184
Дҽлелі қайсы сенгенде‖
–деп «Үш анықтағы» ҿз ізденісінің негізі болған сұрақтар жайында осылай ой
түйеді [71]. Жоғарыда біз айтып ҿткен
келдім қайдан, барам қайда, не етсем
пайдам деген сұрақтарды осылайша Шҽкҽрім «Үш анық» трактатында жан–
жақты зерттеуге тырысады. Бұл сұрақтарға жауап іздеу барысында адамзат
тарихында, рухани ілімдер саласында екі жолдың қалыптасып келгендігі
туралы пікірден ҿзінің «Үш анық» трактатын бастайды. Шҽкҽрім бұл
зерттеуінде ҿзінің жоғарыда айтып ҿткен «сау ақыл» қағидасын ұстанады. «Үш
анықта» Шҽкҽрім дүниенің жаратылысы, ҿсіп ҿркендеп жетілу жолы туралы екі
жол, бірі дүние ҿз бетімен жаратылып жатыр, оны жаратқан белгілі бір ие жоқ
деген затшылдық ғылым жолы мен бұл сұрақты шешуде пайғамбарлар
үйреткен дін жолының бар екендігін айтады. Енді осының қайсысының анық
екендігін «сау ақылмен» табу керек деп ойшыл ҿз мақсатын айқын кҿрсетеді.
―Ноқтасыз оймен тексердім,
Бояулы діннен сескендім.
Дін шатағын кҿп кҿрдім,
Қатесін сынап тергенде.
Іздедім, таптым
анығын
Тастадым ескі танығын.
Хақиқат нұрдың жарығын
Жарылды жүрек кҿргенде‖
–деп «Үш анықта» ҿзінің негізгі мақсатына жеткендігін де айтып ҿтеді [71,339].
Шҽкҽрім қандай анықтарды тапты, ―Үш анық‖ дегеніміз не? Енді соған
тоқталайық. Жоғарыда ҿзі қойған ҽлемнің жаратылуы туралы, ақирет, жанның
ҿлгеннен соңғы ҿмірі туралы сұрақтардың айналасында ізденіс жасаған
Шҽкҽрім қандай шешімдерге келгенін түсіндіріп кҿрейік. Шҽкҽрім ―Үш
анықта‖,
“Тіршілік туралы адам арасында кӛптен бері айтылып келе жатқан
екі түрлі жол бар. Бірі, дене ӛлсе де жан жоғалмайды, ӛлгеннен соң да бұл
тіршілікке тіпті ұқсамайтын, бір түрлі ӛмір бар. Сондықтан жалғыз ғана
дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы ӛмірде жақсы болудың қамын
қылу керек дейді. Мұны ақырет–ӛлгеннен соңғы ӛмір жолы дейді. Енді бірі, бұл
әлемдегі барлық нәрсенің бәрі ӛздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын
деп жаратқан иесі жоқ, һәм ӛлген соң тірілетін жан жоқ дейді. Менің
ойымша осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу – ақылы сау адамға қатты
міндет. Неге десең адамды түпкілікті бақытқа жеткізбек болсақ, біліп
жаратушы ие бар, ӛлген соң да бір түрлі ӛмір бар деген жолдың шын, ӛтірігін
білуіміз керек”– деп аталмыш трактатын жазуының негізгі мақсатын кҿрсетеді
[72].
Бұны тексеру үшін ҽртүрлі діндер жайынан, ғылым жайынан,
білімділердің сол туралы айтқан сҿздерінен хабардар болу керек деп түсінген
ойшыл сонау грек философиясынан бастау алып, Еуропада қайта ҿрлеу мен
185
жаңа заман жаратылыстану ғылымдарына негіз болған идеялардың барлығымен
таныс болған. Бұл жолдағы атомдар туралы, жалпы дүниенің субьстанциясы
(алғашқы бастамасы) жайындағы пікірлердің шығу тарихы мен даму тарихы
жайындағы ғылым тарихын да Шҽкҽрім жақсы игергендігін ҿз трактатында
байқатады.
Шҽкҽрім
бұл
сұрақтарға
байланысты
рухани
жҽне
жаратылыстанымдық ғылымдардың ҿз заманына дейінгі тарихын біраз
межелеген. Ешкімнің пікіріне ақылын құл қылмай, ақыл таразысын тең ұстап,
сау ақылмен ізденген.
“Және қатты керек бір шарты – ӛзінің тұтқан діні,
Достарыңызбен бөлісу: