түрік 
ҽлемінің ғылымы мен мҽдениетінің адам баласының рухани игілігіне қосылған 
парасат мҽуесі. 
Осы ретте "Диуани лұғат-ит-түрік" кітабындағы тіл қазынасы, ерекшелік 
сипаттары,  асыл  мұрасы  қазақ  елінің  де  мерейін  ҿсіреді,  еңсесін  кҿтереді  деп 
кҽміл  сенеміз.  Мамандар  мен  зерттеушілердің  аз  тобының  ғана  еншісі  болып 
келген осынау  асыл  қазына,  қастерлі мұра  жаңа  толқынның,  жалпы халықтың 
назарына ілігіп, ұлттық игілікке айналған сайын, ұлттық қасиетіміздің ғасырлар 
қойнауында  тұнып  аққан  кҽусарына  қана  түсеміз.  Таза  бастауға  ден  қойған 
мҽдениеттің  ғана  рухы  биік,  тынысы  кең,  тіні  таза.  Кезінде  осыдан  он  ғасыр 
бұрын  ұрпақ,  болашақ  қамын  ойлап  аса  білікті,  талантты  сҿздік  түзген 
бабамыздың  мұратты  мақсаты  да  орындалады.  Сҿздіктің  бұған  дейін  неміс, 
ҿзбек,  ұйғыр  тілдеріне  аударылғанын  айттық.  Қазақ  тіліне  аударып  жариялау, 
зерттеу  де  кезі  келген  іс  деп  ойлаймыз.  Оның  сҽті  Еліміз  еркіндік  алып, 
тҽуелсіздік  түтінін  түтеткеннен  кейін  ғана  түскендей.  Кезінде  Жүсіп 
Баласағұнның  "Құтты  білігін"  аудару  үстінде  сҿздік  ретінде  пайдаланып, 
маңызына, құндылығына еркін кҿзім жеткен ұлы мұраны исі қазақ хҽкімдерінің 
қызметіне  жарату  іште  жүрген  үмітті  мақсатым,  ол  жылдары  тиіп-қашып 
қарастырып,  аударыстырып  жүрген  зерттеу  ісі  еді.  Соның  реті  енді  келгендей 
болды.  Махмұт  Қашқаридың  шарттары  мен  түсіндірмелерін  бұлжытпай, 
"Диуани-лұғат-ит-түріктің" де қадірін жеткізе аударуға күш салдық. Бұл жерде 
бүкіл аудару ісіндегі ішкі тынысты түгел ҽңгімелеп жатудың мүмкіндігі жоқ, ол 
қажет  те  емес.  Ең  бастысы,  қолдарыңыздағы  түрік  халықтарының  тұңғыш 
сҿздігі, тіл энциклопедиясы, тіл таныту оқулығы. Ҿлеңдер мен мақал-мҽтелдер, 
қанатты  сҿздер,  жырлар,  аңыздар  бҽз  күйінде  еш  ҽрлендірусіз  аударылды. 
Кейбір  мҽні  де,  кҿркемдік  түзілімі  де  үйлесіп,  құйылып  тұрған  тұстарда 
болмаса,  ҿлеңдердің  аудармасын  кҿркемдеуге  ҽдейі  ұмтылмадық,  тҿл  бітімін, 
мазмұн-мағынасын,  тілдік  түзілімін  бұзбауға  тырыстық.  Бұл  кҿркем  шығарма 
емес. Ғылыми еңбек. Тіл таныту саласындағы зерттеу. Бітімі – сҿздік [13].  


 
37 
"Диуани  лүғат-ит-түрік"  сҿздері,  сҿз  тіркестері  осы  араб  ҽліппесінде 
жазылып,  түп-тұғыр  ретінде  бірінші  кезекте  түскен.  Біз соны  бұлжытпай  араб 
ҽліппесінде  қаз-қалпында  түсірдік.  Одан  кейін  латын  ҽліппесімен  жазылатын 
транскрипциялық  мҽтінде  бірнеше  ҽріпті  қазақ  ҽліппесінің  бірнеше  ҽрпімен 
алмастырдық. Бұл біріншіден,  қазақ  ҽліппесінің  ыңғайына  қарай,  қазақ  тілінің 
ерекшелігі  ескеріліп  жасалды.  Екіншіден,  қазақ оқырмандарына  оңтайлы  болу 
жағын  ойластырдық.  Соған  қоса,  қазақ  тілі  мен  ежелгі  түрік  тілінің  етене 
үйлесімділігін  сезіну  үшін де  кҿп  қызмет  атқаратынын  жасырмаймыз.  Сҿйтіп, 
транскрипциялағанда қазақ ҽліппeci ерекшелігіне орай ептеп болса да үйлестіру 
мүмкіндігін  есте  ұстадық.  Ҽрі  сҿздікті  қазақ  оқырмандарының  тез  түсініп, 
оңтайлы қолдануын ойладық.  
М.Қашқари түркі жұрты, түркі ұлысының тарихи ролі туралы айта келіп, 
былай  деп  жазды:  "Мен  тҽңірінің  дҽулет  ұясын  түріктер  жұлдызына 
жаратқандығын жҽне ғарышты солардың заманы үстінде айналдырып қойғанын 
кҿрдім.  Тҽңірі  оларды  "түрік"  деп  атады.  Ҽрі  оларды  мемлекетке  eгe  қылды. 
Заманымыздың  хақандарын  түріктерден  шығарып,  тҽңір  халықтың  ақыл-ерік 
тізгінін  солардың  қолына  ұстатты;  оларды  адамдарға  бас  қылды;  солардың 
істерінде  соларды  қолдады;  олармен  бірге  күрескендерді  ҽзіз  қылды  ҽрі 
түріктер  ішінен  соларды  барша  тілектеріне  жеткізіп,  жамандардан, 
зұлымдардан қорғады". Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" дастаны — Қарахан 
мемлекетінің  саяси-ҽлеуметтік  бағыт-бағдарын  айқындайтын  Ата  заңы 
сипатында жазылған этикалық-дидактикалық сарындағы кҿркем туынды болса, 
Махмұт Қашқаридің "Түрік тілдерінің жинағы" - бүкіл түркі халықтарының тіл 
мҽдениетіне  ортақ  тілтану  энциклопедиясы  еді.  Бұл  екі  туынды  ұлан-байтақ 
Тұран  даласындағы  қоғамдық  ой-сана  мен  кҿркемдік-эстетикалық  танымның 
мейлінше жоғары дҽрежеге жетіп, барынша кемелдене түскендігін дҽлелдейтін 
тарихи кұжат. 
Махмұт  Қашқаридың  ҿзі  туралы  бірер  сҿз.  Оның  толық  аты-жҿні: 
Махмұт Құсайынулы Мухаммед Қашқари. Туған жҽне қайтыс болған жылдары 
белгісіз.  Ата-тегінің  мекені  —  Талас,  Шу  ҿзендерінің  бойындағы  Баласағұн, 
Барсхан кент-қалалары болған. Махмұт Қашқари Барсхан қаласында туған. Бұл 
қаланы  Тұран  ҽміршісі  Алып  Ер  Тоңғаның  баласы  Барсған  салдырғанын 
оқырманға  ескерте  кеткіміз  келеді.  Алғашында  Қашқар  қаласында,  сосын 
Бұхара, Нишапур, Самарқан, Мерв жҽне Бағдат шаһарларында оқыған. Ерекше 
зейін  қойып  үйренгені  –  түркі  рулары  мен  тайпаларының  тілдері,  фольклоры, 
этнография, ҽдет-ғұрпы, наным-сенімі. Махмұт Қашқари осы мақсатын жүзеге 
асыру  үшін,  біржағы,  Жетісу,  Мауараннахр,  Хорезм,  ал  екінші  жағы,  Еділ, 
Жайық, Қара Теңіз жағалауына дейінгі түркі тайпалары мекендеген ұланғайыр 
ҿлкені  аралап  шығады.  Соның  нҽтижесінде  қыруар  кҿптілдік,  этнографиялық 
деректер,  ауыз  ҽдебиеті  үлгілерін  жинап  алады.  Сҿйтіп,  "Түркі  тілдерінің 
жинағы"  ҿмірге  келеді.  "Диуани  лұғат  ат-түріктің"  түркі  халықтары  ауыз 
ҽдебиетін  танып-білудегі  ролін  айтудан  бұрын  Махмұт  Қашқари  еңбегінің 
зерттелуі  жайында  қысқаша  айта  кетейік.  "Түркі  тілдері  жинағының" 
қолжазбасы  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  табылып,  1915-1917  жылдары  Стамбул 
қаласында  Ахмет  Рифат  баспасынан  үш  томдық  кітап  түрінде  жарық  кҿрді. 


 
38 
Содан  кейін  1923  жылы  неміс  ғалымы  К.  Броккельман  неміс  тіліне  аударып, 
Лейпциг қаласында бастырып шығарды. Кҿрнекті түрік ғалымы Басым Аталай 
оны  осман  түріктерінің  тіліне  тҽржіма  жасап,  1939-1941  жылы  Анкарада  үш 
томдық кітап етіп бастырды. 
М.Қашқари  "Сҿздігін"  Батыс  пен  Шығыстың  бірқатар  ғалымдары 
зерттеп,  ҿз  тілдеріне  тҽржіма  жасағаны  мҽлім.  Ал,  бұл  "Сҿздікті"  қазақ  тіліне 
аударған ақын А. Егеубай. 
Ұлы  ғалым  Махмұд  Қашғаридің  «Диуани  лұғат  ат-түрк»  атты  ҽйгілі 
кітабы 1910 жылға дейін аты бар, бірақ заты жоқ кітап еді. Басқаша айтқанда, 
оған дейін кітаптың тек аты ғана аталатын, бірақ кітапты кҿрген ешкім жоқ еді. 
Егер  бүгінгі  таңда  бұл  кітап  бүкіл  ҽлемде  зерттеулер  мен  конференцияларға 
арқау  болып  отырса,  бұл  үшін  біз  кітапқұмар,  ғылым  мен  мҽдениетке  жан-
тҽнімен берілген Ҽли Ҽмірі ҽпендіге қарыздармыз. 
Махмұд Қашғари 1072-1074 жылдары Бағдатта Халипаға тарту ету үшін 
жазып шыққан аса құнды осы шығарманы Ҽли Ҽмірі ҽпенді сахафта (кҿне кітап 
сататын  орын)  жатқан  жерінен  кҿріп,  сатып  алды  да,  ғылыми  айналымға 
кіргізді.  Сондықтан  да  Ҽли  Ҽмірі  ҽпенді  есімі  осы  еңбектің  авторы  Махмұд 
Қашғаримен бірге аталуға ҽбден лайықты. 
   Біз  Түркия  елі  туғанына  1000  жыл  толуын  атап  ҿтуіне  орайластырып 
ҽзірленген осы мақаланы даярлауға доктор Мұхтар Тауфикоғлының Ҽли Ҽмірі 
ҽпенді  туралы  жазған  монографиясын  (авторға  алғысымыз  шексіз) 
пайдаландық. 
Ҽли Ҽмірі ҽпенді 1857 жылы Осман Патшалығының шығыс аймағындағы 
Диярбақыр  қаласында  дүниеге  келген.  Бала  кезінен  оқуға,  зерттеуге  құштар 
болды. Сегіз-он жасында кҿне ғимараттардың маңдайшаларындағы жазуларды 
оқып-білуге  ынтықтық  танытқан.  Сонымен  қатар  ҿлеңді  де  жақсы  кҿретін. 
Жады  күшті  жеткіншек  тоғыз  жасында  бес  жүзден  астам  ақынды  қамтыған 
Невадирүл  Асар  атты  еңбектегі  тҿрт  мың  жол  ҿлеңді  жаттап  алыпты.  Жас 
кезінде кҿркем хатқа (каллиграфия) кҿңіл бҿлген Ҽли Ҽмірі ҽпенді бұл салада 
табысты  болған  кҿрінеді.  Ҿйткені  ол  жазған  Құран  аяттары  мен 
пайғамбарымыздың хадистері Диярбақыр қаласындағы мешіттерге ілінген еді. 
Ҽли  Ҽмірі  ҽпенді  кітап  оқумен  бірге  кітап  жинауға  да  аса  құмар  еді. 
Тарих, ҽдебиет, биография жҽне библиография салаларындағы құнды кітаптар 
мен  құжаттар  барын  естісе,  оларды  сатып  алмай  тыныш  таппайтын.  Қол 
жеткізген  кітапты,  мүмкін  болса,  ішпей-жемей  үнемдеген  ақшасына  сатып 
алып,  мүмкін  болмаса,  күндіз-түн  демей,  кітаптың  кҿшірмесін  ҿзі  жасап 
шығатын.  Осынау  ҽсіре  кітапқұмарлық  салдарынан  Ҽли  Ҽмірі  ҽпенді 
үйленбеді, балалы-шағалы да бола алмады. 
«Диуани лұғат ҽт-түрк» турасындағы маңызды бағалаулардың бірін тағы 
Ҽли Ҽмірі ҽпенді жасады: «Бұл кітап емес, Түркістан елі. Түркістан емес, бүкіл 
ҽлем.  Түркі  мҽдениеті,  түркі  тілі  осы  кітап  арқылы  басқаша  жарқырайтын 
болады». Тағы бір сҿзінде «түркі тілінде бүгінге дейін осындай екінші бір кітап 
жазылған жоқ. Бұдан кейін де жазылуы мүмкін емес. Бұл кітапқа шынайы баға 
беру керек болса, дүниенің қазыналары оны жасай алмайды», — дейді.  


 
39 
Ҽли  Ҽмірі  ҽпенді  бүкіл  саналы  ҿмірі  бойына  азаптанып,  шығындалып 
жинаған аса құнды қолжазба кітаптары мен құжаттарын, ақы сұрамай, ұлтына 
тарту  етті.  Сол  үшін  Стамбулдың  Фатих  ауданындағы  Файзолла  ҽпенді 
медресесін  кітапханаға  айналдырды  да,  оның  бүкіл  кітаптарын  осында 
орналастырды.  Жора-жолдастары  мен  тамыр-таныстарының  ҿтінішіне 
қарамастан, бұл кітапханаға ҿзінің аты берілуіне үзілді-кесілді қарсы болды. Ол 
кітапхананың  «Миллҽт  (Ұлт)  Кітапханасы»  деп  аталуын  қалады.  Міне  бұл, 
оның ұлтына риясыз қызмет етуінің нақты кҿрінісі болып табылады. 
Қазіргі  таңда  күніне  жүздеген  оқырман  пайдаланып  жүрген  осы 
кітапханаға Ҽли Ҽмірі ҽпенді 4.500 қолжазба кітап, 12 мың баспа кітап, жалпы 
16.500 кітап сыйлаған-ды. Солардың ішінде аса құнды кітаптар мен құжаттар да 
баршылық.  «Диуани  лұғат  ҽт-түрк»  осылардың  бірі.  Кезінде  Венгрия  Ғылым 
Академиясы «Диуани лұғат ҽт-түркті» сатып алу үшін 10 мың алтын бергенде, 
Ҽли  Ҽмірі  ҽпенді  іркілместен  кері  қағып,  былай  деген:  «Мен  бұл  кітаптарды 
ұлтым үшін жинадым. Дүниенің бүкіл алтындарын алдыма қойсаңдар, «Диуани 
лұғат  ҽт-түрк»  түгіл,  қайсы  бір  кітабымның  бір  тал  парағын  да 
айырбастамаймын.  Менің  ендігі  арманым  —  осы  кітаптарды  халқымның  ұл-
қыздары пайдаланып жүргені». 
Осыған  ұқсас,  тіпті  мұнан  да  тартымды  басқа  бір  ұсыныс  Франциядан 
жасалды. Француздар Ҽли Ҽмірі ҽпендінің бүкіл кітаптары үшін 30 мың алтын, 
сонымен  бірге  оның  атына  Парижде  бір  кітапхана  ашу,  жоғары  айлық,  ҿзіне 
жеке  қызметкерлер  тағайындауды  ұсынды.  Ҽли  Ҽмірі  ҽпенді  бұны  да 
ойланбастан кері қақты. 
Ұлттық  мҽдени  мұраның  сақталуында  осыншама  сезімтал  болған,  ҽр 
түрлі материалдық мүдделерді іркілместен кері қаққан Ҽли Ҽмірі ҽпенді үш күн 
ауырып тҿсек тартып жатқаннан, кейін 1924 жылғы 23 қаңтар күні кҿз жұмды. 
Ол, Стамбулдағы ҽйгілі Фатих мешітінің зиратына жерленді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы