Балшикеев Серік Балтабайұлы, Рақымжанов Бақытжан Қадырұлы


  Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасындағы



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата11.04.2022
өлшемі1.49 Mb.
#219875
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
қазақ философиясы оқулық

1.5  Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасындағы      
дүниетанымдық мәселелер 
 
Қазақ халқының даналық ойының дамуында белгілі кезеңнің ерекшелігін 
бойына сіңіре отырып, ҿз орнын халықтың кҿңілінен таба  білген туындылар аз 
емес.  Солардың  біріне  Жүсіп  Баласағұнның  терең  дүниетанымдық,  этикалық 
сұрақтарға  толы  «Құтты  білік»  атты  еңбегін  жатқызуға  болады.  Зерттеуші 
ғалымдардың пікіріне сүйенсек, Жүсіп Баласағұн Жетісу ҿңірінің Шу ҿзенінің 
бойындағы  тарихы  ҿте  тереңнен  басталатын  Баласағұн  қаласында  туып  ҿскен 
данышпан ойшыл. Ол ҿзінің «Құтты білік» атты еңбегін түрік зерттеушілерінің 
деректерінде  елу  тҿрт  жасында  жазған  деп  жорамалданады.  Бізге  жеткен 
мҽлімет  бойынша  «Құтты  білік»  1069-1070  жылдары,  яғни  небҽрі  он  сегіз 
айдың  ішінде  жазылған  деп  анықталады.  Бірақ  бұл  шығарманы  оқи  отырып 
оның  Жүсіп  Баласағұнның  ҿмір  бойғы  жиған  терең  тҽжірибесі  мен  білімінен 
туғандығын  аңғару  қиын  емес.  Жүсіп  Баласағұн  бұл  еңбегін  ҿз  заманында  ел 
билеген  Бұғра  ханға  сыйға  тартады.  Шығарманың  терең  данышпандық 
тағылымына разы болған хан оны жоғары бағалап, Жүсіпке «Хас Хажып» деген 
атақ  береді.  Хас  Хажып  деген  ұғымды  қазақ  тіліне  аударсақ,  «бас  кеңесші» 
деген  мағынаға  ҿте  жақын...  Сҿйтіп  халықтың  кҿңілінен  шыққан  ол  «Хажып 
Баласағұн» деген атпен ҽлемге танылады [5].               
«Құтты білік» ҿз заманында-ақ Иранға, тағы да басқа мемлекеттерге кең 
таралған туынды. Сондықтан болса керек ол кейін барлық түркі тілдес елдердің 
ортақ мұрасындай болып, ҽр елде ҽртүрлі атаумен таралды. 
Жүсіп  Хас  Хажыб  Баласағұнның  бұл  шығармадағы  дүниетанымдық 
кҿзқарасына  келер  болсақ,  ол  адамның  болмысын,  оның  ҿмірінің  мағынасын, 
бақытын,  қуанышын,  қайғысын  түгелдей  ең  алдымен  қоғам  ҿмірімен 
байланыстырады.  Оның  ойынша,  осы  айтылғандардың  барлығының  кілті 
тікелей қоғамның рухани дамуына байланысты шешілмек. Ендеше, ең алдымен, 
оның  шығармасындағы  терең  ой  қоғам  ҿмірінің  жан-жақты  қырларын  ашуға 
бағытталады. «Құтты білік» Жүсіп Баласағұнның ҿз ойын кейіпкерлер арқылы 
бейнелеуге  тырысқан  кҿркем  туынды.  Сонымен  қатар  Жүсіп  Баласағұнның 
ойынша,  қоғамның  дамуы,  бір  жағынан  алып  қарағанда,  жеке  адамдарға,  ол 
адамдардың ізгі қасиеттеріне, тҽлім-тҽрбиелеріне байланысты шешіледі. Оның 
бұл  шығармасындағы  кҿркемдік  кейіпте  бейнеленетін  «Күнтуды  Елік, 
Айтолды,  Ҿгдүлміш,  Одғұрмыш»  сияқты  кейіпкерлер  тіршіліктегі  адамның 
бойына бітетін қасиеттер болып табылады. Күнтуды Елік бұл ел билеген патша 
– әділеттің, Айтолды – дәулет, құт, Ҿгдүлміш – ақыл. Одғұрмыш – қанағат, 
ынсаптың бейнесінде суреттеледі.  
Тарихқа үңілетін болсақ, адамның бақыты мен ҿмірін қоғамның дамуына 
байланыстыратын  идея  тұран  жерінде  Жүсіп  Баласағұнға  дейін  атақты  ұстаз 
Ҽл-Фарабидің  шығармаларында  терең  дамиды.  Ҽл-Фарабидің  ойынша, 
адамдардың  бақыты  тікелей  қоғам  ҿміріндегі  адамдардың  арасындағы  қарым-
қатынастарға  байланысты.  Бұл  –  Платон  мен  Аристотельден  бастап 
туындайтын  тамыры  тереңде  жатқан  идея.  Ендеше  бұл  идея  кейін  осы  Жүсіп 
Баласағұнның шығармашылығында ҿз ҿрнегін тапты деп айта аламыз. 


 
50 
Сонымен  «Құтты  білікте»,  ең  алдымен,  қоғамның  дамуы  жҽне  ондағы 
адамдық  қасиеттер,  жеке  адам  мен  қоғамның  арасындағы  байланыс  туралы 
мҽселе, ең негізгі мҽселе болып табылады. Ендеше біз енді осы еңбекке сүйене 
отырып  адамның  тағдыры,  оған  тҽн  қасиеттер,  білім,  ҽділет,  дҽулет,  ҿмірдің 
мағынасы туралы мҽселелерді талдамақпыз [5]. 
Ең  алдымен бұл  мҽселелерге ден  қоймай  тұрып  айта  кететін  ерекше  бір 
жайт-осы еңбектегі Жүсіп Хас Хажыб Баласағұнның ҽлемнің пайда болуы жҽне 
космологиялық кҿзқарастары туралы идея. Бұндағы таң қаларлық нҽрсе – біздің 
бүгінгі  күні  жұлдыз  жорамал  деп  жүрген  зодиак  күнтізбесі  –  толықтай  осы 
шығармада айтылады. Онда ҽрбір жыл мезгіліне үш-үш жұлдыздан бҿлініп он 
екі  жұлдыздың  аты  айтылады.  Осының  бір  ойлантатын  жері,  бұндағы 
жұлдыздардың  реті  қазіргі  заманда  кең  таралған  жұлдыз  жорамалдың  зодиак 
күнтізбесімен  тура  сҽйкес  келетіндігінде.  Сҿзіміз  дҽлелді  болуы  үшін  мысал 
келтірейік. Жүсіп Баласағұнның ойынша, ғарышта бҽрін ең үстінен айналатын 
жұлдыз  ол  Секҽнтір  (Сатурн).  Екінші  Оңай  (Юпитер).  Үшінші  Күрід  (Марс). 
Тҿртінші  –  Күн.  Бесінші  –  Шолпан.  Алтыншы  Арзу  (Меркурий).  Жетінші 
Иалчық (Ай). Жұлдыздардың реті:  
 
Жаз жұлдызы – Қозы, соңсоң Уд келер,  
Ҽрҽндір, Қушық жақын жуық жіктелер. 
   
Арыстан мен Бұғдай басы қос болар,  
Соңсоң Үлгі, Чадан, Иа дос болар.  
 
Келер соңсоң Оғлақ, Кҿнҽк һҽм Балық. 
Олар туса, болар кҿгің жап-жарық. 
  
Үші-кҿктем, үші-күздің жұлдызы,  
Үші-қыстың, үші жаздың жұлдызы. 
 
Үшеуі-су, үшеуі-жел, үшеуі от,  
Үш-топырақ: жаһан туған түгел боп! 
  
(Үш от, үш су, үш жел, түгел таралды,  
Үш топырақ-ғалам солай жаралды). 
 
Міне  мұндағы  жұлдыздардың  қазақша  аттары:  Қозы-тоқты,  Уд-торпақ, 
Ҽрҽнтір-егіздер,  Қушық-шаян,  Арыстан-арыстан,  Бұғдай  басы-сүмбіле  (дева), 
Үлгі-таразы,  Чадан-шаян  (скорпион),  Иа-сұрмерген,  Оғлақ-ешкінің  лағы 
(козерог), Кҿнҽк-суқұйғыш, Балық-балық [20]. 
Осылайша  ҽлемнің  космологиялық  жолмен  жаралғанын  уақыттың 
дамуын  жұлдызды  күнтізбеде  суреттеген  Жүсіп  Баласағұнның  бұл 
жазбаларынан  Еуропада  Коперник,  Бруно,  Галилейлер  зерттеп,  небҽрі  қайта 
ҿрлеу  дҽуірінде  ғана  дами  бастаған,  астрономия  аспан  планеталары  туралы 
ілімнің  тұран  жерінде  сонау  ХІ  ғасырда-ақ  кең  жайылғанын,  сонымен  қатар 


 
51 
ондағы  ҽлемнің  пайда болуы  туралы  натурфилософиялық ойларды  аңғарамыз. 
Тағы  бір  айта  кететін  жайт  бұл  жұлдыздар  мен  планеталардың  атаулары  ҽл-
Фарабидің  еңбектерінде  де  терең  талданады.  Осыдан  келіп  біз  шығыстағы 
астрономиялық, космологиялық ілімнің тіптен тоғызыншы ғасырдың ҿзінде-ақ 
ғылымда  мҽлім  болғандығына  кҿз  жеткіземіз  (Ескерту:  космологиялық 
кҿзқарастың  бұл  кезге  дейінгі  кҿне  заманда  да  кҿшпелі  ата-бабамыздың 
дүниетанымында болғандығын ұмытпауымыз қажет). Кейін қазақ даласындағы 
космологиялық кҿзқарасты Мҽшһүр Жүсіп Копеев дамытады [5]. 
Сонымен  біз  Жүсіп  Баласағұнның  космологиялық  дүниетанымы  туралы 
кҿзқарасымызды қысқаша қайырып, енді оның жоғарыда айтқан адамның ҿмірі, 
білім  мен  ақыл,  ҽділет,  қанағат  т.б.  сол  сияқты  қоғамның  даму  ережесіне 
айналған адамгершілік идеяларына тоқталмақпыз. Осыған байланысты ескерте 
кететін  бір  мҽселе,  ойымызды  ұштау  үшін,  дҽлелдеу  үшін  оның  ҿлеңдерінен 
үзінділер келтірмекпіз. 
Жүсіп  Баласағұн  «Құтты  білікте»  ҽділетті  күнге  теңеп,  оның 
философиялық  мағынасын  терең  суреттеп  берді.  Ҽділет  бұл  шығармада  ел 
билеген күнтуды патшаның кейпінде бейнеленеді. Бұндағы терең мағына оның 
күнге  теңелінуінде.  Күн  ҿзінің  нұрын  жер  бетіндегі  тіршілік  иесінің  бҽріне 
аямай  алаламай  таратады.  Онда  сен  адамсың,  сен  жануарсың,  сен  шіркейсің 
деген  сияқты  ешқандай  бҿле  жарушылық  жоқ.  Сол  тҽрізді  Ҽділетте  тура 
осындай  қоғам  ҿмірінде  сен  кедейсің,  сен  байсың  деп  алаламай  адам  ҿмірінің 
бҽрін  теңестіріп  тұрады.  Оның  неге  күнтуды  аталғаны  туралы  былайша  терең 
суреттеледі: 
 
Ҽділдікпен кеспей жаза, тоқтамын,  
Құл ма, бек пе, еш айырма жоқ маған.  
 
Бұл пышақты кім нық тұтса қолына –  
Ҿнер ол да. Сілтер кесел жонына.  
 
Пышақтай мен кесем аршып ҽр істі.  
Кінҽліні тауып білем мҽн істі.  
 
Шекер жҽбір кҿргендерге бұйырар.  
Қақпама кеп, ҽділ заңға ұйыған.  
 
Бал-шекерді татқан кісі жадырар,  
Жаны шат боп, уайым-мұңнан арылар.  
 
У бұйырар қара жүрек кісіге,  
Заңнан қашқан зҽрін түйіп ішіне. 
  
Дүниенің нұрлы жомарт алыбы.  
Күнді қара, сҿнбейтұған жарығы. 
  


 
52 
Жарқыраған күнді кҿр де, мені кҿр  
Күн сҿнсе егер, тіршіліктің ҿлгені. 
 
Соған ұқсас менің барша қылығым,  
Ҽділ заңды шала алмас еш құрығың.  
 
Күйбектемей ҿзін-ҿзі тербетіп,  
Күн шығады жарқыратып жер бетін. 
  
Туады күн, дүние-елге жарығын  
Тең бҿледі, Шығарады қарығын.  
 
Мен де күндей-жоғалмаймын, ҿзгеріп,  
Бар халыққа бірдей қылық, сҿздерім.  
 
Күн шықса егер, жер қызып, бұлт дүркірер,  
Шешек атар мың-мың түспен гүл түгел. 
  
Қай елге де тҿксе нұрын шындығым,  
Гүлдей тасы, дҽулеті ҿсер мыңғырып.  
 
Шыққан соң күн, жаман-жақсы демейді,  
Жарық тҿгіп бҽрін бірдей теңейді. 
  
Ҽділ заңым жетер күндей бар елге,  
Ниет, тегім үлгі болмай ҽлемге.  
 
«Құтты білікте» дҽулет, құт Айтолды деп айдың бейнесінде сипатталады. 
Дҽулет айдай толған кезде оны барлық адам кҿреді, бірақ оның солатын кезі де 
келмек.  Жүсіп  Баласағұн  бұнда  байлық  тек  ҽділеттің  жолында  қызмет  етуі 
керек деген ойға жетелейді. Ол уақытша, тұрақсыз. Ҽрі қарай кҿз жүгіртейік. 
 
Айтолды айтты: - Жарда ойнаған киікпін,  
Сол мінезбен сүйікті һҽм күйікпін.  
 
Ұшқырмын мен, іздеген жан таба алмас, 
Тапқанымен, мҽңгі ұстап қала алмас.  
 
Тапқан адам болса ақылдың  ұстасы,  
Кете алмаймын! Осы сҿздің қысқасы!  
 
Іздеген жан, болсын жібек мінезді,  
Кҿңілі таза, тілі майда, жігерлі.  
 
 


 
53 
Басқалармен тең тұтынса, керегін,  
Жол-жобаны жақсы білсе, деп едім.  
 
Тектен-текке шарапқа аран ашпаса,  
Тектен-текке несібесін шашпаса.  
 
Міне, осындай құттың құлып-кісені,  
Қашқанымен ҿзі-ақ келіп түседі.  
 
Айтолды айтты: - Дана кісі, атымды,  
Қойған екен Айға меңзеп затымды.  
 
Ай туғанда елеусіздеу болады,  
Күннен-күнге кҿтеріліп толады...  
 
Ай толғанда, кҿзі ашылар ҽлемнің,  
Жүзі жайнар жаһандағы ҽр елдің  
 
Толған ай да, қарасаңыз шетінен  
Бозаң тартып, ажары азып кетілер.  
 
Мен де айдай жаңаланып тұрамын,  
Бірде бармын: бірде жұмбақ тұрағым. 
  
Құт бір күндік, алды жар да, арты-бал,  
Толар дҽулет, толған айдай сарқылар! 
 
Жүсіп  Баласағұнның  ойынша,  дүние  адамды  ҿзіне  бағындырып  алуға 
тырысады. Дүниеге адам сырын ұрлатады. Сҿйтіп жүргенде байлығың мұздай 
еріп, ғұмырыңның қалай ҿткенін білмей қаласың. 
 
Кҿз кҿрмесе, кҿңілің де тілемес,  
Кҿзің кҿрсе, кҿңіл ауу түк емес. 
 
Сондықтан    дүниеге  бір  құмартып  ҿткен  адамның  қайтып  ес  жиюы-ең 
қиын іс. Нҽпсі-үнемі қас жауың. 
 
Зейін-есін нҽпсі буып алғасын, 
Ессіз кісі-тірі ҿлік, қандасым. 
 
Осы  шығармада  терең  талданатын  ұғымдардың  бірі-қанағат.  Қанағат 
үнемі  ақылды  толықтырып,  адамды  жаман  жолдан  тежейді.  Қанағат,  Жүсіп 
Баласағұнның  ойынша,  мына  дүниенің  жалған-алдамшы  екендігін  ерте 
аңғартып  отырады.  Дүниенің  ҿтпелілігі,  жалғандығын,  қулығын  Жүсіп 


 
54 
Баласағұн  философиялық  тұрғыдан  ҿте  терең  ашып  бейнелейді.  Оған  мына 
ҿлеңдері куҽ: 
 
Арбар дүние қылымсып кҽрі қыздай,  
Қыз қылықты, кемпір бет, тҽні мұздай!  
 
Қыз қылықпен қылымсыр, құлқы кербез,  
Сүйіндіріп, ұмсынсаң-қолын бермес! 
  
Ынтыққаннан қашады киіктей нақ,  
Безсең-аяқ құшады, күйіп бейбақ!  
 
Мені сҿкпе, сенбе-опасыз денең де,  
Мына жалған кҿшеді ертең сенен де. 
  
Тілек-аңсау емес менің ҿлмегім –  
Жұмбақ, қашан кететінім, келмегім. 
  
Жоқ амалым, ҽлем дүнием кебін боп,  
Қу тірлікте құтылатын жерім жоқ. 
  
Қос бекетің бұл жалған мен қабірің,  
Бұл жалғанға түстен де, біл қадірін. 
  
Тұзды судай байлық-шҿлің қанбайды,  
Қанша ішсең-құрғатар тіл таңдайды!  
 
 
Ол-кҿлеңке, ынтықтырып жеңеді,  
Қусаң-қашып, қашсаң ере береді.  
 
Ораныпсың шымқай асыл жібекпен,  
Жер тҿсеніп жүз жабарсың түнекпен. 
  
Салтанатты қазір тірлік ойының,  
Бір табарсың қара жердің қойынын.  
 
Дүние-бекет, сен керуен ҿтпелі,  
Ұзын жолда жатар уақыт кҿп пе еді?!  
 
Дүние-базар: жайнар, байлар кҿзіңді. 
Ҿзің де алдап, алдатасың ҿзіңді. 
 
Құрғақ құмға ұқсас екен бұл адам,  
Дария құйса толмайды кҿз сұғанақ. 


 
55 
Дүние ісі сағымдай боп кҿрінер  
Қолың созсаң сусып, тұрмас, тҿгілер! 
  
Мастығы бұл жігіттік, құт, байлықтың.  
Шараптан да артығырақ, ҽй мықтым!  
 
Шарап ішіп, болса есінен жаңылар,  
Ұйықтап тұрса-айығар да, арылар. 
  
Ал, дҽулетке масайраса, мастанып,  
Ҿле-ҿлгенше мүлгір ұйқы жастанып! 
 
Жалаң келдім, жерге жалаң кетермін,  
Бұл дүниенің мүлкін қуып не етермін!?  
 
Жүсіп  Баласағұнның  ойынша,  ҽр  адамның  тағдыры  ҿзіне,  оның 
тҽрбиесіне, ізгілік қасиеттеріне байланысты. 
 
Тағдыр кілті... – ҿзімізден бҽрі де,  
Лайықсың ба? Биіктейсің ҽріге.  
 
Жетер болсаң, бұл тірліктің мҽніне,  
Тағдыр, ҿзі-ақ айналады сҽніңе!  
 
Билей алсаң-ақыл, білім, жүректі  
Орындадым де, қасиетті тілекті! – [19] 
 
деген ҿлең жолдарынан біз мұны айқын аңғарамыз. Жүсіп Баласағұнның терең 
толғамдары ҽрі қарай жалғаса отырып ол адамның біліміне, ақылына баса назар 
аударады. Себебі адам тек ҿз тағдырына ғана жауапты емес, сонымен қатар ол 
қоғам ҿмірінің дамуына да жауапты. Ендеше оған терең білім қажет. 
Білім дегеніміз не? Біз осы білім мен ақылдың ара жігін тани аламыз ба? 
Кҿне  Грек  ойшылы  Гераклиттің  мынадай  тамаша  сҿзі  бар:  «Кҿп  білгендік 
ақылға  үйретпейді».  Осы  ойдан  шығып  қарасақ,  біздің  бүгінгі  күнгі  оқу 
процесінде  айтылып  жүргеннің  бҽрі  тек  ақпарат  қана.  Сонда  ақылға  қалай 
үйренеміз? Бірақ адам ақылды ешқашан оқып білмейді. Ол тек қылған тҽжірибе 
арқылы  немесе  басқа  жолдармен  қалыптасуы  мүмкін.  Ендеше  бүгінгі  күні 
біздің кҿзқарасымыз бойынша білім мен ақыл бір бірінен алшақтап бара жатқан 
тҽрізді. Білім қандай болуы керек деген сұраққа  жауапты Жүсіп Баласағұннан 
іздеп кҿрейік. 
 
Ақыл қолдар, ал білімнен құт туар.  
Бұл жалғанның құлқын саған ұқтырар.  
 
Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,  


 
56 
Білім-жарық, нұрын саған шашатын.  
 
Ақылды адам қарын бақпас, ой бағар,  
Жан семіртер, ой семіртер, ойланар...  
 
Тҽн семіртер-нҽр ауыздан сіңеді,  
Жан семірер-сҿз құлақтан кіреді. 
 
Баласағұнның ойынша адам анадан ақыл еспен туады. Ал білімді ҿсе келе 
қалыптастырады. Білім адамға құт ҽкелуі керек. Құт ол – ырыс. Құт ҽкелмеген 
білім ол ешкімге қажетсіз, ол адамды адастыруы мүмкін. 
 
Бала білім жолын қусын десеңіз,  
Бесігінде-ақ ілім шоғын кҿсеңіз...  
 
Білім, даңқ-тоқуменен табылар,  
Сҽби кезде-ақ, ақыл-сана табы бар. 
  
Оқу-тоқу берер-білім, парасат,  
Оның бҽрі ақыл емес қарасақ.  
 
Ақыл-зейін хақ бұйрығы сіңірген  
Желек жаяр, қосылғанда біліммен! – дей келе,  
 
Білем – десең, жырақсың сен білімнен,  
Хас білікті: «Наданмын!» - деп, түңілген! – деп  
 
білімге ұмтылудың қайдан басталатынын баса кҿрсетеді. Оның ойынша, білімге 
ұмтылу адамның білмегенін аңғарудан басталмақ.  
Сонымен  адам  ҿміріне  жоғарыда  айтылған  ҽділет,  дҽулет,  ақыл-білім, 
қанағат сияқты қасиеттердің маңызы зор екендігін терең суреттеген ойшыл енді 
адамдардың  моральдық  қарым-қатынастарына  баса  назар  аударады.  Адамдық 
міндет  дегеніміз  не?  Адамға  не  пайдалы,  не  пайдасыз?  деген  сұрақтар  да  бұл 
шығармада терең талданады. Енді біраз соған назар аударып кҿрейік. 
 
Ізгілік-оң, Ессіздік-сол: Жүгің ар... 
Оңың-ұжмақ, солың-тамұқ, біліп ал! 
 
Айт, жақсылық, кім бар тойып жеріген, 
Мен ҿзіңе ашпын, енді бері кел! 
 
Жамандықты қусаң-азап шегесің, 
Жамандыққа-жақсылық қыл жеңесің! 
 
Ақылдылық-асылы ізгі жандардың,  


 
57 
Кішілікте-кісілік бар, аңғарғын... 
 
Біраз нҽрсе кісінің қас-дұшпаны,  
Білсе оларды ҿзін қиып қысқаны. 
 
Бұның бірі-тілдің жалған айтқаны,  
Бұдан басқа-айтқан сҿзден қайтқаны. 
 
Үшіншісі-шарапқа аңсар ауғаны, 
Шҽксіз, текке ҿтер ҿмір қалғаны. 
 
Тағы бірі-жүгенсіз іс-қылығың, 
Сүймес ешкім, алған жанды шырығын. 
 
Енді бірі-зымияндық бықсыған,  
Кісі үйін түтіндетіп, тықсырар. 
 
Жҽне бірі: ашулы тіл-у, ашық, 
Ҿлтіреді шағып сҿксе, тіл ашып. 
 
Бұлар жетсе, бір-бірімен қосылып, 
Одан құт, бақ безер аулақ жосылып. 
 
Басы айналып, тағдыр оған иілмес,  
Сырт айналар, айныр, қайта сүйінбес! 
 
Екі ҽлемде кісілерге, керегің – 
Ізгі қылық, түзу құлық – дер едім. 
 
Екінші-ұят, үшіншісі-ҽділдік, 
Осы үшеуі бақ-дҽулетің бҽріңнің. 
 
Құлқы түзу болса елі сенеді
Қылығы түзу тҿрден орын тебеді. 
 
Ұят, намыс-абыройын сақтайды, 
Ұятсыздық алтын басын таптайды. 
 
Ұят, шындық, түзу қылық қосылып, 
Құт-ырысын күзетеді ел қосының! 
 
Тағы бірі-түзу қылық қарымды, 
Қос жалғанда сындырмайды сағыңды. 
 
Үш нҽрсе бар, жер қылатын адамды, 


 
58 
Үш күнҽ бар оттай қарыр табанды. 
 
Біріншіден – арсыз, мақтан, жамандық, 
Екіншіден – алдау-арбау, арамдық. 
 
Үшіншісі – алып сатар, сараңдық, 
Ақымақ қылар осы үш түрлі надандық! 
 
Пейілі-тар, жаман адам жұғысса, 
Қырсық шалып, кері кетер жұмыс та! 
 
Аты шықса кімнің ҿтірік, ҿсекпен, 
Тҿмен болар, қадірі елге есектен. 
 
Боқты терген сасық қоңыз сияқты, 
Сараңдықтан асқан не бар ұятты. 
 
Бұл дүние қып-қысқа кҿрген түстей, 
Қадірін білген дұрыс кҿрге түспей. 
 
Ҿмір де бір қазына, алған қарыз, 
Қайырым етті қайтара салған парыз. 
 
Түптің-түбі бұл тағдыр теңестірер, 
Ажал келсе: ұлық, құл демес, білем. 
 
Жақсылық қыл, суымай бойда қаның, 
Бір ҿлім бар, жҿн болар ойлағаның. 
 
Қалар ҿлсең меншігің-есімің де, 
Қатты серіпкен кең дүние есігінде. 
 
Ҿздеріңіз  кҿріп  отырғандай  «Құтты  білікте»  ҿмір,  тҽлім  –  тҽрбие  адам 
дүниетанымына  керектің  бҽрі  де  бар.  Хандық  дҽуірге  дейінгі,  қай  ойшылдың 
болсын  шығармаларына  кҿз  салсаңыз  дінмен  сабақтас  келеді.  Демек 
бабаларымыз  ҿз  кезеңдерінде  ислам  дінінің  ұлы  ғұламалары  болғанының 
белгісі, оған мысал, аталған еңбектің мына бір шумақтарына тоқталсақ:  
 
                                                     * * * 
Тиянақ жоқ ҽсіресе қызыл тіліңде, 
Пҽтуа жоқ кҿкмылжыңның ҿзінде. 
Айтар болсаң, ҽр ойыңды қадап айт, 
Бір сҿзіңді мың толғамға балап айт. 
 
Бір сҿзбен-ақ ұлы болып шығарсың, 


 
59 
Кҿп мылжыңмен күлкі болып тынарсың. 
 
Ҽр сауалың асыл болсын жасындай, 
Ауыр тисін диірменнің тасындай. 
 
Надан – мылқау, кҿкірегі – кҿрсоқыр, 
Кҿзі ашылар, соқыр-мылқау болса оқыр. 
 
Басың болса, даңқың қалар соңында, 
Ізің қалар, хатың қалар жолыңда. 
 
Ҿсек-ҿтірік қор қылмасын тіліңді, 
Телитін тіл санаңа ҽкеп білімді. 
 
Білер болсаң, мен айтайын ашығын, 
Тіл кесілсе, кесілгені басының. 
 
Басыңды ая. Басқа пҽле тілінен, 
Бірі – есірсе, ес кетеді бірінен. 
 
У менен тең зҽрлі сҿзі наданның, 
Күйе-жала – қаны зұлым адамның. 
 
 
Ойлы сҿзді, құлақ құрышын қандырар, 
Білім ғана, май құйғандай жандырар. 
 
Қорға жұртты, қорғағандай арыңды, 
Тіл тигіздің – байлағаның бағыңды. 
 
Қалар атың мынау жарық жалғанда, 
Қайда жүрсең, жасай кҿрме бетсіздік, 
Самарқаулық, ұмытшақтық – тексіздік. 
Бауырыңдай демеу болған жігітке, 
Сырт айналма, адамдықтан түңілтпе! 
 
Қызмет еткен азаматты жаныңда, 
Жаудай кҿріп, ар жолынан жаңылма! 
 
Сҿзімді ұғып, орындауды бақ сана, 
Жүрегіңе тұздай тиіп жатса да! 
Айттым мұны айналмасқа – Адамға, 
Қайырымы жоқ, қасиетсіз наданға. 
 
Ащы айтты деп кінҽлама ақынды, 


 
60 
Ащы сҿздің түбі балдай татымды. 
 
Ойымызды  қорытындылай  келе,  Жүсіп  Баласағұнның  дүниетанымдық 
бағыты  мораль  философиясына  ҿте  жақын  келетіндігіне  кҿз  жеткіземіз. 
Философия тарихында мораль философиясына батыста тереңірек кҿңіл бҿлген 
ойшылардың  бірі  И.  Кант  болатын.  Кант  ҽділет  туралы  мҽселені  адамның 
құқығы  туралы  мҽселемен  тікелей  байланыстырады.  Оның  ойынша,  адам 
құқығы неғұрлым маңызды орынға шыққанда ҽділет те жоғары кҿтеріледі. Ал, 
адамның табиғи құқығы тапталса, онда ҽділет те жоғалмақ. Адамгершілік – ҽр 
адамның ҿзін басқаның орнына қоя білуінде.  Адамдар біреуге  айтқан сҿзін ҿз 
құлағымен тыңдап тұру қабілетіне ие болғанда ғана адамгершілік қалыптаспақ.  
 Кейін 
қазақ 
ойшылдарының 
ішінде 
Абай, 
Шаһкҽрім 
мораль 
философиясына  баса  назар  аударады.  Абай:  «Адамзаттың  бҽрін  сүй  бауырым 
деп,  жҽне  сүй  хақ  жолы  деп  ҽділетті»  –  деп  толғанса,  Шаһкҽрім  ҽділет  пен 
қанағат, ынсапты адамның ар-ұждандық қасиеттерінің ең жоғарғы категориясы 
ретінде қарастырады. 
«Құтты біліктің» тағы бір ерекше сипаты – оның баптарға бҿлініп жазылуы. 
Бұл еңбек тек қана ҿсиет ретінде ғана танылып қоймай, ол қоғамның дамуының 
моральдық-этикалық  заңдары  ретінде  кең  тараған.  Сонымен  қатар  бұл  еңбек 
қоғамды  тұтастай  ұстап  тұратын  адамдық  қарым-қатынастардың  іргетасы 
іспеттес философиялық-этикалық тағылымдарға толы туынды. «Құтты білік» – 
бұл  –  баға  жетпес  мұра.  Ол  адамгершілік  ойдың  тағылым  құтын  ұрпаққа 
таратады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы