Балқымалы электрод



Дата02.08.2020
өлшемі90 Kb.
Балқымалы электрод — пісіруге арналған металмен біртектес қаптамасыз жалаң сым электрод.

Бұлар электрод және жік қалыптастырушы қосымша металл болып табылады. Флюс қабатының астында механизацияланған пісіру тәсілінде қолданылады



Электрод (электр… және грек. odos – жол) –

1)Пісіру электроды – пісіру, кесу не балқыту кезінде бұйымға Электр тогын жеткізетін сырық. Пісіру тәсіліне орай металдан, көмірден (пісірілмекші жапсардың сапасын жақсарту мақсатында бетіне легирлеуші, тотықтандырғыш, т.б. қасиет беретін химиялық зат жағылған), т.б. дайындалған электрод түрлері қолданылады. Металл электрод диаметрі 0,3 – 12 мм болып келетін сымнан жасалады.

2)Пештік электрод – доғалық пештің жұмыстық кеңістігіне электр тогын жеткізіп отыратын элемент. Болат балқытуда көмір мен графитті электрод, ферроқорытпа өндірісінде балқымалы затпен толтырылып отыратын электрод (диаметрі 1,2 м-ге жететін) қолданылады. Доғалық вакуум пешінде қолданылатын электродтың толтырғыш заты ретінде қайта қорытылатын металл (не қорытпа) пайдаланылады.

3)Гальваникалық электрод электролитке батырылған не онымен жанасатын электрондық өткізгіш (металл, графит) түріндегі элемент. Ол электролизде, гальвани элементінде, қуатты жарық көздерінде, т.б. пайдаланылады.



Баспалау (орыс. Прессование) — тесік арқылы (ұяқалып) тұйық көлемнен (контейнер) металды сығымдау.

Сығымдау, сығу (орыс. Выдавливание) — шығатын тесігі бар қалыптың қуысында металл деформацияланып, оның бөлігі тесік арқылы ағатын қалыптау процесі.

Сығымдау - ыстық және суық қалыптаудың технологиялық операциясы.

Деформация (ағылш. deformation) — сыртқы күштер, температура, фазалық түрленуі және ылғалдылықтың т.б. әсерінен пішіні мен өлшемдерінің өзгеруі барысында дене бөлшектерінің орнын ауыстыруына алып келетін үдеріс.

Кернеуді арттырғанда деформация әсерінен дене толық бұзылуға алып келуі де мүмкін. .Материалдардың деформацияға және әсер етуші күштерге төзімділігі олардың механикалық қасиеттерімен сипатталады. Қандай да бір деформация түріне ұшырауы оған әсер еткен күшпен сипатталады.

Денеге әсер ететін күштердің сипатына қарай деформацияны келесі түрлерге жіктейді:

1.Созылу деформациясы;

2.Сығылу деформациясы;

3.Ығысу деформациясы ( немесе кесу);

4.Бұрау деформациясы;

5.Майыстыру деформациясы.

Ең қарапайым деформация түрлері:созылу деформациясы, сығылу деформациясы және ығысу деформациясы ( немесе кесу) болып табылады.

Деформация — өзара әрекеттесуші екі дененің жанасуы кезінде оларды құрайтын жеке бөліктері қозғалысқа келеді де, бұл денелердің пішіні мен өлшемі өзгереді. Мысалы, серіппе денеге әрекет ете отырып созылады, жұқа таяқша иіледі, қолдың бұлшық еттері қатаяды.



Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация (латынша деформация - бүліну, бұзылу) деп атайды.

Деформация денелердің өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асатындықтан, өзара әрекеттесетін екі дене де деформацияланады. Мысалы, қолдың эспандерге әрекетін алайық.

Эспандерді созу кезінде қолдың Бұлшық еттері қатаяды (деформацияланады), эспандер де деформацияланады, яғни ол өз пішінін өзгертеді. Деформация пластикалық және серпімді болып бөлінеді.

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық деп аталады.

Пластикалық деформациядан кейін дене өзінің жаңа пішіні мен өлшемін толығымен немесе жартылай сақтайды және ондай дене пластикалық дене деп аталады.Мысалы, пластилиннен немесе саздан көп күш түсірмей-ақ қандай да бір пішіндегі дене жасауға болады. Ал қолымыздың пластилинге әрекет етуі тоқтағаннан кейін ол өзінің жаңа пішінін сактайды.

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін болса, мындай деформация серпімді деп аталады.

Тәжірибелер деформациялаушы күшке қарама-қарсы бағытталған жаңадан бір күш пайда болатынын кәрсетеді. Бұл күш серпімділік күш деп аталады. Мысалы, допты тепкен кезде, ол өзінің пішінін өзгертеді, яғни деформацияланады. Серіппеге қандай да бір күшпен әрекет ете отырып, оны созуға емесе қысуға болады. Деформациялаушы күш тоқтағаннан кейін серпімділік күші денені бастапқы қалпына келтіреді. Сол сияқты ауа шарын үрлеуді тоқтатсақ, ол да бастапқы пішінін алады. Дененің деформациялануы артқан сайын бұл кезде пайда болатын серпімділік күші де артады. Ал түсірілген күштің шамасы белгілі бір шектен асқанда (әр түрлі материалдар үшін түрліше), денелер серпімділік қасиетін жоғалтып, ең соңында пластикалық сипат танытады. Мысалы, ағаш сызғышты аздап иіп, сонан соң қайтадан босатсақ, онда ол бастапқы қалпына келеді. Ал егер оны июге едәуір көп күш жұмсайтын болсақ, сызғыш морт сынады. Металдардың, әсіресе болаттың серпімділік қасиеті едәуір жоғары болады.

Күнделікті өмірде пайдаланылатын көптеген нысандарды (тұрғын үйлерді, күнделікті өмірде кеңінен пайдаланатын нәрселерді) көбінесе қатты әрі берік материалдардан жасайды. Ондай материалдардың деформациясын (созылуын немесе сығылуын) жай көзбен байқап, сезіну мүмкін емес. Ал енді бір мезет көз алдымызға жұмсақ еденді, үстелді, ыдысты елестетіп кәрейікші. Әрине, мұндай оңай деформацияланатын әлемде өмір сүру де өте қиын болар еді





Биметалл (би... және металл) — екі түрлі металл немесе қорытпа қабаттарынан (мысалы, болат пен алюминий, алюминий мен титан, т.б.) дайындалған материал. Әдетте, ол екі металл дайындамаларын прокаттау не престеу арқылы әзірленеді.] Биметалл дайындалатын бұйымдардың беріктігі мен ыстыққа төзімділігін арттыру және олардың салмағын кеміту, сөйтіп қымбат әрі қат металдарды үнемдеу немесе арнайы қасиеті бар жаңа материал (мысалы, жылу реттегіштерде) алу үшін қолданылады.

Блюминг, блуминг (ағылш. bloоmіng) — массасы 1 — 12 т аумақты болат құймаларды жаншу (сығымдау) арқылы блюмге айналдыруға арналған өнімділігі жоғары прокат станы.

Ол кей жағдайда слябтарды, сондай-ақ қос таврлы арқалық, швеллер және басқа пішінді мәнерлі бұйымдарды прокаттау үшін де пайдалынылады. Блюминг прокаттау білікшілерінің диаметрімен (750 — 1400 мм) сипатталады. Ол сыңар клетті, қос клетті, көп кілетті және арнаулы Блюминг болып бөлінеді. Блюминг құрамына жұмыс клеті, прокаттау білікшелерін айналдыратын негізгі электр қозғалтқыштары мен механизмдері кіреді.Блюминг цехы тұғырлы көтергіш (көпір кран), сом металл тасығыш, манипулятор, рольганг, қайшы сияқты қосымша құралдармен жабдықталады. Онда төмендегідей технология процестер жүреді: темір жол платформасымен болат балқыту цехынан сом металл тасылады, арнаулы құдықта металл 1100—1300 0С-қа дейін қыздырылып, рольганг арқылы Блюминг білікшелеріне жіберіледі, сом металл білікшелерден 3 — 7 м/с шапшаңдықпен 11 — 19 рет өткізіліп, әр өту кезінде 40 — 120 мм-ге жаншылады (металды жылжыту және оны 90 0С-қа аударыстырып отыру манипуляторлармен іске асырылады), білікшілерден шыққан өнімнің артық ұштары қайшымен қырқылып, дайындау станына жіберіледі. Қазақстанда 1966 ж. Қарағанды металлургия комбинатында Блюминг цехы салынды, оның жылдық прокаттау өнімд. 5,4 млн. т



Блюм, блум (ағылш. bloоm) — металлургиялық өндірістің шала өнімі. Ол — сом металдан немесе үздіксіз құйылып жасалған дайындамадан жаншу станогында (блюмингте не блюминг-слябингте) прокаттау арқылы алынған квадрат қималы (қабырғасы 140 мм-ден жоғары) болат дайындама

Болатты үздіксіз құю

1)балқыту шөміші, аралық шөміш кристалданушы, тартушы аунақша жабдықтарын қолданып, болатты үздіксіз құю

2)тек қана мартен пештері де балқыған көп көлемді болатты құю шөміші арқылы аралық шөмішке, одан кристализаторға, тарту аунақшаларына құйылады, онан соң қатайған құймакесек төмен тартылып, ацетилен кескішімен үздіксіз кесу процестері жүреді. Болатты үздіксіз құю тәсілімен құйып алу металлургиялық процестің ең қажетті құраушысы

Жону — айналмалы, спиральды және бұрама пішінді дайындамалардың сыртқы беттерін кескіш құралмен жонып өңдеу процесі.

1)жону білдегінде айналма денелі дайындамалардың сыртқы беттерін өңдеу;

2)айналмалы денелердің сыртқы, ішкі және түпкі беттерін өңдеу, сонымен қатар кескіштердің көмегімен шиыршықты және бұрандалы беттерді өңдеу процесcі.

Жұқалап жону — жоғары кесу жылдамдығымен, шағын беріспен және өте жұқа тереңдікпен жону.

Таза жону — қаралтым жонудан кейін, бірақ таза өңдеудің алдында орындалатын жону.

Қаралтьш жону — өңдеуге кететін әдіптің едөуір бөлігін алдын ала жону.

Жону күші - кесуші құралдың алдыңғы және артқы беттерінде әсер ететін нормаль күштер мен үйкеліс күштерінің геометриялық қосындысы.

Жоңқа — кесу кезінде дайындамадан сылынып деформацияға ұшыраған металдың ширатылған немесе үгітілген бет қабаты; дайындаманы жонып өңдегенде пайда болатын өте жұқа немесе ұлғақ метал кесіндісі

Жарықшақ жоңқа — өзара байланыспаған бөлек түйір ретінде түсетін жоңқа.

Опырылмалы жоңқа — бөлек элемент түріндегі жоңқалар немесе ішкі жағынан анық көрінетін элементтерге бөлінғен жоңқа.

Ширатылған жоңқа — элементтерғе бөлінбей ширатып шығатын жоңқа.

Жоңқа бунағы — жоңқаны жинауға немесе ұсақтауға, тасымалдауға, сонымен қатар құралдың кескіш бөлігіне арнайы салқындату сұйығын (АСС) жеткізуді жеңілдетуге арналған бунақ

Фреза (фр. fraіse)[1] — материалды жоңқалап кесу (фрезалау) тәсілімен өңдейтін көп жүзді кескіш аспап.

-Ол тіс орналасқан бетінің түріне (цилиндрлі, бүйірлі, дискілі, бұрышты, фасонды);

-тіс пішініне (тұзу, винтті, жан-жаққа бағытталған);

-тіс ерекшелігіне (қайралған, шыңдалған);

-құрылысына (тұтас, құрама, кешенді);

-бекітілуіне (саптамалы, т.б.);

-винттік ойығының бағытына қарай ажыратылады.

Фреза легирленген және аспаптық болаттан дайындалады. Ол жазық әрі қисық бетті, жікті, айналу денесін өндеу, сондай-ақ материалдарды кесу үшін қолданылады.



Цилиндірлі жонғыш — тістері цилиндр бетіне орналасқан жонғыш

Металдарды кесу - бұйымдардың қажетті пішіндері мен өлшемдерін қалыптастырып, олардың беттерінің белгіленген технологиялық сапаларын қамтамасыздандыру мақсатымен металдан жаңқа алып тастау арқылы өңдеу. Металды кесу металкескіш білдектерде металкескіш құралдармен немесе қолмен іске асырылады

Металдарды термиялық өңдеу – металдан және қорытпадан жасалған заттардың, бұйымдардың құрылысы мен қасиеттерін өзгерту мақсатында пайдаланылатын жылулық өңдеу процестерінің жиынтығы.[1]

Металдарды термиялық өңдеу термиялық (жылу әсерімен), химиялық-термиялық және термомеханика (термиялық және пластикалық деформация аралас) болып бөлінеді.



Термиялық өңдеу – бірінші және екінші реттік жасыту, шынықтыру, жұмсарту, ескіру деп жіктеледі. Бірінші реттік жасыту металдар мен қорытпаларды құю, қысыммен өңдеу, пісіру, т.б. технологиялық процестер нәтижесінде пайда болатын ақауларды жою үшін пайдаланылады. Болаттарды өңдеуде екінші реттік жасытудың бірнеше түрі пайдаланылады. Шынықтыру нәтижесінде болаттың құрылымы мартенситке айналып, қаттылық, беріктік, үйкеліске шыдамдылық қасиеттері артады. Жұмсарту процесінде болаттың қаттылығы, беріктігі, үйкеліске беріктігі төмендеп, тұтқырлығы мен пластикалық қасиеттері жоғарылайды

Химиялық-термиялық өңдеу – болат бетінің химиялық құрамы мен құрылысын және қасиетін өзгертеді. Ол – цементтеу, азоттау, циандау, диффузиялау металдау болып бөлінеді. Термомеханикалық өңдеу – термиялық және пластикалық деформациядан тұрады. Мұндай өңдеу төмен температуралы және жоғары температуралы болып ажыратылады

Металдарды термомеханикалық өндеу - илемді деформация, қыздыру және суыту операциялардың жиынтығы арқасында қорытпаның соңғы құрылымын, яғни қасиетін өзгерту. Бұл өңдеудің арқасында илемдік деформацияның әсерінен кристалдардың кемелсіздігі жоғарылап қорытпаның қасиеттері жоғары түрде қалыптасады. Термомеханикалық өңдеудің жоғары температуралық және төмен температуралық түрлері болады

Металдарды химия-термиялық өндеу - металдан жасалған бұйымдардың бет қабаттарының химиялық құрамын, құрылымын және қасиеттерін өзгерту мақсатымен оларды химиялық белсенді орталықта жылумен өңдеу. Болаттарды келесі химия-термиялық тәсілдермен өңдеу кең қолданылады: беттерін көміртегімен (көміртектендіру), азотпен (азоттандыру), көміртекпен және азотпен (циандау), алюминиймен (алюминийлеу), хроммен (хромдау), кремниймен (кремнийлеу) т.б. қанықтыру.

Металдарды қысыммен өндеу (орыс. Обработка металлов давлением) — дайындаманы илемді деформациялап, дайын тетіктердің[1] өлшемдеріне, түріне жақын өлшемдер мен түр беру.

Металдардың кесіліп өнделулігі - әртүрлі кесіп өңдеу технологиялық көрсеткіштермен (кесу жылдамдылығы, кесу күші және т.б.) металдардың кесілуге икемділігі

Нүктелік электр пісіру - металдарды түйістіріп электрпісірудің бір түрі. Мұнда дайындамалар электр тоқпен қыздырылу күшінің әсерінен жергілікті әлемдік деформацияның арқасында жеке нүктелерде біріктіріледі. Электродтар ток жеткізу мен қатар металды қыздырған жерін шектіру үшін сотан міндетін атқарады. Нүктелік электрпісіру нүктелік машиналарда орындалады. Пісіру көбінесе көміртекті, аз қоспаланған, тот баспайтын құрылымдық болаттардан, алюминийден, мыстан жасалған, қалыпталған дайындамаларды, сонымен қатар өте жұқа (0,1 мм-ге дейін) дайындамаларды пісіріп қосуға пайдаланылады.

Сифондық құю (орыс. Разливка сифонная) —

1)байланысты ыдыс принципі негізінде болатты құю әдісі;

2)металл қалыптарын төменнен жоғары қарай толтыру. Сифондық құю үшін орталық құю түтікшесі арқылы жоғарыдан алдын ала ішкі қабаты шамот кірпішімен шегенделген металл қалыптарды төменнен бастап толтырады.



Сомдау - темірдің белгілі бір жерін жуандату.

Ол үшін темірдің сомдайтын тұсын жақсылап көрікке ұзақ уақыт қыздырып, төстің бетіне тігінен қойып, балғамен төбесін ұру керек. Сомдауды ежелгі ғасырда қолданып өз бетінше ұсталар қолдан істеп, одан бұйымдар жасап сатқан. Қылыш, найза, жебе ұштарына арналған өткір темірді осы әдіспен істейді. Сондықтан да бұл қол жұмыс түрі ерте уақыттар да қатты бағаланған. Билікте отырған хандарға арналған сауыттарды да осы әдіспен қолданып, мықты шеберлер жасаған қол жұмыс түрі

Суық күйде илемдеу - ыссы күйде жәмішталған металды алдын ала қыздырмай илемдеу орнақтарының жанышпабіліктерінің араларында жаныштап қысыммен өңдеу тәсілі. Болаттардан және түсті металдардан жұқа табақтарды және таспаларды, жұқа қабырғалы құбырларды және қималары аз пішіндерді жасау үшін қолданылады.

Суық күйде пісіру — бөлме температура жағдайда қыздырмай екі тетікті бірге илемдік деформация арқылы қосу. Суық күйде пісіру алюминийден, мыстан және олардың қорытпаларынан жасалған сымдарды қосу үшін, сонымен қатар әртүрлі металдарды (мысалы, алюминий мен мысты) және басқа материалдарды (мысалы, шайырларды, шыныларды, пластмассаларды) пісіру үшін қолданылады. Суық күйде пісіру алюминийден жасалған шиналарды мыспен қаптау үшін, жұқа қабырғалы алюминийден жасалған құбырларды және сырт қабыршақтарды жасау үшін қолданылады. Энергия шығыны аздықпен және еңбек өнімділігі жоғарылығымен сипатталады. "Суық күйде пісіру" терминнің басқа да мағынасы бар: шойынды суық күйде пісіру — алдын ала қыздырмай шойынды электрдоғамен пісіру

Суық күйде қысумен өңдеу - бөлме температурасы жағдайына немесе кейде қыздырумен (рекристалицазия температурасынан төмен) металдарды қысыммен өңдеу үрдісі. Суық күйде қысыммен өңдеу беттері таза, өлшемдері дәл, метал қалдықтары аз, алғашқы дайындамаға қарағанда механикалық қасиеттері жоғары металл бұйымдарын жасауды қамтамасыздандырады. Суық күйде қысыммен өңдеу еңбек өнімділігі жоғары өндірістік тәсіл. Суық күйде өңдеудің негізгі тәсілдері:

суық күйде қалыптау (сонымен қатар бөлігін шөгу; суық күйде сымдау, шыбықтарды, құбырларды сымдау; төмендету; бұрандаларды бүрлеу; ию және түзету)

Сыдыру құю, соғу, қалыптау және илемдеу арқылы жасалған дайындамаларды алдын ала (қаралатым) кесіп өңдеу

Құю (Отливание, Заливка) -

1)құю өндірісіндегі негізгі технологиялық операция; дайындалған қораманы балқыған металмен толтыру;

2)әр түрлі материалдардан (металдан, тастан, қыштан, пластмассадан және т.б. қажетті бұйымдар жасау процесі;

3)өндірісіндегі технологиялық процестердің негізгі операциясы. Құю алдын ала дайындалған қалыпқа балқыған металды құю процесі;



4)сауытқорам мен құю қорамаларын сұйық металмен тол¬тыру; қатайған соң оларда металл жамбысы, тетік дайындамасы, әшекейлі құймалар түзіледі.

Центрден тепкіш күшпен құю — айналмалы қалыпқа құйылған қорытпа центрден тепкіш күш әсерінен қалып қабырғаларына жабысып, қатайған соң құйма түзіледі. Құйма құрылымы тығыз, ұсақтүйіршікті, ал механикалық қасиеттері жоғары болады. Бұл тәсілмен цилиндр, құбыр, сақина, төлке тектес айналмалы денелі тетіктер құйылады

Соғу — дайындаманы соққыштың ұрғылауы арқылы берілген мөлшерге дейін өңдеп, соғылма жасауға арналған металдарды қысыммен өңдеу әдісінің бір түрі.

Соғу- жиіліктері жақын екі гармониялық тербелісті қабаттағанда пайда болатын тербеліс амплитудасының мерзімді езгеруі

-Айналдыра соғу (Ковка ротационная) — айналдырықты немесе құрсаманы (бандаж) айналдыру процесінде дайындаманы соғатын жөне айналдырықпен салыстырғанда ілгерлемелі қозғалыс жасайтын соққышы бар машинада соғылманы өңдеу.

-Айналма соғу (Вальцовка) аймалмалы қалыптың әсерімен деформациялайтын ыстықтай металдарды қысудың бір әдісі.

-Баспақта соғу (Ковка на прессе) — деформациялаушы жылдамдығы 0,5—2 м/с болатын жабдықта дайындаманы соғып өндеу.

Бөлігін шығарумен соғу(Ковка с высадкой) — дайындаманың шамалы бөлімінде оның биіктігін қысқарту есебінен көлденең қимасын үлкейтетін шөктіру операциясының бір түрі.

Машиналы соғу (Ковка машинное) — ұсталық жұмыста машиналы жабдықты қолдану.

Радиал соғу (Ковка радиальная) — дайындама бағытында қайтымды-ілгерілемелі козғалыс жасайтын сокқышы бар машинада соғылманы өндеу.

Тоқпақта соғу (Ковка на молоте) — деформациялаушы жылдамдығы 6—9 м/с болатын жабдықта дайындаманы соғып өндеу.

Төсенді қалыптарда соғу (Ковка в подкладных штампах) — арнайы төсенді аспапты қолданып, дайындаманы соғу.

Ыссы соғу (Ковка горячая) - дайындаманы (0,5-0,6) Т6 (Г6—балқыту температурасы) температурасына дейін қыздырып алғаннан кейін соғу.

Соғу машиналары (Машины ковочные) — күрделі пішінді тетіктерді еркін соғып жасау үшін қолданылатын машиналар.

Соғу операциясы (Операция ковочная) —

бұл технологиялық процестің бір бөлігі; дайындаманы соғуға қажетті жабдық пен жұмыс қозғалысын қамтиды;

ұсталық соғу цехтарында қолданатын операциялар.

Соғу температурасы (Температура ковочная) — металдарды қысыммен өңдегенде жоғарғы илемді қасиет жөне сапа беретін температуралық аралық.

Соғудың термиялық режiмi (Режим ковки термический) —металл аз деформациялау кедергісіне ұшырайтын және жеткілікті илемділікті иемденетін температура аралығы.

Соғудың технологиялық сұлбасы (Технологическая схема ковки) — соғудың технологиялық әрекеті көрсетілген сұлба.

Соғушы соққыш (Боек ковочный) — әр түрлі құрылымы бар соғуға қолданылатын әмбебапты құрал



Сығымдау, сығу (орыс. Выдавливание) — шығатын тесігі бар қалыптың қуысында металл деформацияланып, оның бөлігі тесік арқылы ағатын қалыптау процесі.

Сығымдау - ыстық және суық қалыптаудың технологиялық операциясы.

Аралас, қиыстырылған сығымдау (орыс. Выдавливание комбинированное) — тура және кері сығымдаудың сүлбесін қатар қолданып сығымдау процесі.

Бөлiп сығымдау (орыс. Выдавливание дифференцированное) — жасайтын бұйымды бөлімдерге бөліп сығымдау.

Керi сығымдау (орыс. Выдавливание обратное) — деформацияланатын металдың ағысы соташықтың қозғалысына кері болатын сығымдау процесі.

Көлденең айналдыра сығымдау (орыс. Выдавливание круговое поперечное) — деформацияланатын металдың бөлігі көлденең бағытта (соташықтың қозғалысына перпендикулярлы бағытта) ағатын сығымдау процесі.

Tура сығымдау (орыс. Выдавливание прямое) — деформацияланатын металдың ағысы соташықтың қозғалысымен сәйкес келетін сығымдау процесі.

Үйлестірмелі сығымдау (орыс. Выдавливание совмещенное) — деформацияланатын металды қалыптаудың басқа операцияларымен үйлестіре сығымдау

Сүргілеу білдегі — жазық және үлгілі беттерді өңдеуге арналған металкескіш білдек. Бас қозғалысы - ілгерілемелі-қайтымды, беріс қозғалысы — мезгіл-мезгіл ілгерілемелі. Көлденең сүргілеу білдектерде бас қозғалысты кескішпен сырғақ, ал бойлап сүргілеу білдектерде өнделетін бұйым орындайды

Сұйық күйде илемдеу - ыссы күйде жагышталған металды алдын ала қыздырмай илемдеу орнақтарының жанышпа біліктерінің араларында жаныштап қысыммен өңдеу тәсілі. Болаттардан және түсті металдардан жұқа табақтарды және таспаларды. жуқа қабырғалы құбырларды және қималары аз пішіндерді жасау үшін қолданады.ref>Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.

Тісті тіліктеу (ор. подрезание зуба) — білдекті іліністе тістердің интенференциясының әсерінен болатын құбылысты жою мақсатымен өңделіп жатқан тісті дөңгелектің тісінің табанынан азғантай бетінің бөлшегін кесіп алып тастау.

Тістердің интенференциясы (ор. интенференция зубьев) екі тісті іліністің теориялық көрінісінде кеңістіктің бір бөлігін өзара жанасатын екі тіс қатарынан орын алу құбылысы.

Тісқыру (ор. шевингование, ағылш. shaving, shave қыру, жону) — машина жасауда тісті және бұрамдық дөңгелектердің бүйір беттерін таза өңдеу. Мұндай өңдеу жұқа жаңқаларды алып тастаумен орындалады

Табақты қалыптау (ор. листовое штампование) — табақты материалдардан (қаңылтырлардан, табақтардан, жолақтардан, таспалардан) қалыңдықтарын елеулі түрде өзгертпей пішіндері жазық немесе кеңістікті бұйымдарды жасау үрдісі. Қалыңдықтары 10... 15 мм-ге дейін қаңылтырларды қыздырмай қалыптайды, ал онан қалыңдарды қыздырып қалыптайды. Табақты қалыптауға келесі жатады: кесу (қиып қирамды тілу, тесіктерді тесу), ию, кермелеу, терең кермелеу және басқа да қосымша операциялар (көмкеру, ернеп ию, құрастыру т.б.). Бұл тәсілмен өңдеу автомобиль жасауға (тұтас қалыптастырылған шаңақтар т.б.), радиоэлектронды және басқа да көп өндіріс салаларында қолданылады.

Талшықты құрылым (орыс. Волокнистость) — қысыммен ыстық өндеуден кейін деформация процесі кезінде түйірлермен бірге созылу деформациясы бағытында созылатын, көбінесе ерімейтін, металл емес қоспалары бар металдарда пайда болатын талшықтылық.

Талшықты құрылыс (орыс. Строение волокнистое) —

1)металлы илемді деформациялағанда түйіршіктердің ұзаруынан пайда болатын құрылым;



2)табиғи түрлері — мақта, кендір, жүн, жібек, асбест. Химиялық түрлері — жасанды және синтетикалық талшықтар

Талшықты омырық (орыс. Волокнистый излом) — қирау процесінде түйіршіктердің илемді деформациясы себебінен талшықтың барымен сипатталатын омырық

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар