Балшикеев Серік Балтабайұлы, Рақымжанов Бақытжан Қадырұлы


-бөлім. Жыраулар шығармашылығы хандық дәуір философиясы



Pdf көрінісі
бет13/41
Дата11.04.2022
өлшемі1.49 Mb.
#219875
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
қазақ философиясы оқулық

2-бөлім. Жыраулар шығармашылығы хандық дәуір философиясы 
 
2.1Асан Қайғы жҽне қазақ хандығының құрылу тарихы 
 
Қазақ  философиясындағы  екінші  кезең,  қазақ  хандығы  құрылған 
заманнан  басталады.  Бұл  кезеңнің  ҿкілдері:  Асан  қайғы,  Қазтуған,  Шалкиіз, 
Ақтамберді, Доспамбет, Бұқар т.б., жыраулар. 
Ел,  жер,  халық  тағдыры  мен  болашағы  толғандырған  жыршылардың 
насихат  (дидактикалық),  арнау,  толғау,  мадақ,  мағыналы жырлары ел  аузында 
сақталып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болды. Ғасырлар бойы ҿзінің отан сүйгіштік 


 
67 
ҿршіл  рухымен,  имандылық  ғибратымен,  таным  тағылымымен  кҿпшіліктің 
кҿкейіне  жол  тапты.  Толғауларға  тҽн  сипат  —  олар  халықпен  етене  жақын, 
солардың  мұң-мұқтажын  жоқтады,  елге  танымал  тарихи  оқиға,  келелі  кеңес 
жайлы  баяндайды.  Жыршы  кҿпке  белгілі  ҽңгіме  желісін  шешен  тілмен  
тереңнен  толғап,  қисынмен  сомдап,  ғасырлар  бойы  қасиетін  жоғалтпайтын 
асыл  мұраға  айналдырады.  Нақыл  –  ҿсиет  сҿздерден  түзілген  бұл  жырлардан 
жыраулардың ұшқыр қиял, алғыр ой, сыншыл ақыл, қара қылды қақ жарар ҽділ 
кҿңіліне куҽ боламыз [23].  
Хан қысылып, қара тоқырағанда, кҿкірек кҿзі ашық дала данагҿйлері — 
жырауларға  жүгінген.  «Ҿнер  алды-қызыл  тіл»  деп  білген  халық  суырылып 
шығып  сҿз  бастаған  ерлердің  уҽжіне  тоқтаған.  Ел  ҿміріндегі  елеулі  оқиғалар 
кезінде  ҽркез  хан  қасынан,  іс  басынан  табылатын  осынау  жыраулар  бірде  хан 
мен батырды жарастырған ақылмандығымен дараланса, енді бірде ел толқуын 
басып, бірлікке үндеген данышпандығымен кҿзге түскен. 
«Анығында  ҿсиетшіл  қария,  толғаушыл  жыраудың  негізгі  міндеті 
ҿлеңшілік емес, елге басалқы айтып, басшылық жасау болатын. Бұл екеуі де ең 
алдымен  ақылшы  кемеңгері,  заманның  сыншысы,  қырағысы  болады. 
Сондықтан ҽрқайсысы ҿз елі, ҿз табының не биі, не батагҿйі болады. Екеуі де 
жалғыз  ел  ақылшысы  емес,  елді  меңгерген  хан  мен  бектің  ақылшысы,  уҽзірі 
есебінде  болған...  Кҿп  елге  хан  жарлығын  орнату  керек  болса,  айтқан  сҿзі  ем 
болатын  дуалы  ауыз  да  осылар...  Бұл  адамдар  ең  алдымен  ел  меңгеру 
жолындағы саясат адамдары болғандықтан, кҿпке айтқан сҿздерінің барлығы ел 
мұңына  ел  қамына  арналған  сҿздер  болады.  Бұлар  ҿз  заманындағы  казақтың 
жоғары табынан: билер, басшылар ортасынан шыққан, ҿздері ҽкім. Сондықтан 
ел  тізгінін  ұстаудың  бір  шарты,  кҿптің  қамын  жеу  болғандықтан,  артында 
қалған сҿздерінің барлығы ҽлеуметшілдік сарынымен айтылады», – деп жазды 
Мұхтар Ҽуезов [5]. 
Ҽр  ханның  тұсында  ел  мен  хан  арасын  жақындастыратын,  ханның 
арынын  басып,  ел  тізгінін  тежейтін  жыраулар  болғаны  тарихтан  белгілі. 
Мҽселен,  ҽрқашан  ханға  кеңес  берер  ақылгҿй  жырау,  абыз  ретінде  Қорқыт 
бабаның  Дерсе  хан,  Асан  Қайғының  Жҽнібек  хан,  Шалкиіздің  Би  Темір, 
Жиембеттің Есім хан, Бұқардың Абылай хан жанынан табылуы осының дҽлелі. 
Бұл  хандардың  ҽрқайсысы  —  ел  басына  күн  туып,  ханның  біліктілігіне, 
халықтың  бірлігіне,  ердің  батырлығына  сын  болған  шақтарда  жалпақ  жұртқа 
тұтқа  болған  тарихи  тұлғалар.  Ал,  осы  хандардың  қасында  адамгершілік, 
имандылық,  отансүйгіштік  қағидаларына  берік,  ақылгҿй  ұстаз,  қауымды 
бірлікке  шақырушы  рухани  кҿсемдердің  болуы,  олардың  ел  басшысымен 
мақсат-мұраттарының бір арнада тоғысуы халық мүддесіне сай келген [24].  
Қалыптасқан  пікірлерге  сүйенер  болсақ,  қазақ  халқының  дана,  шешен, 
дүниенің,  болмыстың,  ҿмірдің,  адамның  мҽн  –  жайын  жете  түсінген  философ 
халық  екендігіне  кҿзіміз  жетеді.  Бірақ  қазақ  халқының  тарихынан,  мҽдениеті 
мен  ҽдебиетінен,  ҿмірі  мен  кҿзқарасынан  біз  кез  келген  философияны  немесе 
философиялық  бағыттар  мен  мектептерді  таба  алмаймыз.  Тіпті  19  ғасырдың 
орта  шеніне  дейінгі  ҽдебиеттен  билердің,  ақын  –  жыраулардың  ел  аузында 
сақталған  мұраларынан  «философ  немесе  пҽлсапа»  деген  сҿздерде 


 
68 
кездестірілмейді.  Мүмкін  қазақ  даналарынан  шыққан  ой  дүниетанымы 
философияның жоғарғы деңгейі болар. 
Француздың  ұлы  ғалымы  Рене  Декарттың  ойынша,  «философтарға 
қарағанда  ақындардың  еңбектерінде  небір  ұлы  ойлар  жиі  кездесетініне 
таңқалмасқа шара жоқ. Мұның ҿзі ақындардың шын шабыттанған шақта, қыран 
қанатты  қиялынан  уытты  ойлар  туатынынан  болар.  Оттың  шақпақ  тастан 
шығатыны  сияқты,  ойдың  түп  негізі  де  білімде  жатыр  емес  пе?  Философтар 
ақылға  арқа  сүйесе,  ақындар  ой  –  қиялдарымен  жүректі  жалынға  орайды, 
сондықтан  да  ақын  жырлары  жаныңды  баурап,  тез  жалындап  жана  бастайды 
ғой...».  Мұндай  даналық  ой  –  сҿздің  қадір    қасиетін,  мҽн  –  жайын  тереңірек 
ұғынып,  оны  жоғары  бағалаған  жыраулардың  ең  алғашқы  ҿкілі  Асан  қайғы 
болатын.  
Ендігі  тұста  жыраулардың  ҿмір  сүрген  уақытына  дейінгі  жҽне  сол 
тұстағы,  тарихына  тоқталсақ.  Бұл  тарихи  оқиғаларды  яғни  жыраулардың 
дүниетанымын  тану  үшін,  сол  тақырыптың  тҿңірегінде  бірнеше  еңбек  жазған 
зерттеуші ғалым М.Мағауинның «Қазақ тарихының ҽліппесі» атты кітабындағы 
деректерге тоқталуды жҿн кҿрдік. 
«XIII  ғасырдың  40-жылдарында  ту  кҿтерген  ежелгі  түрік  жұртының 
кыпшақ  тектес  руларын  біріктірген  ұлы  мемлекетіміз  Алтын  Орданың  саяси 
жҽне  ҽкімшілік  құрылымы  қарауындағы  халықтық  шаруашылық  жағдайына, 
жер  ыңғайына  орай  қалыптасқан  болатын  Алтайдың  сауырынан  Дунайдың 
етегіне  дейінгі  кең  байтақ  жерді  —  жарым  дуниені  алып  жатқан  алып 
мемлекеттің  Еуропалық  бҿлігі  —  оң  канат,  ал  Азиялық  бҿлігі  сол  қанат  деп 
есептелді. Он қанат Ақ Орда деп аталады, сол қанат Кҿк Орда деп аталады. Бұл 
арада  кҿне  түрік  тілінде  ақ  сҿзі  —  батыс,  кҿк  сҿзі  —шығыс  дейтін  мағына 
беретінін  айта  кету  керек.  Сондықтан  совет  тұсындағы  кейбір  тарихи 
еңбектердегідей бұл екі орданың орнын шатыстыруға болмайды» [28].  
Жалпы  еңбекте  Алтын  Орданың  Шығыс  бҿлігі,  Кҿк  Орда  Қазақстан 
республикасының  территориясын  қамтығаны  айтылса.  Acтанасы  —  Сыр 
бойындағы  Сығанақ  шаһары  болды.  Кҿк  Орданың  аумағы:  Тарбағатай  мен 
Жетісу, бір жағы Маңғыстау мен Нарын құмы, түстікте ұзын аққан Сыр-Дария, 
терістікте Түменге, Сібір тайғасына дейінгі ұлан-ғайыр қонысты қамтыған жҽне 
сол кездің ҿзінде-ақ саяси бірлікпен қоса этникалық тұтастыққа да ие болғаны 
байқлады. Ендігі тұста осынау ұлы империяның ыдырауына себеп болған оқиға 
тоқталсақ.  
«1357  жылы  Алтын  Орданың  ұлы  ханы  Жҽнібек  ҿлгеннен  соң,  елдің 
саяси  жағдайы  қиындайды,  аумалы-тҿкпелі,  бұлғақ  кезеңі  туады.  Қазақта 
ескіден қалған: «Нар мойыны кесіліп, Бердібектің ҿлген жері» деген мақал бар. 
Бұл  Бердібек  —  Жҽнібек  ханның  туған  ұлы.  Аталарына  тартпаған  қорқау 
залым,  таққа  таласар  деген  қауіппен  кіндіктес,  немере-шҿбере  туыстарының 
түгел кҿзін жояды, ел-жұртына қарабет болып, арада екі жыл ҿтер-ҿтпесте ҿзі 
де кісі қолынан ҿледі. Бердібектен соң шынында да нар мойыны кесіледі, яғни 
Алтын Орданың негізін салған Бату ханның тұқымы құриды, Жошыдан тараған 
басқа ҽулеттер ішінде таққа талас басталады» [28,10].  


 
69 
Тарихшылардың  есебі  бойынша,  үлкен  бұлғақ  дҽуірінде  айналасы 
жиырма  жыл  ішінде  Алтын  Орда  тағында  он  тҿрт  хан  ауысыпты.  Ешқайсысы 
еркімен  түспеген,  бҽрі  де  ҿзара  қырқыс  нҽтижесінде  қазаға  ұшыраған.  Осы 
кезеңде  Кҿк  Орда  хандарының  ҽулеті  де  Алтын  Орда  тағына  ұмтылады. 
Бұлардың ішінде ұлы хан дҽрежесіне жетіп, Сарай қаласында азды-кҿпті билік 
құрған  —  Орыс  хан,  Тоқтамыс  хан  жҽне  Барақ  хандар.  Бірақ,  Орыс  ханның 
ҿмірінің  соңғы  кезеңі  —  Орта  Азиядан  шыққан  жыртқыш  жауынгер  Ақсақ 
Темірмен күрес үстінде ҿтеді. Тоқтамыс хан сол күресте Ақсақ Темірдің басын 
жояды. Барақ хан  Алтын Ордадағы үлкен таққа жеткенімен, ол да баянды билік 
орната алмаған Барақ хан бар қажыр-қайратын Кҿк Орданың мерейін кҿтеруге 
жұмсайды.  Барақ  хан  Ақсақ  Темір  ұрпақтарымен,  оның  ішінде  атақты 
Ұлықбекпен тынымсыз шайқасқа түседі себебі  Ақсақ Темір мен Тоқтамыстың 
арасындағы  жойқын  соғыстар  кезінде  Сыр-Дария  ҿңірі  Темірдің  еншісіне 
кеткен  еді.  Сондықтан  Барақ  хан  Ұлықбек  пен  оның  інісі  Мұхамед-Жҽукені 
Самарқанның  түбіне  дейін  қуып,  Ақсақ  Темір  ҽулетінің  ата  жұрты 
Мҽуреннахрдың  біраз  жерін  ойрандаған.  «Ҿз  заманының  тарихшылары 
ақылды,  қайсар,  жаужүрек  ҽмірші  деп  бағалаған  Барақ  хан  кезекті 
соғыстарының  бірінде,  ұрыс  үстінде,  жағаласқан  жау  қолынан  емес,  ҿз 
ҽскерінің қатарындағы опасыздан — осының алдында ғана бағынып, қызметіне 
кірген ноғай мырзаларының арам жебесінен жазым табады. Бұл — 1428 жыл» 
[28].  Нҽтижесінде,  біржола  ыдырау  дҽуіріне  кҿшкен  Алтын  Орданың  шығыс 
бҿлігінде  де  елдің  қаймағы  бұзылады  жұрттың  берекесі  кетеді.  Билікке 
ұмтылған  сұлтандардың  ҽр  қайсысы  ҿзінше  шағын  хандық  құруға  тырысады. 
Ақыры,  солардың  ішінде  Жошының  тағы  бір  ұлы  Шибан  ҽулетінен  шыққан 
Ҽбілқайыр ханның бағы кҿтеріледі. 
«Ҽбілқайыр  азғана  уақытта  бұрынғы  Кҿк  Орданы  қалпына  келтіргендей 
болады, бірақ толық бірлікке жете алмайды. Ежелден ел билеген ҽулеттер қару 
кҿтеріп кырқысқа бастамаса да, Ҽбілқайырды тақтан тайдыру жолындағы саяси 
күресін тоқтатпайды. 
Бұл  арада  бар  кілтипан  тақ  таласында  ғана  емес  еді.  Ҽрбір  сұлтанның 
артында  қаншама  жұрт  бар,  ең  үлкен  қайшылық  —  елдің  тірлік-тынысынан, 
даму  бағдарынан  туындаған.  Ҽбілқайыр  Орта  Азияның  отырықшы 
аймақтарына  бейімдік  танытады,  соған  орай  елдің  тұрмыс  жайына  да,  ҽдет-
салтына  да  басқа  тұрғыдан  қараса  керек.  Ал  Ҽбілқайырға  қарсы  топ  —  Орда-
Ежен, Тоқай-Темір ҽулеті ежелгі дҽстүрді берік ұстанып, ата салтын бҽрінен де 
жоғары  қойған  сияқты.  Уақыт  оза  келе  саяси  күрес  ашық  жаулыққа  ұласады. 
Кеше  ғана  Кҿк  Ордада  тежеусіз  билік  құрған  Орыс  ханның  ұрпақтары  Керей 
жҽне  Жҽнібек  сұлтандар  Ҽбілқайыр  билігінен  бас  тартады  да,  соңына  ерген 
барлық жұртымен түп кҿтеріле кҿшіп, Қозы-Басы дейтін байтақ қоныс пен Шу 
ҿзенінің  бойында  дербес  хандықтың  туын  кҿтереді,  бұл  жаңа  ұлыс  Қазақ 
Ордасы  деп  аталады.  Ортағасырлық  атақты  тарихшы  Мұхамед-Хайдар 
Дулаттың куҽландыруы бойынша, бұл оқиға 1456 жылы болған. 
Осы  1456  жыл,  еркіндік  аңсаған  Керей  мен  Жҽнібек  жаңа  бір  ұлыстың 
дербестігін  жариялаған  шешуші  оқиға  –  халқымыздың  тарихындағы  кезеңдік 
құбылыс,  мемлекеттік  құрылым  бастау  алған,  қазақ  деп  аталатын,  жаңғырған 


 
70 
этностың дүниеге келген мезгілі деп есептелуге тиіс» [28, 12]. Дҽл осы уақытты 
қазақ  философия  тарихындағы  екінші  кезең  яғни  хандық  дҽуір  философиясы 
деп атаймыз. Кейбір зерттеушілер 1465 жылды, 1470 жылды, тіпті, бұдан соңғы 
кезеңдерді  атап  жатады.  Бұндай  тарихшылардың  пайымдауына  М.Мағауин: 
«Қазақ  Ордасының  ту  кҿтеріп,  ірге  бекітуі  тек  Ҽбілқайыр  кенеттен  қайтыс 
болған соң ғана жүзеге асқан сияқты. Осыған дейінгі ұзақ он екі жыл тепе-тең 
күрес  үстінде  ҿткені  есепке  алынбайды.  1465-1470  жылдар  –  хандықтың 
құрылған  емес,  нығайған  уақыты, халықтың ҿз  тҽуелсіздігін  жариялаған  емес, 
кҿрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде мұның бҽрі қазақ 
тарихының  бастауын  мүмкін  болғанынша  кейіндету  талабының  бір  кҿрінісі 
ғана» [28]. 
«Керей  мен  Жҽнібектің  соңына  ерген,  қазақ  болып  бҿлінген  жұрттың 
ҽуелгі  саны  —  екі  жүз  мыңдай  кісі  екен.  Сол  заман  үшін  кҿп  халық.  Бірақ 
байтақ ұлыста қалған туыстардың саны бұдан алты-жеті есе артық болатын. Шу 
бойына, Алатау етегіне орныққан жұрт біраз күш жинап, ҿзінің саяси жағдайын 
нығайтқан  соң,  бұрынғы  Кҿк  Орда  жерін  түгел  қайтарып  алу  жолындағы 
күресін  бастайды.  Кҿршілерімен  жүргізген  сҽтті  соғыстар  нҽтижесінде  жҽне 
қолайлы  тарихи  жағдай  арқасында  айналасы  он  жылға  толар-толмаста  үлкен 
қуатқа  ие  болады.  Қазақ  болып  бҿлінген  қауымды  қолда  бар  күшпен  таптап, 
жаныштауға  шамасы  жетпеген  Ҽбілқайыр  бүкіл  ұлысына  сауын  айтып,  ҽскер 
жинайды.  Еділ  дарияның  жағасында  қалың  қол  түзіп,  1468  жылы  Қазақ 
Ордасына қарай аттанады» [28]. 
«Сол  замандағы,  Ҽбілқайырға,  бүкіл  Шибан  ҽулетіне  бүйрегі  бұрыс 
тарихшылардың  айтуына  қарағанда,  ауыр  ҽскер  қазақ  қоныстарының  шегіне 
тақап, Алатаудың сілемдері кҿрінген кезде, мезгілсіз уақытта, күтпеген жерден 
суық соғады, жорықшылар бҿгелуге, күннің жылынуын күтуге мҽжбүр болады. 
Салқын  ызғары  азайып,  ҽскер  алға  жылжымақ  болғанда,  тағы  да  суық  ұрады. 
Қалың  қол  амалсыз  іркіледі,  бірақ  жорықтың  сҽті  түспейді,  ақыры  осы  арада 
ауыр сырқатқа ұшырап, Ҽбілқайыр қайтыс болады. 
Біздің бүкіл тарихымыз жаулас елдердің, жау болмаған күннің ҿзінде жат 
жұрт ҿкілдерінің қолымен жазылған. Аңдап қарасақ, Ҽбілқайыр ханның жорық 
жолында  бҿгелуін  күннің  суытуымен  ғана  түсіндіру  қисынға  келмейді.  Ол 
заманда  қара  суық  түгілі,  қақаған  қыстың  ҿзі  қанды  жорыққа,  қырғын 
соғыстарға  бҿгесін  бола  алмаған.  Ҽбілқайырдың  межелі  жер  шегіне  жетер-
жетпестен  еріксіз  аялдауының  жалғыз-ақ  себебі  болды  дер  едік,  ол  — 
қарауындағы  ҽскердің  қазақ  болып  бҿлінген  жұртты  шабуға  үзілді-кесілді 
қарсылығы. Керей мен Жҽібектің туы астындағы жұрт  пен Ҽбілқайыр туының 
астындағы  жұрт  —  бір-ақ  халық  еді,  бҽрі  де  алаш  ұлы,  кейінгі  үш  арыстың 
баласы» [28]. 
«Ҽбілқайыр ҿлісімен, соңындағы ҽскер тарап кетеді; бұрынғы ҽміршісіне 
адал шонжарлардың бір тобы Ҽбілқайырдың ұлы Шейх-Хайдарды хан кҿтереді, 
бірақ  ол  кҿп  ұзамай,  қазақтармен  қақтығыста  қаза  табады.  Сҿйтіп,  алғаш  ту 
кҿтергеннен соң арада бір мүшел ҿтер-ҿтпесте Керей мен Жҽнібек ата жұртына 
толық  ие  болады.  Қазақ  Ордасы  бұрынғы  Алтын  Орданың  шығыс  бҿлігі  Кҿк 
Орда жерінде біржола орнығады, ежелден ата мекенінде отырған түрік-қыпшақ 


 
71 
рулары енді қазақ деген ұлттық есімге асығады. Қазақ Ордасындағы халықтың 
ұзын  саны  бір  миллионнан  асады.  Ол  заманда  жұрты  миллионнан  асқан  ел 
ҽлемде  некен-саяқ  болатын.  Қазақ  Ордасының  құрылуы,  осының  нҽтижесінде 
қазақ  аталатын  халықтың  тарих  сахнасына  шығуы  —  бір  жұрттың  екінші 
жұртты  жаулауының,  белгілі  бір  тайпалардың  жаңа  қонысқа  келіп,  жаңа 
патшалық орнатуының нҽтижесінде жүзеге асқан іс емес. Бұл — тілі бір, түрі, 
діні  бір,  салт-санасы  ортақ  туысқан  рулардың,  яғни,  этникалық  тұрғыдан 
алғанда, біршама қалыптасқан қауымның жаңғырған орда құрамында қайтадан 
топтасуы болатын» [28]. Осындай тарихи деректер арқылы қазақ хандығының 
құрылу  тарихынан  мол  мағлұматтар  алдық  десекте  болады.  Ал  мұндай 
оқиғалардың  болғанына  күмҽндық  танытқан  азаматтар  болса  М.Мағауинның 
«Жыраулар 
дүниетанымын» 
немесе 
ҽдебиетіндегі 
кейіпкерлердің 
шығармашылығына  тоқталсада  болады.  Автордың  кҿне  тарихымыз  бойынша  
келтірген мына бір үзіндісіне тереңен бастау алатын тарихымызды суреттейді: 
«Кҿне  Түрік  қағандығы  —  біздің  түп  тамыр,  ҽуелгі  ұлы  мемлекетіміз,  Алтын 
Орда  —  одан  соңғы  бабаларымыз  орнатқан  даңқты  ұлысымыз,  Кҿк  Орда  — 
қазақ  жұртының  этникалық  бірлігіне  жол  ашып,  мемлекеттік  жүйесін 
қалыптастырған,  туған  ҽкеміз  десек,  Қазақ  Ордасы  біздің  ҿз  есімімізбен 
кҿрінген,  халқымызды  этнос  ретінде  біржола  орнықтырған  құрылым  болды» 
[28].  Демек  Қазақ  Ордасы  ежелгі  түрік  тайпаларының  бір  бҿлігін  ата  мекенге 
ұлыс  етіп  ұйыстырумен  қатар,    олардың  жұрт  ретінде  сақталуына  мүмкіндік 
жасады,  кешегі  Алтын  Орда  қонысының  басқа  тарабындағы  бауырларымыз 
қырылып-  жойылып,  жанышталып,  тапталып  жатқанда,  қазақ  туын  кҿтерген 
қауым  ҿзінің  елдігін  сақтады,  ұлан-байтақ  жерін  ұрпағына  мирас  етіп 
қалдырды.  Осындай  ұлы  хандықты  құрған,  салиқалы  саясат  жүргізген 
хандарымызға  тоқталсақ.  Олар  —  Керей  мен  Жҽнібек.  «Бұлардың  қайсысы 
басшы,  қайсысы  қосшы  деуге  болмайды.  Екеуі  де  дана,  екеуі  де  ер.  Алаштың 
асып туған ұлдары. Ата жҿнімен таратсақ, ежелгі түріктің қият руынан бастау 
алатын,  қазақтың  үш  жүзіне  ортақ  тҿре  деген  рудан.  Арғы  бабалары  — 
Шыңғыс хан, одан  Жошы  хан,  одан  Тоқай-  Темір,  одан Ҽз-Темір,  одан  Қожа, 
одан  Бҽдіғұл,  оның  ұлы  атақты  Орыс  хан.  Орыс  ханның  жеті  ұлының  үлкені 
Тоқтақия  хан,  ортаншысы  -  Құйұршық  хан.  Тоқтақия  ханнан  Болат  туады, 
Болаттан  қазақтың  Керей  ханы  Құйұршық  ханнан  атақты  Барақ  хан  туады, 
Барақтың  ұлы  –  қазақтың  Жҽнібек  ханы.  Яғни,  Қазақ  Ордасының  негізін 
салушы Керей хан мен Жҽнібек хандар үшінші атадан табысады. Кҿк Орданы 
кҿркейткен Орыс ханның шҿберелері» [28,15]. 
Қазақ  Ордасы  құрылғанда  алдымен  жасы  үлкен  Керей  ақ  киізге  хан 
кҿтеріліпті.  Керейдің  нақты  қай  жылы  қайтыс  болғаны  белгісіз.  Одан  соң 
Жҽнібек хан ҽмір жүргізеді. Сірҽ, казақ жұртының Ҽбілқайырды жеңіп біржола 
іргеленуі Жҽнібек тұсында болса керек, жаңа хандықтың ҿзіндік құрылымы мен 
заң жүйесі де осы Жҽнібек заманында жҿнге түскен сияқты.  
«Жҽнібектің  қазақ  тарихындағы  айрықша  тұлға  екендігінің  бір  белгісі  – 
ол  халық  санасында  ҽулиеге  пара-пар,  акылды  ҽрі  ҽділетті  ҽмірші  ретінде 
таңбаланған  ұлттық  тарихымызда  жай  ғана  Жҽнібек  хан  деп  аталмайды,  Ҽз-
Жҽнібек  хан  деп  аталады.  Ҽз-Жҽнібек  –  қазақ  жұртының  іргесін  бекітіп, 


 
72 
ордасын  орнықтырған  ұлы  хан  ғана  емес,  сол  халықтың  бар  игілігіне  ұйытқы 
болған асыл ұрық ұлы ҽулеттің де негізін салушы. Қазақ Ордасының құдіретті 
ҽміршілері,  қазақ  халқының  ұлы  перзенттері  –  Қасым  хан,  Хақназар  хан, 
Тҽуекел  хан,  Еңсегей  бойлы  Ер  Есім  хан,  Салқам  Жҽңгір  хан,  Ҽз-Тҽуке  хан, 
Абылай хан, ең соңы Кенесары хан, ұлы ғалымымыз Шоқан, Алаш-Орда кҿсемі 
Ҽлихан  Бҿкейхан  –  барлығы  да  осы  ҽулие  Ҽз-  Жҽнібек  ханның  тікелей 
ұрпақтары» [28]. 
Түрік  жұртының  бұған  дейінгі  мың  жылдық  тарихында  сыннан  ҿткен 
жол-жора,  қалыптасқан  жүйе  негізінде  соңғы  екі  жарым  ғасыр  орайында  ер 
халықтың,  мҽрт  халықтың  жиын  ортасынан  жарып  шыққан,  бар  тілегі  туған 
елінің  мұратымен  берік  астасқан  асыл  тұқым  –  Шынғыс  хан  –  Жошы  хан  –  
Орыс хан – Ҽз-Жҽнібек хан ҽулеті ҿз жұртын тарихтың барлық қиын ҿткелінен 
алып ҿтті, Қазақ Ордасы деп аталатын байтақ та қуатты ұлыстың тұғырлы туын 
берік ұстады. 
«Біртұтас  қазақ  халқының  ұлттық  ұраны  -  "Алаш"  мемлекеттік  гербі  - 
"Тҿре  таңба"  (яғни  бас  таңба)  аталатын,  кҿне  түрік  заманынан  тартылған, 
Алтын Орда тұсында қалыптасқан діңі бір үшем бітік -  . Бас байрағы — тҿре 
таңбалы Қызыл ту» [28]. 
Қазақ  Ордасының  астанасы  бүкіл  түрік  жұртының  зиярат  орталығы 
Ҽзірет-Сұлтан дүрбесі тұрған қасиетті Түркістан қаласы болды. 
Кҿк  Орданың  осындай  ежелгі  мҽдени  орталықтарын  қайтарып  алу 
жолындағы  аумалы-тҿкпелі,  ҿте  ауыр  майданда  бүкіл  қазақ  қауымы  үлкен 
қайрат  кҿрсетеді,  қолбасылар  шешуші  жеңістерге  жол  ашса,  елбасылар  тиімді 
саясат ұстанады. Бұрындық ханның ҿзі ҽскер бастап, талай ұрысқа кіреді. Ата 
мекеннің  ордалы  ұйығына  біржола  орнығу  мақсатындағы  күресте  Ҽз  Жҽнібек 
хан  ұлдары  Еренші  сұлтан,  Махмұт  сұлтан,  Жаныш  сұлтан,  Таныш сұлтандар 
айрықша кҿзге түседі. Бірақ, сол арыстан жүрек ерлердің ішінде батырлығымен 
де,  білігімен  де  дара  шыққан  —  Қазақ  Ордасының  болашақ  ұлы  ханы  Қасым 
сұлтан болады. 
«Бұл  кездегі  қазақтардың  ең  үлкен  қарсыласы  —  Ҽбілқайыр  ханның 
немересі  Мұхамед  Шҽйбани  хан  болды.  Қазақ  Ордасы  құрылып,  ежелгі  Кҿк 
Орда  қонысы  қазақтардың  қолына  ҿте  бастаған  кезде  Шҽйбани  жаңа  ғана  ат 
жалын  тартып  мінген  жас  жауынгер  еді.  Ҽбілқайыр  ұрпақтары  жеңіліске 
ұшырап, Қазақ Ордасының шегінен ығысқан кездің ҿзінде жігерлі де парасатты 
Шҽйбани  қасарысқан  күресін  тоқтатпайды.  Қазақ  Ордасының  бір  пұшпағын, 
жекелеген  қалаларын  иеленіп,  атасының  тағына  мінбесе  де,  кішігірім  тҽуелсіз 
хандық құру үшін күреседі. Ақыры, ҽлденеше жеңілістерден соң, бұл тараптан 
біржола  үміт  үзіп,  Орта  Азияға,  Ақсақ  Темір  ҽулеті  билік  құрып  отырған 
Мҽуреннахрға  бет  бұрады.  Ҽміршілері  ауысқан,  Қазақ  Ордасы  деп  аталатын 
жаңа  ұлыстың  құрамына  енгісі  келмеген  түрік  руларының  үлкен  бір  легі 
Шайбани  ханның  басшылығымен  Орта  Азияны  қаратып  алу  үшін  жорық 
ашады» [28]. 
Тарихшыларының  есебі  бойынша,  Шҽйбани  ханның  соңынан  ерген 
халықтың  ұзын  саны  үш  жүз  мың  шамасында  болады.  Шҽйбани  ханның 


 
73 
екпінінің күштілігі сондай, айналасы бес-алты жыл ішінде бүкіл Орта Азияны, 
Ауғанстан  мен  Қорасанды  — кешегі  Ақсақ  Темір дҽулетінің жерін  тұтасымен 
жаулап алады, Шҽйбани дҽулеті деп аталатын жаңа ұлыс құрып, Орта Азияның 
жаңа  ҽміршілерінің  жаңа  нҽсілін  негіздейді.  Қазақ  жұртының  тепкінімен 
Ордадан  ығысқан  Шҽйбани  осыншама  күш  танытса,  сол  замандағы  біздің 
бабаларымыздың қандай қуатты болғанын ойша елестету қиынға түспесе керек. 
«Қазақтардан  жеңілсе  де,  басқа  кҿршілерден  басым  шыққан  жауынгер 
жасағының  арқасында  азғана  уақытта  ұлы  мемлекет  орнатқан  Шҽйбани  ата 
қонысы — Дешті- Қыпшақтан үмітін үзбейді. Тежеусіз ҽміршіге айналған, жаңа 
жұртында  байлығы  артып,  ҽскері  молайған  Шҽйбани  енді  Қазақ  Ордасын 
құлатуды, біржола жаулап ала алмаған күннің ҿзінде кырып-жойып, тоздыруды 
ғана  ойлайды.  Күш-қуаты  ҿз  алдына,  қазақтардың  қоныс  жайын,  тіршілік 
тынысын,  ҽскери  ҽдістерін  жақсы  білетін  Шҽйбани  аса  қатерлі  дұшпанға 
айналады.  Шҽйбани  хан  ең  алдымен  Қазақ  Ордасын  экономикалық  қыспаққа 
түсірмек болады. Қазақ керуендерінің Орта Азияға келуіне, онымен жапсарлас 
елдерге  ҿтуіне  тыйым  салынады,  казақтармен  арадағы  барыс-келіс,  сауда  ісі 
мүлде тоқтатылады. Мҽуреннахр мен Қорасанның атақты діни орталықтарында 
қазақтар мұсылман емес, кҽпір, оларға қандай қысас жасалса  да сауап болады 
деген  бҽтуа-үкім  жарияланады.  Осыдан  соң  Шҽйбани  қазақ  даласына  жойқын 
жорықтар  ұйымдастыруды  ҿзінің  ең  басты  мақсатына  айналдырады.  Жаз 
күндері, ел жайлауда отырған, жол ашық кезде Қазақ Ордасының шегінен аттап 
басу  қиын  еді.  Ұлыс  жайын  жақсы  білетін  Шҽйбани  ҿзінің  барлық  жорығын 
қыс
   
мезгіліне  лайықтайды.  Бұл  кезде  ел  қыстауда,  жұрт  арасындағы  қатынас 
қиын, бір шеттен жау шапса, екінші шеттегі халық естіп, атқа қонғанша талай 
уақыт ҿтеді. Қыстаудағы қамсыз елді, жау жарағын сайлап отырса да, саны аз, 
бҿлшек елді шауып алу да оңай, жұртты қырып, мал-мүлкін тонап, кері шегініп 
кету  де  оңай.  Шҽйбани  хан  осы  есеппен  Қазақ  Ордасына  бір-екі  емес,  тҿрт 
мҽрте ауыр жорық ұйымдастырады. Ҽсіресе, үшінші жорық қазақтарға ҿте кҿп 
шығынға  түседі.  Бұл  жолы,  1509  жылдың  қақаған  қысында  жайқын  Сыр-
Дарияның  кҿкше  мұзынан  ҿткен  жүз  мың  ҽскер  ҽуелі  Жаныш  сұлтанның 
ұлысына  жетеді.  Жау  күтпесе  де  жарағын  тастамаған  жұрт  қолма-қол  атқа 
мінеді.  Шҽйбанидің  ҽскерімен  бірге  жүрген,  кейін  «Михман-на-ма-и-Бұхара» 
дейтін атақты тарихи кітап жазған ғұлама Фазлаллах ибн Рузбехан  осы қысқы 
жорыққа  байланысты,  қазақ жұртының  тұрмыс-тіршілігіне  қатысты  аса  құнды 
деректер береді. «Бұл қазақтар — ҿздерінің қайтпас ерлігімен де, қуат-күшімен 
де бүкіл ҽлемге танылған халық», — деп жазады. Жаудың саны басым болған 
жағдайда,  дейді  Рузбехан,  қазақтар  бала-шағасын,  дүние-  мүлкін  ортаға  алып, 
қару  ұстайтындары  дҿңгелене  шеп  құрады.  Содан  соң  бар  жарағын  жұмсап, 
ҿткір қылыштарын сілтеп, екпінмен, ерлікпен қайтпай соғысады. Егер қазақтар 
рулы елімен бас құрап, ту кҿтеріп, уақытында шеп түзей алса, олар ешбір жауға 
дес  бермейді,  деп  жазады  Рузбехан.  Шҽйбани  ҿзінің  ҽскерін  тҿккен  Жаныш 
сұлтанның ұлысындағы халықтың саны жүз мың, ал қару ұстауға жарайтын кісі 
—  отыз  мыңдай  екен.  Дабыл  қағып,  ту  кҿтеріп,  шеп  құрып  үлгерген  қазақтар 
ҿзінен  үш-тҿрт  есе  кҿп  жаумен  қайтпай  соғысады.  Тепе-тең  арпалыстан  соң 
қарсы  шабуылға  шығып,  Шҽйбани  қосындарының  орта  тұсын  ойып  түседі. 


 
74 
Саны  басым  жау  енді  ҽскердің  жаңа  легін  ұрысқа  қосады.  Екі  жақ  үшін  де 
аяусыз  қантҿгіс  басталады.  Ақыры  Жаныш  сұлтанның  бар  жасағы  қазаға 
ұшырайды. Осыдан соң кҿп ұзамай Шҽйбани хан Таныш сұлтанның жұртын да 
талқандайды.  Қазақтардың  мыңдаған  бала-шағасы,  қыз-  келіншегі  мен  кҽрі-
құртаңы  тұтқынға  түсіп,  құлдыққа  жегіледі,  олжаға  кеткен  мал-мүлікте  қисап 
болмайды.  Рузбеханның  айтуынша,  қазақтардың  қолға  түскен,  кҿк  күйме 
аталатын,  арба  үстіне  тігілген  ақшаңқан  киіз  үйлердің  ҿзінің  саны  он  мыңнан 
асыпты. 
Үлкен жеңіске жеткен Шҽйбани Қазақ Ордасын біржола талқандау үшін 
келер  қыста  ҿзінің  ең  соңғы,  тҿртінші  жорығына  шығады.  Бұл  жолы  да  Сыр-
Дарияны  кҿктей  ҿтеді.  Қазақ  жұртының  біраз  жерін  ойрандайды.  Ҿзі  артта 
қалып, ҽскерінің негізгі бҿлігін Сары-Арқаға, Ұлытауға аттандырады. 
Бірақ  бұл  жолы  қазақтардың  ҽзірлігі  күшті  еді.  Жау  шапқанын  ести 
салысымен  шар  тараптан  асығыс  аттанған.  Ұлытауда  жатқан  Қасым  сұлтан 
ҽскерлерінің  Мойынсыз  Хасан  бастаған  алғы  легі  Кішітау  маңында  Темір 
сұлтан,  Үбайдолла  сұлтандар  бастаған  Шҽйбани  қосындарының  тас-талқанын 
шығарады.  Басым  кҿпшілігі  қырылған,  бар  кҿлігінен,  бар  қаруынан  айрылған 
басқыншы дүркірей қашады. 
Сыр  бойындағы  Кҿк  Кесене  түбінде  жатқан  Шҽйбани  хан  қираған 
жасағының қалдығымен табысып, қол құрап үлгермейді, соңдарынан түре қуып 
Қасым  сұлтан  жетеді.  Атақты  батырларынан  айрылған,  бар  ҽскері  қырғын 
тапқан Шҽйбани бас сауғалап ҽрең құтылады» [28]. 
1560  жылы  тізгін  алған  Хақ-Назар  хан  осының  алдындағы  қилы 
оқиғалардан  соң  қайта  кҿтеріліп  келе  жатқан  Қазақ  ордасын  біржола 
ұйысытырады.  Еділ  бойындағы  орыс  басқыншылығы  нҽтижесінде  Қазан 
қираған, Хажы-Тархан құлаған, Ноғай ордасы шылпара ыдыраған ауыр кезеңде 
жұртының  іргесін  бекітіп,  күш-қуатын  кемеліне  келтіреді.  Хажы  –  Тархан 
дегеніміз  ол  –  қазіргі  Астрахань.  Хақ  -  Назар  хан  айтып  ҿткеніміздей  ол  – 
Жҽнібек ханның ұрпағы. 
«Хақ-Назар  батыста  Ноғай  Ордасының  Қасым  хан  заманында  қазақ 
құрамында  болған  үлкен  бір  бҿлігін  қайта  қосып  алады,  онымен  ғана 
шектелмей,  Ресей  басқынышлығынан  ығысқан  қаншама  жұртты  қабылдайды, 
қажетті  кезінде  ноғай  ҽміршілерімен  ашық  соғыстан  да  тартынбай,  Қазақ 
Ордасының  батыс  шекарасын  Еділ  мен  Жайық  аралығына  жеткізеді.  Ендігі 
жерде  кҿршілес,  шектес  болып  қалған  туысқан  башқұрт  халқының  Ресейге 
мойын  ұсынбаған бір бҿлігі  Қазақ  Ордасының  құрамына  енеді.  Хақ-Назардың 
қаншалық  құдіретті  ҽміршісі  екендігі  сол  замандағы  орыс  патшасы  Иван 
Грозныйға ҽбден мҽлім болады. 
Хақ-Назар-бахадұр  хан  Сібірде  Кҿшім  ханды  талқандап,  терістік- 
шығыста    Тайыр  хан  заманынан  бері  қазақ  жеріне  оқтын-оқтын  тұтқиыл 
жорықтар  ұйымдастыруды  ҽдетке  айналдырған  қалмақтардың  бетін  қайтарып, 
шығыс тарапта ҽскери қуаты зор Моғолстанға қарсы табандасқан соғыс ашады. 
Күні  кеше  ғана  қазақ  пен  қырғыздың  жарым  жерін  ойрандаған  Ҽбдірашид 
ханды ҽлденеше рет ойсырата жеңеді. Осындай ұрыстардың бірінде Ҽбдірҽшид 
ханның  ұлы  Ҽбділҽтип  сұлтан  ондаған  мың  ҽскерден  тұратын  қалың  қолмен 


 
75 
қоса қаза табады. Хақ-Назар ханның жеңісті жорықтарының нҽтижесінде бүкіл 
Шығыс  Түркістанды  иленіп  отырған,  кеше  ғана  Жетісуға  кҿз  алартқан 
Моғолстан  мемлекеті  қазақ  үшін  қатер  болудан  қалады,  моғол  қонысы  Тҽңірі 
тауының арғы бетіне ысырылады. Сол замандағы тарихи деректерде Хақ-Назар 
қазақ  қырғыз  ханы  деп  аталады.  XVI  ғасырдың  бас  кезінде  Қазақ  Ордасына 
қосылған  қырғыздар  екі  жүз  жылдан  астам  уақыт  бойы,  Ақтабан-шұбырынды 
кезеңіне  дейін  осы  хандық  құрамында  болды,  ұлыстағы  тең  хақылы  алты 
алаштың бірі саналды. Дерек үшін ескерте кетейік, қалған бес алашымыз: ұлы 
жүз,  кіші  жүз,  қарақалпақ  жҽне  құрама  тайпасы.  (Хақ-Назар  заманында  жҽне 
одан  кейініректе  алаш  жетеу  еді,  бҽлкім,  сегіз  аталуы  да,  Тағдыр  талқысымен 
ақырғы есептен түскен екі ұлыс қатаған). 
Қазақ  ордасының  саяси  ахуалын  түзеп,  халықаралық  жағдайын  қалпына 
келтіргеннен  соң  Хақ-Назар  хан  елдің  болашағы  үшін  ең  басты  қатер  болып 
отырған Ҿзбек-Бұқар хандығына қарсы жүйелі күресін бастайды. 
Бұл  кезде  Бұқар  мемлекетін  Орта  Азияның  бұрынғы-соңғы  тарихында 
Ақсақ  темірден  соңғы  ең  ұлы  ҽмірші  саналатын  Абдолла  хан  билеп  отырған. 
Хақ-Назар ҿз қарауындағы алты алаштың ҽскери қуатын жұмылдырумен қатар, 
саяси  дипломатиялық  күрес  тҽсілдерін  де  кеңінен  қолданды.  Сҿйтіп,  бұлғақ 
жылдарында қолдан шыққан Сыр бойындағы қалалардың біразын, оның ішінде 
Түркістан  мен  Сауранды  қайтарып  алады.  Бұдан  соң  Абдолла  ханға  қарсы 
шешуші соғыс қимылдарын бастайды. 
Бірақ  ұлы  мұрат  кездейсоқ  болмаса  да,  оқыс  іс,  күтпеген  қастандық 
нҽтижесінде  жүзеге  аспай  қалады.  Қазақ  Ордасының  одақтасы,  Ташкент 
уҽлаятының ҽміршісі Баба-сұлтан бірге аттанған жорық үстінде хан шатырына 
тұтқиылдан шауып, Хақ-Назарды опасыздықпен ҿлтірді. Қазақ Ордасының қол 
бастаған кҿптеген бахадұрлары, оның ішінде Хақ-Назардың ҿзінің екі ұлы, інісі 
Жалым сұлтан жҽне оның екі баласы қапыда қазаға ұшырайды. 
 Шынында  да,  қазақ  ұлы  қаншама  ғасыр  бойы  ата  мекен  жерінде  ҿсіп-
ҿнсе,  таяу  тҿңірегіндегі,  ҿзімен  атысып-шабысып  жүрген  айбынды  жұрттар  – 
батыстағы  Ноғай  Ордасы,  солтүстіктегі  Сібір  хандығы,терістік  шығыстағы 
Ойрат-Жоңғар  ұлысы,  Шығыстағы  Моғолстан  –  барлығы  да  құлап,  қирап,  ел 
жұртымен  қоса  тарихтан  ҿшіпті.  Бірақ  олар  кетті,  біз  қалдық.  Ҽрине, 
халқымыздың  қажыр-қайратының,  елдік  сана,  ерлік  дҽстүрінің  арқасы.  Бірақ 
сол қайратты шыңдаған кім, сол сананы арттырып, сол дҽстүрді сақтаған кім? 
Ең алдымен ел бастаған ардагерлер. Бар тілегін, бар ғұмырын туған жұртының 
болашағына  бағыштаған  ұлы  бабаларымыздың  үлгісі  –  Керей  хан  мен  Ҽз-
Жҽнібек  ханның  тартқан  сызығы,  Тоғым  хан  мен  Хақ-Назар  ханның  тҿгілген 
қаны,  Қасым  хан  салған  қасқа  жолың  Абылай  ханға  дейін  үзілмей  жеткен 
ҿнегесі. Сол бабалар бізді биік мҽртебеге кҿтеріпті, тарихтың барлық кешуінен 
аман-есен  ҿткізіпті.  Солардың  жолын  танысақ,  аманат  ұғып,  мұратын 
байыптасақ,  біз  ешқашан  да  елдігімізден  айырылмаймыз,  мҽңгі  жасаймыз!» 
[28,29].  М.Мағауинның  осы  айтылған  ойына  бізде  қосыламыз,  біздер  осынау 
батырларымыздың  тарихы  арқылы  қаншалықты  жау  –  жүрек  болғанымызды 
кҿрсетеді.  Сол  дҽуірлерде  мықты  –  мықты  бірнеше  мемлекеттер  болған, 
Шҽйбанидің  ҿзін  алсақ  ол  орта  азия,  Ауғаныстан  жерлерін  жаулап  алса 


 
76 
Қаламақ, Ойрат, Жоңғарлар қандай күшке ие болғанын ҿздеріңізде білесіздер. 
Бірақ  сол  мемелекеттер  алаш  жеріне  үздіксіз  соғыс  ашудың  нҽтижесінде  жер 
бетінде түбімен жоғалып кетекеніне тарих куҽ. Жаратушымыз Алла тағала, ел 
боп  сақталғанымызға  шүкірлік  етеміз,  ендігі  уақытта  қуатты,  рухы  мықты 
жаратушының  махаббатына  бҿленген  ұлт  болуына  жазсын  дейміз. 
Жаратушыдан елдің амандығын сұраған сол замандардағы жыраулар еді. Олар 
ұлттық сана-сезімнің жанашырлары ұлттық болмыстың жаршылары. Жыраулар  
үшін  қазақтың  сана-сезімін  жетілдіру,  қазақты  халық  ретінде  сақтау  жҽне 
мемлекетті  қалыптастырудың  тірегі.  Сондықтан  ұлттық  сана  –  сезімнің 
салтанаты үшін күресті ұлттық қауымдастықтың табиғатын тұтастауға қызмет 
етті. Ел жұртқа іріткі салатын ҽрекеттерді сынады [24]. 
Олар  қазақтың  атамекендігі  бірлігі  мен  бүтіндігін,  басқалығы  мен 
басымдығын  құптады,  елдің  есін  жиғызатын  азаттық  пен  адамгершілікті 
жақтады жҽне де ұрпақты тҽрбиелеудін тҽсілдерін баптады. 
Қазақ  мемлекеті  құрыла  бастаған  заманда  хандар  мен  сұлтандар 
жырауларды  қастарына  топтап  іріктеді.  Жыраулар  ел  билеудің  елді  бірлікке 
шақырудың  басты  ұраншысы  болды.  Сондай-ақ  жыраулар  талантымен, 
шеберлігімен, батылдығымен кҿптің кҿңілінен шыққандар.  Асан  қайғы  мен 
Қазтуғаннан  басталатын  жыраулардың  қайсысы  болса  да  дүниетанымындағы 
басты  идеялары  жерді  –  елді  сақтап  қалу  болатын.  Жыраулар  үшін  басты 
мақсаты  мен  асыл  арманы  –  жерін  сақтап  қалу  болатын.  Ол  үшін  бастысы  не 
қажет?  Ол  халықты,  жерді  сақтап  қалатындай  саясат  қажет.  Қоғамдағы 
ғылымдардың  ішінде  саясаттану  ғылымының  орны  ерекше.  «Себебі,  адамзат 
тарихында  саясат  негізгі  рҿл  атқарды.  Оның  дұрыс  –  бұрыстығы,  сайып 
келгенде, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, 
мемлекет  агресиялық,  яғни  басқыншылық  соғыс  саясатын  жүргізсе,  оның 
салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы – қасіретке соқтыратыны даусыз. 
Ал  егерде  мемлекет  ғылыми  дҽлелденген  тиімді  бейбіт  саясат  жүргізсе,  еліне 
қолайлы,  халқына  жайлы  болары  да  белгілі.  Адамзат  саясаттың  сиқырлы 
сырын, құбылмалы құбылысын ҿте ерте заманнан түсініп білгісі келді.  
Ежелгі  Шығыс,  антикалық  дҽуірдің  ойшылдары  мемлекеттің,  саяси 
биліктің мҽн – мағынасы неде жҽне кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың 
қандай түрлері бар жҽне олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы 
деген  сияқты  сауалдарға  жауап  іздеген.  Кейінірек  адамзаттың  іс  – 
тҽжірибесінің,  ақыл  –  ойының,  мҽдениетінің  дамуына  байланысты  саясаттың 
ұғымдары,  түсініктері,  тұжырымдамалары  пайда  бола  бастайды.  Қоғамдық  – 
ҽлеуметтік жҽне саяси құрылымы мен қатынастары жылдан – жылға күрделене 
бастайды. Ҽлемнің алғашқы саясаттанушылары Конфуций, Платон, Аристотель 
ғұлама  ғалымдар.  Бұл  ойшылдар  теориялық  тұрғыдан  зерттеп,  оны  этикамен 
тығыз  байланыста  қарастырды.  Олар  саясатты  адамдардың  мақсат-мүддесіне 
сай  келуге,  адамгершілікке  негізделуге  тиіс  деп  ұқты»  [6].  Ал  жырауларды 
саясаттанушылар  – мен салыстырсақ, зерттеушілердің анықтауынша, «жырау» 
термині  «жыр»  сҿзінен  шыққан.  Сонымен  «Жырау  –  ең  алдымен  жасампаз 
тұлға. Жырау болу – жаны да, тҽні де күшті адамдардың үлесі. Олар батырлар, 
ру, тайпа жҽне ұлыстардың басшылары болды, хандар, сұлтандар жыраулардың 


 
77 
қолдауы  арқылы  дҽурен  сүрді,  соғыстарға  қатысты,  жауынгер  серіктерін  жыр 
етті,  тарих  пен  оқиғаларды  ҿлеңдерде,  жырларда  жҽне  ұлағатты  толғауларда 
баяндады.  Олардың  толғауларындағы  тармақтар  мақалдар  мен  мҽтелдерге 
айналды. Кҿптеген жыраулар бір мезгілдің ішінде ҽулие, би, абыз рҿлдерін де 
атқарды» [29]. 
М.  Мағауин  атап  кҿрсеткендей,  «жырау  сҿйлесе  нақты  сҿйлейді  жҽне 
күнделікті  істерге  араласпайды,  ұсақ-түйекке  бола  дауыс  кҿтермейді.  Олар  ҿз 
бауырларының  алдында  тек  соғыс  уақытында  ғана,  ұлы  жиындар  мен 
мерекелерде немесе аймақаралық жанжалдар мен үлкен лаңдардың күндерінде, 
оларға ҿзінің құнды білімінің күшімен жҽне поэтикалық сҿзінің рухымен ҽсер 
ете  отырып  тіл  қатады.  Олар  тыңдаушыларға  магиялық  ықпал  жасай  алатын» 
[25].  
Ал  қазақ  философиясындағы  хандық  дҽуірдің  алғашқы  ойшылы  Асан 
қайғы – ұлттық идеяның тарихи негізін салған. Сондай-ақ Асан қайғыны  Қазақ 
мемлекетінің  алғашқы  ханы  Жҽнібектің  маңынан  кҿреміз.  «Асанның  қайғы 
атануы бахиді, ахиретті ойлағаннан туған қайғы емес. Асан мұңының тамыры 
тереңде  жатыр.  Оның  негізінде,  халықтың  сол  кездегі  тұрмыс  –  халіне  жаны 
ашығандықтан,  ҿмірге  кҿңілі  толмауынан  болса  керек.  Асан  бабамыздың 
қайғысы – бүгінгі тіршіліктің, ертеңгі болашақтың қамын ойлағандықтан туған 
қайғы.  Асан  қайғының  философиясындағы  ҿзекті  мҽселе  жер  болса,  ол  жер 
туралы айтып қана қоймай, жаңа ұғым қалыптастырған, ол Жер – ұйық ұғымы. 
Жер  –  ұйық  дегеніміз  халыққа  ортақ  идея  ұсыну,  оларды  бірлікке,  туыстыққа 
шақыру. Сондай-ақ, Жер – ұйық – ол ұлттық идеяның алғашқы формасы» [26] . 
Мемлекеттің 
негізін 
салушы 
Асан 
атамыз 
болса 
оның 
жолын 
жалғастырушылар,  Қазтуған,  Доспамбет,  Шалкиіз,  Жиембет,  Марғасқа, 
Ақтамберді, Бұқар жыраулар.  Асан  қайғы,  сол  кездегі  хан  Ҽз  –  Жҽнібектің 
қазақ  ордасының  астанасын  Астархань  жариялануына  тікелей  қарсы  шықты. 
Данышпан ойшыл мұндай таңдаудың қателігін толық дҽлелдеп, айқын кҿрсетіп 
береді.  Халық  аңыздарында  Асан  қайғы  жайында  «бұл  қария  қашан  да  ханға 
жағынбай,  жарамсақтанбай  тура  сҿйлеуші  еді»  [25]  делінеді.  Бұл  сҿздің 
ақиқаттығы Асан толғауларынан – ақ байқалады. 
 
Ҽй, хан, мен айтпасам білмейсің
Айтқаныма кҿнбейсің. 
Шабылып жатқан халқың бар, 
Аймағын кҿздеп кҿрмейсің, 
Қымыз ішіп қызарып, 
Мастанып қызып терлейсің, 
Ҿзіңнен басқа хан жоқтай 
Елеуреп неге сҿйлейсің?! 
Қорған салдың бейнет қып, 
Қызметшің жатыр ішіп – жеп. 
Он сан ноғай бүлініп, 
Артыңда алар орыс кеп, –    
 


 
78 
Ханның  елді  ҿз  бетімен  билеп  –  тҿстеу,  қаһары  адамын  ҿлім  жазасына 
кесу  хақысынан  айырылып,  ру  басы  ақсақалдарсыз  ешбір  мҽселені  шеше 
алмайтын  күйге  жетуі  –  қазақ  хандығының  соңғы  дҽуіріне  тҽн  құбылыс.  Ал 
Асан  ҿмір  сүрген  заманда  ханға  ауыр  сҿйлеу  кез  келген  шонжардың  қолынан 
келер  іс  емес.  Бұл  –  Асанның    Асандығы  ғана  айтқызған  сҿз.  Асанның  басты 
идеясы  болып  не  табылады,  жер  қанша  жерден  қымбат  болса-дағы,  Асан 
бабамыз үшін онда ҿмір сүріп жатқан келешек ұрпағы қазақ деген атты сақтап 
қалу  болатын.  Ханға  айтқан  Асан  бабамыздың  болжамы  бүгінгі  таңда 
шындыққа  айналған  кезде  адамды  таң  қалдырады.  Оған  дҽлел  ретінде 
Астархань орыс мемлекетінің шекарасымен тым жақын орналасқан, қол созым 
ғана жерде еді. «Орыс жасақшылары Еділ мен Қазан бойындағы елдерге қайта 
– қайта шабуыл жасап, сол маңдағы ҿзендерді қан сасытып ҿлікке толтырды» 
[5]. 
Бірақ  Асан  қайғының  арманы,  ханға  айтқан  ҿтініші  –  Астарханды 
қалдырып  қазақ  хандығын  кең  сахараның  қойнауына,  даланың  тҿсіне  қарай 
кҿшіру  еді.  Осыдан  келіп  дананың  «Жиделі  –  Байсын»  жері  туралы  арманы 
дүниеге келеді, яғни «Жер – ұйық» ұғымы [29]. 
Кез  –  келген  қоғамға  талдау  жасай  отырып,  оның  ҿмір  сүруі 
идеологиясымен  тығыз  байланыста  екенін,  сол  арқылы  басқарылып,  сол 
арқылы ҿмір сүре алатынын байқаймыз. Сондықтан тарих сахнасының (ҿткенде 
де, болашақта да) саяси мҽселелерсіз дамуы мүмкін емес. Жыраулар кҿрсеткен 
саяси бағыттар арқылы қоғамда қозғалыстар мен дамулар, жаңғырулармен жаңа 
мағыналар  пайда  болады,  ҽлсін-ҽлсін  құңдылықтар  жаңа  қырларымен 
пайымдалып  отырады.  Осындай  сапалы  ҿзгерістер,  іргелі  тұжырымдар  бұқара 
халық үшін бағдар, жол сілтер алау сияқты рҿлдерді атқарады. 
Қазақстанның  кҿптеген  ғалымдары  Асан  бабамыздың  «Жер  –  ұйық» 
идеясын  Кампанелланың  «Күн  қаласы»  сияқты  трактаттармен  салыстыра 
отырып утопиялық жағынан қарастырады. Асан бабамыздың идеясын утопияға 
жатқызу  шындыққа  жанаспайды,  неге?  –  ҿйткені  утопия  дегеніміз  ол  –  батыс 
ойшылдарының қиялы іске аспаған еді, ал Асан бабамыздың жер ұйығы бүгінгі 
Қазақстан деп айтуға болады, себебі 130-дан астам ұлттың мекеніне айналған, 
бүгінгі  таңдағы  қазақстандықтардың  менталитеті,  жер  астындағы  қазба 
байлықтары, Менделеев кестесіндегі бүкіл элементтердің біздің жерде, ҽлемнің 
Қазақстан  жеріне  қызығып  қарауы  –  бұның  барлығы  Асан  бабамыздың  ойы 
шындыққа  айналған  процесс  екенін  дҽлелдейтіндей.  Бір  кереметі  Асан 
бабамыздың  қолында  жер  қойнауын  зерттейтін  құралдары  болмасада  айтқан 
ойлары дҽл келгендігі ҽрине адамды таңқалдырады.   
Бабамыздың Жерұйықты іздеуінің басты себебі неде? Ҿйткені оның ойы 
тереңде жатыр. Заман оның ойынша, кҿптеген ҿзгерістер ҽкелуде. Баяғы емін – 
еркін кең даланың бойында кҿшіп жүріп, бірде соғысып, бірде бейбітшілікке ат 
тіреп  ҿмір  сүре  беретін  заман  келмеске  кетті.  Ендігі  жерде  тұрақты,  бір 
қалыпты мал бағып егін егіп, жазда жайлау, қыста қыстау қажет болады. Оған 
қазақ  жері  ҽбден  лайықты  еді.  Бірақ  мұндай  жайбарақат  ҿмір  сүру  үшін,  ең 
алдымен,  жайлы  мекен,  қаптаған  жаулардан  іргені  қашығырақ  салатын  жер 


 
79 
керек.  Осыған  сҽйкес  Асан  бабаның  Жерұйық  іздеуі,  ол  үшін  бүкіл  қазақтың 
кең байтақ даласын жылдар бойы аралауы міне сондықтан [5]. 
Желмаясын мініп, ел аралап, қазақ жерінің о шетімен бұ шетін неше жыл 
шарлаған  дана  ҿз  білімділігін,  кҿрегендігін,  табиғатты  ғажап  зерттеуші 
екендігін  халықтың  алдында  паш  етті.  Оның  осы  даланың  мҽн  сырын,  жҽй  – 
жапсарын терең ғұлама ғалым ретінде білетіндігі қашанда болсын ел аузында, 
ел тарихында қалатындығы сҿзсіз. Қазақ халқының тарихында рухани дамудың 
асқар  таудай  биік  кезеңі  ХV  ғасырдан бастап,  ХVІІІ  ғасырға  дейінгі  аралықта 
жыраулардың поэзиясынан, олардың философиялық ой-толғамдарынан кҿрініс 
табады.  Асан  бабамыздың  «Жерұйық»  туралы  ойларын  білгілеріңіз  келсе,       
М. Мағауиннің, Ғ. Есім секілді ғалымдарымыздың еңбектерінен оқи аласыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан