Балшикеев Серік Балтабайұлы, Рақымжанов Бақытжан Қадырұлы


Ыбырай Алтынсарин ағартушылық еңбектері



Pdf көрінісі
бет24/41
Дата11.04.2022
өлшемі1.49 Mb.
#219875
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
қазақ философиясы оқулық

Ыбырай Алтынсарин ағартушылық еңбектері 
 
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазан  күні қазіргі Қостанай облысы, 
Затобол  ауданында  дүниеге  келді.  Ҽкесі  Алтынсары  Ыбырай  үшке  келмей 
қайтыс  болады.  Жас  сҽби  үлкен  ҽкесі  Балғожа  Жаңбыршиннің  тҽлім-
тҽрбиесінде болады. Балғожа — атақты би жҽне кҿп жылдар Қыпшақ руының 
старшинасы болған белгілі феодал.  
Патриархалдық-феодалдық  ауылда  ҿткен  ҿмірінің  алғашқы  кезінде 
алғырт  та  зерек  Ыбырай  үлкен  ҽкесі  Балғожа  жҽне  ел  ішіндегі  кҿзі  ашық 
адамдар  арқылы  қазақ  халқының  ауыз  ҽдебиетімен  танысады,  ҿз  халқының 
ҿткен-кеткен  тарихы  туралы  ҽңгімелер  естиді.  Бала  күнінен  оқып  үйрене 
бастаған  халық  мҽдениетіне,  қалың  бұқараға  деген  сүйіспеншілігін  Ыбырай 
ҿмірінің ақтық шағына дейін сақтайды. Халықтың тарихы мен рухани мұрасын 
жақсы  білу  —  Ыбырайдың  ҿз  халқын  мақтаныш  етуіне,  оны  сүюіне,  оның 
келешегіне  кҽміл  сенуімен  қатар,  ағартушының  дүниеге  кҿзқарасының 
қалыптасуына  да  ықпал  жасады.  1850  жылы  тамыз  айында  Ыбырай  Орынбор 
қаласында  қазақ  балалары  үшін  ашылған  мектепке  алынып,  оны  1857  жылы 
үздік  бағамен  бітіріп  шығады.  Мектепте  оқыған  жылдар  Ыбырай 
шығармашылығы  мен  оның  дүниеге  кҿзқарасының  қалыптасуындағы  мҽнді 
кезең  болды.  Бұл  жылдары  Ыбырай  қала  ҿмірімен  танысады.  Ауыл 
мектептерінде  жүргізілмейтін  математика,  физика,  география,  химия,  тарих 
ғылымдарын  оқып,  дүниеге  кҿзқарасы  кеңейе  түседі.  Ыбырай    мектептен  
алатын  білімге қанағаттанбай, ҿз бетімен кҿп ізденеді. Осы жылдары Ыбырай 
Орынбордағы  орыстың  демократиялық  интеллигенциясынан  кҿп  үйренеді, 
орыс халқының оқу,  білімдегі  жетістіктерімен жан-жақты  танысып,  меңгеруге 
талпынады.  Орыс  мҽдениетінің  кейбір  бұқарашыл  жҽне  прогресшіл  үлгілерін 
қазақ  тіліне  аударып,  орыс  графикасының  негізінде  қазақ  ҽліппесін  жасайды. 
Ыбырай  екі  түрлі  ірі  мҽселені  алдына  мақсат  етіп  қойды:  Біріншісі  —  жалпы 
халық  ағарту  ісі  де,  екіншісі  —  халықтың  ой-санасын  жаңалыққа  бейімдеу 
жолындағы тҽрбиелік істері. Бірақта сол кездегі, жергілікті ҽкімдер мен патша 
чиновниктерінің, дін иелері мен кертартпа ауыл ақсақалдарының ағартушылық 
ісіне  қарсы  ҽрекетіне,  қазақ  даласында  азаматтық  мектептер  үлгісінің,  оқу 
құралдары  мен  программалардың,  мектеп  үйлерінің  болмауы,  оларға  деген 
қаржының  жоқтығы,  кҿптеген  ата-аналардың  балаларын  оқуға  бермеуіне 
байланысты  оқушылардың  жоқтығына  қарамастан,  ағартушылық  жұмысының 
барысында  кездескен  қиыншылықтардың  еш  қайсысына  мойымай,  1860 
жылдан  1889  жылға  дейін,  28  жыл  бойы  Ыбырай  үздіксіз  ағартушылық 
майданында еңбек етті [60].  
Ыбырай  Алтынсариннің  халық  ағарту  ісіне  ресми  жолдама  алып,  алғаш 
аттануы 1860 жылдың жазы еді. Алайда кеуде толған қуаныш, бойда қайнаған 
жігер,  ойда  толқыған  неше  алуан  қиялмен  туған  ҿлкесі  Торғайға  келген  ҿз 
заманының  жаңа  адамы  аңсаған  арманына  бірден  жете  алмайды.  «Торғайға 
келген  күннен  бастап  тек  ғана  қолайсыздықты,  оңбағандықты,  ҿтірікті-ҿсекті 
кҿрген»  жас  жігіт  шетсіз  де  шексіз    қараңғылықтың  мылқау  қарсылығына 


 
155 
ұшырайды,  онымен  ұзақ  уақыт  бойы  тіл  тауып  сҿйлесіп  кете  алмайды.  Дала 
тұрмысының  тұйық  та  самарқау  ҿмірі,  бекіністің  ҽр  алуан  топас  бастықтары 
оның  мектеп  ашу  ісіне  тіпті  кедергі  келтіреді,  қаражат  бермейді.  Сҿйтіп  ол 
ағартушылық  қызметінің  алғашқы  қадамында  қараңғы  орта  мен  надан 
ҽкімдердің  білім  мен  мҽдениетке  енжарлығына,  қарсылығына  душар  болады. 
Бірақ  ағарту  ісінің  келешегіне  шын  сеніммен  қараған  Ыбырай  негізгі 
мақсатынан  тайынбай,  жұртшылықты  ҿнер-білімге  бірте-бірте  тарту, 
қызықтыру мақсатымен ҿз үйіне ешкімнің кҿмегінсіз-ақ аз ғана баланы оқытып 
тұра береді, ҿз бетімен білімін кҿтеруді қолға алады. Орыстың саяси, қоғамдық, 
педагогикалық  жҽне  кҿркем  ҽдебиетін  жаздырып  алдырып,  қажымай,  талмай 
оқиды, үйренеді, жаңалыққа талпынуды күнделікті ҽдетіне айналдырады; қазақ 
қоғамының  ҽлеуметтік  ҿмірін  түсіну  жҽне  оның  келешегін  танып  білу  жолын 
ойланып,  оларға  нақты  жауаптар  іздестіре  бастайды.  Ы.Алтынсариннің  қазақ 
баласының  болашағы  үшін  бойындағы  бар  күш-жігерін  арнағанын  кҿреміз. 
Ы.Алтынсарин  ағартушы-ғалым,  педагог  болумен  қатар  тарихшы-этнограф 
ғалым ретінде танылды. Атап айтсақ, оның 1870 жылы "Записки Оренбургского 
отдела Императорского русского географического общества" атты журналдағы 
"Очерк обычаев при сватовстве и свадьбе у киргизов Оренбургского ведомства" 
деген  еңбегімен  таныса  келе,  Алтынсариннің  қазақ  халқының  тарихын, 
мҽдениетін жҽне салт-дҽстүрлері мен ҽдет-ғұрыптарын білгенін кҿруге болады. 
Ағартушылық жолында тынбай енбектенгеннен 1864 жылдың 8 қаңтары 
–  қазақ  халқының  мҽдениеті  тарихында  жаңа  типті  халықтық  мектептің  дала 
ҿмірінде тұңғыш ашылып, іске кіріскен даңқты күні болып қалды.  
Дала  тұрмысында  бұл  тұңғыш  жаңа  мектептің  ашылып,  іске  кірісуі 
Ыбырайдың  ҿміріндегі  ең  бір  бақытты  кезең  болып  саналады,  оған  айрықша 
қуаныш  ҽкеледі,  келешек  істерге  зор  шабытпен  кірісуіне  жағдай  туғызды. 
Ағартушының «Менің үнемі ұмтылған тілегім – қалай да пайдалы адам болып 
шығу  еді.  Ал  қазір  осыған  қолым  жетіп  отырғанын  ойласам  кҿңілім  толық 
жұбаныш табады» [28] деген. Н.И. Ильминскийге жазған хатында: «Осы жылы 
январьдің  8  күні  кҿптен  күткен  ісім  орнына  келіп,  мектеп  ашылды,  оған  14 
қазақ баласы кірді, бҽрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға 
шапқан  аш  қасқырдай  ҿте  қызу  кірістім»  деуінің  ҿзі  сол  үлкен  қуаныштың, 
саналылығының  сыртқа шыққан бір жарқын белгісі еді. 
Бұл  мектептің  қазақ  даласындағы  ҿзіне  дейінгі  жҽне  сол  кездегі  ҿмір 
сүріп  тұрған  діни  мектептерден  негізгі  ҿзгешелігі  -  онда  бүкіл  тҽрбие 
жұмысының  адамгершілік  идеясына  негізделіп  жүргізіліп,  жастарға  ҽрбір  пҽн 
бойынша  элементарлық  білім  беру  ерекшелігінде  жҽне  орыс  тілінде  басқа 
пҽндердің таза қазақ тілінде оқылуында еді. 
Бұрын  ешқандай  дайындығы  жоқ  бұл  жаңа  мектепте  Ыбырай  бүкіл 
педагогикалық жұмысты ҿз білгенінше, ҿзінің орыс мектебінен алған білімі мен 
тҽрбиесі  негізінде  жүргізді.  Оқулық  та,  программа  да,  тҽрбиелік  нұсқау  да 
табиғатынан  педагог  Ыбырайдың  ҿзіндік  шеберлігінен  туып  жатады.  Соны  
ҿзінде  оқу-ағарту  ісіне  жан-тҽнімен  берілген  Ыбырай  алғашқы  4-5  айдың 
ішінде-ақ оқушы жастарға бірсыпыра білім беріп үлгерді. 


 
156 
1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып жаңа қызмет 
орнына тағайындалуы оның ағартушылық қызметінің кең кҿлемде ҿріс алуына 
мүмкіндік  туғызды.  «Қазақ  халқында  білім  алу  үшін  қасиетті  негіз  бар»  деп 
танып,  халық  ағарту  ісіне  жан  тҽнімен  беріле  ізденудің  нҽтижесінде  Ыбырай 
1879-1882  жылдар  арасында  Торғай  облысының  тҿрт  уезінен  тҿрт  орталық 
мектеп  ашады.  Ағартушы  оқыту  процесінде  мына  мҽселелерге  ерекше  назар 
аударды:  1)  Білім  беру  мен  тҽрбиелеуде  мұғалімнің  ролін  жоғары  қойды.  2) 
Оқу- материалдық базасының шешуші маңызын атап кҿрсетті. 3) Оқулықтарды 
таңдап ала білуге үлкен мҽн берді. Инспектор ретінде тиісті оқулықтарды ҽуелі 
ҿзі оқып шығып, кейін қажет деп тапса, мектепте пайдалануға ұсынып отырды. 
  Ыбырай  уездік  мектептердегі  оқу-тҽрбие  жұмысының  оқымаған 
қазақтарға барлық жағынан да үлгі, ҿнеге кҿрсетуін, еңбекке, отырықшылыққа 
тартып, баули түсуін қадағалайды, бүкіл істі осы негізде құрады. Осы арқылы 
бұл мектептердің еңбекші бұқараға рухани да, экономикалық та ҽсерін тигізіп, 
ҿзіне тарта түсуін кҿздейді. 
Қажымай  ізденудің  нҽтижесінде  Ыбырай  1883  жылы  қарашаның  15-де 
Торғай қаласынан қолҿнер мектебін ашты [61].    
Ы.Алтынсариннің  оқу-ағарту  ісіндегі  тағы  бір  еңбегі  қазақ  жастарына 
кҽсіптік мамандық беру мҽселесін қолға алуында еді. Осы мҽселеге ерекше мҽн 
беріп, қолҿнер, ауыл шаруашылық училищелерін ашуға кҿп күш жұмсады. Кҿп 
ұзамай  Торғай  қолҿнер  училищесі  ұйымдастырылып,  ҿзі  қайтыс  боларының 
алдында  Қостанайда  ашылғалы  отырған  ауыл  шаруашылығы  училищесінде 
ҿзінің  қора  жайын  беретіні  туралы  ҿсиет  қалдырды  [58].  Орскіде  Ыбырайдың 
ынтасымен  тұңғыш  мұғалімдер  мектебі  ашылды.  Қазақ  халқының  тарихында 
бірінші  рет  педагогикалық  білім  беретін  оқу  орнының  іргесі  қаланды.  1889 
жылы Ырғыз қаласында ағартушының ұсынысымен қыздар училищесі ашылды. 
Бұл — Шығыстағы қыздарға арналған оқу орындарының алғашқыларының бірі 
болып саналады. Сҿйтіп, Ыбырай ҿз қолымен Қазақстанда 14 оқу орнын ашты.  
Ыбырайдың  педагогикалық  мұрасы  жайында  тұңғыш  монография  1949 
жылы  басылып  шықты.  Ол  Ҽ.Сыдықовтың  «Ы.Алтынсариннің  педогогикалық 
идеялары мен ағартушылық қызметі» (Алматы, оқу педагогика баспасы) деген 
монографиясы еді. Бұл еңбек жалпы Ыбырай  творчествосы жҿнінде жазылған 
алғашқы  үлкен  зерттеу  болды.  Ҽ.Сыдықов  ҿзінен  бұрынғы  А.Ф.  Эфировтың 
еңбегінде  кҿтерілген  проблемаларды  онан  ҽрі  тереңдете  зерттей  отырып, 
Ыбырайға  дейінгі  жҽне  оның  заманындағы  ағарту  ісінің  дала  тұрмысындағы 
жағдайын кең кҿлемде қарастырды, сондай-ақ ағартушының ҽдеби мұрасы мен 
творчестволық  ҿмірі  жайында  да  деректер  келтіре  отырып,  жаңа  пікірлер 
ұсынды.  
Сондай-ақ  А.Ф.  Эфиров  жазған  мына  бір  естелікке  тоқталсақ  «Ыбырай 
қазақ  даласында  бұрын-соңды  болмаған  жаңалық  енгізуді  қалады,  ол  оқу-
тҽрбие жұмысын бұрынғы дағды бойынша араб жҽне татар тілінде жүргізуі еді. 
Ол  ана  тілінің  күнделікті  отбасы,  ошақ  қасы  шеңберінен  шығып,  қазақ 
халқының мҽдени тіліне айналу үшін ғұмыр бойы күресті» [60,52]. 
Оның  оқу,  оқыту,  мектеп  жұмыстарын  жолға  қоюдағы  еңбектерін  сол 
кездегі  Орынбор,  Қазан  қалаларындағы  орыс  оқымыстыларының  бҽрі  де 


 
157 
жоғары  бағаласа,  1879  жылы  шыққан  «Қазақ  хрестоматиясымен»  байланысты 
сол  жылы  «Оренбургский  листоктың»  49-санында  (2  желтоқсан)  шыққан 
рецензиядан  бастап,  газет,  журнал,  ескерткіш,  кейін  жеке  монографиялық 
еңбектерде  Ыбырай  Алтынсаринның  ҿмірі  мен  ісі  таңдаулы  тақырыптардың 
бірі болды. Сол кездегі орыс оқымыстылары А.Васильев, А.Е. Алекторов, Ф.Д. 
Соколов, т.б. Алтынсарин жайлы аз жақсылық жасаған жоқ. Ол ҿлгеннен кейін 
біреулері  қолжазбаларын  жиыстырса,  басқалары  Ыбырайдың  Хрестоматиясын 
қайта бастырып шығарды (Ильминский, Соколов, Васильев, т.б.) [60].  
  Елбасының  халыққа  жолдауында:  "..Барлық  дүние  мектептен  басталады. 
Сондықтан  2008  жылдан  бастап  12  жылдық  жалпы  орта  білім  беретін  жүйеге 
кҿшіп,  педагогтардың  профессионалдық  деңгейі  мен  жаңа  оқулықтар  мен 
біліми  технологиялардың  сапасын  арттыруымыз  қажет..",-  деп,  атай  келе 
"Қазақстан  -  2030"  бағдарламасында:  "...біздің  жас  мемлекетіміз  ҿсіп-жетіліп 
кемелденеді.  Біздің  балаларымыз  бен  немерелеріміз  онымен  бірге  ер  жетеді. 
Олар  ҿз  ұрпақтарын  жауапты  да  жігерлі,  білім  ҿресі  биік,  денсаулығы  мықты 
ҿкілдері  болмақ.  Олар  бабаларының  игі  дҽстүрлерін  сақтай  отырып,  қазіргі 
заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады...",- десе, 
жacтapғa  патриоттық  тҽрбие  берудің  маңыздылығын  мемлекеттік  «Мҽдени 
мұра  бағдарламасында»:  «негізінде  бүгінгі  ұрпақтардың  бойына  ұлттық 
патриоттық сезімдерді қалыптастыру керек...» деп, баяндалған аманатында ұлт 
болашағы мен ұрпақ тағдырына деген зор жауапкершіліктің биігін кҿреміз [62]. 
Осы  аталған  мҽселелерді  шешу  барысында,  бүгінгі  жастар  мен  ертеңгі  ұрпақ 
үшін,  ағартушының  педагогикалық  жҽне  діни  ҽңгімелері  тиімді  рухани  азық 
деп айтуға болады. Рухани азық жҿнінде айтатын болсақ, оның майталмандары 
Абай,  Ыбырай  жҽне  Шоқан.  Оларды  рухани  ұстазы  санаған  А.Байтұрсынов, 
Шҽкҽрім,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов  жҽне  басқа  қазақ  зиялы  қауым  ҿкілдері 
ұрпақ  тҽрбиесі  жҿнінде  аз  еңбек  жазған  жоқ.  Ҽ.Сыдықов  деген  ғалым 
айтқандай  «Ұлттық  педагогика  мұраларын  пайдалана  отырып,  жас  ұрпаққа 
кешенді  тұрғыда  сапалы  білім,  саналы  тҽрбие  берудің  тарихи-ҽлеуметтік 
маңыздылығының  жоғары  екенін  -  бүгінгі  таңдағы  педагогикалық  жетістіктер 
айғақтап отыр. Ұлт педагогикасының кҿпсалалы ғылым жүйесі екенін ескерсек, 
оның ҽр саласы, соның ішінде - ұлттық тҽлім-тҽрбие саласы үлкен ізденістерді 
қажет  ететіні  анық»  [61].  Сондықтан  қазақ  философия  тарихындағы  тҿртінші 
кезең  ҿкілдері  ағартушыларымыздың  дүниетанымдарымен  таныса  отырып, 
оларға дейінгі кезеңдерді де түсінуге жол ашатын тиімді танымдық жол. 
   Ы.Алтынсарин  екі  оқу  құралын  «Қазақ  хрестоматиясын»  (1889)  жҽне 
«Қазақтарға  орыс  тілін  үйретудің  бастауыш  кұралын»  (1889)  жазып,  бұларды 
қазақ-орыс  мектептеріне  тҿлтума  оқулық  ретінде  ұсынды.  Мҽселен, 
«Хрестоматияға» ол қазақ халқының ауыз ҽдебиетінің асыл үлгілерін, балаларға 
арналған нақыл ҽңгімелер мен ҿлеңдерді, орыс жазушылары  Крылов, Толстой, 
т.б. ҽңгімелері мен мысал ҿлеңдерін аударып енгізді. «Қазақ хрестоматиясына» 
енгізілген материалдардың мазмұны тек қана танымдық, адамгершілік, ҿнегелік 
жҽне  ақылгҿйлік  сипатқа  ғана  ие  емес,  ол  сондай-ақ  жоғары  эстетикалық 
талғамның  жан-жақты  қалыптасып  дамуына,  ҽдемілікті  түсіне  білуге,  нағыз 
сұлулықты  сыртқы  жылтырақтардан  ажырата  білуге  тҽрбиелейтін  жҽне 


 
158 
табиғатты  сүюге  тҽрбиелеу  туралы  ықпалымен  де  ерекше  құнды  [61].  «Қазақ 
хрестоматиясы»  алғаш  рет  1879  жылы  Орынборда  жарияланды.  Мұны 
жариялау жайында патшаның оқу министрі Д.А. Толстойдың арнайы бұйрығы 
болды.  Қазақтың  ана  тілінде  шыққан  бұл  тұңғыш  кітап  сол  кездегі  дала 
тұрмысы  үшін  ең  үлкен  тиражбен  –  200  дана  боп  орыс  алфавиті  негізінде 
басылып  шықты.    «Қазақ  хрестоматиясы»  кейін  1889,  1896  жылдары 
«Махтубат»  деген  атпен  біраз  қысқартылып  араб  алфавиті  негізінде 
жарияланды  («Махтубат»  араб  тілінде  хаттар  деген  мағынада).  1906  жылы 
хрестоматияны  А.  Васильев  орыс  алфавитімен  қайта  шығарды.  Бұл 
хрестоматияның  ерекшелігін  айтар  болсақ  ол    қай  мезгілде  жарияланса  да 
баспасҿз  бетінде  ҿзіне  лайық  үн,  дабыл  туғызып  отырды.  Надандықтан 
ғасырлар бойы қол үзе алмай келген мҽдени жҽне экономикалық мешеу ортада 
сол  тұста  шыққан  кейбір  кітаптардың  ҿзіне  лайық  оқушы  таба  алмай  кҿп 
кешікпей-ақ ұмыт болып отырғанын ескерсек, «Қазақ хрестоматиясының» сол 
дҽуірде  бірнеше  рет  басылып,  ҽр  басылуында  оқушы  жұртшылықтың  бүкіл 
назарын  ҿзіне  аударуынан  оның  сонау  келмеске  кеткен  қара  түнек  ескі 
заманның ҿзінде қандай маңызды болғанын кҿруге болады.   
1943  таңдамалы  шығармалары  атты  кітапта  Ы.  Алтынсаринды  сондай  – 
ақ,  жазба  ҽдебиетіміздің  тарихындағы  балалар  ҽдебиетінің  негізін  салушы 
бірінші  жазушы  болды  деп  кҿрсетілген.  Енді  соған  тоқталсақ  «Ыбырай 
Алтынсаринның  кезінде  орыс  не  Еуропа  елдерінде  балалар  ҽдебиеті  сол 
елдердің ҽдебиетінің негізгі бір саласына айналып еді. Біздің қазақ жағдайында 
(ХІХғ.)  Махамбет,  Абай  тҽрізді  ұлы  ақындарымыздың  кейбір  ҿлеңдерін 
айтпасақ,  балалар  ҽдебиеті  жоқ,  не  жоқтың  қасы  болатын.  Бұл  мҽселені  биік 
сатыға  кҿтеріп,  балалар  ҽдебиетін  жасауға  саналы  түрде  кіріскен  адам  - 
педагог-жазушы Алтынсарин ғана»[61]. Бек Сүлейменов деген ғалымның мына 
бір  жазбасына  назар  аударсақ,  онда  ағартушының  зар  –  заман  кезеңі  туралы 
ойын  байқауға  болады  онда:  «Ы.Алтынсариннiң  ҽдеби  ағымға  кҿзқарасын 
«Горе  киргиз»  деген  қолжазбасы  толық  танытады.  Бұл  оның  Tүpкicтaн 
қазақтарының,  Tүpкicтaн  ҿлкесi  ақындарының  «Зар  заман»  туралы 
шығармаларына  жасаған  қорытындысы  едi.  Ы.Алтынсариннiң  бұл  берген 
бағасын  ҿте орынды  деп  бiлемiн.  Мұнда  ол  «Зар  заман»  ҽдеби  ағымын патша 
үкіметінің отаршылдық саясаты, жұт қоян жылдары деп аталатын ашаршылық 
пен  жалаңаштық  кезең  туғызды  дейдi.  Бұл  жерде  Ы.Алтынсариннiң  «Зар 
заман»  ағымының  тууына  патша  үкiмeтiнiң  отаршылық  саясаты  себеп  болды 
дегенi  дұрыс.  Ы.Алтынсарин  «Зар  заман»  туралы  жазбaған  адам  жоқ  деп, 
оларды ҿз текстiciнде келтiредi» [41].  
Кейiннен  орталық  архивтiң  құжаттар  қорынан  табылған  «Горе  киргиз» 
(«Қазақтың  қайғысы»)  ел  ақындарының  заман  халiн  айтқан  ҿлеңдерiне 
жазылған  түciнiктeмe  eкeнi  белгiлi  болды.  Ыбырай  Алтынсарин  вице-
губернатор В.Ильинге аудармасын қoca жолдай отырып, бұл ҿлең-жырлардың 
тyyынa  себеп  болған  оқиғаларға  талдау  жасайды,  1868  жылғы  Уақытша 
ереженiң  ҽдiлетсiздiгi,  халыққа  жайсыздығы,  ұлықтардың  озбырлығынан 
ұлттық намыстың тапталып жатқаны туралы баяндайды[41,3].  


 
159 
  Алтынсарин  50-ден  астам  қысқа  ҽңгімелер  мен  ертегілер  жазған.  Ол 
еңбектері  ар  иман,  еңбек,  достық,  адамның  жаман  мінез  құлықтары  туралы 
жастарға  имандылық  жолындағы  шығармашылықтары  не  жақсы  не  жаман 
деген ойларға толы ғибратты дүниетанымдар. Енді сол ҽңгімелеріне тоқталсақ: 
Тҽрбие  жҿніндегі  негізгі  тақырыбының  бірі  -  талап.  Талпынбаса,  адам 
баласы ешбір алға баспаған болар еді. «Талапты ерге  нұр жауар» деген халық 
мақалы да ҿмір тҽжірибесінен туған. Жастық шақ - жігер, қайраттың толы кезі. 
Бойдағы жасырын талант, ҿнерлерін жарыққа шығарып қалатын кез де осы. Ол 
үшін  талап  керек.  Ҽр  нҽрсені  де  жігермен  істе,  ҿзіңнің  не  нҽрсеге  қабілетің, 
ыңғайың бар, қолыңнан не келеді, соңына түссең, ҽрі ҿзіңе, ҽрі қоғамға пайда 
келтіре  аласың,  талаптан  да  таңдап  ал  дейді.  Ол  туралы  «Дүние  қалай  етсең 
табылады?» ҽңгімесінен байқауға болады. Оны француз жұртының бір білімді 
адамы  жазады:  «1791  жылда,  ҿзім  университет  деген  үлкен  медреседе  оқып 
жүрген жігіт күнімде, ҽр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-
қайтушы  едім.  Сонда  ҽрдайым  жолымда  бір  Антон  деген  тіленші  отырып, 
қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта 
бойлы,  арықтау  кісіге  ұшырасып,  жҿніміз  бір  болған  соң  бірге  келе 
жатқанымызда,  ҽдетше  манағы  Антон  алдымыздан  шығып,  қайыр  сұрады. 
Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты: 
-Сен қарауға еп-есті кісі секілді кҿрінесің жҽне жұмыс істеуге қуатың да 
бардай  кҿрінеді,  сҿйтіп  тұрып,  мұндай  жаман  іспен  ҿзіңді  кемшілікке  салып 
жүрсің,  бай  болғың  келсе,  мен  саған  ақыл  айтайын:  мен  ҿзімде  сендей  кедей 
едім,  бірақ  сендей  тіленшік  қылғаным  жоқ.  Елден,  қала-қаладан  қыдырып 
жүріп, ҽуелі жай кісілерден ескі шүберек сұрап жиып жүрдім. Ол шүберектерді 
апарып, қағаз істейтін фабриктерге сатып, сонымен азды-кҿпті ақша болған соң 
бір  есек,  бір  арба  алдым.  Мұнан  соң  ҽуелі  аздап,  бара-бара  кҿбірек  ҽр  үйден 
ескі-құсқы  тұтынуға  жарамайтын  шүберектерді  сатып  алып,  арбамен  жүріп 
сауда ете бастадым. Осындай іспен  жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді 
бір қағаз фабригіне кірістім. 
Жасым  жас,  ісіме  нық,  жинақты  жҽне  еріншектікті  білмегенімнен  осы 
күнде екі ҽйдік тас жұртым бар. Фабригімді балама бердім: үмітім бар, балам да 
аштық кҿре қалмас деп, себебі, баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, 
қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, 
сен  де  бай  боласың,  Антон,  -  деді  де, жҿніне  жүріп  кетті.  Антон бұл  сҿздерді 
естіген соң, терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды. 
1815  жылда  Брюссель  деген  қаладан  ҿтіп бара жатып, бір кітап  сататын 
үлкен  дүкенге  кірдім.  Дүкеннің  ішінде  бірнеше  приказщиктерге  олай-былай 
етіңіз деп бұйырып тұрған бір кҿпестің кескіні кҿңіліме таныс кҿрінді. Сҿйтіп 
тұрғанымда  ҽлгі  кісі  мені  кҿріп,  бетіме  қарап  тұрды-тұрды    да  қасыма  келіп 
айтты: 
-Айып  етпесеңіз  сұраймын,  мұнан  жиырма  бес  жыл  бұрын  сіз  оқу  оқып 
жүріп, жұма сайын Версальдағы үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді? 
  Сонда ойыма түсіп, таң қалып: 
  -Сен Антонбысың? – дедім. 


 
160 
-Рас,  -  деді  Антон,  -  мен  сондағы  кҿрген  тіленші  Антоныңыздың  ҿзімін. 
Сол    жүргеніңіздегі  бір  күн  қасыңызда  бірге  жолыққан  кісінің  айтқандары 
кҿңіліме қонып, тіленшікті тастап, жұмысқа кірістім: ісіме нық, малыма күтімді 
болдым.  Ақырында  сол  кісінің  айтқаны  келіп,  мінеки,  осы  зор  дүкеннің  иесі 
болдым,  -  деді».  Келесі  «таза  бұлақ»  ҽңгімесіне  тоқталсақ:  «Үш  жолаушы  бір 
бұлақтың  басында  бір-біріне  кез  болыпты.  Бұлақ  бір  тастық  жерден  шыққан, 
айналасы қалың біткен ағаш, жапырақтары бұлақтың үстіне тҿгіліп, суы мұздай 
салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша ҽдемі таза бұлақ екен. Су шыққан 
жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғанша қылып, тастың су ағар жеріне 
жазу  жазыпты:  ―Ей,  жолаушы,  болсаң  осы  бұлақтай  бол!‖,  -  деп.  Манағы  үш 
жолаушы  бұлақтан  ішіп  қанған  соң  жазуды  оқып,  біреуі  саудагер  екен,  ол 
айтты: 
  -Бұл жазылған ақыл сҿз екен: бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге 
барады,  бара-бара  кеңейіп  үлкейеді,  бұған  бҿтен  бұлақтар  құйып,  сҿйте  бара 
үлкен ҿзен  болып  кетеді.  Мұнан  мұрат  сол:  сен  де,  адам, тынбай  қызмет  қыл. 
Еш  уақытта  жалқауланып  тоқтап  қалма,  сҿйтсең  ақырында  сен  де  зорайып, 
мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді. 
Екінші жолаушы мүсҽпір молда екен, басын шайқап: 
-  Жоқ,  мен  олай  ойламаймын,  бұл  жазудың  мағынасы  сіздің  ойлағаннан 
гҿрі жоғарырақ соқса керек. Бұл бұлақ кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанның 
салқындатып  жанын  рахаттандырады,  сусағанның  сусынын  қандырады.  Оның 
үшін  ешкімнен  ақы  дҽметпейді,  бұлай  болса  адамға  да  ғибрат  сол  –  біреуге 
жақсылық  етсең, ол  жақсылығыңды ешкімге  міндет етпе  дегені болса  керек,  - 
деді. 
Үшінші жолаушы кҿркем келген бір ҽдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. 
Жолдастары сен не ойлайсың деп сұрады. Жігіт айтты: 
-Менің  ойымша  бҿтен  бір  нҽрсе  келеді.  Бұл  бұлақтың  суы  бір  орнында 
тұрып  тұнып  тұрып,  шҿп-шалам  түсіп,  ылай-қоқым  болса,  бұған  адам  мен 
айуан мұнша ынтық болмас еді, бұлақ күн-түн тынбай ағып, тазаланып тұрғаны 
үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы – кҿңіліңді, бойыңды осы 
бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шҿп түссе шҿптің 
сҽулесін  кҿреміз,  кҿңілің  сол  реуішті  сыртқа  ашық  кҿрініп  тұрсын  дегені  ма 
деймін, - деді». Бұл ҽңгіме біздің ойымызша, жастарға тҽлім  – тҽрбие беретін, 
ойландыратын  ғибратты  ҽңгіменің  бірі.  Сондай  –  ақ  ағартушының 
шығармаларында достық туралы да жазылған. Достықтың екі түрі болады, бірі 
жақсы  жолдас,  екіншісі  жаман  жолдас.  Соның  ішінде  ағартушының  «Жаман 
жолдас»  ҽңгімесіне  тоқталсақ:  «Екі  дос  кісі  келе  жатып,  бір  аюға  ұшырапты. 
Бұл  екі  кісінің  біреуі  ҽлсіз  ауру  екен,  екіншісі  мықты  жас  жігіт,  аюды  кҿрген 
бойда  бұл  жігіт  ауру  жолдасын  тастап,  ҿзі  бір  үлкен  ағаштың  басына  шығып 
кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дҽрмені жоқ, жерге құлады да, созылып 
ҿлген кісі болды да жатты. Естуі бар еді: аю ҿлген кісіге тимейді деп. Аю бұл 
жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң, тастап 
жҿніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты: 
-Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті? Ауру айтты дейді: 


 
161 
   -Аю  құлағыма  ақыл  сыбырлады,  екінші  рет  тар  жерде  жолдасын  тастап 
қашатын  достармен  жолдас  болма  деді,-  дейді».  Бұл  ҽңгімеге  тоқталған 
себебіміз  бүгінгі  қоғамдағы  адамдардың  бойынан  жиі  байқалатын  осы  бір 
жаман қасиеттен қалай құтылуға болады. Осы турасында ойланса екен дейміз. 
Жалпы  ағартушының  хрестоматиясы  [63]  арқылы,  жан  –  жақты  талданған 
деректер  арқылы  ҽлемдік  мҽдениеттен  де  хабар  алуға  болады.  Мысалға 
«Силинчи  деген  ханым»  ҽңгімесінде:  жібектің  қалай  пайда  болғаны, 
Силинчидің ҿткеніне бес мың жыл болса да, Қытай жұрты ҽлі күнге ханымын 
ұмытпай,  жыл  сайын  соның  құрметіне  той  ҿткізетіні  жазылған.  Жалпы 
Ыбырайдың  шығармалары  бізге  толық  жетті  деп  те  айта  алмаймыз.  Себебі, 
ағартушы  жағрапия,  физика  жҽне  т.б.,  салаларды  меңгерсе,  олар  туралы 
деректер  қайда?  Ағартушының  «Сҿз  басы»  деген  ҿлеңі  арқылы,  оны  терең 
ғылымды меңгерген адам деп айтуға болады. 
 
 «Ҿнер- білім бар жұрттар  
Тастан сарай салғызды. 
Айшылық алыс жерлерден  
Кҿзіңді ашып-жұмғанша, 
Жылдам хабар алғызды. 
Аты жоқ құр арбаны 
Мың шақырым жерлерге 
 
Күн жарымда барғызды»,  - деп ҿз заманындағы ҿнерлі елдерді жастарға 
үлгі етіп жырлайды. Ал бүгінде ше? Ҿнерлі жұрттардың жеткен жері қайда, біз 
қайда?  «Байқап  қарасақ  бүгінгі  ХХI  ғасыр  –  қауіп-қатер,  қиыншылықтарымен 
бірге  жақсылығы  мен  мүмкіндіктері  де  мол  кезең.  Ғылым  да,  жаңа 
технологиялар  да  дамыған  заман.  Алайда  мұсылман  ҽлемі осы  мүмкіндіктерді 
ҽзірге  барынша  кең  пайдалана  алмай  жүрген  секілді.  Ал,  негізінде,  Алланы 
танып,  оның  Құранын  оқи  алатын  адамдардың  ғылым  жҿнінен  тереңдеуге 
мүмкіндігі  мол.  Қасиетті  Құранда:  «Оларға:  «Білетіндер  мен  білмейтіндер  тең 
бе?»,  -деп  айт.  Шын  мҽнінде,  ақыл  иелері  ғана  ғибрат  ала  алады»  («Зүмар 
сүресі, 9-аят), - деген аят бар.  
Сондықтан Ыбырай атамыздың  «Ҿнер- білім бар жұрттар» ҿлеңіне бүгін 
жаңа қырынан кҿз салғанымыз жҿн. Себебі ҿнер-білім ҿз заманынан ҽлдеқайда 
қарыштап дамып кетті. Бүгінгі ғылым мен техниканың жетістіктері, адамзаттың 
ойлау  кеңістігі  шырқау  биіктерге  жеткені  баршамызға  аян.  Техникалық 
жүйелер,  технологиялық  ағымдарды  бұрынғы  дамуымен  салыстыруға  да 
келмейді.  Бұрын  жазылмастай  кҿрінген  дерттердің  дауасы  табылып  жатқан 
ғасырдамыз.  Ҽрбір  үй  адамның  ҿмірін  жеңілдететін  техникалық  құралдарға 
толып үлгерді. Бүгінгі ҿнерлі жұрттар соған жетіп отыр. Мұсылман елдерді бұл 
жағынан,  ҽрине,  кешеуілдеп  келеді.  Бүгінде  жер  бетіндегі  билікті  де  қолында 
ҿнер-білімі  бар  адамдар  жүргізіп  отыр.  Ал  тарихта  бүкіл  ілім  Исламнан, 
Құраннан, Алла Тағаланың жер бетіне орнатқан заңдылықтарынан басталғанын 
білеміз.  Біреулер  ғылымымен,  біреулер  техникасымен,  біреулер  саясатымен, 


 
162 
енді  біреулер  тынымсыз  еңбегімен  осы  ҽлемдік  бҽсекеге  барын  салып  жатыр. 
Жер қойнауында кҿміліп жатқан қазыналарды ең жаңа технологиямен қопарып 
алып,  аршып,  тазалап,  ҿз  пайдаларына  асыруда.  Солар  арқылы  халықтың 
тұрмыстық заттарын да, техника мен кҿлік түрлерін де, қысқасы адамның бүкіл 
ҿміріне  қажетті  ҿнімдерді  шығарып  отыр.  Ал,  негізінде,  дҽл    осындай 
іздемпаздық, 
жасампаздық, 
ҿнерпаздық, 
ғылым-білімге 
құмарлық 
мұсылмандарда  болуға  тиіс.  Ҿйткені,  дініміз,  сеніміміз,  иманымыз  соған 
шақырды.  Ардақты  пайғамбарымыздың  (с.ғ.с):  «Рызық-несібелеріңді  жер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы