Балшикеев Серік Балтабайұлы, Рақымжанов Бақытжан Қадырұлы



Pdf көрінісі
бет14/41
Дата11.04.2022
өлшемі1.49 Mb.
#219875
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Байланысты:
қазақ философиясы оқулық

 
2.2 Қазтуған Сүйінішұлы 
 
Аты ҽйгілі ХV ғасырдың ҽрі батыр, ҽрі шешен жырауы. Оны халық Қарға 
бойлы Қазтуған деп атап кеткен. Қазтуған  – ноғайлы дҽуірінің перзенті. Туып 
ҿскен  жері  –  Каспий  алқабы,  Бҿкей  жеріне  қарасты  Еділ  мен  Жайық  арасы, 
Қабыршақты  даласы,  қазіргі  Орал  ҿлкесінің  Жалпақтал  мен  Жҽнібек 
аудандарына  жататын  ҿлке.  Астрахань  облысына  қарасты  Краснояр  ауданы, 
Бозан, Ақтуба ҿзендерін мекендеген елден шыққан. Ақтуба мен Бозан ҿзендері 
Еділдің  кішігірім  тҿменгі  салалары  қазіргі  Краснояр  ауданы.  Краснояр 
ауданының  кҿп  жері  бұрын  Бҿкей  ордасына  қараған.  Бҿкей  ханның  ҿзі  сол 
ауданның  байырғы  тұрғындары  Қарағаш  ноғайлары  ортасындағы  кіші 
аралдағы,  Қияш  ҿзені  жағасындағы  Баба  ата  мҽйітінде  жерленген.  Қазтуған 
заманында бұл жерлер ноғайлар мекені деп есептелген-ді [23]. 
Қазтуғанның  дҽл  қай  жылы  туып,  ҿлгені  туралы  тиянақты  дерек  ҽзірге 
белгісіз. Шамамен ол ХV ғасыр ішінде ҿмір сүрген, 75 жасында қайтыс болған. 
Тҿмендегі жыр жолдарына тоқталсақ, осы айтылған сҿздерімізді айғақтайды: 
 
Алаң да алаң, алаң жұрт,  
Ақала ордам қонған жұрт,  
Атамыз біздің бұ Сүйініш  
Күйеу болып барған жұрт,  
Анамыз біздің Бозтуған  
Келіншек болып түскен жұрт,  
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,  
Салп-салпыншақ анау үш ҿзен,  
Салуалы менім ордам қонған жер,  
Менен қалған мынау Еділ жұрт!.. 
 
Қазтуған  жырау  қазақ  даласының,  оның  ҽлі  кір  шалмаған,  ласталмаған, 
бүлінбеген  ғажайып  таза  табиғатының  тҿл  перзенті.  Сондықтан  да  болар,  ол 
ҿзінің  туып  ҿскен,  ҽкесі  Сүйініш  күйеу  болып  барған,  анасы  Бозтуған  келін 
болып түскен, қарғадай мынау Қазтуған батыр туған, кіндігін кескен, кір-қоңын 
жуған  жұртты қимай тастап бара жатқанын кҿркем тілмен, терең ҽрі мағыналы 


 
80 
толғамдарымен  жеткізе  білген.  Бұдан  кейінгі  шумақтарда  жырау  ҿз  ҿлкесін 
тебірене  жырлап,  кіндік  қаны  тамған  туған  жер  топырағының  ер-азамат  үшін 
қаншалық  ыстық  болатынын  танытады.  Қазтуған  сол  кездегі  Еділдің  (қазіргі 
Ресейдегі  Волганың)  аса  зор  табиғи  ерекшелігін  кҿркем  сҿз  ҿрнегімен  бізге 
жеткізген [34]. 
 
«Жабағылы жас тайлақ 
Жардай атан болған жер, 
Жатып қалған бір тоқты 
Жайылып мың қой болған жер, 
Жарлысы мен байы тең, 
Жабысы мен тайы тең, 
Жары менен сайы тең
Боташығы бұзаудай, 
Боз сазаны тоқтыдай, 
Балығы тайдай тулаған, 
Бақасы қойдай шулаған, 
Шырмауығы шҿккен түйе таптырмас, 
Балығы кҿлге жылқы жаптырмас, 
Бақасы мен шаяны 
Кежідегі адамға 
Түн ұйқысын таптырмас» 
 
Міне,  сол  кездегі  Еділ  ҿзенінің  сипаты  қандай  керемет?!  Тыныштықта 
ешбір  соғыссыз,  қақтығыссыз  ҿмір  сүріп,  еңбек  еткен  халықтың  ҿмірі  қандай 
қызықты?! 
Осындай  жұртты,  мынадай  ғажайып  туған  жерді  амалсыз  тастап  кетіп 
бара жатқан Қазтуған қанша ҿкініш білдірсе де: 
«Қайырлы болсын сіздерге 
Менен қалған мынау Еділ жұрт!.. – деп батасын береді. 
Сол  кездегі  қазақ  жұрты  болған,  гүл  жайнаған  қайран  Еділді  қазіргі 
Ресейдің Волга ҿзенімен салыстырып кҿріңіз. Айырмашылығы жер мен кҿктей. 
Ҽсіресе  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  Волга  мен  Дон  ҿзендерін 
жалғастырамыз  деп  жасаған  жобалар  қаншама  қоныстарды,  елді-мекендерді 
қиратып, бүлдіріп пайда  болған  су  каналының нендей қажеттілігі бар  екендігі 
ҽлі де белгісіз күйде. Одан соң Ұлы Отан соғысы кезінде осы Еділге қаншама 
бомбалар,  снарядтар  түсіп,  таудай  тулаған  балығын  құртты,  кҿптеген  елді-
мекендерді жер мен жексен етіп  кетті [5]. 
Ел  жұртын  қимаған  қазақ  ағайындарымыз  сонау  Қазтуған  жырау 
қалдырып  кеткен  Еділ  бойында,  жат  жұртта,  киіз  үйлерін  тігіп,  бие  байлап, 
қойларын ҿргізіп, тҽуелсіздік алған Қазақстанына жалтақтап қарай-қарай, ҽлі де 
сол жерді мекен етуде… 
Қазтуған  жыраудың  ғажайыптылығы  сонша,  ол  сонау  ХV  ғасырдағы 
қазақ  жерін,  оның  ішінде  Еділ  ҿзенінің  бойын  кҿз  алдымызға  ҽкеліп,  даласы 
мен  малының,  адамы  мен  оны  қоршаған  ортасының  ҿзара  үндестігін  жырлай 


 
81 
отырып,  бізді  қисапсыз  лҽззатқа  бҿлейді.  Халық  Қазтуғанды  ҽрдайым  еске 
алып,  қадір  тұтады.  Ол  туралы  талай  аңыздар  да  айтады.  Қазтуған  барлық 
жағынан  да,  қазақ  даласын  қорғаған  батырларға  үлгі  болғанға  ұқсайды. 
Махамбет  батыр  оған  дейінгіге  де  кейінгіге  де  сҿз  саптаулары  бірыңғай, 
ҽуендес.  Себебі  бұлардың  алдына  қойған  мақсаттары  ұқсас.  Ел  мақсаты  үшін 
атқа  мініп,  найзаның  ұшымен  сҿз  күшін  бірге  жұмсаған  батыр  жыраулардың 
басқаша  сҿйлеулері  мүмкін  де  емес.  Қазтуған  жыраудың  ҽсіресе  мына  бір 
жолдары,  бүгінгі  жастарға  Отанды  сүю  жолындағы  жалынды  насихат  деп 
түсінуге болады:  
 
Белгілі биік кҿк сеңгір  
Басынан қарға ұшырмас,  
Ер қарауыл қарар деп,  
Алыстан қара шалар деп
Балдағы алтын құрыш болат  
Ашылып шапса дем тартар,  
Сусыным қанға қанар деп;  
Азамат ердің баласы  
Жабыққанын білдірмес,  
Жамандар мазақ қылар деп! 
 
Себебі  қазіргі  жастардың  бойында  отан  сүйгіштіктен  гҿрі,  Абай 
бабамыздың тілімен айтқанда; кҿп айтса кҿнді, жұрт айтса болды, белгісі надан 
адамның демекші, бүгінгі тілде, ділде тек жастардың қолында, ойлануға осы да 
түрткі болады деген ойдамыз. Ал жырау қайғы айтып, еш түңілмейді. Батырлар 
дҽстүрін  қолдап,  асқақ  жыр  шертеді.  Ескі елдік, бҿлінбес билік,  қайтпас  ерлік 
дҽстүрлерін уағыздайды. Ойын – тойы мол думанды жастық шақты еске салып, 
оптимистік  пікірлер  ұстанады.  Ер  –  азаматы  мол,  тҽуелсіз  елді,  салтанатты, 
сҽнді  ҿлкенің  мінсіз  келбетін  жасайды.  Нарындай  құнарлы,  жайлы  кең 
қоныстың қасиеттерін, оны жайлаған елдің шат – шадыман кҿңілде болатынын 
асыра ардақтайды [5]. 
 
Кҿрінген мынау кҿк 
Нарын Ойран салып ҿткен жер. 
Табаны жерге тимеген, 
Маңдайы күнге күймеген, 
Жорғадан басқа мінбеген, 
Қамқадан басқа кимеген... 
 
Жырау  ҿзі  жасап  отырған  тұрмыс-тіршілігіне  дҽн  риза.  Кҿк  майсаға 
қонған бай ауылдың бейқам бейнелері, сҽн – салтанаты жаны пҽк жайдары жас 
ерлердің  кҿңілді  сезімдеріне  ұштастырылып,  пейзаждық  ҽдемі  сурет  елес 
береді. Жырау ҽрқашан елі – жері үшін еңіреп туған ер болып кҿрінеді. Туған 
жерін шын сүйген жас батыр бейнесін сомдайды. 
 


 
82 
Жауды кҿрсе жайнаған,  
Жай тасындай қайнаған. 
Еділде тұрып оқ атса,  
Жайыққа түсіп жоғалған. 
Алыста тұрып ақырса
Алтын туы жаудың жығылған. 
Жан сауғалап тығылған. 
Ҿгіздей даусы ҿкіріп,  
Он екі ханы дұшпанның 
Қамалға қашып жиылған, 
Ноғай – қазақ жұртының 
Қонысын қалған қия алмай 
Қазтуған жауға аттанған 
Батырлар ерлік еткен жер... 
 
Қазтуған  жыраудың    толғаулары  жанға  жайлы  тиіп,  сан  қилы  ойға 
батырады.  Ел  үшін  Қазтуған  толғаулары  мҽңгіге  құнды  болып  қалмақ.  Ол 
кісінің  поэзиясы  ҿзге  жыраулардан  ҿзгеше.  Ал  енді  мына  бір  жырына 
тоқталсақ,  онда  жыраудың  тарихта  қандай  адам  болғаны  жайлы  бір  ақиқатқа 
кҿз жеткіземіз: 
 
«Бұдырайған екі шекелі 
Мұздай үлкен кҿбелі, 
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті, 
Адырнасы шайы жібек оққа кірісті, 
Айдаса қойдың кҿсемі, 
Сҿйлесе қызыл тілдің шешені, 
Ұстаса қашағанның ұзын құрығы, 
Қалайылаған қасты орданың сырығы, 
Билер отты би соңы, 
Би ұлының кенжесі
Буыршынның бұта шайнар ауызы, 
Бидайықтың кҿл жайқаған жалғызы, 
Бұлт болған айды ашқан, 
Мұнар болған күнді ашқан, 
Мұсылман мен кҽуірдің 
Арасын ҿтіп бұзып дінді ашқан 
Сүйінішұлы Қазтуған!!! 
 
Міне,  Қазтуған  осындай  адам!  Ол,  М.  Мағауиннің  тілімен  айтқанда, 
«кеудесі  тола  жыр,  кҿмейі  күмбірлеген  орта  ғасырлық  жыраудың  таза  үлгісі» 
ретінде кҿрінеді. 
 


 
83 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан