Балшикеев Серік Балтабайұлы, Рақымжанов Бақытжан Қадырұлы



Pdf көрінісі
бет16/41
Дата11.04.2022
өлшемі1.49 Mb.
#219875
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
қазақ философиясы оқулық

 
2.4 Ақтамберді Сарыұлы 
 
Cарыұлы  Ақтамберді  (1675-1768)  –  атақты  жырау,  қолбасшы  батыр, 
қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан шыққан. Ҽкесі Сары мен шешесі 
Сырбикеден  жалғыз  туған.  Жыраудың  «атадан  жалғыз  туғанның  жүрегінің 
бастары  сары  да  жалқын  су  болар»  деуінде  ҿз  ҿмірінің  шындығы  бар.  Қазақ 
тарихындағы аласапыран кезеңде ҿмір сүрген  Ақтамберді «дұшпаннан кҿрген 
қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. 
Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, ҿзі айтқандай, он жеті 
жасында-ақ  қолына  қару  алып,  ел  қорғауға  аттанады.  Жыраудың  ақындық 
даңқымен  балуандық,  батырлық  даңқы  қатар  шығады.  Орта  Азия 
хандықтарымен,  қалмақтармен  арадағы  ұрыстарға  қатысып,  алғашқы  кезде 
жеке  басының  ерлігімен,  соңынан  қолбасшылық  қабілетімен  кҿзге  түседі. 
Ҿзінің  жанкешті  ерлігімен,  ақыл-айласымен  кҿпке  танылады.  Талай  рет  ҿлім 
аузынан қалады. Бірде, тіпті, жортуылда жүріп жау қолына түсіп,  ҿлім жазасы 
орындалар қарсаңда ғана қашып құтылады… Сақа батырлар санатына қосылған 
кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куҽгері болады. Осы кезде ол жоңғар 
басқыншыларына  қарсы  ұлт  азаттық  күресін  ұйымдастырушылардың  жҽне 
жеңісті  жорықтарға  дем  берушілердің  бірі  ретінде  танылады  [5].  Ақтамберді 


 
87 
жырау батыр ретінде танылғандықтан қазақ тарихындағы ойрат, жоңғарлармен 
болған соғысқа тоқталамыз. «Ойрат-қазақ арасындағы екі жүз жылдық қырғын 
соғыстың ең соңғы жаңғырығы – алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» 
деген  атпен  белгілі.  Шаңды  жорық  оқиғалары  туралы  қаншама  тарихи  ҽңгіме 
сақталған, «Шаңды жорық» деп аталатын күй де болған. Шын мҽнісінде бұл  – 
шаң бораған жорық емес, қан судай аққан, қалмақтармен соғыс тарихындағы ең 
аяусыз,  ең  қатал  жҽне  құрбандығы  да  шектен  шыққан,  аса  зор  ҽрі  ең  ақырғы 
майдан болды» [28]. 
«Еңсегей  бойлы  Есім  хан  заманында  ауыр  жеңілістерге  ұшыраған 
ойраттардың  бір  бҿлігі  негізгі  тобынан  ажырап,  батысқа  қарай  ауғаны,  басым 
кҿпшілігін  торғауыт  руы  құрған  бұл  жауынгер  ұлыстың  Ноғай  Ордасын 
талқандап, ата – мекенінен бостырып, Еділ бойына біржола орнығады. Сҿйтіп, 
ХVII ғасырдың орта шенінде Қазақ Ордасының қақ желкесінде жаңа бір қалмақ 
хандығы құрылған болатын. 
Еділдегі  қалмақ  ұлысы  уақыт  оза  келе  Ресей  бодандығын 
қабылдағанымен, біршама ішкі дербестігін сақтайды. Сонымен қатар, жауынгер 
қалмақ жұртының дҽл осы кезеңдегі жҽне осы аймақтағы ҿмірлік мүдделері кҿп 
ретте  Ресей  империясының  жаулаушылық  саясатының  аясында  болғандығы 
кҿрінеді. 
Қалмақ  хандығы  бір  жарым  ғасыр  бойы  тҿңірегін  қоршаған  түрік 
халықтарымен,  тіпті  бүкіл  Шығыс  Еуропадағы  мұсылман  қауымымен  жаулық 
жолын  ұстанады.  Ноғайларды  біржола  тоздырады,  башқұрттарды  ежелгі 
қоныстарынан  тықсырады,  Дағыстан  мен  Қабардыны  шабады,  Қырым 
хандығына, Осман империясына қарсы соғыстарға қатынасады, барлық уақытта 
да жиһангерлік жолына біржола түскен жыртқыш Ресейдің жазалаушы жасағы 
қызметін  атқарады  (немесе  казактарға  дейінгі).  Шығыстағы  кҿршісі  Қазақ 
Ордасымен  арадағы  қатынас  та үнемі  қыл  үстінде  тұрады. 1635  жылы Жайық 
бойында  үлкен  ұрыста  Салқам  Жҽңгір  қирата  жеңгеннен  соңғы  жерде  алаш 
тарабына  аяғын  аңдып  басатын  болады,  бірақ  Жоңғардағы  Дүрбін-Ойрат 
күшейген  шақта  ата  жұртымен  жең  ұшынан  жалғасып,  ҽмҽнда  ҿзінің  теріс 
пиғылын танытып отырады. 
Ақыры XVIII ғасырдың орта шенінде Жоңғар біржола талқандалған кезде 
Еділ  қалмақтарының  да  зҽрі  қайтады.  Қазақтардың  бұдан  бұрынғы  ауыр 
соққысынан  жҽне  жалғыз  қалғандығынан  ғана  емес,  Ресейдің  отарлау 
саясатының бұрынғыдан ҽрмен күшейе түсуінен. 
Патша  ҿкіметінің  бұл  тараптағы  зымиян  саясатын  айқындайтын 
бағдарлама құжаттардың бірінде мынадай тұжырым бар екен. «Егер қалмақтар 
бізге  қарсы  ҽлденедей  қарсылық  жасаса,  оларға  қазақтарды  айдап  салу  керек, 
бұған керісінше, қазақтардың жат пиғылы білінсе, оларға қарсы қалмақтар мен 
башқұрттарды аттандыру қажет, сҿйтіп, бірін-бірі жаныштап тұрса, біз бұларды 
орыс  ҽскерін  жұмсамай-ақ  бағындырып  аламыз;  қалмақ,  башқұрт  пен  қазақты 
бірімен бірін жауықтырып, үнемі осылай ұстау қажет», - дейді. 
Бұл – Ресейдің Еуразиядағы сыртқы саясатының бір ғана кҿрінісі. Ресей 
ҿзіне  бодан  қалмақ  жұртын  осы  жолда  аямай  пайдаланды.  Соған  орай 
жарылқап  тастағаны  жҽне  жоқ.  Ресейдің  барлық  соғыстарына  қатынасатын, 


 
88 
мыңдаған  жас  жігіттері  үнемі  жорық  жолында,  жат  жерде  жүретін  қалмақ 
ұлысының  қайғы-қазасы  күн  озған  сайын  молайып  бара  жатты:  1761  жылы 
хандық  ҿкімет  жойылды,  Еділ  бойындағы,  жұрт  бауыр  басып  қалған 
қоныстарға Ресейден қара шекпендер кҿптеп кҿшіп келе бастады, шҿбі шүйгін, 
суы  мол  жерлер  келімсектерге  тартып  ҽперілді,  қазақ  –  орыстар  тарабынан 
қалмақтың  малын  айдап,  адамын  байлап  ҽкету,  тонау  мен  зорлық  кҿбейді, 
діннен айырып, еріксіз шоқындыру етек алды» [28]. Осындай деректер арқылы 
Ақтамберді жыраудың «дұшпаннан кҿрген қорлығым, сары су болды жүрекке. 
Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке» [5] түсінікті болды деген ойдамыз. 
Жоңғар  мемлекеті  талқандалып,  шығыстағы  бұрынғы  жау  қолында 
қалған  жерлер  босатылған  кезде,  Ақтамберді  қазақ  руларын  атамекенге 
орнықтыру  ісінде  зор  қызмет  атқарады.  Ҿзіне  қараған  руларды 
отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді [23]. 
Ақтамберді тоқсаннан аса  ғұмыр кешкен. Бұл туралы деректі оның ҿсиет 
ҿлеңінде кездестіруге болады. Онда ол «Тоқсанға жас келген соң, ҿлім жақын 
кҿрінді»  деп  жазады.  Зерттеушілердің  айтуынша,  Ақтамберді  жырау  1768 
жылы қайтыс болған деген тұжырым бар. 
Ақтамбердінің  ҿлеңдеріне  кҿз  жүгірте  отырып  оның  жалғыздықта 
халқымен бірге қарапайым күйде жарлылық күн кешкені жҿнінде мҽлімет алуға 
болады.  Мына  бір  ҿлеңдерінен  оның  ҿмірін  тереңірек  айғақтайтын  деректер 
алуға болады.  
 
Жамаулы киім кигенім, 
Жарлылық, сенен кҿремін. 
Атадан тудым жалқы боп, 
Жақыннан кҿрдім талқы кҿп, 
Жасым жетпей он беске, 
Қорғайтын жан адам жоқ. 
Кҽрі ақсайды ақылдан, 
Ер ақсайды жақыннан, 
Қазір ҽлсіз болсам да, 
Үмітім бар ақырдан. 
Жасым жетіп он беске 
Кірер ме екем кеңеске, 
Бұғана қатып, бел бекіп 
Ерегескен дұшпанмен 
Шығар күн туса күреске! 
 
                   * * * 
 
Дұшпаннан кҿрген қорлығым 
Сары су болды жүрекке, 
Он жетіде құрсанып, 
Қылыш ілдім білекке 
Жауға қарай аттандым 


 
89 
Жеткіз деп құдай тілекке! 
 
Жыраулардың  қайсын  алып  қарасаңыз  да  олар  ҿздерінің  батыр  да  ҿр 
тұлғаларын  ҿлеңмен  суреттейді.  Бұл  жырлар  жан  дүниесі  мағынасыздыққа 
толған,  ҿмірден  баз  кешкен  адамның  рухының  оянуына  от  береді.  Ойшыл 
жауынгердің қайталанбас тұлғасын сомдайды. Ерлік рух ерекше кҿрініс табады. 
Батырлық,  ерлік  тек  майданда  сыналмақ.  Қазақ  батырларының  барлығы 
да  қанқұйлы  соғыстарда,  шешілмес  дауларда  бағын  сынап  елге  танылған. 
Батырлық рух Ақтамбердінің жырларында ерекше кҿрініс табады. 
 
Балпаң, балпаң басарсың, 
Басуға табан шыдаса, 
Қызыл алмас жан қияр, 
Қызыл талға қынаса, 
Жол болмасқа немене 
Тарығып шын жыласа, 
Мал бітпеске немене, 
Жігіт жанды бұласа! 
Ел шетіне жау келсе, 
Алдыңа сірҽ дау келсе, 
Батырсынған жігіттің  
Күшін сонда сынаса! 
 
Ақтамбердінің  жырларының  ішіндегі  ерлік  рух  «Күлдір  де  күлдір 
кісінетіп»  деп  басталатын  толғауында  ерекше  кҿрініс  табады.  Ақтамбердінің 
дҽл  осылай  басталатын  тағы  бір  толғауы  бар.  Бірақ  бұлардың  мазмұн  бағыты 
ҽртүрлі сипатталады. 
 
Күлдір де күлдір кісінетіп, 
Күреңді мінер ме екеміз, 
Күдеріден бау тағып, 
Ақ кіреуке киер ме екеміз! 
Жағасы алтын, жеңі жез, 
Шығыршығы торғай кҿз 
Сауыт киер ме екеміз! 
Ор қояндай жүгінтіп, 
Аш күзендей бүгілтіп, 
Жолбарыстай шұбарды 
Таңдап мінер ме екеміз! 
Сол шұбарға мінген соң, 
Қоңыраулы найза қолға алып, 
Қоңыр салқын тҿске алып, 
Қол тҿңкерер ме екеміз, 
Жалаулы найза жанға алып, 
Жау қашырар ма екеміз! 


 
90 
Тобыршықты ҽндіген 
Толтыра тартар ма екеміз, 
Тобылғы түбі құралай, 
Бытыратып атар ме екеміз! 
Жарлауға біткен жапырақ 
Жамылсақ тоңар ма екеміз! 
Жазыққа біткен бүлдірген 
Сұғынсақ тояр ма екеміз! 
Тобылғы сапты қамшы алып, 
Тұмар мойын ат мініп, 
Қоныс та қарар ма екеміз! 
Ел жазылып жайлауда 
Жақсылар кеңес құрғанда 
Мұртымыз кҿкке шаншылып, 
Бұрын да сҿйлер ме екеміз! 
 
Жыраудың  «Күлдір-күлдір  кісінетіп»  деп  басталатын  тағы  бір  ҿлеңінде 
халықтың  бейбіт  ҿмірі  мен  сҽн-салтанатқа  толы  бақытты  ғұмыры  жайлы 
айтылады.  
Ақтамберді  жырау  елдің  елдігін,  адамгершілікті  жоғары  бағалап  үнемі 
оны  ҿз  жырларында  алға  тартып  отырады.  Адамгершілікке  адам  ҿз-ҿзін  тану 
арқылы  жетпек.  Алдымен  ата-ананы  сыйлау,  халқына  қайырымды  болу,  ҿз 
мінін біліп түзеу тҽрізді адамға тҽн қасиеттерді Ақтамберді жырау ҿте жоғары 
бағалайды.  Жыраудың  философиялық  ой-толғамдары  жҽне  адамгершілік  рух 
оның терең тағылымға толы толғауларында ерекше кҿрініс табады [30]. 
  
Меккені іздеп нетесің, 
Меккеге қашан жетесің
Ҽзір Мекке алдыңда, 
Пейіліңмен сыйласаң, 
Атаң менен анаңды! 
 
 
         * * * 
 
Мінезді болса жолдасың 
Күнде сонар қызбен тең, 
Жаман болса жолдасың 
Астыңнан ҿткен сызбен тең. 
Мінезді болса алғаның, 
Одан артық жар бар ма
Екі жаман қосылса, 
Күнде жанжал, күнде шу, 
Ұяларлық ар бар ма. 
Білімді туған жақсыға 
Залал қылмас мың қарға, 


 
91 
Жаман туған жігітке 
Рақатты күн бар ма. 
Ҿз мінін білген жігіттің 
Тҽлімінде мін бар ма. 
 
Жыраудың  ойынша,  дүние  үнемі  ҿзгеріс  үстінде.  Болашақ  та  болмай 
қоймас.  Болашақта  біздің  орнымызға  жаңа  ұрпақ  келер.  Олар  сенің  ісіңді 
жалғастырар,  орныңды  басар.  Міне,  бұның  барлығы  да  жыраудың  жан 
дүниесінен  шыққан  жан  айқайы,  тіршілік  пен  бетпе-бет  тілдесуі  арқылы,  одан 
түйген толғамы. Сондай-ақ қоғамдағы жақсы адамның образы немесе азшылық 
пен  кҿпшілік  мҽселелері  жыраудың  шығармаларында  қарастырылған.  Ол 
жайында  яғни  азшылық  пен  кҿпшілік  мҽселелерін  Батыстағы  Хосе  Ортега  – 
Гассет  «Востание  масс»  еңбегінде  азшылық  пен  кҿпшіліктің  қоғамдағы  орнын 
талқылаған  еді.  Ал  одан  ерте  ҿмір  сүрген  Ақтамберді  жырау  мына  жыр 
жолдарында  қоғамдағы  негізгі  мҽселелерді  қалай  жҽне  қандай  деңгейде  айтып 
кеткенін қарап кҿрсек: 
 
Жақсысы кеткен ауылдың, 
Артынан жақсы шықпаса, 
Ҿртеніп кеткен шҿппен тең. 
 
Жырау жақсысы кеткен қоғамның болашағы қандай болатынын, «тоқсан 
ауыз сҿздің, тобықтай түйіні бар» демекші, қысқаша түсіндірме жасаған. Демек 
Ақтамберді  жырау  –  ҿмірін  талай  кескілескен  қанқұйлы  соғыстарда  елі  үшін 
жан аянбай күресіп жүріп ҿткізген  жҽне сол жолда нҽтижеге жеткен тұлға.  
 
Жауға шаптым ту байлап, 
Шепті үздім айғайлап. 
Ҿлім деген ойда жоқ 
Жалынды жүрек қан қайнап. 
Ерлер жұртын қорғайды, 
Ҿлімге жүрміз бас байлап, –   
 
деген  жалынды  жыр  жолдарында  зор  патриоттық  сезім,  ел,  жер  тұтастығын, 
тыныштығын  ойлау  басым.  Жұрты  үшін  туған  жауынгер  жырау  екенін  нық 
сезіммен білдіреді. Қарсы келген жауынан сескенбей қарсы шапқанын қайратты 
сҿздері  де  паш  етеді.  Жыраудың  ҽрбір  ойы  ҿз  ортасын  қайырымдылыққа, 
ізгілікке  үндейді.  Халқының  тозбас  жағын  ойлайды.  Ол  ҿмірден  ҿтер  алдында 
ҿзінің    армансыз  екенін  жҽне  құдайға  ризашылығын  білдіреді.  Ол  тек 
«Батырларша жорықта ҿлмедім оқтан, қайтейін» – деген жалғыз арманын ҿзімен 
мҽңгілікке ала кетеді. Ҽрине, бұл тек хас батырға ғана тҽн арман тілек емес пе?! 
Ол ұрпаққа соңғы сҿзін айтып ақтық демін алады: 
 
Балаларыма ҿсиет: 
Қылмаңыздар кепиет, 


 
92 
Бірлігіңнен айрылма, 
Бірлікте бар қасиет. 
Татулық болар береке, 
Қылмасын жұрт келеке, 
Араз болсаң алты ауыз 
Еліңе кірген ҽреке. 
Талпынып салдым егінді, 
Ішсін деп ҽркім тегінді, 
Ақылың барың ұғарсың, 
Ойың болса сезімді. 
Тоқсанға жас келген соң, 
Ҿлім жақын кҿрінді. 
Бар арманым, айтайын, 
Батырларша жорықта 
Ҿлмедім оқтан, қайтейін!.. 
Ел аман болсын ылайым, 
Тілегім берді бҽрін де, 
Разымын, құдайым! амин 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы