Балшикеев Серік Балтабайұлы, Рақымжанов Бақытжан Қадырұлы



Pdf көрінісі
бет18/41
Дата11.04.2022
өлшемі1.49 Mb.
#219875
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
қазақ философиясы оқулық

Шал ақын 
 
Қазақ ҽдебиетіне қатысты мақалаларының бірінде Шоқан: «Менің бабам 
Абылай  ханның  замандасы.  Шал  ақын  қазақ  халқының  тегі,  қазақ  халқын 
құраған рулар жайлы аңыздарды жинақтап, тамаша эпос жасады», - дейді. Осы 
аз  ғана  сҿздерден-ақ  Шалдың  ҿз  дҽуірінің  даналығын  бойына  сіңірген  кең 
тынысты, қуатты ақын болғандығы аңғарылады [36,49].  
"Шал  ақын"  аталып  кеткен  Тілеуке  Құлекеұлы  Ақмола  облысы  жерінде 
қазіргі Азат теміржол станциясының маңында 1748 жылы дүниеге келген. Ҽкесі 
Құлеке  қазақ-қалмақ  соғысының  атақты  батырларының  бірі.  Анасы  —  атақты 
Тҿле  бидің  қызы.  Құлеке  мен  оның  ағасы  Тілекенің  соғыстағы  ерлігі  жайлы 
ҽңгімелер ел ішінде күні бүгінге дейін айтылады [30,23]. 
Құлеке  батырдың  тҿрт  ҽйелінен  Бҽбек,  Мҽңке,  Шардақ,  Тілеуке  (Шал), 
Қазақбай, Жүсіп атты алты ұл туады. Осы алты ұлдан тараған ұрпақ қазір жүз 
шақты үй шамасында деседі.  
Шал  ақынның  ҿмір  жолымен  танысу  үшін  мына  бір  жыр  шумақтарына 
тоқталсақ:  
 


 
109 
Бір жаста, екі жаста бесіктемін, 
Бес жаста Тҽңірі берген несіптемін, 
Алты жаста қайыңның тозындаймын
Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын, 
Сегізде бала болып ойнап едім, 
Тоғызда тайлы суға бойлап едім... 
Он жасымда сүт емген қозыдаймын... 
Он бес деген жасым-ай, 
Жарға ойнаған лақтай, 
 
—деп  басталатын  жыр  жолдарынан,  ақынның  ерекше  қызыға  қарап,  кҿзі 
жасаурай  жырлайтыны  –  қайғысыз,  қамсыз,  бұ  дүниенің  күйкі,  күйбең 
тірлігінен  аулақ  сҽби  шақ  [36,50].  Ақынның  адам  ғұмыры  туралы  жазылған 
ҿлеңдерінің желісі кҽрілік туралы ҿлеңдерімен аяқталады:  
  
 Шалыңның екі кҿзі жайнап жатыр, 
 Кеудемде нҽпсі, шіркін, қайнап жатыр, 
 Байлаулы арқаным жоқ, қазығым жоқ, 
 
Қайтейін,  кҽрілік  шіркін  байлап  жатыр  –  бұл  шумақтарында,  кҽрілік 
шағын  бұрынғы  ойын  –  күлкі  жоқ,  бойдан  күш  кетіп,  тек  күмбірлеген  кҿмейі 
ғана қалпында екені суреттелген. 
Шал ақынның: 
Елу  жасқа  келген  соң,  Пірдің  сҿзін  сақтадым,  —  бұл  ойларына  қарап, 
ақынның  ислам  дініне  берік  болғанын  аңғаруға  болады.  Сондай-ақ  ол  дін 
туралы арнайы сҿз етеді. Қандай да болмасын ойларын, жырларында барлығын 
дінмен  байланыстырған.  Ол  туралы    М.Мағауин  «Шал  –  мұсылман.  Ол  үшін 
құдай  бір,  пайғамбар  хақ:  «Лҽ  ил-лаһа  ил-алла-иманыңыз».  Құран  шын, 
алланың құдыретінде шек жоқ, бҽрі де құданың ҽмірінде. Біз – пендеміз, бақты, 
бақсыз  болуымыз,  малды,  малсыз  болуымыз,  жер  басу,  баспауымыз  –  бҽрі 
алланың қолында: құдайсыз қурай сынбайды дейді ақын» [30,52].  
 
―Жаратты Мекке менен Мединаны,  
Жаратты иман, дұға, шын дүниені. 
Мұхаммед үшбу жүрген үмметіне,  
Жаратты сынамаққа бүл дүниені.  
Жаратып он сегіз мың ғалам етті,  
Бірісін ғалым, бірісін надан етті. 
Жаратып жын-періні от пен судан, 
Жаратып топырақтан адам етті‖[37]. 
 
Ақын бұл жырында, он сегіз мың ғаламның ішіндегі жын – періні от пен 
судан  жаратылса,  адамды  топырақтан  жаратылғаны  кҿрсетілген.  Пендеге  бұл 


 
110 
ҿткінші жалғанда, мына үш ұғымға зейін қою керектігін айтса керек олар; иман, 
дұға, шын дүние. Себебі иман келтірген пенде, ол жаратушыға мұқтаж екенін 
түсінеді,  дұға  дегеніміз  ерекші  мейірімді  жаратушыдан  сұрау,  ҽрине  оның 
ішіндегі,  мүмин  үшін  ең  қымбаттысы,  шын  дүниедегі  жұмақ.  Ал  ―Шал 
ақынның дұғасын мына бір жырынан байқауға болады: 
 
Құдая, мұсылмандық дінінде қыл, 
Ҽдҽбият тұғрылық жолында қыл
Шарабын ҿлімнің ішкен шақта, 
Сапарымды айт, жұма күнінде қыл. 
Тҽнімнен ғазиз жаным айырғанда,  
Иманымды ұмыттырмай тілімде қыл,  
Жиылып халық соңыра саф тұрғанда,  
Мұхамедке үммет болған елінде қыл‖ [37]. 
 
Бірақ  бүгінгі  күні,  қоғамдағы  халықтың  ішінде  де,  дінді  түсінбейтін, 
ақынның тілімен айтқанда "Мейманасы тасқан жұрт тҽңіріні ұмытқан, кұдайды 
бір,  пайғамбарды  —  хақ  деп  білмейді.  Ораза  ұстамайды,  бес  уақыт  намаз 
оқымайды", — деп қатты сынға алып оларға: 
 
―Жігіттер ораза ұста, намаз оқы, 
 Ғарасат майданы бар тергеледі‖ [37],  
 
—дейді. 
Ал енді тҿмендегі мына бір жырына тоқталатын болсақ. Онда ақын иман, 
ақыл,  нҽпсіні,  қой,  қойшы,  бҿрі  теңей  отырып,  осы  келтірілген  суреттемелер 
арқылы, ақын нҽпсі мен иман арасындағы күреске тоқталған. 
 
―Иман – қой, ақыл – қойшы, нҽпсі – бҿрі 
Бҿріге қой алдырмас ердің ері, 
Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,  
Жоламас ешбір пҽле шайтан-пері. 
 
Арам болса қашады су кісіден
Естімеген сҿз шығар сұм кісіден, 
Кітап – құран айтқаны рас болса, 
Ұжмақ кҿрер бір жан жоқ бұл кісіден. 
 
Жарлығы екі болмас хақ құдайым, 
Жанында серігі жоқ дақ құдайым, 
Жанымды алсаң, құдая, иманмен ал, 
Шайтанның қазасынан қақ, құдайым‖ [37]. 
 


 
111 
Шал ақынның ислам парыздарын жетік біліп, жастарды дін жолына берік 
болуға шақыруы ақын мұрасының кеңес дҽуірінде жарыққа шықпауына да ҽсер 
еткен болар. Шал енді бір топ ҿлендерінде жастарды ибалы, ҽдепті, қайырымды 
болуға шақырады. Ары, жаны таза, мҽдениетті жасты аңсаған ақын ондай абзал 
адамдар  алдына  зор  мақсаттарды  коя  біледі.  Білім  алғандар  парызы  еліне, 
халқына пайдалы қызмет ету деп ашық айтады: 
 
Майда бол, жігіт болсаң, тал жібектей,  
Жарамайды қатты болу тікенектей. 
Білімің болсадағы ұшан-теңіз.  
Пайда жоқ ҿз халқыңа қызмет етпей [37]. 
 
Адамның  артықшылығы,  жақсылығы  кҿпке,  туған  еліне  пайдалы 
болуында.  Осы  турасында  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  ―Алла  сендердің  түр  – 
тұлғаларың мен бет – ҽлпеттеріңе қарамайды, жүректерің мен іс – ҽрекеттеріңе 
қарайды‖  [38].  Шал  ақын  бұл  жерде  мұсылман  адам  ҿзін  ғана  ойлаумен 
шектелмей,  адамзатқа  пайдасын  тигізуді  ойлау  керектігін  айтып  отыр. 
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  хадисін  мысал  ретінде  келтіргеніміз,  себебі  ақын 
кезеңіне лайықты білімі бар, ескіше сауаты едҽуір, ҿз дҽуірінің ой-пікірлерінен, 
діни  ұғым-нанымнан  мол  хабары  болған.  Ол  қазақ  философия  тарихындағы 
Яссауи, 
Игүнекей, 
Баласағұн 
сияқты 
ұлы 
ойшылдардың 
ізін 
жалғастырушылардың бірі деп айтуға болады.  
 
Жаратқан Мұхамедтің нұрын құдай,  
Ғаламнан он сегіз мың бұрын құдай.  
Ҿз қандасын ҿзіне досты қылып,  
Мұндай артық сүйер ме, құлын құдай?  
Ҽуел құдай пайғамбар нұрын қылған,  
 
Ғаламнан он сегіз мың бұрын қылған‖ [37].  
Ал ашқарақ, сұғанақ, арызқой, пасық адамдар тобына ақын қадала түседі. 
Ҿзімшіл,  күншіл  пасықтарға  жаны  таза  жақсы  адамдардың  адал  ниетті  ізгі 
істерін  қарсы  қоя  жырлап,  біріншіден  жирендіріп,  екіншісінен  үйренуді 
үңдейді: 
 
―Бір жігіт бар - құр жан, 
Бір жігіт бар - тірі жан, 
Бір жігіт бар - жігіт жан, 
Құр жан дейтін жігіт — 
кеудесінде жаны бар, еш нҽрсені бітірмейді. 
Тірі жан дейтін - 
бар тапқанын киім мен асқа сатар,  
жақын кҿрген досын жатқа сатар, 
 Қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып,  


 
112 
ҽркімді бір сықақ кылар,  
Жігіт жан дейтін жігіт — сегіз қырлы, бір сырлы болар‖ [37]. 
 
 Ақын  бұл  жырында,  адам  бойындағы  үш  түрлі  мінезді  бейнелейді. 
Біріншісі  кеудесінде  жаны  бар,  бірақ  еш  нҽрсені  де  бітірмейді,  кеудедегі 
жанының еш нҽрсеге талабы жоқ, жаны тҽнге құл болған образды бейнелесе, ал 
екіншісі, ҿткінші ҿмірге мас болып, қызылды – жасылға қызығып, достыққа да 
берік емес, оның жұмысы елді сҿз қылу, Абай Құнанбайұлының тілімен айтсақ 
―Еңбекпен  етті  ауыртпай,  Құр  тілменен  жиғаны,  Кекектеп  секек  етем  деп, 
Шошқа  туар  сҿздері‖.  Үшінші  образдағы  адам,  нҽпсісін  билеген,  жүрегі  таза, 
ҽрекеті  берекелі  жан  десе  керек.  Жалпы  адам  баласының  кемшіліктерге  бой 
алуы неліктен, мүмкін ҿзін ҿлместей сезінгеннен шығар, ол туралы:   
 
 ―Ҿлімнен құтылмассың қашсаң-дағы, 
Атадан арыстан туып ассаң-дағы, 
Алладан шыныменен жарлық келсе, 
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы. 
Жігіттер, ғибадат қыл, маған нансаң, 
Намаз оқы, алланы ойыңа алсаң, 
Қырық жыл қашқан ажалдан Қорқытта 
Түбінде сҿз сенікі, ҿлмей қалсаң‖ [37]. 
 
 Адам  баласы  бұл  ҿткінші  ҿмірде  жолаушы,  Ерте  ме?  Кеш  пе?  Ол  бұл 
дүниеден  ақыретке  аттанатынын  айтып  отыр.  Себебі  жаратушы  адамды  бұл 
дүниеге  сынау  үшін  жіберген.  Ол  жҿнінде  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  «Дүниеде 
абай  болыңыз,  себебі  ол  Харут  пен  Маруттан  да  үлкен  сиқыршы»  [38]  деп 
ескерткен.  Ақынның  дүние  мен  ақырет  туралы  кҿзқарасын  мына  бір  жырдан 
байқауға болады: 
 
―Дүния деген шолақ депті, 
Жан кеудеге қонақ депті
Ақырет деген бір киім 
Алып қайтар сол-ақ депті. 
 
Дүние деген осы, 
Ешкімнің емес досы, 
Болар еді досы, 
Аумаса егер қосы. 
 
Дүниеге қызығамыз несін біліп, 
Аз күнгі қызығына есерленіп, 
Жалаңаш кеп, жалаңаш қайтамыз ғой
Мойынға тҿрт қары бҿз тесіп іліп‖ [37]. 


 
113 
Ақынның  ҿлеңдерінің  кҿбі  мақал-мҽтел,  нақыл  сҿздерге,  діни  ұғым, 
бейнелі сҿз тіркестеріне толы. Ақын ҿзі ҿмір сүрген дҽуірдің ҿзекті мҽселелерін 
жырлаған.  Ол  —  ел  басқару  жүйесі,  билік  айту,  отбасы,  адамдардың  мінез-
құлқы,  жақсы-жаман  қылықтары,  жастық,  қарттық,  кісілік  табиғаты,  жалпы 
ҿмір  сүру  философиясы,  т.б.  Осылардың  бҽрін  ол  поэзия  қуатымен  ҽрлендіре 
суреттейді. Мысалы: 
 
Жастарға бақыт, байлық ден сау болса, 
Тауфиқтан айырылады жемсау болса,  
Ер жігіт қапалықпен қартаяды, 
Қатын жаман, мінген ат қырсау болса.  
 
Жастарға жақсы есім молла деген, 
Арамға жарамайды алла деген,  
Беліңді тҽуекелге бек байласаң
Бҿрі мен ер азығы жолда деген. 
      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы